3) жануарлар дүниесiн қорғау мәселелерiмен айналысатын аңшылық және балық шаруашылығы қорықшыларының, директорларының (382, 383 (бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктері)-баптар);
4) күзету iс-шараларын жүргiзу кезiнде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiнiң лауазымды адамдарының (297, 485, 504, 614, 675-баптар);
5) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері мен қызметшілеріне қатысты Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдары лауазымды адамдарының (437, 440 (бірінші, екінші және үшінші бөліктері), 441, 444 (екінші бөлігі) 484, 485 құқығы бар.
Ескерту. 804-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 272-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 10.01.2015 № 275-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.04.2015 № 310-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.05.2015 № 312-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.08.2015 № 343-V(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2015 № 366-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқаенгізіледі); 31.10.2015 № 378-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.11.2015 № 393-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.12.2015 № 429-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.11.2015 № 411-V (01.01.2016 бастап қолданысқаенгізіледі); 06.04.2016 № 484-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.04.2016 № 496-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.04.2016 № 504-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.11.2015 № 424-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.04.2016 № 506-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) ; 07.04.2016 № 487-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) ; 26.07.2016 № 12-VI(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 22.12.2016 № 28-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 09.04.2016 № 501-V (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2016 № 34-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
805-бап. Прокурордың әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша іс жүргізуді қозғауы
1. Прокурор осы Кодекстің 74, 75, 76, 77, 78, 79, 81, 82, 82-1, 93, 94, 95, 96, 97, 98, 99, 100, 101, 102, 103, 104, 105, 106, 107, 108, 109, 110, 111, 112, 113, 114, 115, 116, 117, 118, 119, 120, 121, 122, 123, 124, 125, 126, 129, 130, 173, 189, 214, 361, 362, 363, 439, 451, 452, 453, 455, 456, 456-1, 457, 465, 490, 498, 507, 508, 653, 660, 666, 675, 680-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iс қозғау жөнінде қаулы шығарады.
2. Прокурор іс қозғау туралы және өзге де әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы қаулы шығаруға құқылы.
3. Прокурордың әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша іс жүргізуді қозғау туралы қаулысында осы Кодекстiң 803-бабында көзделген мәлiметтер қамтылуға тиiс.
Ескерту. 805-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 19.05.2015 № 315-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.11.2015 № 404-V(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
806-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасау мерзiмдерi
1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама әкімшілік құқық бұзушылық жасау фактісі анықталғаннан кейін дереу жасалады.
2. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде белгіленген тәртіппен жүргізілетін тексеру барысында әкімшілік құқық бұзушылық анықталған кезде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама тиісті тексеру аяқталғаннан кейін дереу жасалады.
3. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде тыйым салынған монополистік қызметті, жосықсыз бәсекелестікті, сондай-ақ мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымдардың бәсекелестікке қарсы әрекеттерін (әрекетсіздігін) жүзеге асыру кезінде әкімшілік құқық бұзушылық анықталған жағдайларда хаттама тергеп-тексеру нәтижелері бойынша тиісті шешім қабылданғаннан кейін дереу жасалады.
4. Салық салу не бюджет қаражатын пайдалану саласындағы, техникалық реттеу және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласында әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар анықталған жағдайларда, хаттама тиісті тексеру аяқталғаннан кейін дереу жасалады.
5. Осы Кодекстің 897-бабында айқындалған тәртіппен айыппұл төленбеген жағдайда, хаттама осы Кодекстің көрсетілген бабында белгіленген мерзім өткеннен соң бір тәулік ішінде жасалады.
6. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың мән-жайларын, өздерiне қатысты iс қозғалған жеке тұлғаның жеке басын немесе заңды тұлға туралы мәлiметтердi және заңды тұлға өкiлiнiң жеке басын қосымша анықтау талап етiлетін жағдайларда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама көрсетілген мән-жайлар анықталған күннен бастап үш тәулік ішінде, ал осы Кодекстiң 210, 217, 218, 220, 222, 227 (бірінші және екінші бөліктерінде), 239 (үшiншi және төртінші бөліктерінде), 243, 244, 251, 252, 464 (бiрiншi бөлiгiнде), 571, 572, 573, 574, 575, 576, 593 (бiрiншi бөлiгiнде – бұл бұзушылықтар жолаушылар мен жүктердi тасымалдау қағидаларын бұзушылықтар болып табылған кезде; екiншi, үшiншi, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөлiктерiнде) және 609-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі материалдарды аумақтық филиалдарға беру кезінде құқық бұзушылық немесе оны жасаған тұлға табылған кезден бастап он тәулік ішінде жасалады.
7. Сараптама жүргiзу талап етiлетiн жағдайда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама сараптама қорытындысы алынған кезден бастап екі тәулiк iшiнде жасалады.
8. Осы Кодекстің 324 (бiрiншi бөлiгi), 337 (бiрiншi бөлiгi), 344, 347, 394 (екiншi бөлiгi)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша қоршаған ортаға келтiрiлген зиян сомасының мөлшерiн белгiлеу талап етiлетін жағдайларда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама қоршаған ортаға келтiрiлген зиян сомасының мөлшерi белгiленген кезден бастап бiр тәулiк iшiнде жасалады.
9. Осы баптың алтыншы бөлiгiнде көрсетiлген талаптар жеке тұлғаның анықталмауына байланысты орындалуы мүмкiн емес жағдайларда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама осы бапта белгiленген мерзiмдерде әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау фактiсi бойынша жасалады.
Ескерту. 806-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2016 № 34-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
807-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалмайтын жағдайлар
1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама:
1) ескерту түрiнде әкiмшiлiк жаза қолдануға әкеп соғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жағдайларда, егер тұлға құқық бұзушылық жасау фактісін мойындаса;
2) егер әкімшілік құқық бұзушылық автоматты режимде жұмыс істейтін сертификатталған арнайы техникалық бақылау-өлшеу құралдарымен және аспаптарымен тіркелсе, жасалмайды. Айыппұл арнайы техникалық бақылау-өлшеу құралының немесе аспабының көрсеткіштері қоса беріліп, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама түрінде ресімделеді, бұл жөнінде көлік құралының меншік иесі (иесі) тиісті түрде хабардар етіледі;
3) егер адам әкімшілік құқық бұзушылық жасау фактісін мойындаған және жазаның қолданылуымен келіскен, сондай-ақ осы Кодекстің 897-бабына сәйкес айыппұлды төлеген жағдайда, мемлекеттік кіріс органдары қарайтын істер бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар жасалған кезде;
РҚАО-ның ескертпесі!
4) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 16.11.2015 № 406-V Заңымен (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).
4) жеке тұлғалар бұзылған құқықтарын қалпына келтiру туралы арызбен жүгінген кезде осы Кодекстiң 74, 75, 76, 78, 81, 82, 82-1, 83, 84, 85, 86, 87, 88, 89, 90, 91, 92, 93, 94, 95, 96, 97, 98, 99, 100, 101, 102, 103, 104, 105, 106, 107, 108, 109, 110, 111, 112, 113, 114, 115, 116, 117, 118, 119, 120, 121, 122, 123, 124, 125, 126, 128, 130, 132 және 456-1-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi сот құқық бұзушылық туралы хаттама жасамай қарайды;
5) егер әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзу прокурор қаулысымен қозғалса және судья (сот) тікелей соттың қарауы барысында осы Кодекстің 684-бабының үшінші бөлігінде көзделген жағдайларда сотты құрметтемеушілік фактісін анықтаған кезде жасалмайды.
2. Қаржы және сауда саласындағы құқық бұзушылықты қоспағанда, ескерту түрiндегi жазаны оған уәкiлеттiк берiлген лауазымды адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде ресiмдейдi.
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған тұлға ескерту жасау туралы қаулының екiншi данасына қол қою арқылы қолданылған жазаға өзiнiң келiсімiн растайды.
Ескерту. 807-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 19.05.2015 № 315-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.11.2015 № 404-V(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
808-бап. Хаттаманы (прокурордың қаулысын) iстi қарау үшiн жiберу
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама (прокурордың қаулысы) қарау үшiн жасалған кезден бастап үш тәулiк iшiнде судьяға, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттiк берiлген органға (лауазымды адамға) жiберiледi.
Жасалғаны үшiн жауаптылық әкiмшiлiк қамаққа алуды қолдануға әкеп соғуы мүмкiн әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама (прокурордың қаулысы) ол жасалғаннан кейiн судьяға дереу жiберiледi.
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама (прокурордың қаулысы) судьяға, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттiк берiлген органға (лауазымды адамға) жазбаша түрде не электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында жiберiлуі мүмкін.
Ескерту. 808-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
809-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзудi iстi қарауға бергенге дейiн тоқтату
Осы Кодекстiң 741 және 742-баптарында көзделген мән-жайлардың ең болмағанда бiреуi болған кезде, жүргiзуінде iс жатқан лауазымды адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзудi тоқтату туралы қаулы шығарады.
42-тарау. ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ІС БОЙЫНША
ҚЫСҚАРТЫЛҒАН ІС ЖҮРГІЗУ
810-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізудің негіздері
1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізу, егер құқық бұзушылық фактісін лауазымды адам оның жасалу орнында анықтаса, 44-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацына сәйкес ол үшін айыппұл түрінде әкімшілік жаза көзделген, оны жасаған, өз кінәсін мойындаған жеке тұлға анықталған және салынған айыппұл мөлшерімен келіскен жағдайларда жүзеге асырылады.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізу:
1) баптың санкциясында өзге де жаза түрлері көзделген;
2) құқық бұзушылықты кәмелетке толмаған адам жасаған;
3) құқық бұзушылықты артықшылық берілген немесе иммунитеті бар адамдар жасаған;
4) олар бойынша істерді мемлекеттік кіріс органдары қарайтын әкімшілік құқық бұзушылықтар жасалған;
5) егер әкiмшiлiк құқық бұзушылық автоматты режимде жұмыс iстейтiн сертификатталған арнайы техникалық бақылау-өлшеу құралдарымен және аспаптарымен тiркелген жағдайларда қолданылмайды.
Ескерту. 810-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
811-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізу тәртібі
1. Әкімшілік құқық бұзушылық табылған және оны жасаған тұлға белгіленген кезде, лауазымды адам әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы оның жасалу орнында жасайды және тұлғаға көрсетілген айыппұл сомасының елу пайыз мөлшеріндегі айыппұлды жеті тәулік ішінде төлеу құқығын түсіндіреді.
Лауазымды тұлға әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың көшірмесін адамға белгіленген үлгідегі түбіртекпен бірге тапсырады.
2. Көрсетілген айыппұл сомасының елу пайыз мөлшеріндегі айыппұл жеті тәулік ішінде төленген жағдайда, іс мәні бойынша қаралды деп есептеледі.
Осы тараудың қағидалары бойынша қаралған істі қайта қарау осы Кодекстің 46-тарауында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген құқық пайдаланылмаған немесе тиісінше пайдаланылмаған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу жалпы тәртіппен жүзеге асырылады.
Ескерту. 811-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
43-тарау. ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ІСТЕРДІ ҚАРАУ
812-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қаралатын орын
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс оның жасалған жерi бойынша, ал осы Кодексте көзделген жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iсті қарау ведомстволық бағыныстылығына жататын лауазымды адамның (уәкілетті мемлекеттік органның) орналасқан жері бойынша қаралады. Өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тұлғаның өтінішхаты бойынша іс осы тұлғаның тұрғылықты жері бойынша қаралуы мүмкін.
2. Осы Кодекстiң 333, 334, 571, 572, 574, 590, 591, 592, 593, 594, 595, 596, 597, 598, 599, 600, 601, 602, 603, 604, 605, 606, 607, 608, 609, 610, 611, 612, 613, 614, 615, 616, 617, 618, 619, 620, 621, 622, 623, 624, 625, 626, 627, 628, 629, 630, 631 және 632-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер көлiк құралдары, кемелер, оның iшiнде шағын көлемдi кемелер есепке алынған жер бойынша немесе өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша іс жүргiзiлiп жатқан тұлғаның тұрғылықты жерi бойынша да қаралуы мүмкiн.
3. Осы Кодекстiң 378, 379, 382, 383 және 440-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер олар жасалған жер бойынша немесе өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан тұлғаның тұрғылықты жерi бойынша қаралады.
4. Кәмелетке толмағандардың, олардың ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың әкiмшiлiк құқық бұзушылықтары туралы iстер өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан адамның тұрғылықты жерi бойынша қаралады.
813-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға әзiрлеу
1. Судья, орган (лауазымды адам) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға әзiрлеу кезiнде мына мәселелердi:
Достарыңызбен бөлісу: |