2) техникалық шарттардан ауытқудың анық белгілері бар жарамсыз банкноттар мен монеталар (пішімінің сәйкес келмеуі, жыртылуы, нөмірленуінің сәйкес келмеуі, түзетілген жері, бояуларының араласуы, соғылғандағы бейненің араласуы және (немесе) көмескі болуы және басқа);
3) ақша айналысынан алынған, сондай-ақ өтелген банкноттар мен қатпарлы монеталар;
4) "ОБРАЗЕЦ", "SPECIMEN", "ҮЛГІ" деген жазуы бар банкноттар төлемнің заңды құралы болып табылмайды.
207-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасын бұзу
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, конкурстық құжаттамаға (аукциондық құжаттамаға) қойылатын не баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде орналастырылатын ақпаратта әлеуетті өнім берушілерге сандық жағынан өлшенбейтін және (немесе) әкімшілендірілмейтін кез келген талаптар белгілеу не сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң жекелеген әлеуеттi өнiм берушiлерге тиесiлiлігiн айқындайтын сипаттамаларын көрсету арқылы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасының талаптарын бұзу –
лауазымды адамдарға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
2. Конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) жобасын алдын ала талқылау шеңберінде келіп түскен, конкурстық құжаттаманың (аукиондық құжаттаманың) жобасына ескертулерді уақтылы қарамау, сол сияқты мемлекеттік сатып алу веб-порталында конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) жобасын алдын ала талқылау хаттамасын, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың (аукиондық құжаттаманың) мәтінін уақтылы орналастырмау –
лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
3. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген жағдайларда мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудан бас тарту –
лауазымды адамдарға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
4. Конкурсқа (аукционға) қатысуға арналған өтiнiмдерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) талаптарына сәйкес келтіру мерзімі өткеннен кейін, конкурсқа (аукционға) қатысуға арналған өтiнiмдi жетіспейтін құжаттармен толықтыруға, конкурсқа (аукционға) қатысуға арналған өтiнiмде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, тиiсті түрде ресiмделмеген құжаттарды сәйкес келтiруге байланысты конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) сұрау салуды жіберуі және өзге де әрекеттері –
лауазымды адамдарға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
5. Әлеуеттi өнiм берушiлерге және (немесе) олар тартатын, жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердiгерлеріне (бiрлесiп орындаушыларына) конкурстық құжаттамада (аукциондық құжаттамада) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген бiлiктiлiк талаптарын белгiлеу –
лауазымды адамдарға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
6. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасының талаптарын конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсынысына әсер ететiн өлшемшарттарды конкурстық құжаттамаға енгiзбеу бөлiгiнде бұзу –
лауазымды адамдарға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
7. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасының талаптарын конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсынысына әсер ететiн өлшемшарттардың салыстырмалы мәнiн конкурстық баға ұсыныстарына қолданбау бөлiгiнде бұзу –
лауазымды адамдарға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
8. Әлеуеттi өнiм берушiнi және (немесе) ол тартатын жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердiгерлерін (бiрлесiп орындаушыларын) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген негiздер бойынша бiлiктiлiк талаптарына және (немесе) конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) талаптарына сәйкес келмейді деп тану –
лауазымды адамдарға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
9. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде конкурстық құжаттамада бiртектi тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бірнеше түрін олардың біртекті түрлеріне қарай және (немесе) оларды беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлмеу –
лауазымды адамдарға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
10. Конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) заңсыз шешiм қабылдауына негiз болған, сараптама комиссиясының не сарапшының көрiнеу жалған сараптамалық қорытынды дайындауы –
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
11. Мынадай:
1) тапсырыс беруші өнім берушімен мемлекеттік сатып алу туралы шартты біржақты тәртіппен бұзған, оны орындау барысында өнім берушінің біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) талаптарына сәйкес келмейтіні немесе нәтижесінде осындай шарт жасалып, оның конкурс (аукцион) жеңімпазы болуына мүмкіндік берген осындай талаптарға сәйкестігі туралы анық емес ақпарат бергені анықталған;
2) өнiм берушi өзiмен жасалған мемлекеттiк сатып алу туралы шарт бойынша мiндеттемелерiн орындамаған не тиiсiнше орындамаған жағдайларда, тапсырыс берушiнiң әлеуеттi өнiм берушiлердi, өнiм берушiлердi мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгiнбеуi немесе уақтылы жүгiнбеуi –
лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
12. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген жағдайларда, мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру –
лауазымды адамдарға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
13. Конкурсқа (аукционға) қатысуға алдын ала жіберу хаттамаларында конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы әлеуетті өнім берушінің конкурсқа (аукционға) қатысуға өтінімін қабылдамау себептерін егжей-тегжейлі сипатталуын, оның ішінде оның біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) талаптарына сәйкес келмейтінін растайтын мәліметтер мен құжаттарды көрсетпеу –
лауазымды адамдарға он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
14. Осы баптың бiрiншi, алтыншы және жетінші бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк) –
лауазымды адамдарға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
15. Осы баптың екiншi, оныншы және он үшінші бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк) –
лауазымды адамдарға алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
16. Осы баптың тоғызыншы бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –
лауазымды адамдарға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
17. Осы баптың үшiншi және он бірінші бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк) –
лауазымды адамдарға екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
Ескертпелер.
1. Осы бапта лауазымды адамдар деп:
1) бiрiншi бөлiкте – мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының, тапсырыс берушінің бiрiншi басшыларын немесе олардың мiндеттерiн атқаратын, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру мен өткiзу рәсiмдерiн жүзеге асыруға жауапты адамдарды және (немесе) конкурстық құжаттаманы (аукциондық құжаттаманы) әзiрлеуге тiкелей қатысатын адамдарды;
2) екінші бөлікте – мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, тапсырыс берушінің бірінші басшыларын немесе олардың міндеттерін атқаратын, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу рәсімдерін жүзеге асыруға жауапты адамдарды;
3) үшiншi бөлiкте – тапсырыс берушiнiң бiрiншi басшысын не жауапты хатшысын немесе Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын, жауапты хатшы өкiлеттiгiн жүзеге асыратын өзге де лауазымды адамын не оның мiндетiн атқаратын адамды;
4) төртінші бөлікте – конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) төрағасын және оның орынбасарын, сондай-ақ конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) мүшелері мен хатшысын;
5) бесінші бөлiкте – тапсырыс берушiнiң бiрiншi басшысын не жауапты хатшысын немесе Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын, жауапты хатшы өкiлеттiгiн жүзеге асыратын өзге де лауазымды адамын не оның мiндетiн атқаратын адамды;
6) алтыншы бөлiкте – мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, тапсырыс берушінінің бірінші басшыларын немесе олардың мiндеттерiн атқаратын, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру мен өткiзу рәсiмдерiн жүзеге асыруға жауапты адамдарды;
7) жетінші бөлiкте – конкурстық комиссияның төрағасын және оның орынбасарын, сондай-ақ конкурстық комиссияның мүшелерін;
8) сегізінші бөлікте – конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) төрағасын және оның орынбасарын, сондай-ақ конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) мүшелерін;
9) тоғызыншы, он бірінші және он екінші бөліктерде – мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, тапсырыс берушінің бірінші басшыларын немесе олардың мiндеттерiн атқаратын, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру мен өткiзу рәсiмдерiн жүзеге асыруға жауапты адамдарды;
10) он үшінші бөлікте – конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) төрағасын және оның орынбасарын, сондай-ақ конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) мүшелерін түсінген жөн.
2. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама тексерілетін тұлғаға тапсырылған күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар дербес жойылған жағдайда, лауазымды адам осы бапта көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.
Ескерту. 207-бап жаңа редакцияда - ҚР 04.12.2015 № 435-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
208-бап. Қазақстан Республикасының кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы заңнамасының талаптарын бұзу
1. Кредиттiк бюроның Қазақстан Республикасының кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы заңнамасын бұзуы –
заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Кредиттiк тарих субъектiсi туралы терiс ақпараты бар кредиттiк тарих субъектiсi және (немесе) кредиттік есеп туралы терiс ақпарат ұсыну жағдайларын қоспағанда, ақпарат берушiнiң кредиттік тарихты қалыптастыру үшiн кредиттiк тарих субъектiсi туралы мәліметтерді кредиттiк бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттiк бюроны қоспағанда) беруі және (немесе) кредиттiк есептi алушының ақпарат субъектiсiнiң келiсiмiнсiз кредиттiк есептi ұсыну туралы сұрау салуды беруi, сондай-ақ оны дұрыс ресiмдемеу –
жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға – елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Ақпарат берушiнiң Қазақстан Республикасының кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы заңнамасына сәйкес ұсынылуы талап етілетін, кредиттiк тарих субъектiсiнен алынған мәліметтерді кредиттік бюроға ұсынбауы, сол сияқты уақтылы ұсынбауы не анық емес мәліметтерді ұсынуы –
жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға – елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе. Мәліметтер деп кредиттік тарихты қалыптастыру және оларды пайдалану жүйесіне қатысушылар беретін, қажет болған кезде электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылатын электрондық және қағаз жеткізгіштердегі кредиттік тарих субъектілеріне қатысты мәліметтер түсініледі.
209-бап. Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасын бұзу
Концессионердi таңдау жөнiндегi конкурстың талаптарына, сондай-ақ концессиялық өтiнiмi үздiк деп танылған конкурсқа қатысушымен концессиялық жобаны және концессия шартының талаптарын нақтылау бойынша келiссөздер жүргiзу барысында концессиялық өтiнiмнiң бастапқы параметрлерiне және сипаттамаларына өзгерiстер енгiзу –
лауазымды адамдарға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе. Осы бапта лауазымды адамдар деп концессия жөнiндегi конкурсты ұйымдастырушының бiрiншi басшыларын немесе конкурсты ұйымдастыру және өткiзу рәсiмдерiн жүзеге асыру үшiн жауапты, олардың мiндеттерiн атқаратын адамдарды түсiну керек.
210-бап. Тіркеу куәлігінде көзделген жағдайларда, валюталық шартты (түпнұсқаны немесе оның көшірмелерін) ұсынбай валюталық операциялар бойынша төлемдер мен ақша аударымдарын жүргiзу
1. Уәкiлеттi банктердiң тіркеу куәлігінде көзделген жағдайларда, валюталық шартты (түпнұсқа немесе оның көшірмелерін) ұсынбай валюталық операциялар бойынша төлемдер мен ақша аударымдарын жүргiзуi –
ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе. Егер валюталық шарт экспортпен немесе импортпен байланысты болса және келісімшарттың есепке алу нөмірін алуды талап етсе, валюталық шарттың түпнұсқасы немесе келісімшарттың есепке алу нөмірі алынғаны туралы белгісі бар оның көшірмесі беріледі.
211-бап. Қазақстан Республикасының микроқаржы ұйымдары туралы заңнамасының талаптарын бұзу
1. Микроқаржы ұйымдарының "Микроқаржы ұйымдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделмеген қызмет түрлерiн жүзеге асыруы –
бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Микроқаржы ұйымының шындыққа сәйкес келмейтiн жарнаманы бұқаралық ақпарат құралдарында ол жарияланған күнi таратуы немесе орналастыруы, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, –
бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Микроқаржы ұйымдарының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне Қазақстан Республикасының микроқаржы ұйымдары туралы заңнамасында талап етiлетiн ақпаратты бермеуi, сол сияқты бiрнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде екi және одан да көп рет) уақтылы бермеуi не микроқаржы ұйымдарының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне Қазақстан Республикасының микроқаржы ұйымдары туралы заңнамасына сәйкес берiлуi талап етiлетiн мәлiметтердi қамтымайтын ақпаратты беруi не анық емес ақпаратты беруi –
екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Микроқаржы ұйымдарының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген пруденциялық нормативтердi және (немесе) сақталуы мiндеттi басқа да нормалар мен лимиттердi бiрнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде екi және одан да көп рет) бұзуы –
үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Микроқаржы ұйымдарының клиенттермен жасасқан микрокредит беру туралы шарттарында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен есептелген сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің мөлшерін көрсетпеуі, сол сияқты микроқаржы ұйымының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің нормативтік құқықтық актісінде айқындалған сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің шекті мөлшерінен асыруы –
заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Микроқаржы ұйымдарының клиенттердiң төлем құжаттарын жоғалтуы –
заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
212-бап. Қаржы ұйымдарының және өзге де тұлғалардың қаржылық және өзге де есептілікті ұсыну мерзiмдерiн бұзуы
РҚАО-ның ескертпесі!
1-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 24.11.2015 № 422-V Заңымен (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
1. Қаржы ұйымдарының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес ұсынылуы талап етiлетiн қаржылық және өзге де есептілікті белгіленген мерзімде бiрнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде екi және одан да көп рет) ұсынбауы –
заңды тұлғаларға екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Микроқаржы ұйымдарының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес ұсынылуы талап етiлетiн қаржылық және өзге де есептілікті белгіленген мерзімде бiрнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде екi және одан да көп рет) ұсынбауы –
заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Банк холдингтерінiң, сақтандыру холдингтерiнiң Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес ұсынылуы талап етiлетiн есептілікті белгіленген мерзімде бiрнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде екi және одан да көп рет) ұсынбауы –
заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
РҚАО-ның ескертпесі!
213-бапқа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 24.11.2015 № 422-V Заңымен (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
213-бап. Қазақстан Республикасының банк заңнамасының талаптарын бұзу
1. Банктердiң, банк құрылтайшыларының (акционерлерінің) және (немесе) оның үлестес тұлғаларының, сондай-ақ банк холдингтерiнiң және банктің ірі қатысушысы, банк холдингi белгiлерiне сәйкес келетiн тұлғалардың, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың мәлiметтердi немесе өзге де сұратылатын ақпаратты бермеуі, сол сияқты бiрнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде екi және одан да көп рет) уақтылы бермеуі –
жеке тұлғаларға – елу, заңды тұлғаларға екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Банктердiң, банк құрылтайшыларының (акционерлерінің) және (немесе) оның үлестес тұлғаларының, сондай-ақ банк холдингтерiнiң және банктің ірі қатысушысы, банк холдингi белгiлерiне сәйкес келетiн тұлғалардың, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың анық емес, сол сияқты толық емес есептілікті, мәліметтерді немесе өзге де сұратылатын ақпаратты беруі –
жеке тұлғаларға – елу, заңды тұлғаларға екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бiрiншi, екінші бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк) –
заңды тұлғаларға алты жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгiлеген пруденциялық нормативтердi және (немесе) сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан да көп) бұзуы –
заңды тұлғаларға үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Банктердiң Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген ең төменгi резервтiк талаптардың нормативтерiн бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік үш ай ішінде екі және одан да көп) бұзуы –
заңды тұлғаларға үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Банктердiң, банк холдингтерінің, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес тыйым салынған не Қазақстан Республикасының банк заңнамасын бұзып, сол сияқты олардың құқықтық қабiлетiнің шегiнен шығатын операциялар мен мәмiлелердi жүзеге асыруы –
заңды тұлғаларға мәмiле сомасының оннан бiр пайызы, бірақ айлық есептік көрсеткіштің кемінде екі жүз және бір мыңнан аспайтын мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Осы баптың алтыншы бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –
заңды тұлғаларға мәмiле сомасының бiр пайызы, бiрақ айлық есептiк көрсеткiштiң кемінде төрт жүз және екi мыңнан аспайтын мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың есептіліктегі көрсеткiштердiң не Қазақстан Республикасының банк заңнамасында айқындалған пруденциялық нормативтердiң және (немесе) сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердiң орындалуы туралы мәлiметтердiң бұрмалануына әкеп соққан есептілікті жасауы –
заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
9. Осы баптың сегізінші бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –
заңды тұлғаларға алты жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
10. Банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың клиенттермен жасасылатын шарттарда анық, жылдық, тиімді, салыстырмалы түрде есептелген сыйақы мөлшерлемесін көрсету жөніндегі, сондай-ақ қарыздар мен салымдар (банкаралықты қоспағанда) бойынша сыйақының шамалары туралы ақпаратты тарату, оның ішінде оны жариялау кезінде міндеттерін орындамауы –
Достарыңызбен бөлісу: |