Үйірменің мақсаты



бет1/20
Дата11.09.2020
өлшемі56,06 Kb.
#77803
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
манерлеп оку

Түсінік хат


Мәнерлеп оқу үйірмесі 5-9 сынып оқушыларына арналған. . Үйірме аптасына 1 сағат, жылына 34 сағатқа берілген. Бұл үйірме оқушылардың әдеби мұраларға деген талғамын тәрбиелейді, рухани дүниесін кеңейтеді, ақыл-ойы мен ұлттық сана сезімін дамытуға ықпал жасап, ауызекі және жазба тілде байланыстырып сөйлеуін дамытады. Оқушылардың қазақ тілі, әдебиет сабақтарына қызығушылықтарын арттырады. 

        Үйірмеге тілге шешен, өз беттерімен шығарма жазуға, өлең шығаруға икемдері бар, шығармадағы көркем бейнелердің ерекшеліктерін сезініп  аша білетін оқушылар тартылады.

        Үйірменің оқу материалына  халық ауыз әдебиеті үлгілерін (аңыз-әңгімелер, өлең-жыр, шешендік сөздер, мысал,  жұмбақ,  жаңылтпаш, мақал-мәтелдер, ертегі т.б.) сабақ мазмұнына сай енгізу баланың алған білімін толықтырып, байытып жан-жақты дамуына дәйекті ықпал етеді. 

       Сондықтан сыныптан тыс үйірме сағатында ұлтымыздың асыл мұраларын дәріптейтіндей,  жеке тұлғаны дамытып, оқуға деген қызығушылықтарын оятып, адамгершілікке,  ізгілікке, сыйластыққа тәрбиелеп, еркін дамуына жол ашу  көзделеді.

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет