Үйірменің мақсаты



бет12/20
Дата11.09.2020
өлшемі56,06 Kb.
#77803
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20
Байланысты:
манерлеп оку

Ешкі атасыСек-сек ата

Ешкінің пірі Сек-сек ата деп жатады халық. Оңтүстік Қазақстан, Сарыағаш ауданының көлемінде «Сөк-Сөк ата» деген бір халық көп баратын жер бар. Шежірелік дерек бойынша «Сөк-Сөк ата» Қазығұрт тауының бір сілемі Қаржан тауының баурындағы Тұрбат деген жерге жерленген Исмайыл атаның баласы. Шын мәнінде Сек-сек атаның қай жерде екені белгісіз. Ертеде Өзбекстанның көлеміндегі «Сексен ата» деген жайды Сек-сек ата екен деген сөз болатын, бірақ бұл сөз соңғы кезде айтылып жүрген жоқ.

Жоғарыда атап өткен төрт түліктің пірлерінің ішінде анық «Зеңгі ата» қожа тұқымынан. Маңғыстаудағы Шопан ата қожа тұқымы бірақ қойдың пірі осы «Шопан ата» деп нақты айта алмаймыз. Ислам діні келмей тұрыпта бұл жерде халық өмір сүрген. Олардың өз арасынан шыққан қасиетті Әзіздері болған. Кез келген мәдениет діннің ықпалында дамыйды. Халықтың мәдени өміріндегі барлық тұрмыстық рәсімдер мен қолданбалы іс әрекеттер де осы халықтың тұтынған дінінің талаптарына бейімделеді. Сондықтан                 13-ғасырдан артық Түркілер арасында қызмет етіп келе жатқан ислам дініде халықтың санасына сіңіп, өшпейтін із қалдырған.

_________

                           ІІІ. Төрт түліктің төлдерін ,мал пірлерін атау .
Жылқының төлі- құлын, пірі- Қамбар ата.
Түйенің төлі – бота, пірі – Ойсылқара.
Сиырдың төлі – бұзау, пірі – Қамбар ата.
Қойдың төлі – қозы, пірі – Шопан ата.
Ешкінің төлі – лақ, пірі – Сексек ата.

                                           ІҮЖұмбақтардың шешімін табу.


 
Туа сап жүріп кеткен,
Енесін қуып кеткен.(  құлын)

Басында таяғы бар,


Төрт аяғы бар.
Егіз құлағы бар,
Иегінде сақалы бар. ( ешкі)

Кезікті бір жануар,


Үстінде екі тауы бар. ( түйе )

Кішкентай ғана бойы бар,


Айналдырып киген тоны бар. ( қозы )

Екі айнасы бар,


Төрт жылтырмағы бар,
Бір шыбыртқысы бар. ( сиыр )

7.Мәнерлеп оқу «Малдың төлін сүюі»


 
Сабақты қорытындылау.
Үйге тапсырма : Қайталау
Оқушыларды бағалау мадақтау.

                                                      Ү. Үйге тапсырма

Төрт  түлік  мал,  жан – жануарлар,  табиғат  құбылыстары  туралы  жырларды  оқу.

  ҮІ. Бағалау

 Келісілді»

Оқу ісінің меңгерушісі : Т.Харесов

Күні :30.09
Сабақтың тақырыбы: Наурыз өлеңдер 
Мақсаты:1. Оқушыларды тұрмыс –салт жырларымен,соның ішінде наурыз өлеңдерінің түрлерiмен таныстыру, т.с. жырлары туралы бiлiмдерiн бiр жүйеге келтiру; ерекшелiгi, ұлттық сипаты, түрлерi туралы оқушыға жаңа бiлiм беру;
2.оқушылардың көркем әдебиеттi оқуға деген ынтасы мен ықыласын арттыру, сөздiк қорын, логикалық ойлау, дұрыс сөйлеу дағдыларын дамыту;
3.наурыз өлеңдері арқылы жақсылыққа, өз халқының әдебиетiн , мәдениетiн дәрiптеуге тәрбиелеу, ұлттық сананы қалыптастыру, табиғатты сүюге, аялауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрi: жаңа материалды игеру сабағы


Көрнекiлiгi:наурыз туралы мағлұмат, наурыз мерекесiне байланысты суреттер. 
Сабақтың барысы: 
I.Ұйымдастыру кезеңi.
1.Амандасу. 2.Кезекшiмен сұхбат
Сабақ жаратылыстану пәнiмен байланысты өтетiнi айтылады.
II.Үй жұмысына тоқталу.
Оқушылардың әдебиет, ауыз әдебиетi, оның түрлерi туралы түсiнгендерiн сұрап, үй тапсырмасын пысықтау, қорытындылап. жаңа сабақты бастау.

II. Жаңа сабақ 


Наурыз өлеңдері 
Наурыз мейрамы — өте ерте заманнан бері халықтар тойлап келе жатқан тұрмыстық мереке. Ол парсымыз «Нау-рыз» жаңа күн деген сөзінен шыққан. Бұл жөнінде халқымыздың кемеңгер ұлдары Абай, Шәкәрім, Мұхтар Әуезов, Ахмет Байтұрсынов біршама деректер жинаған. Күн мен түн теңелген, мал төлдеп, адамның аузы аққа тиген, жер бусанып, малдың аузы көкке тиген ырыстың басын қазақ елі – «Ұлыстың ұлы күні»- деп атайды екен.Наурыз- күні жаңарудың, өсудің, түлеудің басы. Наурыз күні — имандылық мереке. Алдына келген атанның құны болса да кеш. Наурыз — көктем мерекесі, еңбек тойы, ырыс пен мошылық бастауы. Наурыз мерекесі — мейірімділік, қайырымдылық мейрамы.

Қыс өтіп, қар кетіп


Шырайлы жаз жетіп 
Шаруаның кенелген
Мейрамы ежелден
1. Наурыз көже туралы сұрақ –жауап ұйымдастыру.
2. Наурыз, көктем туралы тақпақтар айтқызу.
Кітаппен жұмыс
1. Мәнерлеп оқыту
2. Мәтін мазмұнымен таныстыру
3. Наурыз сөзінің мағынасын ашу
Қорытындылау 
Наурыз туралы әңгімелей келе түркі халықтарының «Наурыз » мерекесін қалай қарсы алатындықтарын экран арқылы көрсету.
Бағалау. 
Үйге тапсырма наурыз мерекесіне арналған өлеңдерді жаттап келу

Күні . 07.10

Келісілді»

Оқу ісінің меңгерушісі : Т.Харесов





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет