Әкімбаев Бақытжан Әбдіқадырұлы
Игембаева Бибигул Сарсенбиевна
БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ
ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ–
КӨПТІЛДІ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА ЖОЛЫ
Резюме
Проблемы и пути развития функциональной грамотности учащихся в общеобразо-вательных школах.
Summary
The problems and ways of development functional literacy of students in comprehensive schools.
Бүгінгі жас ұрпаққа жан-жақты білім беру, тәрбиелеу әрбір ұстаздың басты міндеті. Білім негізі мектепте қаланатын болғандықтан, оқушының жеке тұлғалық күшін дамыту, оның шығармашылық мүмкіндігін арттыру арқылы өмірге бейімдеу қазіргі таңдағы өзекті мәселеге айналып отыр. Олай болса, қазіргі ұстаздар қауымының алдындағы үлкен мақсат- өмірдің барлық саласындағы белсенді, шығармашылық іс-әрекетіне қабілетті, еркін және жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеу.
Шығармашылық – бұл тіршіліктің көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Бұған бүкілхалықтық, жалпы-және жеке адамның шығармашылығы арқылы келдік. Баланың шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін ең бастысы жағдайлар жасау қажет. Оқушының дарындылығының дамуы, көбінесе мұғалімнің кәсіби біліктілігіне және оның тұлғалық қасиеттеріне байланысты екені айдан анық. Балалардың білім сапасын арттыруда мұғалім бала дамуының мынадай негізгі белгілерін: дербестігін, проблемалық жағдаят, шығармашылық наным әрекетін, диалектикалық ойлауын қадағалап, балалармен жеке дара жұмыстар жүргізеді.[1,18]
Баланың шығармашылық қабілетін дамыту мәселесі жаңашыл педагогтар (Ш.Амонашвили) еңбектерінде арнайы сөз етіледі. Бастауыш сынып оқушыларының қабілеттерін дамыту (Б.Тұрғымбаева), эстетикалық тәрбие беру мәселесі (Б.Әлмұхамбетов) ғалымдар зерделеген еңбектерде қарастырылады және балалардың көркем мәдениеттік тәрбиесін жетілдіру жолдары қарастырылып, педагогикалық мүмкіндіктері көрсетілген. Шығармашылық – өте күрделі психологиялық үдеріс. Ол іс-әрекеттің түрі болғандықтан, тек ол адамға ғана тән. Шығармашылық әрекеттер орындау арқылы оқушы ішкі мүмкіндіктерін дамытады.
Шығармашылық – жаңалық ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі. Сондықтан да оқушылар білім алу үдерісінде өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткен жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс- әрекетінде сол жетістіктерді жаңа жағдайда бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізеді. [3,12]
Баланың шығармашылық қабілетін дамытудың жолдарын, құралдарын анықтау психология мен педагогика ғылымдарында өте ертеден зерттеліп келеді. Бұл әрекеттер өзінің кезегінде мұғалімді шығармашылық пен ізденіске жетелеумен қатар, өзіндік мақсат жүктейді – бүгінгі күн талаптарынан туындаған, озық қоғамға лайықты жаңа сана, рухани сапа қалыптастыру және дамытуда тың жолдар мен шешімдер іздестіру. Осыған орай оқушыларымызды бастауыш сыныптардан бастап функционалдық сауаттылығын дамытуға, олардың мектеп қабырғасында сапалы білім мен саналы тәрбие алуына жағдай туғызуымыз керек. [2,3]
Оқушылырдың функционалдық сауаттылығын бастауыш сыныпта қалыптастырудың нәтижелі әдістері мен жүзеге асу жолдары.
Оқушыларды шығармашылыққа үйретудің жолы –өлең құрастыру, әңгіме, ертегілер жазу. Мысалы, «Бұл өте қызықты», «Ең қымбат нәрсе», «Сұлулық деген не?», сондай-ақ өзін үй мүлкінің бірімін деп есептеп, ертегі құрау. Балалардың шығармашылығын арттыруда түрлі мақал-мәтелдер, жұмбақтар құрастыру сияқты әдістер балаларды іс-әрекетке жұмылдырып қана қоймай, олардың сол алған білімдерінің қандай да бір элементтерін шынайы өмірінде пайдалана білуге тәрбиелейді. Яғни мынадай іс-әрекеттер арқылы оқушылардың шығармашылығын шыңдауға болады:
Жұмбақтарды оқиғаға байланысты айтқызу;
Керісінше мақал- мәтелдің мағынасына қарай оқиға ойлау;
Суретке қарап мақал айту;
Мақал мәнін ашатын суреттер жинау;
«Халық даналығын ұмытқан жоқсың ба?» ойыны т.б.
Шығармашылық жұмыстар баланың ойлау мүмкіндігінің ең жоғары деңгейіне жету үшін деңгейлерге бөлініп жасалу керек. Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушы өз біліміне баға береді, өзін-өзі бағалайды, деңгейін көтеруге тырысады, яғни білімге ұмтылады. Осындай тынымсыз ой қызметі ғана бала дамуында үлкен нәтиже береді. Сонымен қатар, баланың жұмыспен айналысуға деген ынтасы мен еркі шектелмеуі керек. Мұндай қызығушылық, қажеттілік табысқа жетудің бірден- бір кепілі болып табылады. Бірақ балаға берілетін еркіндік үлкеннің қамқорлығын, қөмегін талап етеді. Балаға елеусіз болса да, өз күшімен, өз ойымен қиындықты жеңе отырып, зерделі ой айтуға, шығармашылық қабілетін дамытуға жағдай жасау қажет.[4,2]
Қазіргі таңда білімді интеграциялау оның ғылыми деңгейін көтеру, баланың танымдық қабілетіне қарай дағдыларын жан-жақты қалыптастыру өзекті мәселеге айналып отыр. Осыған байланысты оқушылармен жасалатын ғылыми жұмыстарды балалардың функционалдық сауаттылығын дамытудың бір жолы деп қарастыруға болады. Оқушылармен жүргізілетін ғылыми жұмыстардың мақсаты: балаларға сапалы білім берудің жан-жақты амал-әдістерінің ғылыми негіздерін ашу. Сапалы білім берудегі ата-ана рөліне, ұстаз еңбегіне, бала денсаулығына, қоршаған орта әсеріне жан-жақты талдау жүргізу. Білім сапасын жетілдірудегі жаңа технология негіздеріне тоқтала отырып, пайдасын, әсерін нақты мысалдармен дәлелдеу.
ХХІ ғасыр–бәсеке ғасыры. Еліміздің егемендігін алып, өзін бүкіл әлемге мойындата бастаған осы кезеңде біздің қоғам дарынды, қабілетті, жан-жақты жетілген адамдарды қажет етеді. Сондықтан да еліміздің білім берудегі ұлттық жүйесі өте қарқынды өзгерістер сатысында тұр. Бүгінгі таңдағы негізгі мақсат-ұлттық құндылықты әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті, өзіндік жеке көзқарасы қалыптасқан тұлға тәрбиелеу. Ол үшін оқушылардың белсенділігін арттыру, ізденімпаздыққа үйрету және білімді өз бетінше алып қолдана білетін дарын иесін тәрбиелеу керек. Бастауыш мектеп- оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды қайталанбас кезең, сондықтан бастауыш білім үздіксіз берудің алғашқы баспалдағы және қиын да жауапты жұмыс. Бастауыш мектеп балаға белгілі бір білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеуге, оқуға, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру жағдайларын объективті түрде бақылауға, талдау жасауға үйретеді. Ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді. Өмірде дұрыс жол табу үшін оқушы дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі керек. Оқушы бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, адамның рухани күшін нығайтып, өзін-өзі тануына көмектеседі.
Бастауыш сынып оқушысының зейіні тұрақсыз, импульсивті, қабылдау мүмкіндіктері де әр түрлі болады. Дегенмен де, әр баланың бір нәрсеге бейімі болады. Бейімділік-оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Сабақта өз бейімділіктеріне қарай оқушылардың шығармашылығын дамытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдануға болады. Олар мынадай:
Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау;
Арнаулы бір тақырыпта пікір талас тудыру;
Логикалық ойлауын дамытатын ойындар мен берілген тапсырмаларды шешу (анаграмма, сөзжұмбақ, құрастырмалы ойындар т.б);
Берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс (кері есеп құрастыру, мәтін мазмұнын өңдеу, шығарма, шағын әңгіме мәтінін құру);
Әңгіменің ұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қойғызу;
Қиялдау арқылы сурет салғызу, рөлге бөліп оқыту;
Ұнатқан кейіпкеріне мінездеме беру;
Ой шапшаңдығын, сөз байлығын дамытуда өлең шумақтарын құрастыру;
Мәтін ертегі, әңгімені өз бетінше аяқтау;
Ал сабақтан тыс уақыттарда оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың мынадай жолдары бар:
Орталық мұражайға апару.
Әр түрлі кездесулер өткізу.
Түрлі тақырыптарда сайыс пікірталастар өткізу, алған әсерлері бойынша шығарма жазу.
Балаларға арналған журналдар мен баспа материалдарынан тапсырмалар беріп, кітаппен жұмыс жасауға дағдыландыру.
Әрбір өтілетін сабақтар туралы толық мағұлмат жинау, өз бетінше білім алуға тәрбиелеу, реферат жазу.[5,34]
Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу оқушыларды шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы қабілет көзін ашып, тілін байытуға, қиялын ұштауға, өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді. Бала бойындағы қабілетті ашу-оқушының шығармашылық бағытта дамуына жете мән беру болып табылады. Мысалы, бастауыш білім берудегі қазақ тілі сабағында сөзбен жүргізілетін жұмыс сөздері байланыстырып сөйлеуге, әңгіме айтуға, шығарма жазуға көмектеседі. Сөздік жұмыстар оқушыны бір жағынан ойлануға жетелесе, екінші жағынан қызығушылығын оятып функционалдық қабілетін шыңдауға, белсенділікке ынталандырады.
Қорыта келгенде, бастауыш сыныптың қай пәнінде болмасын оқушылардың танымдық шығармашылық қабілетін дамыта оқыту- олардың сабаққа деген қызығушылығын оятып, ойын ынтасын дамыта түседі.
Әдебиеттер тізімі:
//Бастауыш мектеп.-2003ж.-№7.-33 бет.
//Бастауыш сыныпты оқыту әдістемесі.-2013ж.-№4.
//Тәрбие сағаты.-2014ж.-№6.
//Бастауыш сыныпты оқыту әдістемесі.-2014ж.-№5.
Жайлауова С. Жазғы демалыс және сауықтыру лагеріндегі тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру. Әдістемелік нұсқаулық. Қызылорда.-2008ж.-51бет.
Авторлар туралы мәлімет:
№
|
Аты-жөні
|
Ғылыми атағы (дәрежесі)
|
Жұмыс орны
|
Қызметі
|
Телефоны
|
E-mail адресі
|
Мекен-жайы
|
1
|
Әкімбаев Бақытжан Әбдіқадырұлы
|
Биология магистрі
|
«Өрлеу» БАҰО
АҚ ОҚО
бойынша ПҚБАИ
|
Инновациялық технологиялар мен жаратылыстану ғылыми пәндерін оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы
|
87754411545
|
b.akimbayev
@mail.ru
|
Шымкент қаласы, Т.Назарбеков көшесі-220
|
2
|
Игембаева Бибигул Сарсенбиевна
|
дәрежесіз
|
№33 Ақбота балабақшасы
|
тифлопедагог
|
-
|
-
|
-
|
Достарыңызбен бөлісу: |