Екі жастың бас қосып, отау тіккеннен кейін тілейтіні бала-шағалы болу. Бала өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі, ерлі-зайыптылардың тіреу діңгегі


Бала құқықтары жөніндегі халықаралық құжаттар идеяларының тəрбие мазмұнында ескерілуі



бет3/9
Дата21.12.2021
өлшемі408,43 Kb.
#104609
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Бала құқығын қорғау
адал ұрпақ, ата анамен жұмыс, SOCh Angliyskiy yazyk 9 klass, Ата-аналарға арналған нұсқау, үлгерімі төмен оқушылар, Ата-аналарға арналған нұсқау, үлгерімі төмен оқушылар, Көркем жұмыс, Көркем жұмыс, Көркем жұмыс
Бала құқықтары жөніндегі халықаралық құжаттар идеяларының тəрбие мазмұнында ескерілуі 

Бала құқықтары, оның өміріне, дамуына, білімденуі мен тəрбиесіне қамқорлық қашанда бүкілəлемдік проблема болған. Қабылданған халықаралық құжаттарда (Бала құқықтары Декларациясы, 1959ж.; Бала құқықтары жөніндегі Конвенция, 1989ж.; Балалар тіршілігін сақтау, қорғау жəне оларды дамыту Декларациясы, 1990ж.; Ымырашылдық принциптері Декларациясы 1995ж.; Əлем мəдениеті жөніндегі Декларация, 1998ж. жəне т.б.) қоғамда бала құқықтарының үстемдігін, оларда ымырашылдық, басқыншылыққа бармау сезімдерін оятып, тыңдай білу мен зер салуға үйрету қажеттігі жария етілді. Бұл құжаттарда хатталған бағдарламалар барша аймақтардағы барлық халықтар үшін теңдей маңызды да олар тарапынан бірдей орындалуы міндетті.

Адам құқықтары мен негізгі еркіндіктері рухындағы тəрбие мақсаттары , принциптері жəне мазмұны БҰҰ білім, ғылым жəне мəдениет бойынша Бас конференциясының «Халықаралық қатынастар, өзара түсіністік жəне бейбітшілік рухындағы тəрбие жəне адам құқықтары мен негізгі еркіндіктерін құрметтеу рухындағы тəрбие жөніндегі» ұсыныстарында (Париж, қараша, 1974ж.) жарияланды. Сонымен бірге бұл шешім Еуропалық Кеңес мүшелері – мемлекеттерінің Министрлері Комитетінің № Р (85)7 адам құқықтарын мектепте оқыту туралы жарлығымен (14 мамыр, 1985ж.) бекіген. БҰҰ Бас Конференциясының Ұсыныстарында тəрбиеге былайша анықтама берілген: «тəрбие- ұлттар мен халықаралық қауымдастық шеңберінде жəне олар игілігі үшін жеке тұлғалар мен əлеуметтік топтардың өз дарынын, қабілеттерін жəне білімдерін саналы түрде дамытуға мүмкіндік беретін бүкіл қоғамдық өмір процесін аңдатады». Бұл процесс қандай да нақты шарамен шектеліп, тоқтап қалмайды.

Бұл құжаттың III бап (4-б.) тəрбие мазмұнының негізгі принциптері жəне аса маңызды мəселелері нақты көрсетілген:

- барша халықтарды, олар мəдениетін, өркениетін, құндылықтары мен өмір салтын ұлыстың мəдениетімен бірге жəне өзге адамдар мəдениетін түсіну, құрметтеу;

- халықтар мен ұлттар арасындағы күннен күнге ұлғайып бара жатқан ғаламдық өзара тəуелділікті сезіну;

- өзгелермен ортақтасу, қарым-қатынас жасауға қабілеттілік;

- жеке тұлғалар, əлеуметтік топтар мен халықтардың өз құқықтарын ғана емес, сонымен қатар бір-біріне жүктейтін міндеттерін де аңдау;

- халықаралық ынтымақтастық жəне қызметтестіктің қажеттігін түсіну жəне т.б.

Аталған құжат адам, азаматтар құқықтары сарынындағы тəрбиенің адамгершілік рухындағы тəрбиемен (10-16б.), бейбітшілік бағытындағы тəрбиемен (6 б.), мəдени аралық тəрбиемен өзара байланысты болатынын əрі бұлардың бəрі отандық жəне əлемдік ұлыстар мəдениетін меңгеру негізінде орындалатынын баса насихаттайды (17,21,22,23 б.б.).

Аса жоғары педагогикалық маңызға ие болған құжат – бұл Бала құқықтары жөніндегі Конвенция. Қазақстан Республикасында бұл Конвенция ресми түрде бекіп, қабылданды. Оның тұжырымдары төрт негізгі талаптарға саяды: баланың тіршілік ету, даму, қорғану жəне қоғам өміріне белсенді араласу құқықтарын қамтамасыз ету. Конвенцияда ересектердің балалармен қарым-қатынас жасаудың жалпы адамзаттық мəдениет идеяларының негізіне арқау адамгершілік – инабаттық қағидалары айқындалған. Мұнда барша жұртшылыққа өз арақатынастарын гуманистік негізде құрып, бала тұлғасын құрметтеу жəне əлпештеу, оның ой-пікірлері мен көзқарастарын қолдап-қуаттау жəне осылардың бəрін ізгілік тəрбиесінің негізіне қалау қажеттігі жөнінде ұран тасталды.

Бала құқықтары жөніндегі БҰҰ Конвенциясы тұжырымдарын, Бала тіршілігін, қорғанысы мен дамуын қамтамасыз ету туралы дүниежүзілік Декларациясы жəне оны іске асыру əрекеттерінің Жоспарын орындау мақсатында ҚР үкіметі өз Қаулысын қабылдады. Осыған сəйкес Республикалық бағдарлама түзіліп, С.Назарбаева бастаған «Бөбек» қоры жəне балалар қамқорлығын өз міндетіне алған басқа да қоғамдық мекемелер іске қосылды.

Бала құқықтары жөніндегі Конвенция жəне БҰҰ-ның басқа да тұғырлы құжаттарында жарияланған Ережелердің түпкі мəні – білім жəне тəрбие толығымен тұлға дамуына, сонымен бірге адамның құқықтарын жəне негізгі еркіндіктерін құрмет тұтуға бағышталуы.  

Сұрақтар мен тапсырмалар

1. Тəрбиеленушілердің дүниетанымын қалыптастыруда ғылыми білімдердің маңызы қаншалықты?

2. Тұлға сапасы ретінде азаматтық белгілері қандай?

3. Кəсіп таңдауға дайындық барысында тəрбиеленушілерде қалыптасуы тиіс сапа-қасиеттер түрі қандай болмақ?

4. Қай жағдайларда адамгершілік талаптары мен ережелері терең мəнді де тиянақты болуы мүмкін?

5. Қандай құндылықтар жалпы адамзаттық мəнге ие? Өз ойыңызды дəйектеңіз.

