Үйірменің мақсаты



бет9/20
Дата11.09.2020
өлшемі56,06 Kb.
#77803
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20
Байланысты:
манерлеп оку

Түйе атасы - Ойсылқара

Ойсыл қара деп жүрген - Увайс Қарани шын мәнінде өмірде болған адам. Ертедегі «Яман» қәзіргі Ирактың маңында Пайғамбар дәуірінде яғни  VII-ғасырда өмір сүрген. Өмірін түйе бағумен өткізген. Тағадат ибадат пен әулиелік дәрежеге жеткен, пайғамбардың с.ә.у.-ның жіберген қырқасын (шекпен), егер Мұхаммед с.ә.у.-ның барлық үмметінің күнәсын кешпесең мына  сауғаны кимеймін деп Алладан өтініш ететіндей дәрежеге жеткен деп жазады «Әулиелер тарихы» атты кітапта 13-ғасырда өмір сүрген ғалым        Ф. Аттор. Ойсыл қара-Увайс Қарани жайында Түркілер арасында аңыз әңгімеледе де өмірін түйе бағумен өткізген деген. Демек түйенің жайын білетін, түйе өсірген, түйенің маманы-қазақшалап айтсақ түйенің пірі болып кеткен.  Ал Уикипедиядан алынған мәлімет бойынша Уәйіс әл-Қарани Шам шаһарына қарасты Қаран ауылында 7 ғасырда өмір сүрген. Ол әулиелік кереметімен Мұхаммед (c.ғ.с.) пайғамбардың дүниеге келетінін алдын ала сезген. Ол Қаран елінің түйесін бағып, өзінің кәсіпке адалдығымен, тақуалығымен, қанағатшылдығымен көпке үлгі болған. Шешесінің рұқсатын алып, пайғамбарды көруге Мединеге келген.Уәйіс Қаранидің әулиелігін, ыстық ілтипатын ерекше рухани байланыс арқылы сезінген Мұхаммед (c.ғ.с.) пайғамбар оған деген құрметінің белгісі және оның рухани дәрежесінің айғағы ретінде сахабалары арқылы өз шапанын сыйлайды. Науқас шешесіне қарайлаған Уәйіс Қарани пайғамбардың көзі тірісінде жүздесе алмайды. Сондықтан ол табиғиндердің ұлығы болып саналады. Түркі ислам дүниесінде, дәстүрлі қазақ қоғамында да төрт түлік малмен байланысты әрбір кәсіптің киелілігін, абыройлылығын әйгілеп, ол кәсіптің әрқайсысының бастауында рухани ұстаз, қасиетті пір тұрғандығына сенген. Сондықтан ол кәсіпке адалдықты насихаттап, сол кәсіптің иесі пірден қолдау, желеп-жебеу тілеген.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет