Ежелгі орыс әдебиетінің қалыптасуы (Х-ХVIII ғ.ғ.)


ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы орыс әдебиеті



бет6/10
Дата25.01.2023
өлшемі250,5 Kb.
#166362
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
лекциялар жинагы

ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы орыс әдебиеті
Жоспар:

  • Ресейдегі қоғамдық-әлеуметтік жағдай

  • Сентиментализм мен классицизмнің ғасыр басындағы дамуы

  • Ағартушы реализмнің орын алуы

Ғасыр басында қоғамда капиталистік қатынастар толықтай қалыптасып өз жемісін беріп жатты. Ресей көптеген тарихи оқиғалардың әсерінен әдебиет пен өнерде, қоғамдық қарым-қатынаста күрделі өзгерулерді бастан кешірді. Қоғамдық сана, ұлттық рух, қарқынды күрделене түсіп жетекші рөлгеие болды. Бұған бірден-бір себепші болған 1812 жылғы І бірінші дүниежүзілік соғыс. 1889-1893 жылдардағы Француз революциясы да өз әсерін тигізді. 1812 ж. Нопалеонмен болған соғыста жеңімпаз болып шығуы халықтың рухын көтеріп, мерейін үстем қылды. Осы кезде феодализмнің уысынан босап, еркін өмір сүргісі келетін шаруалар қатары өсті. Ал зыйалылардың шығармаларында еркіндік идеясы батыл айтылды. 1812 ж соғыс декабристердің қозғалысына негіз болды деседе болады. Соғыс өзге елдердің қоғамдық ойларын, әдеби көркем сюжеттерін ашық қабылдауға мүмкіндік берді. Осы кезде реакциашыл топтардың әдебиетте үш бірдей ағымы пайда болады.

  1. Ағартушылық ойды ұстанған бағыт. Бұл бағыттың көш басшысы аса беделді, әдебиеттің жаңашыл дәстүрін жалғастырушы Ломоносов, Фонвизин, Новиков, Радищев сынды қаламгерлер болды.

  2. Руссоцизм бағыты. Бұлар Руссоның шығармаларын үлгі етіп, жалғыздықты, табиғат аяасында адамның жеке сезім тебіренісімен өмір сүруін көркем шығармада насихат етткен тұлғалар болатын. Олар сентиментализм ағымын туғызады. Мысалы, Карамзин бастаған топ.

  3. Классицизм бағытын ұстанушылар.Саяси өмірді суреттеуде капитализмге бет бұрған әдеби ағым классацизм әдісін ұстанушы ақын жазушылар болды.



Сентиаматилизмнің және классицизмнің
ғасыр басындағы көрінісі.
Классицизм 18 ғасыр бойы әдеби бағыт әрі әдіс ретінде шығарма жазуда жетекке алынып отырды. 19 ғасырдың бірінші жартысында классицизм өзінің даму мәресіне жетеді. 18 ғасырдың 80 жылдарында-ақ Державин әдеби сала ұйымдастырып оның құрамына Шишков, Хвостов, Шахровский т.б. атақты қоғам қайраткерлері кірді. Кейіннен олар бірігіп классицизм ағымындағы әдеби қоғам құрады. 1811-16 жылдар арлығында «Беседа любители русского слова» атты қоғам құрылып, жас Крыловты, Гнедичті классацизмге баулыды.
Классицизм орыс әдебиетінде Шишков пен Карамзин бастаған әдеби мектептердің қызу пікір-таластарының негізінде қалыптасып, өзіндік жемісін береді.
Державин, Ломоносов салған қаламгерлік жол Крылов шығармаларында жалғасын табады. Крылов классицизмді өрбіте отырып, жаңашылдық әкелді, романтизмге одан әрі реализмге ұштастырды. Демек, Крылов сияқты жаңашыл қаламгерлердің әдебиетке келуінен бастап-ақ реалиттік көз-қарастардың әдебиетте орын алғандығынанық көреміз. Әсіресе, бұл орташа және төменгі жанырларда (комедия, сатира, мысал, эпиграмма т.б.) байқалады. Атақты комедиограф Шаховский алғашқы саяси-әдеби күлкінің негізін салады. Оның «Урок кокеткам или Липитския воды» атты шығармасы Шишков пен Карамзин сияқты әдеби мектептердің көсемдерінің арасында қызу дау туғызады. Шаховский мен Жуковскийдің шығармашылық полемикасы болмайынша кейін Пушкинмен Грибоедовты әдебиет сахнасынан көру мүмкін емес секілді. Өйткені реализмнің қалыптасуы үшін романтикалық образдар мен кейіпкерлер міндетті түрде қажет.
Классицизм негізінде драмалық шығармаларға лайықталған. Әсіресе, трагедия жанрында 18 ғасырдың Сумароков жазған «Горе от ума» трагедиясы өзіндік колоритіннен арылмаған комедия кейіпкерлері шығармада романтикалық бағыттың алғы шарттарын байқатады.
Сол секілді декабристердің де шығармалары жанр жағынан романтизмнің белгілері бар классацизмнің үлгісіндегі туындылар. Ғасырдың басында азаматтық пафос кеңінен пайдаланылып, Ломоносов пен Державин салған ізгі жолда азаматтық үннің қажетті айқын болады.
Ағартушы реализм
Реализм - әдістердің ішіндегі ең соңғы шектеулі әдіс. Бұл әдіс 19 ғасырда фольклорды кеңінен пайдаланып, сатиралық повестерді көбейтуге мүмкіндік берген. 18 ғасырда алғашқы бағыттар анықталып, 19 ғасырда әдебиетте ерекше орын алады. Ағартушылық реализм Фонвизиннің, Новиковтың , Крыловтың
шығармаларында алғаш пайда болады. Жалпы реализм Радищевтің «Петербугтен Мәскеуге саяхат» шығармасы арқылы кең өріс алған. Бұл әдіс классацизм әдісі мен сентиментализм ағымының аясында дүниеге келіп, тіпті бір қатар полемикаға да түскен.
Ағартушылық реализмнің негізін салушылардың бірі - Василий Трифанович Нарежный «Российский Жиябоз или похождения князя Гавришин Чистокова» деп аталған алғаш ағартушылық бағыттағы шығарманы жазды. Ағартушылық реализм орыс қоғамының оқу-ағарту ісіне ұмтылдыру, надандықты жою мәселесіне орай туындайды. Нарежныйдың шығармаларынан кейін Гоголдің, Измаиловтың, Крылов пен Гребоедовтың ағартушылық реалистік шығармаларынан орын алады. А.С.Пушкин: «Грибоедовтың «Ақылдан алжасу» комедиясы классицизм мен реализмнің алмасу кезінде ағартушылық реализмді ұстана отырып жазған шығармасы», - деп баға берген екен.
Қорта айтқанда, ХІХ ғасырдың басында романтизм әдісінің көркем әдебиетте орын алуына қолайлы жағдайлар туындады. Ендігі кезекте орыс қоғамында жұртшылықты күреске шақырар жаңа тип қажет еді. Сол кейіпкер жұршылықты өзінің соңынан оқу-білімге, еркін ойлауға жетелеуі тиіс еді. Сондықтан классицизм мен реализмнің арасында өтпелі немесе дәнекерлеуші әдіс романтизм туады. Негізгі өкілдері Жуковский мен Батюшков сынды ірі ақындар өз шығармашылықтарын қоғамды жаңа даму жолына жетелейтін күрескер образын қалыптастыруға бағыттаған.

8 дәріс




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет