918-бап. Жол жүрiсi қағидаларын бiлудi тексеру туралы қаулыны орындау
Жол жүрiсi қағидаларын бiлудi тексеру туралы қаулыны заңнамада белгiленген тәртiппен ішкi iстер органдары орындайды.
918-1-бап. Қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білуін тексеру туралы қаулыны орындау
Қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білуін тексеру туралы қаулыны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ішкі істер органдары орындайды.
Ескерту. 52-тарау 918-1-баппен толықтырылды - ҚР 22.12.2016 № 28-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
53-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
919-бап. Осы Кодексті қолдану тәртібі
1. Осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген сот, органдар (лауазымды адамдар) шығарған және орындалмаған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулылар, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заң әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылықты жеңілдететін немесе күшін жоятын не әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаның жағдайын өзгеше жолмен жақсартатын жағдайда заңның кері күшін белгілейтін осы Кодекстің 5-бабына оларды сәйкес келтіру мақсатында қайта қаралуға жатады. Бұрын шығарылған қаулыларды қайта қарауды өзіне қатысты қаулы шығарылған тұлғаның арызы бойынша қаулы шығарған сот судьясы, органның лауазымды адамы жүргізеді.
2. 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін шығарылған сот актілеріне осы Кодексте белгіленген тәртіппен шағым жасалуы, наразылық келтірілуі мүмкін.
Ескерту. 919-бап жаңа редакцияда - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
919-1-бап. Осы Кодекстің бабының қолданысын тоқтата тұру
Осы Кодекстің 329-бабының қолданысы 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.
Ескерту. 53-тарау 919-1-баппен толықтырылды - ҚР 08.04.2016 № 491-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
920-бап. Осы Кодексті қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап:
2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 17, 136-құжат; № 19, 145-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11, 13, 14, 16-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 26, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84, 85-құжаттар; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 93, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 10, 11, 13-құжаттар; № 4, 21-құжат; № 7, 36-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 54, 56-құжаттар; № 13, 62, 63, 64-құжаттар; № 14, 72, 74, 75-құжаттар; № 15, 77, 78, 79, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 6, 9-құжаттар; № 2, 10, 11-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 46, 49-құжаттар; 2014 жылғы 14 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2014 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы Кодекс, мұнай өнімдерін өндірушілер үшін 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап, мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер, импорттаушылар, мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілер, мұнай берушілер үшін 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 281-баптың бесінші бөлігінің 4) және 8) тармақшаларын және 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 282-баптың үшінші бөлігінің 6) тармақшасын қоспағанда, 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Ескерту. 920-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 09.04.2016 № 500-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының
|
|
Президенті
|
Н.Назарбаев
|
Достарыңызбен бөлісу: |