Отбасы және неке құқығы
Жоспар:
І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
а)Неке түсінігі
ә)Неке және отбасылық қатынастардың заңдық негіздері
б)Туыстық және туысқандық түрлері
в) Толық және толық емес отбасы
г) Неке мен отбасын қорғау
ІІІ.Қорытынды
Заңдык мағынасында отбасы дегеніміз — бұл некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиелеуге алудың өзгеде нысандарынан туындайтын және отбасылық қатынастарды нығайту мен дамытуға септігін тигізетін, мүліктік және мүлікке катысты емес жекебастың құқықтарымен байланысқан адамдар тобы. Отбасылық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы отбасылық құқық деп аталады. Отбасы-неке қатынасын реттейтін негізгі нормативтік құқықтық акт Қазакстан Республикасының "Неке және отбасы туралы" Заңы болып табылады.
Неке — отбасын құрудың негізгі болып табылады. Ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туындататын отбасын кұру мақсатымен, заңда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақты — неке деп түсінуіміз кажет.
Егер неке тіркелмесе де, бірак еркек пен әйел бірге тұрып, балаларын тәрбиелеумен айналысып жатса, мұны да отбасы деп айтуға болады.Егер кәмелетке толған балалары ата-анасымен бірге тұрып, оларға қамқорлык жасап, материалдык көмек көрсетсе — бұл да отбасы. Егер кәмелетке толған ағалары мен қарындастары ата-анасыз бірге тұрып, бір-біріне қамқорлық жасайтын болса — бұл да отбасы.
Адамдар арасында некеден, туыстықтан, бала асырап алудан, отбасына тәрбиелеу үшін бала алудан туындайтын қатынастар отбасылық қатынастар деп аталады. Бірақ отбасындағы қатынастардың бәрі бірдей құқық жөнімен реттеле бермейді. Отбасындағы қатынастар, негізінен, адамгершілік, игілік-өнегелік нормалары негізінде реттеледі. Бұл өзара кұрмет, сүйіспеншілік, қамқорлық және имандылық қолдаудың көрінісі. Отбасылык өмір қалыбы, көбінесе ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарға сүйенеді (үлкендерді қадірлеу, отбасын қамтамасыз ету оның басшысы ретінде толықтай ер адамға жүктеледі, туысқандарды қадірлеп, құрметтеу).
Отбасының ішкі мәселелері отбасы мүшелерінің өзара келісімі бойынша шешіледі. Егер ол мәселелер кәмелетке толмағандардың мүдделеріне қатысты болса, оны шешуге балалар да қатыстырылады. Құқықтық нормаларга араласу отбасылық қатынастар бұзылганда қажет. Жеке басындық қатынастармен салыстырғанда отбасылық мүліктік қатынастар құқық арқылы егжей-тегжейлі реттеледі, өйткені бұл қатынастардың объектісі материалдық игілік болып табылады. Отбасылық құқық азаматтық құқықпен тығыз байланысты. Мәселен, отбасылык құқықпен реттелмеген отбасы мүшелерінің арасындағы мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастарды реттеуге азаматтық заңнама қолданылады, өйткені ол отбасылык-некелік қатынастардың мәніне қайшы келмейді.
«Неке және отбасы» туралы Заң 7 бөлімнен, 29 тараудан және 213 баптан тұрады.
Бірінші бөлімдегі «Жалпы ережелерде» неке-отбасы заңдарының негізі жасалып, осы заңмен реттелетін қатынастар, неке-отбасы қатынастарын реттеудің негізгі принциптері белгіленеді.
«Неке» деп аталатын 2-бөлімді некеге тұру, оны тіркеу, енкені тоқтату, ерлі-зайыптылар арасындағы өзіндік жұмыс және мүліктік қатынастарды құқықтық реттеу туралы нормалар топтастырылған.
«Отбасы» деп аталатын 3-бөлім ата-аналар мен балалардың құқықтары мен міндеттерінің негізі туралы,анасы мен әкесін туу туралы жазбалар кітабына жазу жайындағы, ата-аналардың балаларға байланысты құқықтары мен міндеттері туралы, ата-аналарды ата-аналық құқықтан айыру және шектеу жайында, сондай-ақ бала асырап алудың тәртібін айқындайтын ережелер, оны болдырмау және жарамсыз деп тану жөніндегі баптардан тұрады.
«Қорғаншылық және қамқорлық» деген 4-бөлімде қорған болу мен қамқоршылықтың міндеттері белгіленеді, сол бойынша қорғаншылық пен қамқоршылық жасаушы, қорғаншылар мен қамқоршылардың құқықтары мен міндеттері, олардың өкілеттіктері анықталады, қорғаншылық пен қамқоршылықты тоқтату қарастырылады.
«Отбасы мүшелерінің алименттік қатынастары» деген 5-бөлімде ата-аналардың балаларды асырау және кәмелетке толғандардың ата-аналарын бағып-күтуі жөніндегі міндеттері сөз болады, отбасының басқа мүшелерінің алименттік міндеттемелері көрсетіледі, сондай-ақ алимент тағайындау және оны төлеу тәртібі берілген.
«Азаматтық хал актілері» деп аталатын 6-бөлімде азаматтық хал актілерін тіркеу, азаматтық хал актілеріндегі жазбаларға байланысты дауларды шешу тәртібін анықтау,акті кітаптарын жүргізу ережесі, әртүрлі акті жазбаларын жүзеге асыру сөз болады.
Жетінші бөлімде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға неке-отбасы заңдарының нормаларын қолдану мәселелері шешілген.
Отбасы құқығының бастауларына басқа да нормативтік актілер жатады. «Неке және отбасы туралы» Заңның 4-бабында көрсетілгендей, неке және отбасы туралы заңға (заңның өзінен басқа) отбасы құқығының нормалары кіретін Қазақстан
Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілері жатады. Мұндай актілерге, атап айтқанда, Үкімет немесе республиканың Әділет министрлігі бекіткен түрлі ережелер (мәселен, Қорғаншылық пен қамқоршылық көрсетуші органдар туралы ережелер) мен нұсқаулар (мысалы, азаматты хал актілерін тіркеу тәртібі туралы Нұсқаулық) жатады.сонымен бірге осы заңда кейбір басқа актілер де атап көрсетілген. Айталық, 165-бапта азаматтық хал актілеріне тіркеу тәртібі туралы нормативтік құқықтың актісін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітуге тиісті екені көрсетілген.
Неке-отбасы заңдарының дұрыс қолданылуына Республика Жоғарғы Соты Пленумының басшылыққа алатын түсіндірмелері де ықпал етеді.
Отбасы құқығының бастаулары жайлы айтқанда аталған сала құқығының азаматтық құқыққа жақындығын атап айтқан жөн. Осыдан шығатын қорытыды, заң неке-отбасы заңдарымен реттелмеген отбасы мүшелері арасындағы мүліктік-мүліктік емес өзіндік қатынастарға азаматтық заңдар қолданылатынын (5-бап) арнайы атап көрсетілген. Азаматтық Кодексті қолдану заң ретінде немесе құқық ретінде жүзеге асырылуы мүмкін, мұның өзі оның жалпы бастаулары мен мәнінен туындайтын жәйт.
«Неке және отбасы туралы» Заңның, 3-бабы Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңдары мынадай принциптерге негізделгенін белгілейді:
еркек пен әйелдің некелік одағының еріктілігі;
ерлі-зайыптылардың отбасындағы құқықтарының теңдігі;
отбасының ісіне кімнің болса да өз бетінше араласуына жол бермеушілік;
отбасы ішіндегі мәселелер өзара келісіммен шешу;
балалар отбасында тәрбиелеуге басымдық беру, олардың өсіп-жетілу мен әл-ауқатты болуына қамқорлық жасау;
отбасының кәмелетке толмаған және еңбекке қабілетсіз мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауға басымдық беру;
отбасы мүшелерінің өз құқықтарын кедергісіз жүзеге асыруын қамтамаыз ету, бұл құқықтарды сот қорғауының мүмкіндіктері.
Туыстық және туысқандардың түрлері
Отбасылық құқық тек шартты түрде ғана отбасылық деп атауға болатын өзге де қатынастарды реттейді. Мәселен, немерелері мен әжелерінің арасындығы қатынастар; өздерінің отбасын құрып, бөлек тұратын кемелетке толған ағалары мен қарындастарының арасындағы қатынастар. Бұл көрсетілген қатынастардың негізіне көбінесе туыстық жатады, сондыктан да мұндай қатынастарды туыстық қатынастар деп атау керек. Туыстық дегенде бір негізден немесе ортақ бір атадан тарайтын қандас адамдардың байланысы түсініледі. Туыстықтың екі тармағы болады: тікелей және жанама туыстық. Тікелей туыстық адамдардың бір негізден тарайтындығына негізделеді. Туыстық жоғары және төменгі тармаққа ажыратылады. Туыстықтың жоғары тармағы ұрпақтан арғы атаға қарай тарайды (әкеге, шешеге, атаға, атаның атасына және т.б.), төменгі тармак — арғы атадан ұрпақтарына карай тарайды (балаға, немереге, шөбереге және т.б.).
Жанама тармақ адамдардың бір атадан тарауына негізделген. Мысалы, бір атадан тарайтын немере ағалары мен қарындастары; бір жағдайда ортақ атасы — әкесі, ал енді бір жағдайда — атасы болып табылатын көкесі мен жиені.
Қазақ тілінде туыстықтың әр түрлі дәрежесін білдіретін сөз, ұғымдар көп: мысалы, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат. Мұны қазақ коғамында ұрпактар арасындағы байланыс ерекше жақындықпен ажыратылатындығы арқылы түсіндіруге болады. Сондыктан да әрбір ұрпақтың жеті атаға дейінгі өз атауы болады.
Мысалы, азаматтық құқықта заң бойынша мүлікке мұрагерлік етуде жақын, сондай-ақ алыс туыстық та есепке алынады. Бүгінгі күні мұрагерлердің алты кезектілігі аныкталған. Оларға: балалары, ерлі-зайыптылар мен ата-аналарынан баска (бірінші кезектілік) мұра қалдырушының туыстары, толык туыстары, толық емес туыс (жақын) ағалары мен қарындастары, сондай-ақ оның әкесі жағынан және шешесі жағынан келетін атасы мен әжесі (екінші кезектілік), мұра қалдырушының туған көкесі мен тәтелері (үшінші кезектілік), мұра қалдырушының алтыншы атасына дейінгі өзге де туыстары (төртінші кезектілік), егер олар мұра қалдырушымен бір ортада кем дегенде он жыл бірге тұрса туыс ағалары мен қарындастары өгей әкесі мен өгей шешесі (бесінші кезектілік), мұра қалдырушының еңбекке жарамсыз асырауында болғандар (алтыншы кезектілік) жатады. Заң бойынша мұрагерлер кезегі бойынша мұрагерлікке ие болады.
Сондай-ақ өсиет бойынша мұрагерлер де болады. Қайтыс болуына байланысты өзіне тиесілі мүлікті бөлуде азаматтың разылығын білдіруін өсиет деп атайды. Азамат өзінің бар мүлкін толығымен немесе бір бөлігін өзіне жақын адамдарға, болмаса тіптен жақын емес адамдарға қалдыруын мұра қалдырушының өзі шешеді. Бұл процеске ешкімнің араласуына кұқығы жок. Сондай-ақ мұра қалдырушы бар мүлкін заң тұлғаларына немесе мемлекетке өсиет етуі мүмкін.
Туған ағалары мен қарындастары толык туыс және толык емес туыс болып бөлінеді. Толық туыстар - бір ортақ ата-анадан тарайтын аға-іні, апа-қарындастар. Егер әкесі мен шешесінің біреуі ғана ортақ болса, онда ағасына іні-қарындастар толық емес туыс деп есептеледі. Егер олардың аналары бір, ал әкелері баска болса, оларды бір кіндіктен таралғандар (яғни, бір анадан туғандар) деп атайды. Егер олардың әкесі бip, шешелері басқа болса, онда оларды қандастар дер атайды. Қазақстанның отбасылык заңнамасы құқықтық жағынын ағасына іні-қарындастарды толық туыс не толық емес туыс деп айырмайды.
Толык емес туыс аға-қарындастарды ерлі-зайыптылардың бұрынғы некелерінен немесе некеден тыс туған туыс аға-қарындастармен шатастыруға болмайды. Олардың ортақ әкелері де шешелері де жок, демек, олар туыс емес, сүйек жақындар деп танылады. Ері мен оның туыстары бір жағынан, әйелі мен оның туыстары — екінші жағынан, бұлар да сүйек жақындар. Өгей әке-шешесі және өгей ер бала мен кызы да сүйек жақындар деп есептеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |