676-бап. Жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруi
Жеке тұлғалардың мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлғаларға немесе оларға теңестiрiлген тұлғаларға заңсыз материалдық сыйақы, сыйлықтар, жеңiлдiктер беруi не қызметтер көрсетуі, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, -
екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
677-бап. Мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлғаның не оған теңестiрiлген тұлғаның заңсыз материалдық сыйақы алуы
Мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлғаның не оған теңестiрiлген тұлғаның жеке өзi немесе делдал арқылы заңсыз материалдық сыйақыны, сыйлықтарды, жеңiлдiктерді не көрсетілетін қызметтерді ұсынған тұлғалардың пайдасына әрекеттерi (әрекетсiздiгi) үшiн осыларды алуы, егер мұндай әрекеттер (әрекетсiздiк) мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлғаның не оған теңестiрiлген тұлғаның қызметтiк өкiлеттiктерiне кiретiн болса, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлері болмаса, -
алты жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
678-бап. Заңды тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруi
1. Заңды тұлғалардың мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлғаларға немесе оларға теңестiрiлген тұлғаларға заңсыз материалдық сыйақы, сыйлықтар, жеңiлдiктер беруi не қызметтер көрсетуі, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, -
жеті жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер -
бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
679-бап. Мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының заңсыз кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруы және заңсыз кiрiстер алуы
Мемлекеттiк органдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының өздерiне заңнамада жүктелген функциялардан тыс кәсiпкерлiк қызметпен айналысуы не белгiленген қаржыландыру көздерiнен басқа материалдық игiлiктер мен артықшылықтар қабылдауы -
осы ұйымдардың басшыларына алты жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2015.18.11. № 411-V ҚР Заңымен 680-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
680-бап. Мемлекеттік органдар басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды қабылдамауы
Мемлекеттiк органдар, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құралымдары басшыларының не жауапты хатшыларының немесе Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын өзге де лауазымды адамдарының сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға кiнәлi, өздерiне бағынысты адамдарға қатысты өз өкiлеттiктерi шегiнде шаралар қабылдамауы не көрсетiлген шараларды Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын бұза отырып қабылдауы не кiнәлi адамдардың тұрғылықты жерi бойынша мемлекеттiк кiрiс органдарына тиiстi ақпаратты ұсынбауы -
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
681-бап. Бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды жұмысқа қабылдау
Мемлекеттiк органдар, мекемелер мен кәсiпорындар басшысының не ұлттық компаниялар, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық даму институттары, сондай-ақ олардың еншiлес ұйымдары басшысының бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды жұмысқа қабылдауы -
бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3-бөлiм. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген органдар
35-тарау. Негізгі ережелер
682-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген органдар (лауазымды адамдар)
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi:
1) мамандандырылған әкiмшiлiк соттардың судьялары;
2) кәмелетке толмағандардың iстерi жөнiндегi мамандандырылған ауданаралық соттардың судьялары;
3) осы Кодексте уәкiлеттiк берiлген мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдары қарайды.
Ескертпе. Егер тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында мамандандырылған ауданаралық әкiмшiлiк сот және кәмелетке толмағандардың iстерi жөнiндегi мамандандырылған ауданаралық сот құрылмаса, олардың соттылығына жатқызылған iстердi аудандық (қалалық) соттар қарауға құқылы.
683-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген органдар (лауазымды адамдар) құзыретiнiң аражiгiн ажырату
1. Судьялар осы Кодекспен өздерiнiң жүргізуіне жатқызылған әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдары, осы Кодекстiң 684-бабында көрсетiлген iстердi қоспағанда, iстердi қарайды және әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшін әкiмшiлiк жазалар қолданады.
3. Әкiмшiлiк жаза түрлерiнiң бiрi ретiнде әкімшілік қамаққа алу, шетелдiктерді не азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберу, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау құралы не нысанасы болған заттарды тәркiлеу, сол сияқты әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістерді (дивидендтердi), ақшаны және бағалы қағаздарды тәркiлеу, нақты адамға берiлетін арнайы құқықтан айыру (оның iшiнде көлiк құралын басқару құқығы), белгiлi бiр қызмет түрiне не белгiлi бiр әрекеттер жасауға лицензиялардан, арнаулы рұқсаттан, бiлiктiлiк аттестатынан (куәлiгiнен) айыру, заңсыз тұрғызылып жатқан немесе тұрғызылған құрылысты мәжбүрлеп бұзу, қызметті тоқтата тұру немесе оған тыйым салу көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi судья қарайды.
4. Осы Кодекстiң 24-бабына сәйкес, өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiліп жатқан адамның жазбаша арызы бойынша осы Кодекстiң 2-бөлiмiнiң Ерекше бөлiгiнде көзделген кез келген құқық бұзушылық туралы iстi, егер бұл әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс қарауға дейін берілсе, судья қарайды.
2015.31.10. № 378-V ҚР Заңымен 5-бөлік жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
5. Кәмелетке толмағандар немесе өзінің дене бітімі немесе психикалық жағдайы бойынша құқықтарын өз бетінше жүзеге асыру мүмкіндігінен айырылғандар болып табылатын: әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша өзіне қатысты іс жүргізіліп жатқан адамның немесе жәбірленушінің заңды өкілінің жазбаша арызы бойынша не электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы арызы бойынша іс мамандандырылған аудандық және оған теңестірілген әкімшілік соттарда, мұндай болмаған кезде - жалпы юрисдикциядағы соттарда қаралуы мүмкін.
36-тарау. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердiң ведомстволығы, лауазымды адамдардың iстердi қарау және әкiмшiлiк жазаларды қолдану жөнiндегi құзыретi
684-бап. Соттар
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.19.05. № 315-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен (ресми жарияланған күнінен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.16.11. № 404-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2015.02.12. № 429-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.09.04. № 496-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді
1. Мамандандырылған аудандық және оларға теңестiрiлген әкiмшiлiк соттардың судьялары, осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстiң 73, 74, 75 (бірінші, екiншi, бесінші және алтыншы бөлiктерiнде), 76, 77, 78, 79, 80 (төртiншi бөлiгiнде), 81 (екiншi бөлiгiнде), 82 (екiншi бөлiгiнде), 82-1, 85, 86 (төртiншi бөлiгiнде), 99, 100, 101, 102, 103, 104, 105, 106, 107, 108, 109, 110, 111, 112, 113, 114, 115, 116, 117, 118, 119, 120, 121, 122, 123, 124, 125, 126, 139 (екiншi бөлiгiнде), 145, 149, 150, 151 (екiншi бөлiгiнде), 153, 154, 158, 159, 160 (екiншi бөлiгiнде), 169 (екiншi, жетінші, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші және он төртінші бөліктерінде), 170 (жетінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші және он екінші бөліктерінде), 171, 173, 174 (екiншi бөлiгiнде), 175, 175-1, 176, 182, 183, 184, 185, 187 (екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 189, 190 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 191, 193 (екiншi және үшінші бөлiктерiнде), 199 (екiншi бөлiгiнде), 200, 211 (бірiншi бөлiгiнде), 214, 216, 219, 233 (үшiншi бөлiгiнде), 235, 236, 237, 239-1, 245, 246, 246-1 (бұл бұзушылықтарға квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу кезінде жол берілгенде), 247 (алтыншы, тоғызыншы, он бірінші бөліктерінде), 251, 252 (екiншi бөлiгiнде), 281 (төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 282 (үшіншi, төртінші, алтыншы, жетінші, тоғызыншы, он бірінші және он үшінші бөлiктерiнде), 283, 294 (бірінші және екінші бөліктерінде), 296 (екiншi бөлiгiнде), 299 (екінші бөлігінде), 310, 311, 312 (екiншi бөлiгiнде), 313, 314, 316 (екiншi бөлiгiнде), 317 (төртінші бөлiгiнде), 317-1 (екінші бөлігінде), 317-2 (екінші бөлігінде), 319, 320 (бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 326 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 333 (екiншi бөлiгiнде), 356 (он төртінші бөлігінде), 357, 360 (бірiншi бөлiгiнде), 382 (екiншi және үшінші бөлiктерiнде), 383 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 385 (екiншi бөлiгiнде), 389, 392 (үшiншi бөлiгiнде), 395 (екiншi бөлiгiнде), 396 (екiншi бөлiгiнде), 397 (төртiншi бөлiгiнде), 398, 399 (екінші және үшінші бөліктерінде), 400 (екiншi бөлiгiнде), 401 (алтыншы және жетінші бөліктерінде), 402 (төртінші бөлігінде), 404 (тоғызыншы бөлiгiнде), 405 (бірiншi бөлiгiнде), 407 (екiншi және үшінші бөлiктерiнде), 409 (жетінші бөлігінде), 410-1, 413, 414, 415 (екiншi бөлiгiнде), 416, 417 (бірінші және алтыншы бөліктерінде), 419 (екiншi бөлiгiнде), 422, 423 (екiншi бөлiгiнде), 424 (үшінші және бесінші бөліктерінде), 425 (екiншi бөлiгiнде), 426 (екінші және үшінші бөліктерінде), 427, 433 (екiншi бөлiгiнде), 434, 436, 439, 440 (төртінші және бесінші бөліктерінде), 443 (екінші бөлігінде), 444 (бірінші бөлігінде), 445, 445-1, 446, 449 (екiншi және үшінші бөліктерінде), 450, 451, 452 (үшінші, төртінші және алтыншы бөліктерінде), 453, 454 (екiншi бөлiгiнде), 455 (төртiншi бөлiгiнде), 456, 456-1, 461, 462, 463, 464 (екiншi бөлiгiнде), 465, 467, 469 (екiншi бөлiгiнде), 470 (екiншi бөлiгiнде), 476, 477, 478, 479, 480, 481, 482, 483, 485 (екiншi бөлiгiнде), 488, 489 (екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктерінде), 489-1, 490, 495 (екiншi бөлiгiнде), 496 (екiншi бөлiгiнде), 498, 506, 507, 508, 509, 512 (екiншi бөлiгiнде), 513 (екiншi бөлiгiнде), 514 (екiншi бөлiгiнде), 516, 517 (екінші, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктерінде), 528 (бірінші бөлiгiнде), 532, 541, 543 (бірінші және үшінші бөліктерінде), 544, 545, 548 (екiншi бөлiгiнде), 549, 550, 551 (екiншi бөлiгiнде), 552 (екiншi бөлiгiнде), 563 (екiншi бөлiгiнде), 564 (бесiншi бөлiгiнде), 569 (бірінші, екінші және төртінші бөліктерінде), 583 (екiншi бөлiгiнде), 590 (төртiншi бөлiгiнде), 596 (үшінші және бесінші бөліктерінде), 603 (бірінші және екінші бөліктерінде), 604 (екiншi бөлiгiнде), 605 (екінші бөлігінде), 606 (екiншi бөлiгiнде), 607 (екiншi бөлiгiнде), 608, 610, 611 (екінші және үшінші бөліктерінде), 613 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 615 (төртiншi бөлiгiнде), 618, 621 (үшiншi бөлiгiнде), 636 (екiншi бөлiгiнде), 637 (сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он үшінші бөліктерінде), 638 (екiншi бөлiгiнде), 651, 652, 653, 654, 655, 656, 657, 658, 659, 660, 661, 662, 664, 665, 666, 667, 668, 669, 673, 674, 675, 676, 677, 678, 679, 680, 681-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Кәмелетке толмағандардың iстерi жөнiндегi мамандандырылған ауданаралық соттардың судьялары:
2015.31.10. № 378-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) кәмелетке толмағандар жасаған, осы Кодекстiң 435, 436 (үшінші бөлiгiнде), 438 (үшінші бөлігінде), 440 (төртінші және бесінші бөліктерінде), 442 (үшінші бөлігінде), 448-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы;
2) осы Кодекстің 127, 128, 129, 130, 131, 132, 133, 134, 135, 430 (екiншi бөлiгiнде), 663-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
3. Жоғарғы Соттың, облыстық, аудандық және оларға теңестiрiлген соттардың судьялары осы Кодекстiң 653-бабында көзделген, сот талқылауы барысында анықталған, процеске қатысып отырған тұлғаның тарапынан сотқа құрметтемеушiлiк бiлдiру фактiлерi туралы iстердi қарайды.
685-бап. Iшкi iстер органдары (полиция)
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.31.10. № 378-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.22.01. № 446-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді
1. Iшкi iстер органдары осы Кодекстiң 146, 147, 156, 190 (бірінші бөлігінде), 192, 196, 197, 198, 204, 230 (екiншi бөлiгiнде) (көлiк құралдарының иелерi және автомобиль көлiгiмен және қалалық рельстік көлiкпен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылықтар бөлiгiнде), 334, 359, 364, 382 (бірінші бөлігінде), 383 (бірінші және екінші бөліктерінде), 386, 395 (бірінші бөлігінде), 396 (бірінші бөлігінде), 408, 420, 421, 423 (бірінші бөлігінде), 432, 433 (бірінші бөлігінде), 434-1, 437, 438 (бірінші және екінші бөліктерінде), 440 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 441, 442 (бірінші және екінші бөліктерінде), 443 (бірінші бөлігінде), 444 (екінші бөлігінде), 447, 449 (бірінші бөлігінде), 458, 464 (бірінші бөлігінде), 469 (бірінші бөлігінде), 470 (бірінші бөлігінде), 484, 485 (бірінші бөлігінде), 486, 487, 489 (бірінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 492, 493, 494, 495 (бірінші бөлігінде), 496 (бірінші және үшінші бөлiктерiнде), 505, 510, 512 (бірінші бөлігінде), 513 (бірінші бөлігінде), 514 (бірінші бөлігінде), 515, 517 (бірінші және үшінші бөліктерінде), 518, 519 (бірінші, үшінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 559 (бірінші, екінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 560, 562, 564 (төртінші бөлігінде), 566, 572 (екінші бөлігінде), 574, 590 (бірінші, екінші, үшінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы және оныншы бөліктерінде), 591, 592, 593 (бірінші және сегізінші бөліктерінде), 594, 595, 596 (бірінші, екінші және төртінші бөліктерінде), 597, 598, 599, 600, 601, 602, 603 (үшінші бөлігінде), 604 (бірінші бөлігінде), 605 (бірінші және үшінші бөліктерінде), 606 (бірінші бөлігінде), 607 (бірінші бөлігінде), 609, 611 (бірінші бөлігінде), 612, 613 (он екінші және он үшінші бөліктерінде), 614, 615 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 617, 619, 620, 621 (бірінші, екінші, төртінші бөліктерінде), 622, 625 (автомобиль көлiгiндегi бұзушылықтарды қоспағанда), 626, 630, 631, 632, 635-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Iшкi iстер органдарының атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
2015.02.11. № 388-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) осы Кодекстiң iшкi iстер органдарының ведомстволық бағыныстылығына жатқызылған барлық баптары бойынша - iшкi iстер органдарының, жергілікті полиция қызметінің бастықтары мен олардың орынбасарлары;
2015.02.11. № 388-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.22.01. № 446-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) осы Кодекстiң 146, 147, 192, 197, 198, 204, 364, 382 (бірінші бөлігінде), 383 (бірінші және екінші бөліктерінде), 386, 395 (бірінші бөлігінде), 396 (бірінші бөлігінде), 408, 433 (бірінші бөлігінде), 434-1, 437, 438 (бірінші және екінші бөліктерінде), 440 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 441, 443, 444 (екінші бөлігінде), 449 (бірінші бөлігінде), 484, 487, 492, 493, 494, 505 (бірінші бөлігінде), 510, 512 (бірінші бөлігінде), 513 (бірінші бөлігінде), 514 (бірінші бөлігінде), 515, 517 (бірінші және үшінші бөліктерінде), 518, 519 (бірінші, үшінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн - қалалық, аудандық, кенттік полиция бөлімдерінің, бөлімшелерінің, iшкi iстер органдарының жергілікті полиция қызметінің бастықтары мен олардың орынбасарлары;
2015.02.11. № 388-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) осы Кодекстiң 196, 197, 204, 382 (бірінші бөлігінде), 440 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 441, 443, 444 (екінші бөлігінде), 449 (бірінші бөлігінде), 484, 487, 510, 513 (бірінші бөлігінде), 514 (бірінші бөлігінде), 515, 519 (бірінші, үшінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 559 (бірінші, екінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 560, 562, 564 (төртінші бөлігінде), 566, 621 (бірінші бөлігінде), 630 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн - iшкi iстер органдарының желілік бөлімдерінің, бөлiмшелерiнiң бастықтары;
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.31.10. № 378-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4) тармақша өзгертілді
4) осы Кодекстiң 146, 204, 230 (екінші бөлігінде) (көлік құралдарының иелері және автомобиль көлігімен және қалалық рельстік көлікпен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 334, 364, 383 (бірінші және екінші бөліктерінде), 386, 408, 437 (бірінші бөлігінде), 440 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 441, 442 (бірінші және екінші бөліктерінде), 444 (екінші бөлігінде), 492, 493, 494, 505, 572, 574, 590 (бірінші, екінші, бесінші, алтыншы, жетінші және тоғызыншы бөліктерінде), 591 (бірінші бөлігінде), 592 (бірінші және екінші бөліктерінде), 593 (бірінші бөлігінде), 594 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 595 (бірінші, екінші және үшiнші бөліктерінде), 596 (бірінші және екінші бөліктерінде), 597 (бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 598 (бірінші және екінші бөліктерінде), 599 (бірінші бөлігінде), 600 (бірінші бөлігінде), 601 (бірінші бөлігінде), 602 (бірінші бөлігінде), 607 (бірінші бөлігінде), 609 (бірінші бөлігінде), 611 (бірінші бөлігінде), 612 (бірінші, екінші және үшiнші бөліктерінде), 613 (он екінші бөлігінде), 615 (бірінші және екінші бөліктерінде), 620, 621 (бірінші және төртiнші бөліктерінде), 630 (бірінші бөлігінде) (жеке тұлғаларға қатысты)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн - iшкi iстер органдарының (полицияның) арнаулы атағы бар қызметкерлері;
2015.02.11. № 388-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) осы Кодекстiң 590 (үшінші, сегізінші және оныншы бөліктерінде), 591 (екінші бөлігінде), 592 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 593 (сегізінші бөлігінде), 594 (төртінші бөлігінде), 595 (төртінші бөлігінде), 596 (төртінші бөлігінде), 597 (бесінші және алтыншы бөліктерінде), 598 (үшінші бөлігінде), 599 (екінші бөлігінде), 600 (екінші бөлігінде), 601 (екінші бөлігінде), 602 (екінші бөлігінде), 603 (үшінші бөлігінде), 606 (бірінші бөлігінде), 609 (екінші бөлігінде), 612 (төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 613 (он үшінші бөлігінде), 614, 615 (үшінші бөлігінде), 617, 619, 630, 631, 632-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн - iшкi iстер органдарының әкімшілік полициясы комитетiнiң төрағасы және басқармаларының, бөлiмдерiнiң, бөлiмшелерiнiң, жергілікті полиция қызметінің бастықтары мен олардың орынбасарлары;
6) осы Кодекстiң 364, 382 (бірінші бөлігінде), 383 (бірінші және екінші бөліктерінде), 386, 408, 505-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн - iшкi iстер органдарының табиғат қорғау полициясы бөлiмшелерiнiң бастықтары мен олардың орынбасарлары;
2015.31.10. № 378-V ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7) осы Кодекстiң 440 (екінші және үшінші бөліктерінде), 442 (бірінші және екінші бөліктерінде), 443, 444 (екінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн - iшкi iстер органдарының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлiмшелерiнiң қызметкерлері;
8) осы Кодекстiң 383 (бірінші және екінші бөліктерінде), 395 (бірінші бөлігінде), 396 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн - ішкі істер органдары полициясының балық қорларына қылмыстық қолсұғушылыққа қарсы күрес жөніндегі мамандандырылған бөлімшелерінің бастықтары мен олардың орынбасарлары;
9) осы Кодекстiң 492, 495 (бірінші бөлігінде), 517 (бірінші және үшінші бөліктерінде), 518, 519 (бірінші, үшінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн - iшкi iстер органдарының көшi-қон полициясы басқармаларының, бөлiмдерiнiң, бөлiмшелерiнiң бастықтары мен олардың орынбасарлары құқылы.
686-бап. Азаматтық қорғау саласындағы уәкiлеттi орган
1. Азаматтық қорғау саласындағы уәкiлеттi орган:
1) осы Кодекстiң 336, 359, 367, 410, 411, 438 (бірінші және екінші бөліктерінде), 589-баптарында көзделген өрт қауiпсiздiгi саласындағы;
2) 2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) осы Кодекстiң 412 және 643-баптарында көзделген азаматтық қорғаныс саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының атынан iстердi қарауға және азаматтық қорғау саласындағы уәкiлеттi органның атынан әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның өрт қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторы - жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi, лауазымды адамдарға отыз беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
2) Қазақстан Республикасының өрт қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторы, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өрт қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы мен оның орынбасары - жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң отыз беске дейiнгi, лауазымды адамдарға - бір жүзге дейiнгi, кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
3) Қазақстан Республикасының өрт қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы мен оның орынбасары - жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзге дейiнгi, лауазымды адамдарға - бес жүзге дейiнгi, кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға екi мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.
3. 2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4. Азаматтық қорғаныс iс-шараларының орындалмауына байланысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және азаматтық қорғау саласындағы уәкiлеттi органның атынан әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторы - жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi, лауазымды адамдарға - онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
2) Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторы, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы мен оның орынбасары - жеке, лауазымды және заңды тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң қырыққа дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
3) Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы мен оның орынбасары - жеке, лауазымды және заңды тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.
687-бап. Жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган
1. Жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 140 (бірінші бөлігінде), 344, 345, 346, 348, 349, 350, 352, 353, 354, 355, 356 (бірінші бөлігінде), 391, 392 (бірінші және екінші бөліктерінде), 393, 394, 395 (бірінші бөлігінде), 396 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
1) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi аумақтық аға мемлекеттік пен аумақтық мемлекеттік инспекторлар - айлық есептік көрсеткіштің бір жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
2) Қазақстан Республикасының жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi мемлекеттік инспекторлары, жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi аумақтық бас мемлекеттік инспекторлардың орынбасарлары - айлық есептік көрсеткіштің екі жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
3) Қазақстан Республикасының жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi аға мемлекеттік инспекторлары, жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi аумақтық бас мемлекеттік инспекторлар - айлық есептік көрсеткіштің бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
4) Қазақстан Республикасының жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi бас мемлекеттік инспекторы мен оның орынбасарлары - айлық есептік көрсеткіштің бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға құқылы.
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 688-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Достарыңызбен бөлісу: |