 Бала құқығы туралы Конвенциясы



Конвенция –0-ден 18 жасқа дейінгі барлық балаларға қатысты халықаралық заңы бар құжат. Конвенция 1989 жылы 20 қарашада қабылданды. Бала құқығы туралы Конвенциясы ҚР 1994 жылы 11 қарашада заңдық күшіне енді.
Бала құқығы туралы Конвенциясы
1 бап
 Әрбір адам 18 жасқа дейінгі Конвенцияда ұсынылған барлық құқықтарды 18 жасқа дейінгі балалар қолдана алады.
2 бап
Әрбір баланың осы Конвенциямен көзделген, оның ата-анасының немесе қамқоршысының қандай да бір кемсітушіліксіз нәсіліне, түр-түсіне, жынысына, тіліне, дініне, саяси немесе өзге де сенім-нанымдарына, ұлттық, этникалық немесе әлеуметтік шығу тегіне, мүліктік жағдайына, баланың денсаулығының және туылуының жай-күйіне немесе өзге де жағдайларына қарамастан, барлық құқықтарын құрметтейді және қамтамасыз етеді.
3бап
Балаларға қатысты қолданылатын іс-әрекеттердің, оларды әлеуметтік қамсыздандыру мәселелерімен айналысатын мемлекеттік немесе жеке мекемелердің, соттардың, әкімшілік немесе заң шығарушы органдардың қабылдағанына қарамастан, бәрінде де ең бірінші кезекте баланың мүдделерін барынша толық қамтамасыз етуге көңіл бөлінеді.
4-бап
Қатысушы мемлекеттер осы Конвенцияда танылған құқықтарды жүзеге асыру үшін барлық қажетті заң шығарушы, әкімшілік және басқа да шараларды қабылдайды. Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарға қатысты қатысушы мемлекеттер мұндай шараларды мүмкіндігінше өздерінде қолда бар ресурстарды пайдалана отырып, қажет болған жағдайда, халықаралық ынтымақтастық шеңберінде қабылдайды.
5-бап
Қатысушы мемлекеттер ата-аналардың және тиісті жағдайларда кеңейтілген отбасы немесе қауымдастық мүшелерінің, жергілікті салт-дәстүрімен көзделгендей, қамқоршылардың немесе баланың дамып келе жатқан қабілеттеріне сәйкес және осы Конвенциямен танылған құқықтарды жүзеге асыруда балаға тиісті түрде басшылық жасап және жетекшілік ететін, бала үшін заң бойынша жауапты басқа да адамдардың жауапкершілігін, құқықтары мен міндеттерін құрметтейді.
6-бап
Қатысушы мемлекеттер әрбір баланың өмір сүруге деген ажырамас құқығы бар екенін таниды.Қатысушы мемлекеттер барынша мүмкін дәрежеде баланың тірі қалуын және денсаулығының мықты болып өсуін қамтамасыз етеді.
7-бап
Бала туылған бетте тіркеуге алынады және туылған сәттен бастап оның есімі қойылып, азаматтық алуға құқығы бар, сондай-ақ мүмкіндігінше өзінің ата-аналарын білуге және олардың қамқорлығына ие болуға құқылы.
8-бап
Қатысушы мемлекеттер заңмен көзделгеніндей, баланың жеке басының даралығын, бұған азаматтығын, есімін және отбасылық байланыстарын сақтау құқығын қоса алғанда, оған заңсыз араласуға жол бермей, құрметтеуге міндеттенеді.
9-бап
Қатысушы мемлекеттер сот шешіміне сәйкес құзыретті органдар қолданыстағы заңға және рәсімдерге сәйкес баланың ең қажетті мүдделері үшін оны ата-анасынан айыру қажет екендігін анықтаған жағдайларды қоспағанда, бала өзінің ата-анасымен өздерінің тілегіне қарсы айырылыспауын қамтамасыз етеді. Мұндай анықтама сол немесе өзге бір нақты жағдайда, мысалы, ата-анасы балаға мейрімсіздік танытқан немесе оған қамқорлық жасамаған, не болмаса ата-анасы бөлек тұрып жатқан және баланың тұрып жатқан жеріне қатысты шешім қабылдау қажет болғанда керек болуы мүмкін.
10-бап
 Ерекше бір жағдайларды қоспағанда, ата-анасы әртүрлі мемлекеттерде өмір сүріп жатқан бала тұрақты негізде ата-анасының екеуімен де жеке қарым-қатынастар және тікелей байланыстар орнатуға құқылы.
11-бап
Қатысушы мемлекеттер балалардың шетелге заңсыз жөнелтілуіне және қайтарылмауына қарсы күрес үшін шаралар қабылдайды.
12-бап
 Қатысушы мемлекеттер өз ой-пікірін жеткізуге қабілетті балаға оған қатысты барлық мәселелер бойынша осы ой-пікірлерді еркін білдіру құқығын қамтамасыз етеді, бұл ретте баланың жасына және өсіп-жетілуіне сәйкес баланың ой-пікіріне тиісті түрде назар аударылады.
13-бап
Бала өз пікірін еркін білдіруге құқылы; бұл құқыққа шекараларға қарамастан ауызша, жазбаша немесе басылым нысанында, көркемөнер шығармасы нысанында не болмаса баланың өз таңдауы бойынша басқа да құралдардың көмегімен әр түрлі ақпарат пен идеяларды іздеу, алу және беру еркіндігі кіреді.
14-бап
Қатысушы мемлекеттер баланың ойлау, ар-ұждан және дін бостандығына деген құқығын құрметтейді.
15-бап
Қатысушы мемлекеттер баланың қауымдастыққа бостандық және бейбіт жиналыстарға бостандық құқығын таниды.
16-бап
Бірде бір бала оның жеке өміріне, отбасылық өміріне, баспанасына қол сұғылмау немесе хат жазысып-алысу құпиясына не болмаса оның ар-намысы мен абыройына заңсыз араласушылықты болдырмау құқығын жүзеге асыруда ерікті түрде немесе заңсыз араласу объектісі бола алмайды.
Бала осындай араласу немесе қол сұғушылықтан заңның қорғауына құқылы.
17-бап
Қатысушы мемлекеттер бұқаралық ақпарат құралдарының маңызды рөлін таниды және баланың әр түрлі ұлттық және халықаралық материалдар көзіне, әсіресе баланың әлеуметтік, рухани және моралдық тұрғыдағы рухани ізгілігіне, сондай-ақ тән және психикалық жағынан салауатты дамуына жәрдемдесуге бағытталған материал көздеріне деген бостандығын қамтамасыз етеді.
18-бап
Қатысушы мемлекеттер ата-анасының екеуінің де баланың тәрбиесі мен дамуы үшін ортақ және бірдей жауапкершілігін тану қағидаттарын қамтамасыз ету үшін барлық мүмкін күш-жігерлерді қабылдайды. Ата-анасы немесе тиісті жағдайларда заңды қамқоршылары баланың тәрбиесі мен дамуы үшін негізгі жауапкершілікті мойнына алады. Баланың ең қажет мүдделері олардың негізгі қамқорлығының мәні болып табылады.
19-бап
Қатысушы мемлекеттер баланың тәніне жасалатын немесе психологиялық түрдегі зорлық-зомбылықтың, қорлау немесе теріс қылықтардың барлық нысандарынан, қамқорлықтың жоқ болуынан немесе немқұрайлы қараудан, дөрекі қараудан не болмаса пайдаланудан, ата-анасының, заңды қамқоршыларының немесе балаға қамқорлық жасаушы басқа адамның нәпсіқұмарлық қиянатынан қорғау мақсатында барлық заңды, әкімшілік, әлеуметтік және ағартушы шараларын қабылдайды.
20-бап
Отбасы ортасынан уақытша немесе біржола айырылған немесе өзінің ең қажетті мүддесі үшін мұндай ортада қала алмаған бала, мемлекет тарапынан көрсетілетін ерекше қорғау мен көмекті пайдалануға құқылы.
21-бап
Бала асырап алу жүйесі болуын мойындайтын және/немесе оған рұқсат беретін қатысушы мемлекеттер баланың ең қажетті мүдделері бәрінен бұрын ескеріліп отыруын қамтамасыз етеді
22-бап
Қатысушы мемлекеттер, босқын дәрежесіне ие болғысы келген немесе қолданылып жүрген халықаралық немесе ішкі құқық және рәсімдерге сәйкес босқын болып саналатын балаға, мейлі оны ата-анасы немесе кез келген басқа адам ертіп жүрсе де, немесе оларсыз жүрсе де, осы Конвенцияда және адам құқығы жөніндегі халықаралық басқа да құжаттарда немесе гуманитарлық құжаттарда баян етілген құқықтарды пайдалануда осы құжаттарға қатысушы болып табылатын аталған мемлекеттер тиісті қорғау және гуманитарлық көмек көрсетуді қамтамасыз ететін қажетті шаралар қолданады.

23-бап
Қатысушы мемлекеттер ақыл-есі немесе денсаулығына қатысты жарымжан бала оның қадір-қасиетін қамтамасыз етіп, өзіне деген сенімділігін арттырып және қоғамдық өмірге белсене араласуына жәрдемдесетін жағдайларда толыққанды және лайықты өмір сүруі қажет екенін мойындайды.


24-бап
Қатысушы мемлекеттер баланың неғұрлым жетілдірілген денсаулық сақтау жүйелері қызметімен, науқастарынан емдеу мен денсаулығын қалпына келтіру құралдарымен пайдалану құқығын мойындайды. Қатысушы мемлекеттер бірде-бір бала медицина жүйесінің мұндай қызметіне қол жеткізу құқығынан айырылып қалмауын қамтамасыз етуге ұмтылыс жасайды.
25-бап
Қатысушы мемлекеттер құзыретті органдар күтім жасау мақсатында біреудің қамқорлығына берген баланың құқығын мойындайды, оны қорғау немесе денсаулығы немесе психикалық емдеу, балаға берілетін кезендік емдеу бағасы, басқа да балаға қамқорлық жасауға байланысты шарттар туралы құқықты мойындайды.
26-бап
Қатысушы мемлекеттер әлеуметтік сақтандыруды қоса алғанда, әрбір баланың әлеуметтік қамтамасыз ету игіліктерін пайдалану құқығын таниды және бұл құқықты толық жүзеге асыруға қол жеткізу үшін ұлттық заңнамаға сәйкес қажетті шаралар қабылдайды.
27-бап
Қатысушы мемлекеттер әр баланың дене бітімі, ақыл-есі, рухани, имандылық және әлеуметтік тұрғыдан қажетті өмір денгейіне құқығын мойындайды.
28-бап
Әр бір баланың білім алуға құқығылы. Бастаушы білім тегін және міндетті болуы керек, жалпы білім және кәсіби біліммен қатар орта білімнің барлық түрінің дамуын ынталандырып, оған барлық балалардың қолы жетерліктей болуы керек.
Мемлекеттер оқушылардың мектепке тұрақты баруын қадағалап байқау керек.
29-бап
Білім беру мекемелері баланың жеке тұлға ретінде дамуына, баланың бойындағы дарынын және ақыл-есін, дене бітімдік қабілеттерін барынша толық дамыту керек; ата-анасын, төл мәдениетінің құндылықтарын, тілін және құндылықтарын, өзі тұрып жатқан мемлекеттің және өзі туған елінің ұлттық құндылықтарын, сондай-ақ басқа өркениеттерді құрмет тұтуы керек.
30-бап
Этникалық, діни немесе тілі жөнінен немесе жергілікті халық адамдары жөнінен азшылық болған мемлекеттерде, сондай-ақ азшылық топқа немесе жергілікті халыққа жататын бала өз тобының басқа мүшелерімен бірге өз мәдениетін пайдалану, өз дінін тұтынып, оның салт-жораларын ұстану және ана тілінде сөйлеу құқығынан айырылмауға тиіс.
31-бап
Баланың тынығуға және мәдени демалуға, өз жас мөлшеріне лайық түрлі ойындар мен көңіл көтеру шараларына қатысуға, мәдени өмірге еркін араласып, өнер мен айналысуға құқығы бар.
32-бап
Қатысушы мемлекеттер әр баланың денсаулығына қауіп төндіретін жұмыстардан қорғау керек. Жұмыс баланың денсаулығына зиян немесе білім алуына кедергі болмау керек.
33-бап
Қатысушы мемлекеттер балаларды тиісті халықаралық шарттарда белгіленгендей есірткі құралдары мен психотроптық заттарды заңсыз қабылдаудан қорғау, сондай-ақ осындай заңға қарсы заттарды өндіруге және олардың саудасына балаларды пайдалануға жол бермеу үшін тиісті заң шығарушылық, әкімшілік, әлеуметтік шараларды, сондай-ақ, білім беру саласындағы шараларды қоса алғанда, барлық қажетті шараларды қабылдайды.
34-бап
Қатысушы мемлекеттер баланы нәпсіқұмарлық қанаудың және нәпсіқұмарлық азғырудың барлық түрінен қорғау керек

35-бап
Қатысушы мемлекеттер балаларды ұрлау, бала саудасына немесе балаларды кез келген мақсатпен және кез келген түрде контрабандалау әрекеттеріне жол бермеу үшін ұлттық, екі жақты және көп жақты деңгейде шаралар қолдану керек.


36-бап
Қатысшы мемлекеттер бала әл-ауқаты аспектісіне залал келтіретін қанаудың басқа да барлық нысандарынан қорғау керек.
37-бап
Қатысушы мемлекеттер ешбір баланың азапталмауын, немесе оның қадір-қасиетін қорлайтындай адамшылыққа жатпайтын қатыгездік жолмен жәбірленбеуін немесе жазаланбауын, бас бостандығынан заңсыз немесе еріксіз айырмалуын қамтамасыз етеді.

Бас бостандығынан айырылған әр бала өз отбасымен хат жазысу және жүздесу арқылы байланыс орнатуға құқылы және еш кідіріссіз құқықтық және басқа да тиісті көмекке қол жеткізуге, сондай-ақ сот немесе басқа да құзыретті, тәуелсіз және әділетті органдар алдында өз бас бостандығынан айырылу заңдығына дауласуға құқығын және де олар осындай кез келген іс


жүргізу әрекеттерге қатысты шешімін кейінге қалдырмай қабылдауларын талап ету баланың құқығы бар.

38-бап
 Қатысушы мемлекеттер жасы 15-ке толмаған балалардың соғыс қимылдарына тікелей қатыспауын қамтамасыз ету үшін қолдан келген шаралардың бәрін қабылдайды.


39-бап
Қатысушы мемлекеттер кез келген кемсітудің, қиянат көрсету мен қанаудың, азаптаудың немесе қадір-қасиетті қорлайтындай адамшылыққа жатпайтын қатыгездік жолмен жәбірлеудің немесе жазалаудың, сондай-ақ қарулы қақтығыстың құрбаны болған баланың жан-тәні мен психологиясын сауықтыруға, оның әлеуметтік реинтеграциялануына септігін тигізетін қажетті шаралардың бәрін қолданады. Мұндай сауықтыру мен реинтеграция баланың денсаулығын, өзіне деген құрметті, қадір-қасиетін қамтамасыз ететін жағдайда жүзеге асырылуға тиіс.
40-бап
Қатысушы мемлекеттер қылмыстық заңды бұзды деп саналған, заңды бұзғанына кінәлі деп айыпталған немесе танылған әрбір баланың жас шамасы, оның реинтеграциялануға және қоғамда пайдалы рөл атқаруға ниеті ескеріліп, жеке басының қадір-қасиеттілігі мен маңыздылығына сенім тудыратын, басқа адамдардың құқықтары мен негізгі бостандықтарына деген құрметті арттыратын қатынасқа құқығы бар екендігін мойындайды.
41-бап
Осы Конвенциядағы ешнәрсе бала құқықтарының жүзеге асырылуына зор үлес қосатын кез келген ережелерді қозғамайды және олар қатысушы мемлекеттердің заңының немесе осы мемлекетке қатысты атқарылып жатқан халықаралық құқық нормаларының құрамында бола алады.
42-54 бап
Қатысушы мемлекеттер тиісті және пәрменді құралдарды пайдалана отырып, Конвенцияның қағидаттары мен ережелері жөнінде ересектерді, сондай-ақ балаларды да, кеңінен таныстырып, хабардар етіп отыруға міндеттенеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет