Екібастұз қалалық оқу бөлімі №21жалпы білім беретін мектеп



Дата25.12.2016
өлшемі0,52 Mb.
#5172
Екібастұз қалалық оқу бөлімі

№21жалпы білім беретін мектеп

«Тіл дамыту»

(2,3 - сыныптарға арнайы арналған бағдарлама)

2015-2016 оқу жылы

Бағдарламаны мектеп тәжірибесінен өткізіп, жинақтап құрастырған:

Екібастұз қаласындағы №21 жалпы білім беретін орта мектептің бастауыш сынып мұғалмі: Жусупова Г.Б

Пікір: ПГПИ «Лингвистикалық орталықтың директоры, филология ғылымдарының кандидаты: Р.Р Жаева


Түсініктеме: Бұл жинақта қазақ тілі,әдебиет бағдарламасының әр тарауларына арналып, қосымша тапсырмалар енгізілген. Әр тапсырманы орындау барысында оқушылардың ойлау, тіл дамыту, есте сақтау, сөздік қорын толтыру қабілеттері қалыптасады. Осы арнайы бағдарламаны бастауыш сынып мұғалімдеріне ұсынамын


Тіл дамыту

2, 3- сыныптар

Бастауыш сынып мұғалімі Жусупова Гульсим Бекеновна

Екібастұз қаласындағы

21 жалпы орта білім беретін мектеп


Түсінік хат

Қазіргі кезде мектеп алдында тұрған маңызды проблемалардың бірі оқушының тілін , ой-өрісі, сана- сезімінің жан- жақты дамуының сапасын арттыру болып табылады. Бастауыш мектептен бастап баланы өмірге дайындау, тәрбиелеу жоғары орынға қойылуда. Соның бірі танымдық қызығушылықтарын, шығармашылық белсенділіктерін, өзін-өзі реттеу міндеттерін дамыту болып табылады.

«Тіл дамыту» үйірмесі 2-3   сынып оқушыларына арналған . Үйірме аптасына 1 сағат, жылына 34 сағатқа берілген. Бұл үйірме оқушылардың тілдерін дамытып, әдеби мұраларға деген талғамын тәрбиелейді, рухани дүниесін кеңейтеді, ақыл-ойы мен ұлттық сана сезімін дамытуға ықпал жасап, ауызекі және жазба тілде байланыстырып сөйлеуін дамытады. Оқушылардың қазақ тілі, әдебиеттік оқу сабақтарына қызығушылықтарын арттырады. 

        Үйірмеге тілге шешен, өз беттерімен шығарма жазуға, өлең шығаруға икемдері бар, шығармадағы көркем бейнелердің ерекшеліктерін сезініп  аша білетін оқушылар тартылады.

        Үйірменің оқу материалына  халық ауыз әдебиеті үлгілерін (аңыз-әңгімелер, өлең-жыр, шешендік сөздер, мысал,  жұмбақ,  жаңылтпаш, мақал-мәтелдер, ертегі т.б.) сабақ мазмұнына сай енгізу баланың алған білімін толықтырып, байытып жан-жақты дамуына дәйекті ықпал етеді. 

       Сондықтан сыныптан тыс үйірме сағатында ұлтымыздың асыл мұраларын дәріптейтіндей,  жеке тұлғаны дамытып, оқуға деген қызығушылықтарын оятып, адамгершілікке,  ізгілікке, сыйластыққа тәрбиелеп, еркін дамуына жол ашу  көзделеді.



Үйірменің мақсаты: 

      Оқушылардың  сыныптан тыс уақытта шығармашылық ізденістерін, өзіндік қабілеттерін және қоғамдық қарым-қатынасын қалыптастырып, өзіндік талдау, жинақтау,  жұмыста шапшаңдық таныту, өз ойын әдеби тілмен өрнектей білуге машықтандыру.




Үйірменің міндеті:

- Оқушылардың оқу-тәрбие үрдісінде алған білімдерін әрі қарай дамытуға мүмкіндік жасап, қабілеттерін шыңдау;

- Көркем әдебиет жанрына байланысты өлең, шығарма жазуға дағдыларын қалыптастыру;

- Оқушылардың қоғамдық белсенділігін дамыту;

- Оқушылардың өзара қарым-қатынастарын қалыптастыру, белгілі бір еңбек түріне баулу, оны дамытуға ықпал ету.


Күтілетін нәтиже:

      Оқушылар ертегі, әңгіме, өлең тыңдауға, шығарманың мағынасын түсінуге, кейіпкерлерді бағалауға, адамгершілік қасиеттерді сипаттауға ниеттенеді. Өлеңдерді нақышына келтіріп, жатқа, мәнерлеп оқуға үйренеді. Оқуға деген қызығушылықтары артады.



Нормативтік бөлім

«Тіл дамыту» тақырыптық жоспар. 2-сынып

(аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат)





Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі

1

Кіріспе. Халық ауыз әдебиеті Әңгіме лесу. Ақ сандық, көк сандық 

1




2

Мәнерлеп оқу, рөлге бөліп оқу

1




3

Тіл туралы өлең, мақал мәтел жаттау

1




4-5

Жылдың төрт мезгілі. Әңгіме. Шығар. жұмыс Суреттер. Әдебиет хрест

2




6

Төрт түлікке байланысты әңгімелер құрастыру

1




7

«Дидактикалық ойындар еліне саяхат»

1




8

«Ормандағы ертегі» сахналау

1




9

Мазмұндама туралы түсінік.Мазмұндама ережелері

1




10

Күзгі көріністер - суреттер сөйлейді

1




11

Ы.Алтынсарин. « Кел, балалар, оқылық»

1




12

«Салпаң, салпаң салақ бала» сахналау

1




13

Батырлар сөзі даналар сөзі

1




14

«Жирен жаман әдеттен».Тыйым сөздер

1




15

Жұмбақтардың мәні мен өзіндік ерекшеліктері

1




16

Еңбекпен тапқан тиын.Сахналау

1




17

«Батыр туса ел ырысы». Альбом жасау.

1




18

Абайдың жыл мезгілдеріне арналған өлеңдері

1




19

Өтірік өлеңдер Шығармашы сабақ 

1




20-21

Ұлттық ойын түрлері Ойын сабақ

Электронды презентация 

2




22

Қазақстан. Отаным – алтын бесігім. Әдебиет хрестоматиясы

1




23

«Кім болам?» шығарма жазу.

1




24

Үлкенге құрмет-кішіге міндет.Суреттер

1




25

С.Көбеев «Екі соқа» әңгімесі

1




26

Ы.Алтынсарин.«Әке мен бала»

1




27-28

Шақыру хаттарды рәсімдеу

2




29

Мәдениетті, сыпайы тілдесу

1




30-31

Сөздік жұмысы

2




32

Жеті қазына

1




33

Ертегілер елінде . Театрландыр.сабақ мультфильмдер 

1




34

Шығармашылық жұмыс

1





«Тіл дамыту» тақырыптық жоспар. 3-сынып

(аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат)







Тақырыбы

Сағат саны

Уақыты

1

Үйірменің мақсат, міндеттерімен таныстыру. Кіріспе әңгіме

1




2

Ертегілер әлеміне саяхат сурет салу. «Ертегілер» кітабы, «Балдырған журналы»

1




3

101 жұмбақ, 1001 мақал. Дөңгелек үстел Мақал-мәтелдер кітабы

1




4

Жаңылтпаштар жаттау. Балалар әдебиеті

1




5

Шешендік өнер. Өнер алды қызыл тіл. Шығар. жұмыс

1




6

Қызықты сұрақтар. Әңгіме. Шығар. жұмыс

«Балдырған», «Айгөлек» журналдары



1




7

Өлең ұйқастарын құрастыру. Мәнерлеп оқу,суреттер

1




8

Әңгіме мазмұнын жалғастыр. «Балдырған», «Айгөлек» журналдары

1




9

Менің айналысатын сүйікті ісім. Сахналық қойылым

1




10

Егер мен сиқырлы таяқ тауып алсам. Әңгіме. Шығар. жұмыс. Балалар әдебиеті

1




11

Буын ұйқасын тап

1




12

«Табиғат- менің алтын ұям»

1




13

Әңгіме. Шығар. жұмыс «Балдырған» журналы

1




14-15

Төрт түлікке байланысты әңгімелер құрастыру «Балдырған», «Айгөлек» журналдары

2




16

Қазақстан. Отаным – алтын бесігім. Әдебиет хрестоматиясы

1




17

Менің батыр бабаларым. «Батырлар жыры»

1




18

Жұмбақтар шешу.Сайыс сабағы Халық даналығы

1




19

Мәнерлеп оқудың маңызы «Балдырған» журналы

1




20-21

Ырымдар мен тыйымдар

2




22

Өлеңді рөлге бөліп оқу. Мәнерлеп оқу

1




23

Сөздер ұйқасын тап. Пікірталас «Балдырған» журналы

1




24

5 жолды өлең құрастыру. Әдебиет хрестоматиясы

1




25

Мен өскенде кім болам? Әңгіме. Шығар. жұмыс Балалар әдебиеті

1




26

 Мазмұндама жазу. Әдебиет хрестоматиясы

1




27

 Абай өлеңдері. Мәнерлеп оқу. Балалар әдебиеті.

1




28

Әдебиет хрестоматиясы. Мәнерлеп оқу сайысы

1




29

Жылдың төрт мезгілі. Әңгіме. Шығар. жұмыс Суреттер

Әдебиет хрест



1




30

Төрт түлік толы даламыз Балалар әдебиеті

1




31

Өнегелі ұлан болып өсеміз. Әңгіме. Шығар. жұмыс «Балдырған» журналы

1




32

Үлкенге құрмет-кішіге міндет.Суреттер

1




33

Диалог құрастыру «Оқымысты бала»

1




34

Диалог пен монолог. Балалар әдебиеті

1





Қолданылған әдебиеттер 

1 «Мақал – мәтелдер жинағы»
2. «Жұмбақ» Авторы: М Әбуова. Р.Сатаева

3. «Көркем әдебиет» 
4. «Тіл тағылымы» Алматы: Ана тілі

Авторы: Ә. Ысқақов
5. «Балдырған» журналы 2014 жыл



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет