Үйірменің мақсаты


Абайдың қара сөздерін оқу, талдау 2 23.02, 2.03 24



бет5/20
Дата11.09.2020
өлшемі56,06 Kb.
#77803
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
манерлеп оку

23

Абайдың қара сөздерін оқу, талдау

2

23.02, 2.03



24

Менің сүйікті шығармам (өлең)

1

9.03



25

М.Жұмабаевтың жастар туралы өлеңдері

1

16.03


26

Ж.Нәжімеденов өлеңдері

1

30.03


27

Ф.Оңғарсынованың өлеңдері

1

6.04


28

«Жас қалам» газетін шығаруға дайындалу.№2

2

13. 20- 04



29

«Өлең, мен сені аялап өтем!» көркемсөз оқу сайысы

1

27.04


30

«Ешкімде ешқашанда ұмытылмайды!»эссе жазу.

1

4.05


31

Тест тапсырмалары.

1

11.05


32

Қайталау.

1

18 .05


Дайындаған : Н.Жумалиева

Күні . 9.09

Келісілді»

Оқу ісінің меңгерушісі : Т.Харесов

Сабақтың тақырыбы: Халық ауыз әдебиеті түрлері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: БАҚ материалдарындағы ауыз әдебиеті үлгілерін қолдана отырып, оқушылардың ауызекі сөйлеу, логикалық ойлау қабілеттерін арттыра білу, өз ойларын жеткізе білуге баулу.

Дамытушылық: Оқушылардың тіл байлығын дамыту;

Тәрбиелік: Оқушыларды ауыз әдебиетінің үлгілері арқылы елжандылыққа, ұлтын сүю қасиеттерін арттыруға тәрбиелеу. Көрнекіліктер: Слайдтар, кесте, суреттер, тапсырмалар.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, математика, орыс әдебиеті.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, баяндау, талдау – жинақтау.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Үй жұмысын тексеру. Өлеңді жатқа айту. Отан туралы.

2 слайд. Мақал-мәтелдер – халық даналығы « … Мақал да тақпаққа жақын салт-санасына сәйкес айтылатын пікірлер.

Тақпақтан гөрі мақал маңызды, шын келеді.

Мәтел мақалға жақын болады. Бірақ мақал тәжірибеден шыққан ақиқат түрінде айтылады.

Мәтел ақиқат жағын қарамай, әдебиетті сөз есебінде айтылады».

Ахмет Байтұрсынұлы

3. Халық ауыз әдебиеті – халықтың рухани асыл қазынасы.

Ауыз әдебиетінен халықтың тарихын, салт-дәстүрін, ой-арманын көреміз.

3 слайд. Мақал – мәтелдердің тақырыптары: еңбек, ерлік, жақсы мен жаман, достық, ақыл, білім, Отан т.б. Халық ауыз әдебиеті – халықтың ғасырлар бойы ауызша шығарып, сақтап келген әдебиеті, рухани асыл қазынасы. Ертегі, мақал-мәтелдер, жұмбақ, жаңылтпаш, аңыз әңгімелер ұрпақтан-ұрпаққа жеткен.

Оқушылардың жауаптарын, пікірлерін тыңдау.

4. Ассонанс, аллитерация тәсілімен айтылған мақал-мәтелдерді табыңыздар. 4 слайд. Ассонанс тәсілімен айтылса, бірыңғай дауысты дыбыстардан, аллитерация тәсілімен айтылса, бірыңғай дауыссыз дыбыстардан басталып, үндесе байланысады.

v Білекті бірді жығар, (∆)

Білімді мыңды жығар.(∆)

v Ел үмітін ер ақтар, (○)

Ер атағын ел ақтар. (○)

5. Жұмбақтар әлемінде. 5 слайд. Қазақ ауыз әдебиетінің тағы бір түрін анықтап алайық! Ребус бойынша.

Жұмбақ – халықтың ауыз әдебиетіне тән мұра. Жұмбақ болатын заттарды анықтаңыздар: Адам, еңбек, жануарлар, жәндіктер, табиғат.

6. БАҚ материалдарымен жұмыс. 6 слайд.

« Ана тілі», «Арқа ажары» газеттері материалдарымен жұмыс.

· Кішкентай ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар. (Қой) Ана тілі №29, 2012 жыл

· Өзі «әліптің» таяғы,

Жалғыз көзді баяғы,

Қойсаң егер арқандап, ісіне көңіліне тояды. (Ине)

7. Логикалық жұмбақтарды шешу.

Бір-біріне жұмбақ жасырады.

Келесі жұмбақтарды шешу барысында, ойланып жауап беріңдер. Бұлар «

Құпия» жұмбақтар.

v Шығыстан батысқа қарай электрпойызы 60км/сағат жылдамдықпен жүріп келеді. Оған қарсы бағытта сағатына 50 км жел соғып тұр.

Пойыздың түтіні қай бағытқа бұрылады?

Жауабы: Электрпойызы түтін шығармайды, ол тоқпен жүреді.

v Ағаш басында 7 торғай отыр еді, оған тағы да 5 торғай қосылды. Мысық келіп біреуін ұстап алды. Сонда барлығы қанша торғай қалды?

Жауабы: Барлығы ұшып кетті.

v Үш адам өздері ұстаған 3 үйректі пісіріп жеді. Алайда, үстелде тағы 2 үйрек қалды. Олар қайдан келді? Бөлмеге басқа адам келмегені анық.

Жауабы: Дастарқанда 2 үйректің суреті салынған болатын.

v Жер бетіндегілер қандай ауруға ұшырамайтындығын анықтаңыздар.

Жауабы: Теңіз ауруына

v Құстар оңтүстікке неге ұшып баратындығын табыңыздар.

Жауабы: Олар жаяу жүріп бара алмайды.

Ғабит Мүсірепов – жазушының. «Ана тілі» газетінде ол туралы көп мақала жазылған екен. Жазушы 1929 жылы жазған « Қызыл әскер әліппесі» деген оқулығы болғандығын білдік. Сол оқулыққа жұмбақтар, жаңылтпаштар енгізілген екен. Маған мына жұмбақ ұнады, соны сендерге жасырайын, шешуін тауып көріңдер.

Менің жолдасым бар. Қайда барсам, соңымнан қалмайды. Бірақ қараңғы болса, ғайып болады. Сендерде сондай жолдас бар ма? Соны анықтаңдар.

8. Жаңылтпаштар әлемінде. Жаңылтпаштар да халық ауыз әдебиетінің бір түрі.

Оларды тез, яғни шапшаң, дұрыс айту керек. Газет материалдарымен жұмыс. Слайд.

· Көпке бекер өкпелеме,

Өкпе етпе,

Тектен – текке өкпелетпе.

· Алтын айдар тұлымын,

Талмай қарап, құлыным

Тұяғымен от көсеп,

Күнге тікті құрығын.

· Арқада алты арқар бар,

Қырқада қырық арқар бар.

Қырық арқада ақ арқар бар,

Алты арқада марқа арқар бар.

Жаңылтпаштардың тақырыбын, мазмұнын анықтаңдар. Өз ойларыңды айтыңдар.

9. Қорытынды .

10. Бағалау. Бір оқушы қалғандарының жауабына баға береді.

11. Үйге тапсырма беру. Шағын шығарма жазу.

Күні . 16.09

Келісілді»

Оқу ісінің меңгерушісі : Т.Харесов


Тақырыбы: Салт өлеңдері мен бата –тілек жырлары

Сабақ мақсаты: 1. Білімділік: оқушылардың халық ауыз әдебиеті туралы білімдерін кеңейту.


2. Дамытушылық: Оқушылардың жүйелі түрде жауабын алу, ойлау қабілеттерін, тілін дамыту.
3. Тәрбиелік: оқушыларды халық ауыз әдебиет туындыларын қастерлеуге, елжандылыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ-жауап.
Көрнекі құралдары: тақырыптық суреттер.
Сабақ барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Психологиялық дайындық:
Алақанды ашайық
Жылулықты шашайық
Сәттілік тілеп достарға
Біз сабақты бастайық
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Алдыңғы тақырыпты қысқаша қайталау.
1. Қазақ әдебиеті нешеге бөлінеді? 2. Ауыз әдебиеті деген не?
3. Жазба әдебиет деген не? 4. Ауыз әдебиетінің үлгілері бізге қалай жеткен?
5. Ауыз әдебиетінің бізге берері не? 6.Ауыз әдебиеті қалай пайда болды?
ІІІ. Жаңа сабақ:
- Оқушылар «салт дәстүр» деген сөзді қалай түсінесіңдер? Тұрмыс салт жырлары туралы қысқаша мәлімет беру
Ауыз әдебиеті шығармаларын шығарушы халық болғандықтан халық ауыз әдебиеті деп аталады. Қазақ ауыз әдебиетінің үлкен бір саласы тұрмыс – салт жырлары. Күнделікті тұрмыста өлең айту қазақтың қасиетті салты болған. Ондай өлеңдерді, жырларды сондықтанда тұрмыс - салт жырлары деп атайды.Қазақ ауыз әдебиетінің үлкен саласы - тұрмыс - салт жырлары. Ондай өлеңдерді, жырларды сондықтан да тұрмыс - салт жырлары деп атайды. Тұрмыс- салт жырларында халықтың өзіне тән тұрмыс – тіршілігі, салт – дәстүрі сөз болады, төрт үлік мал және жан – жануарлар туралы, наурыздағы көктемгі ел қуанышы туралы жырлар айтылады. Тұрмыс – салт жырларының бір түріне бесік жыры, тұсау кесер жыры, жар – жар, той бастар, беташар, бата - тілек, жоқтау сияқты салтқа байланысты туған жырлар жатады.Төрт түлік қазақ халқының күн көрісінің көзі еді. Ол сауса - сүт, сойса – ет, мінсе - көлік, келсе қадірлеп, ол туралы нелер бір тамаша жырлар тудырып отырған. Малдың өз төліне мейірленуін айту арқылы қой сүйеді баласын “қоңырым” деп, адам баласы өзінің өзінің де малға ерекше сүйінуін жырлайды.
Тұрмыс – салт жырларының ең көп түрінің бірі – наурыз жырлары. Көктемнің келуін жаңа жылдың келуі деп түсінген халық күн жылып , мал көкке тойынған шақты қуаныш көріп, жауын көп болсын, ақ мол болсын, елге тоқшылық болсын деп өлеңдер айтқан. Оны біз наурыз жырлары деп атаймыз. Тұрмыс – салт жырларын жалпы әрбір адам айта береді, әсіресе, олар той жиындарда көп айтылады. Үлкендер сияқты сен де сондай жырларды үйреніп алып немесе өзінң жаныңнан шығарыпта айтқан.
Бесік жыры – Бала дүниеге келгеннен бастап айтылады. Ол бір үлкен той.
Әлди – әлди ақ бөпем Ақ бесікке жат бөпем
Жылама бөпем жылама Жілік шағып берейін.
Тұсау кесер жыры – Тұсау кесер жыры алғаш рет қадамын жаңа - жаңа басайын деп келе жатқан сәбидің қара жіппен тұсауын кеседі.
Тұсауыңды кесейін Күрмеуіңді шешейін
Қаз – қаз балам, қаз балам Қадам бассаң мәз болам.
Қаз – қаз, балам, қаз балам Тақымыңды жаз балам
Қадамыңа қарайық Басқаныңды санайық. - деп жырлаған.
Жар – жар. Бұл келіннің босаға аттап, қыз бен жігіттің бақытты болып, еліне сыйлы боу үшін тілектерін айтады. Бұл өлеңмен айтылады екен. Жаңағы қыздың жүзін:
Алып келген базардан Қара насыр жар – жар –ау
Қара мақпал сәукеле Шашың басар, жар – жар – ау.
Той бастар Бағылан серке, марқасқа, қой бастайды Қой алдында жануар ойқастайды.
Той бастар дәстүр.Әр той дағдылы “Той бастар” жырымен басталады. Тойды әдеттегідей өлеңмен бастағаны үшін толымды сыйлық береді. Ол өлең “Тойбастар ” деп аталады.

Беташар – “Уа, әлеумет! Енді беташар тыңдайық жаңа түскен келінді “беташар” дәстүрі жасалмай ешкім көре алмайды. Оны көру үшін әдейі “беташар” жасалады. Оған тойға жиналған туыс – туғандар тегіс қатынасады. Жас келіннің екі жағында көрегенді келіндері тұрады. Салем жасаған адамдар “көрімдік” береді.

Бата – тілек – оны кез келген адам айта бермейді. Оны сыйлы адамдар берген. Батаның түрлері өте көп жаңа дүниеге келген балаға үйлену тойына, шілдеханаға, атқа мінгізу т.б.

Жоқтау – бұл да дәстүрдің бір түрі. Адам қайтқанда соны жоқтайды. Адам өз – өзімен ішіндегі шерін тарқау үшін жоқтау айтылады. Бұл жоқтау айтпаса, жоқтамаған болып есептеледі. Бұл үлкен дәстүрдің бірі. Қайда барасың, өлім – өлім деген сынға бару деген сөз көрдіңдерме. Сыншыл көздер көп болады.

1. Кітаппен жұмыс: Кітаптан тұрмыс - салт жырларының түрлерінен мәнерлеп оқиды.
2. Топпен жұмыс: Тұрмыс - салт жырларының түрлерін топтастыру. Тұрмыс - салт жырларының түрлері ↓ Тұсаукесер жыры Беташар Тойбастар Жоқтау Наурыз жыры Бата – тілек Жар - жар Бесік жыры
ІҮ. Сергіту кезеңі: Бір, екі, үш, Жинап алып күш.
Қолға қалам алайық, Көркем етіп жазайық
Ү. Сабақты бекіту. Өз парталастарыңмен тақырып жөнінде сұхбаттасыңдар немесе диалог құрыңдар.
Үлгі: Камила: Ілияс, мәтін мазмұны саған ұнады ма?
Ілияс: Әрине, мен мәтіннен тұрмыс-салт жырлары тұралы білдім. Олардың бірнеше түрлерге бөлінетіні мен үшін жаңалық болды. Ал саған ше?
Камила: Мен де мәтіннен көп жаңа түсінік алдым. Әсіресе төрт түлік мал туралы көп нәрсені біліп алдым.
Ілияс: Төрт түліктің ішінде қай түрін ерекше санайсың?
Камила: Мен үшін барлығы да ерекше, барлығы да қасиетті деп ойлаймын.
Ілияс: Ал мен үшін сиырдың орны бөлек. Себебі жазғы демалысымда ауылға барғанда әжем маған сиыр сүтін ішкізіп, құртың жегізетін. Дәмі аузымнан әлі кетпейді.
Камила: Ал сен жылқыны көрдің бе? Мен жылқының қымызын ішіп, құлынымен ойнағым келеді.
Ілияс: Онда саған ауылға бару керек.
Камила: Дұрыс айтасың, өзім де солай істеймін.
ҮІ. Бағалау. ҮІІ. Үйге тапсырма: Тұрмыс-салт жырларына байланысты өлеңдер жаттау.
ҮІІІ.Қорытынды.

Келісілді»

Оқу ісінің меңгерушісі : Т.Харесов



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет