Сабақтың түрі : аралас сабақ
Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап, шығармашылық іздену
Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар, суреттер
Пәнаралық байланыс : әдебиет, орыс тілі
Сабақтың барысы :
I. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
II. Үй тапсырмасын пысықтау : үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын
Ізденіс жұмыстары: «Стильді анықта! » (берілген сөйлемдерді стиль түріне ажырату, анықтамасын еске түсіру.)
1. Күміс толқын бетіндей боп, кейде жылтырай түсіп, сәл сыбырдай ғана болымсыз жыбыр қағады. ( көркем әдебиет стилі )
Көркем әдебиет оқиғаны сурет бейнесінде баяндайды, танытады: оқиға, кейіпкерлердің іс-әрекеті, сөзі , мінезі, келбеті қатысып баяндалады.
2. 32- бап : Азаматты қандай да болсын құқығы мен бостандығынан айыруға немесе олардан шектеуге ешкімнің қақысы жоқ, мұны осы Конституцияға сәйкес қана істеуге болады. (ресми іс-қағаздар стилі) Іс –қағаздар дегеніміз - жеке адамның, ұжымның, фирмалардың, мекемелердің атқаратын қызметіне байланысты пайда болатын жазбаша /ауызша/ қарым –қатынас құралы.
3. ....Толқын теңіз. Кішкене қайықтағы жалғыз әйел,
Түпсіз, шексіз толқын ...... алыста, көкжиекте бұлттар . Толқын қайықты қисайтып, аударуға тақалған .(публицистикалық стиль)
Достарыңызбен бөлісу: |