Ежелгі Үндістан Жоспар: Үндістан тарихының зерттелуі Табиғат жағдайы



бет5/6
Дата24.02.2023
өлшемі42,57 Kb.
#170075
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Ежелгі Үндістан

6. Үндістан жеріндегі діни ағымдар.
Маурья династиясы тұсында үнді қоғамының дін идеологиясында елеулі алға басушылық болды. Діннің үстемдік құрып тұрған жүйесі – брахманизм – басқарушы династияның талап-тілегін қанағаттандыра алмайтыны барған сайын біліне түсті. Оның ережелері тайпаға бөлінген кезде қалыптасқандықтан, бір орталыққа бағынған және қала өмірі дами бастаған мемлекет жағдайына сәйкес келмеді. Абыздар – басқарушы, ал көпестер – үшінші варнаға кіретін бөлініс тәртібін сауда ісі даму үстіндегі аса үлкен мемлекет көлемінде бұлжытпай сақтау мүмкін емес еді. Патшалар қажет адамды олардың шығу тегіне қарамастан өзіне қызметке алып отырды. Күшейіп алған патша билігі дін қызметкерлерінің озбырлығымен келісе алмады. Діннің уақыт талабына сай келетін жаңа ілімдері ескі брахманизм жүйесімен барған сайын көбірек тайталаса бастайды. Жаңа діндер ішінен әсіресе буддизм үлкен мәнге ие болды. Бұл дін өзіне сенетіндер қауымына кіргісі келген адамдардың шығу тектеріне қарамайтын еді. Адамның қай тайпаға, қай варнаға жататындығы оның жаңа дінді қабылдауына кедергі жасай алмады. Буддалық діни-философиялық жүйенің негізін салушы б. э. дейінгі VІІ-VІ ғасырлардағы өмір сүрген және Будда деп аталған патша баласы Сидхартха болып есептеледі, бұл ілімнің аты да соның есімімен аталады. Бұл патша баласы жайлы ол жас кезінің өзінде-ақ адамдардың қайғы-қасіреті жайлы көп ойланған деген сөз бар. Ол түрі аянышты қайыршыны, үсті-басын жара қаптаған ауруды, біреулерді жерлеуге алып бара жатқан процессияны көрсе де қатты қамығатын болған. Ол өзінің жоғары дәрежесінен бас тартады да, ел кезіп кетеді, содан соң уағыз айта бастайды. Оның ілімі өмір сүрудің өзі кесел екенін мойындауға негізделеді. Адамның кез келген тілегі қасірет шегуге алып келеді. Одан құтылудың жалғыз жолы адамның өз басындағы бар құмарлық пен талабының бәрін тежеп ұстау. Осылай еткенде ғана адам өлгеннен кейін басқаша түрге еніп қайта тіріліп, тағы да азап шекпейтін болады. Шексіз қайта туу процесінің тоқтатылуы – нирвана, ең жоғарғы игілікті іс деп санаған. Бұл өзіндік ерекшеліктері бар ілімнен іс жүзінде аса үлкен қорытындылар жасалып отырды. Өзін құтқару – әр адамның өз ісі ол үшін өзін-өзі тежеп ұстай білуі керек деп саналғандықтан құдайға құлшылық етудің де, абыздардың да керегі болмай қалды. Өзін-өзі жетілдіру, байлықтан және жердегі рахаттан бас тарту – кімнің де болса шыққан тегіне немесе қоғамдағы алып отырған орнына тәуелді емес еді. Мұндай сыртқы жайлар діндар адамның нирванаға жетуіне ешқандай да кедергі келтіре алмайды деп саналды. Буддашылар сословиелік және тайпалық кедергілер мен мүлік айырмашылықтарын күшпен жоюға тіпті де шақырған жоқ, ол бұлардың бәрін болмашы нәрселер деп санады. Дегенмен, бір жағынан, олар теория жүзінде де теңдік принциптерін сақтаудан бас тартты. Тек еркін адамдар ғана өзін құтқара алады деп саналды. Рухани теңдікті уағыздаушылар кедейлер мен езілгендерді жаңа дінге тартты. Оның орнап қалған тәртіптерді күшпен өзгертуден, әлеуметтік күрес пен төңкерістерден бас тартуға үгіттеуі діни және светтік шонжарлар озбырлықтарына наразы болған, бірақ мүлік теңсіздігінен бас тартқысы келмейтін ауқатты қала тұрғындарына әбден қолайлы еді. Алғашқы буддизмнің байлыққа немқұрайлықпен қарауды уағыздауы біреудің мүлкіне көз алартудан сақтандыратын еді. Буддашылар уағыздарын әр түрлі тілдерде жүргізді, бұл оларға әр түрлі тайпалар мен ұлт топтарының өкілдерін өз қатарына тартуына мүмкіндік берді. Маурья дингастиясы патшалары үшін брахманизмге қарағанда буддизмнің бірқатар қолайлы жақтары болды. Ол адамдардың шығу тегіне және этникалық ерекшелігіне қарай ие болатын артықшылықтарын жоюға қызмет көрсетті, өйткені осы артықшылықтар аса үлкен деспоттық мемлекетті бсқаруды ұйымдастыру ісіне кедергі болып келген еді. Олар елдің жеке бөліктерін тығыз біріктіруге, мемлекеттік құрылысты бір ізге түсіруге кедергі жасады. Енжарлыққа шақыру құл иеленушілері толық қанағаттандырды, оның үстіне буддашылар құлдардың правосыз екенін де мойындады. Жаңа дін Ашока тұсында ерекше табысқа жетті, ол буддизмді өзі қабылдап, Паталипутрада оның ережелерін бекіткен собор шақырды. Бірқатар буддалық монастырьлардың негізі қаланды. Алайда брахманизм жойылған екен деп ойлауға болмайтын еді. Бұл туралы Ашока қиялдай да алмады. Жаңа діндер негізінен өз тайпалары мен селолық қауымдарынан ажырап қалған тұрғындардың араласу процесі күшті болған ірі қалаларға көбірек тарады. Этникалық, сословиелік және өзге де әлеуметтік бөлектенушіліктер әлдекайда берігірек орын тепкен селолық жерлерде брахманизм өз позицияларын сақтап қалды. Бұл жерлерде оған ешқандай қысым жасалған жоқ. Белгілі бір халықпен тығыз байланысты болмаған жаңа дін бүкіл әлемдік болуы үшін барлық мүмкіндігі бар еді. Үндістанның өзінде жалпыға таралған дін бола алмаған буддизм б. э. дейінгі ІІІ ғасырдың өзінде-ақ одан тысқары жерлерге, әсіресе Орталық, Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азияның халықтары арасына тарай бастады. Үндістанда буддизм негізінен Маурья династиясы патшаларының қолдауы арасында табысқа жетті. Алайда Ашокадан кейін оның державасы әлсіреп кетті. Әр түрлі тілдерде сөйлейтін және экономикалық, мәдени дамуы әр дәрежедегі көптеген аймақтар мен халықтарды берік біріктіру шама келмейтін іс болып шықты. Ыдырау және жергілікті биліктің күшеюі процесі әсіресе Маурья династиясының орнына келген Шунга династиясы кезінде кеңейіп, тереңдей түсті. Жаңа династия патшалары буддизмді қолдаудан бас тартты. Брахманизм және онымен байланысты тұйықталған варналар жүйесі қайтадан өз күшіне енді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет