Ежелгі Үндістан Жоспар: Үндістан тарихының зерттелуі Табиғат жағдайы



бет4/6
Дата24.02.2023
өлшемі42,57 Kb.
#170075
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Ежелгі Үндістан
5 семинар (1)
5. Маурья державасының құрылуы. 
Б. э. Дейінгі VІ ғ. Дейін солтүстік Үндістан көптеген патшплықтарға бөлінетін. Бір ғана Ганг бассейінінде он алты ұсақ мемлекеттік құрылымдар болды. Солардың бірі – Магатха б. э. дейінгі VІ ғасырдан бастап жылдам күшейіп, кеңейе түсті. Оның патшасы Бимбисара - Ганг өзенінің сағасын өзіне қаратады және Бенгал шығанағына дейін жетеді, ал оның мұрагерлері өздерінің иеліктеріне осы «қасиетті» өзеннің бүкіл бассейінін және оған таяу жатқан таулы өлкелерді қосып алады.
Батыс Үндістанның бөлшектенуі ұзағырақ сақталды. Мұның өзі осы жерлерді әуелі Ахеменидтердің, ал кейінірек Александр Македонскийдің жаулап алуын жеңілдетті, соңғысы екі жылда бүкіл батыс Үндістанды Бағындырып, Үнді өзенінің сағасына дейін келді.
Үнді өзені жағасындағы грек-македон үстемдігі ұзаққа бармады. Халықтың батыстан келген басқыншыларға қарсы кең көлемдегі қозғалысын аса көрнекті Үнді қайраткері Чандрагупта басқарды. Ол патша әулетіне жатпаған, қайта ол қор саналған шудра варнасынан шыққан. Чандрагупта Нанд династиясының соңғы өкілі Магадхи Дхан Нанд патшаның қызметінде жүріп жоғарылайды. Бірақ патшаның кәріне үшырап, Пенджапқа қашады, сол жерде Александр Македонскиймен кездеседі. Мегадхаға қайтып келіп, Чандрагупта тақты басып алады. Ол б. э. дейінгі 321 жылдан 298 жылға дейін патшалық құрды және аса қуатты Маурья державасының негізін салды. Оның астанасы Паталипутра қаласы болды.
Чандрагуптағы бүкіл солтүстік Үндістанды біріктірудің сәті түсті. Грек-македон гарнизондары Үнді алқабынан қуылды. Александр Македонский мұрагерлер арасында державаны бейбіт жолмен бөлісе алмай, тартыс басталғандығын Чандрагупта пайдаланып, мұрагерлердің бірімен – Селевкпен келісімге келеді. Үнді патшасы оның қызына үйленіп, бұл үшін оған 500 соғыс пілдерін сыйға тартады да, Үнді алқабына жақын жатқан таулы өлкелерді өзіне қаратып, батыс шекараны нығайтып алады. Басқыншылық саясаты Чандрагуптаның мұрагерлері, әсіресе оның немересі Ашок тұсында жалғаса түсті. Ашок тұсында Үндістанның оңтүстігіндегі Калинга патшалығы бағындырылды. Осы басқыншылық соғыста, егер Ашоктың жазбаларына сенер болсақ, 100 000 адам өлтіріліп, 150 000 адам тұтқынға алынған. Тек оңтүстіктегі ең шеткі аймақтар ғана болмаса, Үндістанның қалған барлық жерлерін дерлік қамтыған аса үлкен Маурья державасында елеулі экономикалық өрлеу болғанын аңғаруға болады. Қолдан суғару кең көлемде қолданыла бастады. Кей алқаптарға жылына екі рет тұқым себілді. Қала өмірі дамиды.
Б. э. дейінгі ІІ ғасырдан бастап Үндістанды титықтатқан сырттан басып кірушілік те орталық биліктің әлсіреуіне үлкен ықпал жасады. Алғашқы кезде оның басты жауы Үндістанның батыс жағында қалыптасқан Грек-Бактрий патшалығы еді. Б. э. дейінгі І ғасырда солтүстік батыстан кушандар басып кіреді. Үндістанның елеулі бөлігі енді солар құрған державаның құрамында болады, бұның орталық аймағы осы күнгі Тәжік ССР-нің территориясында болатын, Кушандар едәуір мөлшерде неғұрлым жоғары болған үнді мәдениетін қабылдап алды. Б. э. ІІІ ғасырында Үндістан қайтадан бірқатар ұсақ мемлекеттерге бөлініп кетті. Б. э. IV – V ғасырларында Магадха қайта өрлеп, жаңадан құрылған күшті Гупт патшалығының ұйытқысы болады, бірақ ол да V ғасырдың аяғында қайта құлдырайды да, ел қайтадан біржола бөлшектеніп кетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет