Ежелгі Үндістан Жоспар: Үндістан тарихының зерттелуі Табиғат жағдайы



бет6/6
Дата24.02.2023
өлшемі42,57 Kb.
#170075
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Ежелгі Үндістан

7. Үндістан мәдениеті.
Біз жаңа эраның бас кезінде әуелде бір ұрпақтан екінші ұрпаққа ауызша жетіп келген тамаша шығармалар ежелгі үнді лирикасы мен эпосы біржолата қалыптасқандығын және жазылып алынғанын осыдан бұрын қарастырған едік. Б. э. V ғасырында ежелгі Үндістанның аса ұлы драматургы Калидаса көзге түсті. Оның драмаларының ішінен әсіресе бас кейіпкер – патшаның ғашығы, асқан сұлу сопы қыздың есімімен аталған «Шакунтала» шығармасы ерекше әйгілі болды.
Ежелгі Үндістанда әр түрлі философиялық мектептер, соның ішінде материалистік мектеп те қалыптасты. Мысалы, чарвак ілімінің үйретуі бойынша танып білудің бірден-бір жолы тәжірибе болып есептеледі. Үндістанда аса кең тараған жанның ұшып-қонып жүретіні туралы ұғым жоққа шығарылды, жанды тәннен айырып алуға болмайды, деді. Суармалы егіншілік дамыған өзге де елдердегі сияқты Үндістанда да астрономия мен математика үлкен табысқа жетті. Бұл жерде ерекше күн календары жасалды. Жыл 360 күннен тұрады деп саналды, сонымен бірге оны астрономиялық жолмен теңестіру үшін әр бес жылда високос ай қосылып отырды.
Б. э. V – VІ ғасырларында үнді оқымыстыларына жердің шар тәрізді домалақ екені де, жердің тартылыс заңы да, сондай-ақ жердің өз осінен айналатыны да жақсы мәлім болды. Орта ғасырларда бұл ғылыми жаңалықтардыүнділерден арабтар қабылдады. Тым ертедегі үнді кезеңінің өзінде-ақ Үнді аңғарында санаудың ондық жүйесі пайда болған еді. Одан кейінгі кездерде математика кейбір жағдайда ежелгі өзге халықтардың бәрінен озық деңгейге жетті. Мәселен, ноль белгісі тек Үндістанда ғана қолданылды. Біздер арабтікі деп атап, римдікіне қарсы қойып жүрген цифрларымызды шын мәнінде ежелгі үнділер ойлап тауып, солардан арабтарға көшкен еді. Сондай-ақ араб алгебрасына да үнді алгебрасының ықпалы тиді.
Ежелгі үнді химиктері күкірт, тұз және азот қышқылдарын ала білген. Дәрігерлер ауруларды белгілі жүйеге келтіруге тырысты және дененің негізгі сөлдері туралы теорияны шығарды. Үндістанда көптеген тілдер мен диалектілердің болуы филологиялық зерттеулер жүргізуді қажет етті. Оқымысты брахман Панини «тазаланған», басқаша айтқанда әдеби тілдің грамматикасын жасады.
Күмбезді үйлер мен ерекше үңгір храмдары – ежелгі үнді архитектурасының тамаша ескерткіштері болып табылады. Аджанта үңгіріндегі храмдарда тамаша реалистікпен салынған түрлі-түсті бояулы фрескалар сақталған. Үнді мәдениеті Орталық және Шығыс Азия елдеріне елеулі ықпал етті. Батыс әлеміне Үндістан арабтар арқылы әсер етіп отырды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет