Ежелгі Мысыр мәдениетінің ең негізгі құндылықтарына не жатады?



бет1/3
Дата17.12.2021
өлшемі35,98 Kb.
#102235
  1   2   3
Байланысты:
Мәдениеттану


Ежелгі Мысыр мәдениетінің ең негізгі құндылықтарына не жатады?

Мысырдың ғажайып өнері әлемдегі басқа мәдени ескерткіштерге қарағанда өзіндік сипатымен, көнелігімен ерекшеленеді. Мысыр жерінде өнер ошақтары, түрлі кешендер мен қорымдар жақсы сақталған. Солар арқылы көне мәдени-рухани байлық жөнінде біршама толығырақ мәлімет алуға болады.

Мысыр мәдениеті мен өнерінің бізге жеткен алғашқы белгілері, шамамен, б. з. д. IV мыңжылдықтарда пайда болған. Алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап, біртіндеп қүл иеленуші мемлекеттер құрыла бастады. Ғасырлар бойы мысырлықтардың асыраушы анасы болып келген Ніл дариясы енді қүл иеленушілердің меншігіне айналды.

Б. з. д. IV мыңжылдықтың екінші жарытысында Мысыр жерінде екі құл иеленуші мемлекет — Оңтүстік және Солтүстік патшалығы ірге көтерді. Б. з. д. III мыңжылдықта Солтүстік патшалығы ұзақ жылғы соғыстан кейін Оңтүстік патшалыққа бағынып, тұтас Мысыр мемлекеті құрылды. Осы кезенде мәдениет пен өнер біраз дамыды. Тасқа ойылып, қашалып жасалынатын бедерлеу өнері барынша өріс алды.



Сызу мен сурет салуға бейімі бар адамдар өз заманындағы қоғамдық құрылысты, соғыс қимылдарын, патша жорықтарын қайрак тастарға бейнелеп түсіріп отырды. Бір жағынан, тарихи жылнамалық белгі болып табылатын, екіншіден, өнердің озық ескерткіші саналатын бедерлеме суреті бар тақта тастың бірі — Нармер тақтасы.

Бұл өнер ескерткіші сол дәуірде болған белгілі тарихи кезеңді ашып көрсетеді. Тақтада Солтүстік патшалығын тізе бүктірген Нармер патшаның әскери жорығы, жеңісі айшықты бейнелермен шебер берілген. Тақтадағы мүсіншінің құрылымдық шешімі, тақта бетіндегі ұтымды бейнелік тәсіл көрген адамды бірден баурап алады. Бұл тарихи өнер көзі - Ежелгі Мысыр өнерінің ең бір айтулы ескерткіші болып табылады.



Хеопс пирамидасы. Б.з.б 2560 жылы салынған. Әлемдегі ең ежелгі пирамидалардың бірі

Осыдан кейінгі кезеңдерде де Мысыр патшалығы нығайып, перғауындар билігі арта түсті. Бар байлықты қолдарына жинаған патшалар әулеті Мысырда ірі қалалар, ауқымды сәулет кешендері гибадатханалар ашуды колға алды. Мұндай мәдени өзгерістер перғауын Жосердің түсында кең етек алды. Сол кездегі Мысыр патшалығының орталығы, әлемдегі ең көне қаланың бірі Мемфис гүлденіп, өркендеді. Мемфисте сәулет өнерінің алғашқы үлгілері пайда болды. Дәл осы кезеңде Мысыр әдебиетінің алтын тамыры болып табылатын "Птаха" Құдайы туралы жазылған діни-философиялық шығарма өмірге келді. Сөйтіп, ғылымы мен өнері, әдебиеті, жаңа тұрпаттағы инженерлік құрылыстары барынша дамыды. Сол замандағы өркендеген мәдениет пен өнердің жемісі ретінде Жосер пирамидасы салынды. Жосер пирамидасы Мысыр классикалық сәулет өнерінің алғашқы қарлығашы болып табылады. Бұл сәулет өнеріне үлкен бетбұрыс әкеліп, тың инженерлік жүйенің пайда болуына жол ашты. Егер бұрын Мысыр сәулет кешендері бір қабатты мастабалардан тұратын болса, бұл пирамида бақандай жеті мастабадан тұратын зәулім сәулет кешенін құрады. Сондықтан да оны "сатылы пирамида" деп атады. Пирамиданың биіктігі 60 метрге дейін жетті. Мысырда мұндай алып құрылыстардың салынуы діни нанымға да байланысты болды. Бұдан ертеректе де Мысырда атақты, айбынды адамдардың, патшалардың бастарына алып ескерткіштер қою кең таралған. Олардың сенімі бойынша патшалардың басына қаншалықты бағалы ескерткіш қойса, қарапайым халыққа, бүкіл елге оның рақымы түсіп, ұдайы желеп-жебеп отырады-мыс.

Екінші жағынан, перғауындар қарапайым халыққа өз үстемдігін жүргізу үшін, өздерінің құдіреттілігін таныту үшін де осындай ескерткіштер салуға мүдделі болды. Осы дәстүр Мысырдың сәулет өнерін өрі қарай дамытып, атақты пирамидалар дәуірін тудырды.

Ежелгі Үндістан мәдениетінің озық үлгісіне не жатады?

Үндістанның солтүстік пен оңтүстік аймақтарының климаттық жағдайы туралы, алғаш өсімдік түрлерінің өсіріліп, жануарлардың қолға үйретіле бастауы туралы айтамын. Суармалы егіншіліктің дамуын түсіндіремін. Ең ежелгі қалалары, мәдениеті, суды, қоймаларды пайдалануы туралы әсерлі түрде суреттеп жеткіземін. Оқулықтағы археологиялық қазба негізіндегі сурет пен қалпына келтірілген ежелгі үнділік қалалардың суреттерін салыстыра отырып, оқушыларға сұрақ қою арқылы түсіндіремін. Ганг өзенінің бойында ірі мемлекеттің пайда болуы туралы баяндаймын. Александр Македонскийдің Парсы мемлекетін жаулап алғаннан кейін Үнді жерін басып алмақ болуы жайлы, Үндістанның көптеген аймақтарын бағындырып, қосып алғаны, Маурия әулеті жайлы әңгімелеймін.

Шаруашылығы-егіншілік кең түрде дами бастады. Қолөнер бұйымдары жетілдіріле түсті. Басқа мемлекеттермен сауда байланысы дамыды. Пайдалы қазбалар молайды. Мемлекет ірілендіріле бастағанда қызметшілер саны көбейді. Әр түрлі салықтар жиналды. Үндістанның әлеуметтік жіктелуінде басқа елдерге қарағанда көптеген өзгешеліктер болды. Олар төрт топқа бөлінді (брахмандар, жауынгерлер, егінші –шаруалар, шудралар). Әрбір топқа сипаттама берген кезде оқулықтағы Ману заңдарынан келтірілген деректік мәліметтерді оқушыларға оқытуға немесе өзім оқи отырып, талдау жасау негізінде түсіндіремін. Бұл оқушылардың үйде сыныптан тыс оқуға арналған мәліметтермен жұмыс жасауға үйренуіне тиімді ықпал етеді.

Брахмандар деп дінді тарататын абыздарды атады. Брахмандар құдай мен адамдар арасын байланыстырушылар деп есептелінді. Брахмандар басқа адамдардан ерекше, қасиетті болып есептелді. Жауынгерлер елді қорғап, тәртіпті реттеді. Оны өлтірген адам айып төледі. Ата-баба ісін жалғастыратын да солар деп есептелді. Үшінші топқа егіншілер, қолөнершілер, малшылар, саудагерлер жатты. Олар тек өз жұмыстарымен ғана айналысуға тиіс болды.Шудралар ең төменгі, нашар, ауыр, қиын жұмыстарды атқарды. Олардың құлдыққа сатылып кетуі де мүмкін еді.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет