«Ежелгі дәуір әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В012100- Қазақ тілінде



бет3/9
Дата05.11.2016
өлшемі1,47 Mb.
#883
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Өзін өзі тексеру сұрақтары:

  1. Махмұд Қашқаридің толық аты-жөні қалай?

  2. «Диуани лұғат ат-түрік» сөздігін неге энциклопедиялық сөздік дейді?

  3. М.Қашқари сөздігін қазақ тіліне аударған кім?

  4. Махмұд Қашқаридің «Диуани лұғат ат-түрік» сөзідін зертеуде үлес қосқан ғалымдар кімдер?

  5. «Сөздікте» табиғат көріністерін қалай суреттейді?

  6. «Сөздіктегі» жоқтау өлеңдерінің қандай ерекшеліктері бар?

  7. Өзінің жыр-жолдарында қандай философиялық өсиет-уағыз айтады?

Әдебиеттер:

1.Келімбетов Н. «Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі» А; – 1996 ж.

2.Қыраубаева А. «Ежелгі дәуір әдебиеті» Астана; – 2001 ж. «Елорда»

3.Келімбетов Н. Қанафин Ә. «Түркі халықтары әдебиеті» А; 1996 ж.

4.Келімбетов «Қазақ әдебиеті бастаулары» А; «Ана тілі» ,– 1998 ж.

5.Айдаров Ғ. «Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі» А; – 1986 ж.

6.Бердібаев Р. «Кәусар бұлақ» А; – 1989 ж.

7.Дербісалиев Ә. «Қазақ даласының жұлдыздары» А; – 1995 ж.

8.Жолдасбеков м. «Асыл арналар» А; – 19986 ж.

9.Диваев Ә. «Тарту» А; – 1992 ж.

10.Қоңыратбаев Т. «Көне мәдениет жазбалары» А; – 1991

11.Марғұлан Ә. «Ежелгі жыр, аңыздар» А – 1985 ж.

12.Қыраубаева А. «Ғасырлар мұрасы» А –1988 ж.

Дәріс 6 Жүсіп Баласағұн (11ғ.)«Құтты білік»

Дәрістің мақсаты: Дастанның негізгі идеясы жайында,еңбектің нұсқалары,

компазициялық құрылысын түсіндіру.



Жоспар:

1. Ақынның өмірі мен қызметі

2. Дастанның зерттелуі

3. Дастанның құрылымы мен сюжеті

4. Дастанның көркемдік ерекшеліктері

Дәрістің қысқаша мазмұны

Ақынның өмірі мен қызметі

Жүсіп Хас Хажыб Баласағүн - түркі халықтары тарихындағы қайта өрлеу дәуірінің аса көрнекті ақыны, есімі күллі Шығыс елдеріне мәшһүр болған данышпан-ойшыл, атақты ғалым, белгілі қоғам және мемлекет қайраткері.

Жүсіп Баласағүн есімі кезінде Шығыс пен Батыс елдеріне орта ғасырдың атақты ғалымы, дәлірек айтсақ, файласуфи (философия), риезиет (математика), тибби (медицина), фэлэкият (астрономия), нужум (острология), тарих, оперганз, тіл білімі, әдебиеттану, т. б. ғылым салаларын жете меңгерген ғұлама ретінде жақсы мәлім болған.

Әйтсе де Жүсіп Баласағүнның есімін әлемге танытып, әдебиет тарихына мәңгілік өшпестей жазып қалдырған бірден-бір әдеби туындысы - «Құтты білік» дастаны.

Жүсіп Баласағүнның өмірі туралы мәлімет мүлдем аз сақталған. «Құтты білік» дастанының авторы жөнінде бірен-саран деректер осы шығармаға бірі қара сөзбен, екіншісі өлеңмен жазылған алғы сөздерінде бар. Бірақ бұл алғы сөздерді Жүсіптің өзі емес, кейінірек дастанды көшірушілердің бірі жазған болса керек.

ПОӘК 042-18-29.1.7/03-2013

№1 басылым 05.09.2013

68беттің 19-беті

Жүсіп Баласағүн өз өмірі мен ақыңдық қызметі жайындағы кейбір деректерді «Құтты білік» дастанының соңғы үш тарауында қысқаша түрде, үстірт қана әңгіме етеді. Міне, ақынның осы сөзі жазған мәліметтерге қарағанда, Жүсіп Баласағүн орта ғасырда Қарахан әулеті билік жүргізген мемлекеттің бір кездегі астанасы Баласағүн шаһарында туған. Академик В. В. Бартольдтың пайымдауынша, Баласағүн қаласы Жетісу өңіріңде, Шу өзенінің бойыңдағы Тоқмақ қаласына жақын жерде болған.

Ақынның «Құтты білік дастанын» Баласағүнда бастап, Қашқарда аяқтауы кездейсоқ жәйт емес. Бұл дастанға қара сөзбен жазылған кіріспеде ақын: «Бұл кітапты жазған кісі Баласағұнда туған..., осы кітапты Қашқарда жазып бітіріп, шығыстың әміршісі Табғаш Қара Бограханға тарту еттім» дейді.

Ақын Жүсіп Баласағұн «Құтты білік» дастанын хижра есебі бойынша 462 жылы, яғни жаңаша жыл санау есебі бойынша 1070 жылы жазып бітірген. Бұл жөнінде автордың өзі дастанда (6495 және 6623-бәйіттерде) екі рет ескертеді. Бұл көлемді дастанды он сегіз айда жазып бітіргенін автор шығарманың мәтіндерінде өзі айтады. Жүсіп Хас Хажыб бұл еңбегін жасы егде тартып қалғанда жазғаны белгілі. Ақын өзі туралы айта келіп: «Елуге де кеп қалдық... Бір кезде қара қарға едік, аққуға аппақ айналдық» (364-365- бәйіттерде) дейді. Жүсіп Баласағүн өз дастанын шамамен елу төртжасыңдажазыпбітірген. Демек, ақын 1015-1016 жыддары туған деп шамалаймыз.

Автор өз шығармасының кіріспесіңде дастанның қайсы тілде жазылғанын айта келіп, былай дейді:

Әрәбчә, тәжікчә китабләр укуш,

Бізніңг тілімізгә бу иумғи оқуш.

Мазмұны:


Арабша, тәжікше кітаптар көп,

Ал бұл - біздің тіліміздегі тұңғыш даналық жинағы.

«Біздің тіліміз» деп ақын түркі тілін айтып отырғаны мәлім.

Дастанның зерттелуі

Жүсіп Хас Хажыб Баласағұнның «Құтты білік» дастанының бүгінгі күнге дейін сақталып жеткен үш нұсқасы бар. Біріншісі - Вена нұсқасы, оны Герат нұсқасы деп те атайды. Бүл қолжазба қазір Венаның Корольдік кітапханасында сақтаулы түр. Сол үшін оны Вена нұсқасы дейді. Ал дәл осы қолжазбаны Герат нұсқасы деуінің себебі, бұл қолжазба 1439 жылы Герат шаһарыңда көшірілген екен. Оны ұйғыр әрпімен көшірген адамның есімі- Хасан Қара Сейіл.

Екіншісі - Каир нұсқасы. Бұл қолжазба араб әрпімен көшірілген. Оны Каирдағы бір кітапхананың сирек кездесетін қолжазбалар қорынан 1896 жылы неміс ғалымы Б.Мориц тапқан. Белгілі орыс ғалымы В.В.Радлов Петербург Ғылым академиясының Азия Музейі үшін Каир нұсқасының бір данасын көшіртіп алады. Қазір бұл қолжазба Ресей Ғылым академиясы Шығыстану институтының Санкт-Петербург бөлімшесінде сақтаулы тұр.

Үшіншісі - Наманган нұсқасы. Оны 1913 жылы А. Валитова Өзбекстанның Наманган шаһарынан тапқан еді. «Құтты білік» дастанының араб әрпімен көшірілген, ең толық саналатын осы нұсқасы Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясының Әбу Райхан әл-Бируни атындағы Шығыстану институтында сақталып келеді.

«Құтты білік» дастаны жөнінде тұңғыш рет баспасөз бетінде хабар беріп, оның нұсқасының бір бөлігін 1823 жылы «Азия» журналында бастырып шығарған француз ғалымы Жауберт Амадес болды. Бұл істі кейінірек венгер ғалымы Герман Вамбери қолға алды. Ол дастанның бірнеше тарауын транскрипциялап, неміс тіліне аударды, оған түсінік беретіндей сөздік жасады. Соның бәрін қосып, 1870 жылы «Құтты білікті» жеке кітап етіп шығарды. «Құтты білікті» кең көлемде зерттеу, оны басқа тілдерге аударма жасау саласында келелі істер тындырған академик В.В.Радлов болды. В.В.Радлов бұл шығарманы зерттеу, аудару, баспаға әзірлеу істерімен жиырма жыл бойы (1890-1910)

ПОӘК 042-18-29.1.7/03-2013

№1 басылым 05.09.2013

68беттің 20-беті

айналысты. «Құтты білік» дастанын әдебиеттану, тіл білімі, тарих ғылымы тұрғысынан зерттеуге С.Е.Малов, Е.Э.Бертельс, А.Валитова, К.Каримов, С.Муталлибов сияқты көрнекті ғалымдардың мол улес қосқаны белгілі.



Дастанның құрылымы мен сюжеті

«Құтты білік» дастанының басты идеясы төрт принципке негізделіп жазылған. Біріншісі - мемлекетті дұрыс басқару ұшін қара қылды қақ жаратындай әділ заңның болуы. Автор әдіддіктің бейнесі ретінде Күнтуды патшаны көрсетеді. Екіншісі - бақ-дәулет, яғни елге құт қонсын деген тілек. Бақ-дәулет мәселесі дастаңда патшаның уәзірі Айтолды бейнесі арқылы жырға қосылған. Үшіншісі - ақыл-парасат. Ақыл-парасаттың қоғамдық рөлі уәзірдің баласы Өгдүлміш бейнесінде жырланады. Төртіншісі - қанағат-ынсап мәселесі. Бұл мәселе дастанда уәзірдің туысы, дәруіш Одғұрмыш бейнесі арқылы әңгіме болады:

Кітабында талай жайды айтады ол,

Бұл төрт ұлық сөздерінен байқалар.

Бірі оның - шындық жолы - әділет,

Екіншісі- құт пен ырыс, дәулет.

Үшіншісі - ақыл менен парасат,

Төртіншісі -ұстамдылық, қанағат.

Композициялық құрылысы жағынан дастан 6520 бәйіттен (екі жолдық өлең)тұрады. Бұл- 13000 өлең жолы деген сөз. Соның бәрі 85 тарауға бөліп берілген. Шығарманың негізгі бөлімдері екі жолдық месневи түрінде жазылған. «Құтты білік» дастанының сюжеті де автор алға қойған этикалық-моральдық, дидактикалық міндеттерге, яғни шығарманың әділдікті, бақ-дәулетті, парасатты, қанағатты бейнелейтін төрт қаһарманның іс-әрекетіне тікелей байланысты етіп құрылған.

Дастанның сюжеттік желісі мейлінше қарапайым болып келеді. Бұл дастанда көтерілген басты мәселе - шығарма қаһармандарының басынан өткізген оқиғаларында емес, сол қаһармандар арқылы айтылатын автордың өсиет-уағыздары мен ғибрат сөздерінде, сұрақ-жауаптарында жатыр.

Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастанында елді басқарған әкімнің басты міндеті - халыққа құт, бақыт, дәулет екелу, «кедей халықты бай» ету екендігі ерекше атап көрсетіледі. Дастанда айтылатын осы ой-пікірлер мен идеялардың түп-төркіні, қайнар-бастаулары «Күлтегін» жырларында жатқанын аңғару қиын емес.

Дастанның көркемдік ерекшеліктері

«Құтты біліктің» авторы түркі тілдес халықтардың ауыз әдебиетінің кәусар бұлағынан еркін сусындады. Сол арқылы ақын халық фольклорының қыруар мол мүмкіндіктерін (көріктеу құралдарын, мақал-мәтелдерін, қанатты сездерін, фразеологиялық сөз тіркестерін, т. б.) жазба әдебиеттің тәжірибесімен ұштастыра білді.

«Құтты білікті» оқып отырып, автордың Шығыс классикалық поэзиясының таңдаулы үлгілерімен, әсіресе ұлы Фирдоусидің «Шахнаме» дастанымен жақсы таныс екенін, одан үлгі-өнеге алғанын аңғару қиын емес. Мәселен, Жүсіп Баласағүн жырдағы әрбір сөздің мағынасын құбылтып, ойнатып пайдалануды, әрбір лексикалық элементті ажарлап, айшықтап беруді ұлы ұстазынан үйренген секілді.

«Құтты білік» дастанының авторы метафора, аллегория, гипербола, меңзеп яки астарлап сөйлеу сияқты көріктеу құралдарын зор шеберлікпен, білгірлікпен пайдаланып отырады. Сондықтан жырдағы сан қилы адам бейнелері, табиғат көріністері, қаһармандардың көңіл күйі мейлінше айқын, әсерлі шыққан.

Ақын табиғаттың кейбір сиқырлы құбылыстарын, жан-жануарлардың кейбір қасиеттерін адам мінез-құлқына ұқсата отырып, қаһарманның көркем бейнесін айқындай түседі. Сондай-ақ ол адамға тән қасиеттерді табиғат көріністеріне теңеу арқылы

ПОӘК 042-18-29.1.7/03-2013

№1 басылым 05.09.2013

68беттің 21-беті

далаларды, асқар тауларды, тілсіз өзен-көлдерді кәдімгідей жандандырып, құбылтып, адамның өзіне ұқсатып бейнелейді. Мұның бәрін ол зор ақындық шабытпен, өз қаһармандарының ішкі жан дүниесіне терең поэтикалық барлау жасау арқылы суреттейді. Бұған «Құтты білік» дастанының керкем көріністерін жырлайтын өлең жолдарынан мысал келтірейік:

Қара жер ағы кетіп, жұпар шашты,

Безенбек болып дүние көркін ашты.

Каһарлы қысты қуды көктем лебі,

Жарқын жаз дәулет құрды, өктемдеді.

Қу ағаштар жасыл тонын жамылды,

Безеніп: көк, жасыл, сары тағынды.

Қаз, үйрек, шіл, аққулар қалықтады,

Қиқулап, биік-төмен шарықтады.

Қайсысы ұшып, қайсыбірі қонады,

Бірі ойнаса, бірі суға қанады.

Дастанда әсіресе мал бағумен айналысатын ру-тайпалардың күнделікті тұрмыс-тіршілігіне қатысты афоризмдер, бейнелі сөздер, теңеулер, бейнелер көп ұшырайды. Мінез-құлқы әр түрлі адамның бейнесін жасау кезіңде ақын қой, қасқыр, жылқы, сұңқар секілді жан- жануарларды, жайлаулар мен шөлдерді көбірек ауызға алады.

«Құтты білік» дастаны аруздың ықшамдалған мутакариб деп аталатын өлшем түрімен жазылған. Орта ғасырдың аса көрнекті ақыны, ғажайып сөз зергері, энциклопедист-ғалымы, көрнекті мемлекет қайраткері Жүсіп Хас Хажыб Баласағүнның «Құтты білік» дастанының әдеби, тарихи, ғылыми мәні ерекше зор. Бұл көркем шығарма бертін келе қазақ халқының этностық құрамына енген ру-тайпалардың ежелгі дәуірдегі тұрмыс-тіршілігін, әдет-ғұрпын, мәдениетін, әдебиетін, тілін, т. б. зерттеп білу үшін аса қажетті, құңды мұра болып табылады.
Өзін өзі тексеру сұрақтары:


  1. Ж.Баласағұн қай жылы, қай қалада дүниеге келген?

  2. Ж.Баласағұн жаңаша жыл санау есебі бойынша «Құтты білік» дастанын қай жылы жазып бітірген?

  3. «Құтты білік» дастанының неше нұсқасы бар және олар қайда сақталған?

  4. «Құтты білік» дастанының басты идеясы неде?

  5. «Құтты білік» дастанын кім зерттеген?

  6. «Құтты білік» дастанының көркемдік ерекшеліктері қандай?

Әдебиеттер:

  1. Келімбетов Н. «Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі» А; – 1996 ж.

  2. Қыраубаева А. «Ежелгі дәуір әдебиеті» Астана; – 2001 ж. «Елорда»

  3. Келімбетов Н. Қанафин Ә. «Түркі халықтары әдебиеті» А; 1996 ж.

  4. Келімбетов «Қазақ әдебиеті бастаулары» А; «Ана тілі» ,– 1998 ж.

  5. Айдаров Ғ. «Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі» А; – 1986 ж.

  6. Бердібаев Р. «Кәусар бұлақ» А; – 1989 ж.

  7. Дербісалиев Ә. «Қазақ даласының жұлдыздары» А; – 1995 ж.

  8. Жолдасбеков м. «Асыл арналар» А; – 19986 ж.

  9. Диваев Ә. «Тарту» А; – 1992 ж.

  10. Қоңыратбаев Т. «Көне мәдениет жазбалары» А; – 1991

  11. Қонырытбаев Ә. «Қазақ эпосы және түркология» А; – 1987 ж.

  12. Марғұлан Ә. «Ежелгі жыр, аңыздар» А – 1985 ж.

  13. Сүйінішәлиев Х. «Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезендері» А –1967 ж.

  14. Қыраубаева А. «Ғасырлар мұрасы» А –1988 ж.




ПОӘК 042-18-29.1.7/03-2013

№1 басылым 05.09.2013

68беттің 22-беті


Дәріс 7 Ахмет Йүгінеки(12 ғ.) «Ақиқат сыйы» («Хибатул-хақайық» )

Дәрістің мақсаты: Еңбектің нұсқаларын, олардың зерттелуі мен насихатталуын,

дастандағы мінез-құлық, моральдық, этикалық нормалардың

жырлануын түсіндіру.

Жоспары:

1.Ахмет Йүгнекидің өмірі.

2.«Ақиқат сыйы» дастаның зерттелуі.

3.Көркемдік ерекшелігі.



Дәрістің қысқаша мазмұны

Ислам дәуірінің этикалық, моральдық, дидактикалық мәселелерін зор білгірлікпен жырлаған сөз зергерлерінің бірі Ахмет Иүгнеки еді. Ахмет Иүгнеки (Ахмет Махмұдұлы Жүйнеки) ХІІ ғасырдың орта кезінде өмір сүрген ас көрнекті ақын, есімі кезінде бүкіл ұлан-ғайыр Қарахан мемлекеті түркілеріне мәшһүр ғұлама ақын болған. Ақынның туған жері Түркістан қаласының маңындағы Жүйнек деген елді мекен болса керек. Алайда, Жүйнек деп аталатын қоныс басқа жерлерде де болуы мүмкін деген жорамалдар да бар.

А. Иүгнекидің өмірі мен ақындық қызметі жайында мәлімет жоққа тән. Әйтсе де ақын дастанында өзі туралы кейбір деректер берген. Сондай-ақ дастанды ертеректе көшірген хусниххатшылар да шығарманың авторына қатысты мәліметтерді өз тарапынан қосып жазған. Мәселен, А. Иүгнеки туралы мынандай жолдар бар:

Ахмет Әдіб – атым, үлгі сөзім,

Қалады мұнда сөзім, кетем өзім.

Күз келер, жазда кетер, өмір де өтер,

Сонымен жұмылар да екі көзім.
Ей, досым, жадуым кітап түрікшелеп,

Мейлің сөк, мейлің, қала ерекшелеп.

Артымда ат қалсын деп жаздым мұны,

Ғажайып таңсық сөзбен ерекше елеп.

Бұл өлеңдерден біз ақынның шын аты Әдіб Ахмет екенін, әкесінің аты Махмұд болғанын аңғарамыз. Болашақ ақын анасынан көзі соқыр болып туған:

Көрмеген туа-біте Әдіб көзі,

Тұрады он төрт баптан осы сөзі.

Жүк болса, піл көтермес алтын күміс,

Соған теі осы аз ғана сөздің өзі.

Дастанның өзі көне түркі тілінде жазылса да, ақын шығармасының атын «Хибатул-хақайық» деп әдейі арабша қойған сияқты. Бірқатар қолжазбалар бұл шығарманың атын «Айбатул-хақайық» деп жазған.

«Ақиқат сыйы» дастанының көне қолжазбасы табылғаны жөніндегі алғашқы мәліметті түрік ғалымы Нәжіп Асим 1906 жылы хабарлады. Қазір бізге бұл шығарманың бірнеше қолжазба нұсқасы мәлім. Солардың ішіндегі ең көнесі Самарқан нұсқасы. Бұл қолжазба қазіргі Стамбул қаласындағы Айя-СОфия кітапханасында сақтаулы. Оны 1444 жылы Самарқан қаласында атақты каллиграф Зейнул-Абидин Джурани деген кісі ұйғыр әріпімен көшірген екен. Дастанның бұдан кейінірек 1480 жылы Шейхзаде Әбдіразақ Бахши көшірген нұсқасын Нәжіп Асми осман түріктерінің тіліне аударып, шығарманың түпнұсқасымен қоса оны 1916 жылы жеке кітап етіп басып шығарады.

А. Иүгнекидің араб әріпімен көшірілген қолжазба нұсқаларының бірі қазіргң Берлин қалалық кітапханасында сақтаулы тұр. Бұл дастанның ғылымға мәлім болған нұсқаларын салыстыра отырып, шығарманың толық мәтінін әзірлеген зерттеуші түрік ғалымы Рашид Арад Рахмат болды. Ол 1951 жылы Осы дастанның толық мәтінін әзірлеп, олны латын әріпімен кітап етіп шығарды.



ПОӘК 042-18-29.1.7/03-2013

№1 басылым 05.09.2013

68беттің 23-беті

«Ақиқат сыйы» дастанын жан-жақты зерттеу ісіне кезінде В. Радлов,

Т. Ковалевский, Ж. Дени, т.б. шығыстанушы ғалымдар да белсене ат салысты.

«Ақиқат сыйы» дидактикалық сарында жазылған шығарма. Дастан сюжетке құрылған емес. Шығарманың әрбір тарауында белгілі бір мәселе жөніндегі әңгіме болады. Адам қалай өмір сүру керек? Ақын осы сауалға өзінше жауап іздеп, дидактикалық сарында оқырманына өсиет уағыз айтады.

Дастан 254 бәйттен тұрады. Мүның бәрі 14 тарауға бөліп берілген. А. Иүгнеки ислам дәуірі әдебиетінің көркемді дәстүрін негізге ала отырып, дастанның алғашқы тарауын (1-10 бәйІттер), қайырымды, мейірімді Аллаға, екінші тарауын (11-19 бәйіттер) Құдайдың жердегі өкілі Мұхаммед пайғамбарға арнайды. Содан кейін 3-ші тарауда (20-33 бәйіттер) ақын осы кітаптың жазылуына себепші болған Ыспахсалар бекті мадақтайды.

А. Иүгнеки – әрбір сөздерді ажарлап та, құбылтып та шебер пайдлана білетін сөз зергері. Дастан негізінен дидактикалық сарындағы ақыл-өсиет, уағыз, ғибрат сөздерден тұрады. Ақын өзі хикаялап отырған құбылыстыі ерекше белгілерін ажарлап, оған үстеме мағына беріп, суреттеу үшін теңеу әдісін кеңінен қолданады. Мәселен, автор дастанда Ыспахсаларды – теңізге, ал өзін – жауын тамшысына теңейді. Ал мұндай тамшылар теңізге құйылып, қымбат бағалы маржанға айналады дейді. Білімді адам – таза алтынға, надан кісі – құны жоқ жалған ақшаға, білімді әйел – ер жігітке, ал білімсіз еркек – әйелге, шын сөз – балға, жалған сөз – пиязға теңеледі. Сондай-ақ дастанда сараңдық – ем қонбайтын дерт, жеміс бермейтін ағаш, ал жомарттық – алқызыл раушан гүлі деген секілді теңеулер де бар.

Ақын әдеби тілдің әсерлігін арттыра түсу үшін екі бірдей ұғымды, құбылысты, сезімді, т.б. қатар қойып, жұптап зерттейді. Дәлірек айтсақ, сөзді айшықтап қолданудың бір түрі - паралеллизм яки егіздеу әдісін зор шеберлікпен пайдаланады. Мәселен, дастанда: білімді-надан, жомарт-сараң, тәкаппар-момын, атлас шәйі-бөз, адал-арам, ұзын-қысқа сияқты ұғымдар бір біріне қарсы қойып суреттеледі.

Өмір тәтті, бүгін қолың жеткенде,

Удай ащы ертең тастап кеткенде.

Қайда балы сонда арасы бір жүрер,

Балдан бұрын татып көрші зәрінен.

«Ақиқат сыйы» авторы белгілі бір құбылысты айна қатесіз, дәл белгілейтін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер секілді теңеулер, қанатты сөздер тауып айтуға шебер. Мәселен, «Ақымақтың тілі өзіне жау болып жармасады, сараң адам – өзі жиған байлықтың құлы, жомарттық – сараңдықтың айнасы, білім – сарқылмас тауар, т.б.

Түйіндеп айтсақ, ислам дәуірі әдебиетінің көрнекті өкілі Азмет Иүгнекидің «Ақиқат сыйы» дастаны – өз заманының көкейтесті мәселелерін – ақыл-парасатты, білімділікті, қарапайымдылықты, әдеппен сөйлеуді, кішіпейілділікті, сабырлықты, т.б. ізгі қасиеттерді этикалық-дидактикалық сарында жырлаған көркем туынды.

Біз «Ақиқат сыйы» дастанының идеялық-тақырыптық бағытына, композициялық құрылысына, көріктеу құралдарына, жырдың метрикалық жүйесіне біршама талдау жасадық. Содан шығатын қорытынды: «Ақиқат сыйы» дастаны – өз заманының көкейтесті мәселелерін жырға арқау еткен, көркемдік дәрежесі биік, дидактикалық сарында жазылған, бүгінгі түркі тілдес халықтардың бәріне бірдей ортақ мұра болып табылады.

Өзін өзі тексеру сұрақтары:


  1. Ахмет Иүгнекидің шын аты кім?

  2. Ақын қай жерде дүниеге келген?

  3. Дастанның Самарқан нұсқасы қай кітапханада сақталған?

  4. Дастанның нұсқаларының ең көнесі қайсы?

  5. Дастанның 11-19 бәйіттері кімге арналған?

ПОӘК 042-18-29.1.7/03-2013

№1 басылым 05.09.2013

68беттің 24-беті


Әдебиеттер:

  1. Келімбетов Н. «Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі» А; – 1996 ж.

  2. Қыраубаева А. «Ежелгі дәуір әдебиеті» Астана; – 2001 ж. «Елорда»

  3. Келімбетов Н. Қанафин Ә. «Түркі халықтары әдебиеті» А; 1996 ж.

  4. Келімбетов «Қазақ әдебиеті бастаулары» А; «Ана тілі» ,– 1998 ж.

  5. Айдаров Ғ. «Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі» А; – 1986 ж.

  6. Бердібаев Р. «Кәусар бұлақ» А; – 1989 ж.

  7. Дербісалиев Ә. «Қазақ даласының жұлдыздары» А; – 1995 ж.

  8. Жолдасбеков м. «Асыл арналар» А; – 19986 ж.

  9. Диваев Ә. «Тарту» А; – 1992 ж.

  10. Қоңыратбаев Т. «Көне мәдениет жазбалары» А; – 1991

  11. Қонырытбаев Ә. «Қазақ эпосы және түркология» А; – 1987 ж.

  12. Марғұлан Ә. «Ежелгі жыр, аңыздар» А – 1985 ж.

  13. Сүйінішәлиев Х. «Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезендері» А –1967 ж.

  14. Қыраубаева А. «Ғасырлар мұрасы» А –1988 ж.


Дәріс 8 Қожа Ахмет Йассауи (12ғ.) «Диуани хикмет»(«Ақыл кітабы»)

Дәрістің мақсаты: «Ақыл кітабы» - исламның дін-шариғат жолдарын дидактикалық

мазмұнда бейнелейтін жыр жинағы екендігін, еңбектегі сопылық

ағымның философиялық ой-пікірлерін түсіндіру.

Жоспар:

1. Ақынның өмірі мен қызметі

2. «Диуани хикметтің» идеялық мазмұны, көркемдік ерекшеліктері

Дәрістің қысқаша мазмұны

Қожа Ахмет Йассауи-сопылық дүниетанымның негізін қалаушылардың бірі, есімі ислам әлеміне мәшһүр ойшыл қайраткер, аса көрнекті ақын. Ақынның толық аты-жөні: Хазірет Сұлтан Шейх-ул Ислам Қожа Ахмет Йассауи.

Ол қазіргі Оңтүстік Қазақстандағы Сайрам (оны кезінде Испиджап, Ақсу, Ақшаһар, Ақтұрбат деп те атаған) қаласында өмірге келген. Ақынның туған жылы ғылымда анық емес, ал 1166 жылы қайтыс болғаны туралы нақты жазба деректер бар. Әкесі Шейх Ибрахим-түркі тектес тайпалардан шыққан өз дәуіріндегі көрнекті дін қайраткері болған. Ақынның анасы айша (қазақтар оны Қарашаш ана деген)-Мұса деген атақты шейхтың қызы болған. Ахмет Йассауиді туған ауылында оқытып, сауатын ашқан, оған ислам дінінен алғаш сабақ берген ұстазы-Бахаул-дин Испиджаби деген ғұлама болған.

Болашақ ақын жас кезінде Түркістан (ол кезде Йассы деп атаған) қаласына келіп тұрған Ұлы Жібек жолының тоғысқан торабына орналасып, бүкіл әлеммен қарым –қатынас жасап тұрған. Йассы шаһары бұл кезде Шығыстағы өркениет орталықтарының біріне айналған еді. Мұнда келіп Ахмет Йассауи атақты Арыстан Баб және Жүсіп Хамадани сияқты ғұламалардан дәріс алады.

Кейінірек ол Бұхара шаһарына барып, сондағы медреселерде есімдері ислам әлеміне мәшһүр ұстаздардан бірнеше жыл білім алады. Өзінің оқу –білімге деген құштарлығын, зеректігін танытады. Бірқатар ақындармен, ғалымдармен, дін қайраткерлерімен танысып, достасады.

Ахмет Йассауи туған еліне- Қыпшақ даласына ислам ілімін жан-жақты меңгерген оқымысты адам, діни қайраткер болып оралады. Ол өз өмірінің соңғы күндеріне дейін осы Йассы қаласында тұрып, бүкіл қыпшақ даласына ислам ілімі мен мәдениетін, әдебиетін таратуға қыруар мол үлес қосады.

Ақын өзінің есімін әлемге мәшһүр еткен «Диуани хикмат» («Ақыл кітабы»), «Мират-ул Қулуб» («Көңіл айнасы») және «Пақырнама» атты шығармаларын осы Йассы қаласында жазды.

ПОӘК 042-18-29.1.7/03-2013

№1 басылым 05.09.2013

68беттің 25-беті

Ғұлама- ақынның Ибрахим атты ұл баласы және Гаухар Хошназ деген қызы болған. Өздерін Йассауи ұрпақтары санайтын адамдардың бәрі де осы Гаухар Хошназдан тараған жандар болып келеді.

Кезінде Қожа ахмет йассауидің өзінен дәріс алып, кейінірек ұлы ұстаздың сопылық дүниетанымын насихаттаған, оны дамыта түскен дарынды шәкірттері де аз емес еді. Йассауидің алғашқы шәкірті – Арыстан Бабтың баласы Мансур болған. Екіншісі – Сайт Ата Хорезми, үшіншісі – Сүлеймен Бақырғани, Мұхаммед Данышменд Зарнұқи, т.б. Бұлардан басқа да Лұқпан Перенде, Содыр Ата, Сары Салтұқ, Бекташ әулие, Қара Баба сияқты есімдері ислам әлеміне танымал болып кеткен шәкірттері болған.

Ахмет Йассауидің «Ақыл кітабындағы» он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы хикметтерінде негізінен өз өмірбаянын жырға қосқан. Соның өзінде ақын «Диуани Хикметтің» басты идеясын айтудан ауытқып кетпеген. Қайта ақынның ғұмырнамасы «Даналық кітабының» философиялық мәнін, көркемдік көрінісін жетілдіре түскен. Ахмет Йассауи өз өмірі туралы айта келіп, «не себептен алпыс үште кірдім жерге?» деген сауал қояды. Ақын өмірбаянына бағышталған барлық хикметтер осы жалғыз сауалға жауап болып табылады.

Ислам жолын уағыздаушы данышпан ақын пайғамбар жасына жетіп, аллаға шүкіршілік етеді, одан әрі, яғни алпыс үш жастан асып, тірі пенделер арасында жүруді өзіне үлкен күнә санайды. Сол үшін ол жер астынан арнайы салынған орынға- хилуетке түсіп, қалған өмірін сонда өткізеді.

Қожа ахмет Йассауи 1166 жылы Йассы қаласында қайтыс болып, осында жерленеді. Жергілікті халық оған шағын кесене тұрғызады. Жергілікті халық оған шағын кесене тұрғызады. Араға екі жүз отыз жылдай салып барып, атақты Әмір Темір ақынның ескі қабірі орнына қазіргі үлкен кесенесін салдырды.

Ақынның «Диуани хикмет», «Мират-ул Қулуб» және «Пақыр-наме» деп аталатын шығармалары Ахмет Йассауидің сопылық ілімінің, дүниетанымы мен философиясының теориялық негізі болып табылады. Ахмет Йассауидің дүниетанымының жалпы желісін екіге бөліп қарастырған жөн. Біріншісі – моральдық-этикалық (парасаттылық), ал екіншісі – сопылық хикметтер деп атауға болар еді.

Ахмет Йассауи ілімінің моральдық-этикалық бөлімі адамның бойындағы адамгершілік қасиеттердің мәртебесін арттыра түсуді көздеп, «инсони камал» («кемелденген адам») дәрежесіне жетуді мақсат етеді. Ал «кемелдік» дәрежесіне жету үшін адам сан алуан ілім-ғылым түрлерін игеруі қажет.

Йассауи дүниетанымының теориялық негізі шариғат пен марифат болса, бұл ілімнің практикалық негізі тарихат болып табылады.

Сонымен, «Диуани хикметте» «адамның өзін-өзі тануы» арқылы. Ақиқатты, яғни Хақты (құдайды) тану жолдары сөз болады.

Ал сопылық хикметтер арқылы ақын адамның түпкілікті мақсаты-ақиқатқа, яғни Хаққа жету екенін айтады.

Ахмет Йассауи «Ақыл кітабында» «Аллға жақындай түсу үшін» әрбір адам өзінің өмір жолында төрт басқыштан өту керектігін айтады. Біріншісі-шариғат. «Шариғат» - ислам діні қағидалары мен шарттарын тақуалықпен мүлтіксіз орындауды әрі құдайға құлшылық жасауды талап етеді. Екіншісі-тариқат. «Тариқат»-дін ғұламаларында шәкірт болып, жалған дүниенің түрлі ләззаттарынан бас тарту, Аллаға деген сүйіспеншілікті арттыра түсу болып табылады. Бұл басқыш суфизмнің негізгі идеясын, мұрат-мақсатын аңғартып тұр. Үшіншісі – маръифат. «Маръифат»- негізінен дін жолын танып білу сатысы деуге болады. Бұл басқыштың негізгі талабы-күллі дүниедегі болмыс тіршіліктің негізі «бір алла» екенін танып білу, түсіну. Төртіншісі – хақиқат. «Хақиқат» («фано»)- Аллаға жақындап, оны танып-білудің ең жоғарғы басқышы. Сопылық түсінік бойынша,




ПОӘК 042-18-29.1.7/03-2013

№1 басылым 05.09.2013

68беттің 26-беті

шариғатсыз- тариқат, тариқатсыз – маръифат, маръифатсыз-«хақиқат» болуы мүмкін емес. Бұлардың бірі екіншісіне өту үшін қажетті басқыш болып табылады.

«Диуани Хикметті» ұзақ жылдар бойы зерттеген ғалым Е.Э.Бертельс: «Ахмет Йассауидің жырлары күні бүгінге дейінгі қазақ даласынан Кіші Азияға дейін кеңінен тараған фольклорлық лириканың түрлерімен сырттай ұқсас болып отырады. Бұл ерекшелікті сопылық әдебиетте алғаш рет Йассауи бастап тұрақтандырды. Осыдан кейін өзге елдердің дәруіштік поэзиясында да бұл үрдіс жалғасын тапты, сөйтіп, жазба поэзия мен фольклордың байланысы бұдан былай жаңа сипат алды».

«Диуани хикмет» көбінесе 11 буынды не 12 буынды болып келеді. Төрт тармақтан бір шумақ құрайды Ұйқасы бізге тым жақын. Сырттай алып қарағанда а-а-а-ә, б-б-б-ә ұйқасымен келіп отырады. Ежелгі түркі поэзиясымен қазақ әдебиеті арасындағы дәстүрлі байланысты айқындай түсетін бейнелі сөздер, ұтымды теңеулер жиі ұшырайды. Мұнда Ахмет Йассауи көңіл бағы, көңіл құсы, иман нұры, заһар көзі, күйген көбелек, махаббат бостаны, хақиқат дариясы, ғашықтың дерті, ит нәпсіні өлтіру сияқты ұғымдарды сөз зергері ретінде шебер пайдаланған.



Каталог: ebook -> umm
umm -> ПОӘК 042-18-29 8/03-2013 №1 басылым 05. 09. 2013
umm -> Жалпы және заң психологиясы терминдерінің қысқаша сөздігі. І бөлім. Жалпы психология пәнінің терминдері
umm -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umm -> ПОӘК 042-14-5-05. 02. 20. 22/2013 № басылым
umm -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umm -> Оқытушы үшін «Қазақстан тарихы»
umm -> Әбікенова Гүлнафис Төкенқызы Қазақ тіліндегі эпистолярлық стильдің лингвистикалық сипаты
umm -> Педагогика кафедрасы
umm -> Жалпы және заң психологиясы терминдерінің қысқаша сөздігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет