Үлгермеушілік – жалпыға бірдей білім берудегі мектеп бағдарламасын игере алмау, тусіндіріліп бағыт берілген сабақты қанағаттанарлық деңгейде игере алмау.
Әйгілі психолог В.С.Цетлин үлгермеушіліктің екі себебін атап көрсетеді: ішкі және сыртқы
Ішкі 1. Оқу үрдісін ұйымдастырудағы жаңашыл оңтайлы оқытуды игермеу(қызықсыз сабақтар,оқушыны шамадан тыс жүктеу, білім алудағы толық қатыспай меңгерілмей қалған материалдар) т.б.
2. Сонымен бірге отбасының және қоғамдық ортаның да әсері бар екенін естен шығармау керек. Тәрбие жұмысының белсенді жүргізілген тұсында қоғамдық орта мен отбасы жағдайының әсері аз болушы еді, бүгінгі таңда бұл мәселе ең өзекті проблемаға айналды.
3. Үлгермеушіліктің бірден бір басты себебі- оқушылардың денсаулығының төмендеуі, отбасының материалдық жағдайының төмендеуі .
4. Оқушылардың даму ортасының әлсіздік проблемасы.
Ойлау қызметі төмен дамыған оқушылармен жұмыс бағыттары
Сабақ барысында оқушылардың ынтымақтастығын ұйымдастыру;
Оқушылардың жеткен нәтижесін бағалау;
Бұл жағдайда педагог алдында төмендегідей міндеттер тұрады:
Оқушыға күнделікті жаңа білім алудың қаншалықты қажет екенін түсінуге көмектесу.
Жауапкершілігін дамыту;
Сабақ материалын оқушының танымдық қабілетін арттыру үшін пайдаланып,сабақты оқушының көзқарасына сай жоспарлау.Оқушының танымдық қызығушылығын арттыру үшін оқытудың белсенді формалары қолданылады.
Сабақ сұрау барысында оқушы үшін оңтайлы жағдайлар туғызу. Сауал санын азайтып, оқушының дайындалуы мен ойлануына мүмкіндіктер туғызу. Оқушының айтқан жауабына қанағат білдіре отырып, бағалау және оны өзіне атап айту
Сұрақ қою арқылы үлгірмеушінің қызығушылығын қолдап,өздеріне түсінікті материалды таңдау.Үлгірмеушілерді түрлі әдістер мен құралдарды дайындайтын көмекші ретінде қызығушылығын арттыру
Алдыңғы атқарған қиын және жеңіл тапсырмаларды кезеңге бөлу. Тапсырманы орындағанда әдіс-тәсілдерді еске түсіру. Ереженің қажеттілігін түсіндіру. Үлгірмеушілердің өздік іс –әрекеттерін қалыптастыру. Үлгірмеушілердің тексеру, түзету, қателіктерін басым қадағалау.
Тапсырмалардың деңгейлерін анықтай алу, күрделі мен жеңіл тапсырманы айыра білу. Тапсырманың орындалу шарттарын еске түсіріп отыру.Тапсырма талаптары мен оның толтырылу жолдарына нұсқау жасап отыру.
Үлгермеуші оқушыларға берілетін тапсырмаларды оңтайлы топтарға бөлу.
Тапсырманы орындау алдында оның шарттарын толық түсіндіру.
Кездесетін қиындықтар туралы ескертпелер жасау, үлестірмелі қағаздарды қолдана білуге ұмтылдыру.