Әкімшілік құқық бұзушылық туралы



бет53/58
Дата24.05.2017
өлшемі9,45 Mb.
#16940
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58

      4) қаралып жатқан iс бойынша iс жүргiзу тiлi;

      5) осы Кодекстiң әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылық көзделетiн бабы;

      6) iстi қарау кезiнде анықталған мән-жайлар;

      7) iс бойынша шешiм;

      8) қаулыға шағым жасаудың тәртiбi мен мерзімдері;

      9) айыппұлды ерікті түрде төлеу немесе әкімшілік жазаның өзге түрін орындау мерзімдері көрсетілуге тиіс.

      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулы заңды және негізделген болуға тиiс.

      Егер судья әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жаза қолдану туралы мәселенi шешу кезiнде кiнәлiнiң мүлiктiк залалды өтеуi туралы мәселенi бiр мезгiлде шешсе, онда қаулыда өндіріп алуға жататын залалдың мөлшерi, оны өтеу мерзiмi мен тәртiбi көрсетiледi.

      Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберу туралы шешім шығарылған кезде, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының аумағын сол мерзім ішінде тастап кетуге тиіс қисында мерзім көрсетіледі.

      3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыда жеке тұлғаның өзімен бірге алып жүрген, алынып қойылған заттары мен құжаттары туралы, заңды тұлғаға тиесiлi алынып қойылған құжаттар мен мүлiк туралы мәселелер шешiлуге тиiс, бұл ретте:

      1) әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың құралдары не нысанасы болған және әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылған жеке немесе заңды тұлғаға тиесiлi заттар осы Кодекстiң 2-бөлiмiнің Ерекше бөлiгi нормаларының санкцияларында көзделген жағдайларда тәркiленедi не тиiстi мекемелерге берiледi немесе жойылады; қалған жағдайларда тиесiлiлігі бойынша қайтарылады;

      2) айналысына тыйым салынған заттар тиiстi мекемелерге берiледi немесе жойылады;

      3) құнды болып табылмайтын және пайдалануға келмейтін заттар жойылуға жатады, ал мүдделi тұлғалар өтiнiшхат берген жағдайларда оларға берiлуi мүмкiн;

      4) заттай дәлелдемелер болып табылатын құжаттар iсте оның бүкiл сақталу мерзiмi iшiнде қалады не мүдделi тұлғаларға берiледi.

      4. Қаулы шығарған судья, лауазымды адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға қол қояды.

823-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыны жариялау және қаулының көшiрмесiн тапсыру



      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулы iс қаралып бiткен соң дереу жарияланады.

      2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша өзіне қатысты қаулы шығарылған жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаның өкіліне, сондай-ақ жәбірленушіге, жеке тұлғаның заңды өкіліне, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғаған уәкілетті органға (лауазымды адамға) қаулының көшірмесі ол жарияланған күннен бастап үш тәулік ішінде тапсырылады және (немесе) жіберіледі.

      Әкiмшiлiк қамаққа алу туралы қаулы шығарылған, сондай-ақ іс бойынша іс жүргізу тоқтатылған жағдайда қаулының көшiрмесi прокурорға дереу жiберiледi.

      3. Ұйым атыс қаруын, сондай-ақ оқ-дәрiлердi қызметтiк мiндеттерiн орындауына байланысты сенiп берген немесе уақытша пайдалануға берген тұлғаға қатысты осы Кодекстiң 436 және 484-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша қаулының көшiрмесi тиiстi ұйымға жiберiледi.

      Ескерту. 823-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).


       

824-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша ұйғарым



      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша ұйғарымда шағым жасаудың мерзiмi мен тәртiбiн қоспағанда, осы Кодекстiң 822-бабының бiрiншi бөлiгiнде көзделген мәлiметтер көрсетiлуге тиiс.

825-бап. Жаңылыс, қате жазуларды және арифметикалық қателерді түзету



      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулы шығарған судья, орган (лауазымды адам) іс бойынша іс жүргізуге қатысушылардың, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыны орындайтын сот орындаушысының, органның (лауазымды адамның) арызы бойынша немесе өз бастамашылығымен: қаулыда жіберілген жаңылыс, қате жазуларды және арифметикалық қателерді қаулының мазмұнын өзгертпей түзетуге құқылы.

      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағымдарды, наразылықтарды қарау нәтижелері бойынша қабылданған қаулыдағы жаңылыс, қате жазуларды және арифметикалық қателерді түзету осы бапта белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

      3. Жаңылыс, қате жазуларды және арифметикалық қателерді түзетулер туралы арызды қарау арыз түскен күннен бастап үш тәулік ішінде жүргізіледі.

      4. Жаңылыс, қате жазуларды немесе арифметикалық қатені түзету ұйғарым түрінде жүргізіледі.

      5. Ұйғарымның көшірмесі ол шығарылған күннен бастап үш тәулік ішінде іс бойынша іс жүргізуге қатысушыларға, қаулыны орындайтын сот орындаушысына, органға (лауазымды адамға), сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасаған органға (лауазымды адамға) жіберіледі.

826-бап. Жекеше қаулы және ұсыну



      1. Заңдылықты бұзу жағдайлары айқындалған, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайлар анықталған кезде судья жекеше қаулы шығарады, ал орган (лауазымды адам) бұларды жою жөнінде шаралар қолдану туралы тиісті ұйымға және лауазымды адамдарға ұсыну енгізеді.

      Органның (лауазымды адамның) ұсынуына мамандандырылған аудандық және оған теңестірілген әкімшілік сотқа оны алған күннен бастап он тәулік ішінде шағым берілуі мүмкін. Соттың жекеше қаулысына оны алған күннен бастап он тәулік ішінде шешімі шағым жасалуға, наразылық келтіруге жатпайтын жоғары тұрған сотқа шағым жасалуы мүмкін.

      2. Ұйымдардың басшылары және басқа да лауазымды адамдар жекеше қаулы мен ұсынуды алған күннен бастап бір ай ішінде қарауға және қолданған шаралар туралы жекеше қаулы шығарған судьяға немесе ұсыну енгізген органға (лауазымды адамға) хабарлауға міндетті.

44-тарау. ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ІС БОЙЫНША ІС


ЖҮРГІЗУДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН ОРГАННЫҢ (ЛАУАЗЫМДЫ АДАМНЫҢ)
ӘРЕКЕТТЕРІНЕ (ӘРЕКЕТСІЗДІГІНЕ) ШАҒЫМ ЖАСАУ

827-бап. Шағым беру тәртібі



      1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын органның (лауазымды адамның) әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) және (немесе) мамандандырылған аудандық және оған теңестірілген әкімшілік сотқа шағым жасалуы мүмкін. Жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) алдын ала жүгіну сотқа арыз беру және соттың оны қарауға және мәні бойынша шешуге қабылдауы үшін міндетті шарт болып табылмайды.

      2. Шағымдар оларды қарауға және олар бойынша шешім қабылдауға заңмен уәкілеттік берілген мемлекеттік органға немесе сол лауазымды адамға беріледі.

      Шағымды қарауды әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған лауазымды адамға тапсыруға тыйым салынады.

      3. Шағымдар ауызша және жазбаша болуы мүмкін. Ауызша шағымдар хаттамаға енгізіледі, оған арыз беруші және шағымды қабылдаған лауазымды адам қол қояды. Тиісті лауазымды адамдардың қабылдауында адамдар баяндаған ауызша шағымдар жазбаша түрде берілген шағымдармен жалпы негіздерде шешіледі. Шағымға қосымша материалдар қоса берілуі мүмкін.

      4. Іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тілді білмейтін адамға шағымды өзінің ана тілінде немесе өзі білетін тілде беру құқығы қамтамасыз етіледі.

      5. Шағым берген тұлға оны қайтарып алуға құқылы. Өзіне қатысты іс қозғалған тұлға, жәбірленуші, заңды өкілін қоспағанда, өзінің қорғаушысының, өкілінің шағымын қайтарып алуға құқылы. Өзіне қатысты іс қозғалған тұлғаның мүддесінде берілген шағым тек оның жазбаша келісімі арқылы ғана қайтарылуы мүмкін. Шағымды қайтарып алу оның қайта берілуіне кедергі келтірмейді.

      6. Шағым беру шағым жасалып жатқан әрекеттің жүргізілуін және шағым жасалып жатқан шешімнің орындалуын тоқтата тұрмайды.

      Ескертпе. Егер тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында мамандандырылған ауданаралық әкiмшiлiк сот құрылмаған болса, олардың соттылығына жатқызылған iстердi аудандық (қалалық) соттар қарауға құқылы.

828-бап. Шағым беру мерзімі



      1. Адам өз құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы туралы өзіне белгілі болған күннен бастап екі ай ішінде жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) және (немесе) сотқа шағыммен жүгінуге құқылы.

      2. Шағым беру мерзімін өткізіп алу шағымды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылмайды. Мерзімді өткізіп алудың себептері шағымды мәні бойынша қарау кезінде анықталады және шағымды қанағаттандырудан бас тарту негіздерінің бірі болып табылуы мүмкін.

829-бап. Шағымды қарау тәртібі



      1. Шағымды қарай отырып, судья немесе орган (лауазымды адам) онда жазылған дәлелдерді жан-жақты тексеруге, қажет болған кезде қосымша материалдарды талап етіп алдыруға, тиісті лауазымды адамдардан, жеке және заңды тұлғалардан шағым жасалып жатқан әрекеттерге қатысты түсіндірмелер алуға міндетті.

      2. Шағым келіп түскен күннен бастап он тәулік ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері бойынша шағымды қанағаттандыру туралы не оны қанағаттандырудан бас тарту туралы қаулы қабылданады.

      Шағымды қанағаттандырудан бас тарту туралы қаулы органның (лауазымды адамның) қаулысының көшірмесін алған кезден бастап он тәулік ішінде – мамандандырылған аудандық және оған теңестірілген әкімшілік сотқа, сот қаулысы – шешімі шағым жасалуға, наразылық келтіруге жатпайтын жоғары тұрған сотқа шағым жасалуға жатады.

      3. Қаулының көшірмесі жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаның өкіліне кідіртілмей тапсырылады, ал бұл тұлғалар болмаған жағдайда, қаулы шығарылған күннен бастап бір тәулік ішінде оларға жіберіледі.

      4. Шағымды қарайтын орган (лауазымды адам) немесе судья өз өкілеттіктері шегінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуге қатысушылардың, сондай-ақ өзге тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерінің қалпына келтірілуіне дереу шаралар қолдануға міндетті.

45-тарау. ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ІСТЕР БОЙЫНША ЗАҢДЫ КҮШІНЕ ЕНБЕГЕН ҚАУЛЫЛАРДЫ ҚАЙТА ҚАРАУ



      Ескерту. 45-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқаенгізіледі).
      

830-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым жасау, наразылық келтіру құқығы



      1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға осы Кодекстiң 744745746747 және 748-баптарында аталған тұлғалар шағым жасауы, сондай-ақ прокурор наразылық келтіруі мүмкін.

      2. Мамандандырылған аудандық және оған теңестiрiлген әкiмшiлiк сот және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сот судьясының әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулысына жоғары тұрған сотқа шағым жасалуы, наразылық келтiрiлуi мүмкiн.

      3. Осы Кодекстің 818-бабы екінші бөлігінің тәртібімен судья (сот) шығарған сотты құрметтемеушілік фактісі туралы іс бойынша қаулыға жоғары тұрған сатыдағы сотқа шағым жасалуы, наразылық келтірілуі мүмкін. Жоғарғы Сот алқасының сотты құрметтемеушілік фактісі туралы іс бойынша сот отырысында шығарған қаулылары қайта қаралуға жатпайды.

      4. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша орган (лауазымды адам) шығарған қаулыға жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) немесе органның (лауазымды адамның) орналасқан жері бойынша мамандандырылған аудандық және оған теңестiрiлген әкiмшiлiк сотқа және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотқа шағым жасалуы, наразылық келтірілуi мүмкiн.

      5. Осы Кодекстiң 744745746747 және 748-баптарында аталған тұлғалардың жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) алдын ала жүгінуі сотқа шағым беру және соттың оны мәні бойынша қарауға және шешуге қабылдауы үшін міндетті шарт болып табылмайды.

831-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым жасау, наразылық келтіру тәртiбi



      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым iс бойынша қаулы шығарған судьяға, органға (лауазымды адамға) жiберiледi, ол шағым, наразылық түскен күннен бастап үш тәулік iшiнде оларды iстiң барлық материалдарымен бірге тиiстi сотқа, жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) жiберуге мiндеттi.

      2. Сотты құрметтемеушілік фактісі туралы iс бойынша қаулыға осы Кодекстің 830-бабының үшінші бөлігіне сәйкес шағым жасалған, наразылық келтірілген жағдайда, сот отырысы хаттамасынан фактінің анықталған бөлігінде үзінді көшірмені сот қаулыға қоса береді.

      3. Шағымдарды, наразылықтарды қарауға уәкілеттік берілген сотқа, жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) шағым берілуі, ал наразылық тікелей енгізілуі мүмкін.

      4. Судьяның әкiмшiлiк қамаққа алу түрiнде жаза қолдану туралы қаулысына шағым, наразылық жоғары тұрған сотқа шағым, наразылық алынған күнi жіберілуге жатады.

      5. Егер шағымды, наразылықты қарау әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым жасалған, наразылық келтірілген судьяның құзыретiне жатпайтын болса, шағым, наразылық ведомстволық бағыныстылығы бойынша жiберiледi.

832-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым жасау, наразылық келтіру мерзiмi



      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым, наразылық қаулының көшiрмесi тапсырылған күннен бастап он тәулік iшiнде, ал егер осы Кодекстiң 744745746747 және 748-баптарында аталған тұлғалар iстi қарауға қатыспаса, оны алған күннен бастап берiлуi мүмкiн.

      2. Салықтық тексеру нәтижелері бойынша анықталған, Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген салықтық міндеттеменің немесе Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы және міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасында көзделген міндеттердің орындалмауына немесе тиісінше орындалмауына байланысты шығарылған, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым, наразылық қаулының көшiрмесi тапсырылған немесе алынған күннен бастап отыз тәулік iшiнде берiлуi мүмкiн.

      3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) шағым жасалса, наразылық келтірілсе, осы баптың бірінші бөлігінде көзделген мерзім осы Кодекстiң 744745746747 және 748-баптарындааталған тұлғалардың шағым (наразылық) бойынша шешімнің көшірмелерін алған кезінен бастап есептеледі.

      4. Шағым, наразылық беру мерзімін өткізіп алу шағымды, наразылықты қарауға қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылмайды. Істі дұрыс шешу үшін мерзімдері мен олардың мәнін сот шағымның, наразылықтың мазмұнына қарамастан тексереді.

      Ескерту 832-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).


       

833-бап. Шағымның (наразылықтың) мазмұны



      1. Шағым (наразылық) жазбаша түрде не электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында берiледi және онда:

      1) шағым берiлiп отырған соттың, жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) атауы;

      2) шағым немесе наразылық берушiнiң тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде) (заңды тұлғаның дәл атауы), тұрақты тұрғылықты жерi немесе орналасқан жерi (пошта мекенжайы);

      3) құқықтық актiсiне немесе әрекетiне наразылық берiлiп отырған органның немесе мекеменiң атауы не лауазымды адамның тегi мен лауазымы;

      4) шағым жасалып немесе наразылық келтіріліп отырған құқықтық актiнiң немесе әрекеттiң мазмұны, сондай-ақ шағым немесе наразылық берушi құқықтық акт немесе әрекеттер өзiнiң құқықтарын және бостандықтарын бұзады деп есептейтiн себептер;

      5) шағым немесе наразылық берушi айқын тұжырымдаған өтінішхат көрсетiлуге тиiс.

      2. Шағымға немесе наразылыққа оны берушi қол қояды. Заңды тұлғаның атынан берiлетін шағымға оның өкiлi немесе осыған уәкiлеттiк берілген басқа да тұлға қол қояды.

      3. Егер шағым немесе наразылық басқа тұлғаның мүддесiнде берiлсе, онда мүддесi үшін шағым немесе наразылық берiлiп отырған адамның аты мен тегi, тұрақты тұрғылықты жерi немесе орналасқан жерi (пошта мекенжайы) көрсетілуі қажет. Шағымға өкiлеттiктi растайтын құжат қоса беріледі.

      4. Шағым немесе наразылық екi данада, сот, орган, (лауазымды адам) шығарған, шағым жасалып немесе наразылық келтіріліп отырған құқықтық актінің көшірмесі, сондай-ақ шағымда немесе наразылықта келтірілген дәлелдерге негiздеме ретінде өзге де құжаттар қоса беріледі.

      5. Келтірілген шағым, наразылық осы баптың бірінші бөлігінде көзделген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, олар берілді деп есептеледі, бірақ мерзімі көрсетіле отырып, толық ресімдеуге қайтарылады. Егер көрсетілген мерзім ішінде шағым, наразылық қайта жасалғаннан кейін сотқа, жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) берілмесе, олар берілмеген деп есептеледі.

      Ескерту. 833-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).


       

834-бап. Шағым берiлуiне немесе наразылық келтірілуiне байланысты қаулының орындалуын тоқтата тұру



      1. Шағымды белгiленген мерзiмде беру әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының орындалуын шағым қаралғанға дейiн тоқтата тұрады.

      2. Прокурордың әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының орындалуын оның заңдылығын тексеру кезiнде тоқтата тұруға, уәкiлеттi лауазымды адамдар мен органдарға (соттан басқа) қосымша тексеру жүргiзу туралы жазбаша нұсқаулар беруге құқығы бар. Тексеру нәтижелерi бойынша прокурор тиiстi органға қаулының күшiн жою немесе оны өзгерту туралы наразылық енгізеді немесе қаулының орындалуын тоқтата тұрудың күшiн жояды.

      3. Прокурордың наразылық келтіруі қаулының орындалуын наразылық қаралғанға дейiн тоқтата тұрады.

835-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағымды, наразылықты қарау мерзiмдерi



      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым, наразылық түскен күнінен бастап он тәулік ішінде қаралуға жатады.

      2. Әкiмшiлiк қамаққа алу туралы қаулыға шағым, наразылық, егер жауаптылыққа тартылған адам әкiмшiлiк қамаққа алуды өтеп жатса, шағым немесе наразылық берiлген кезден бастап бiр тәулiк iшiнде қаралуға жатады.

      3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзуге қатысушылардан өтiнiшхаттар түскен жағдайларда не iстiң мән-жайларын қосымша анықтау қажет болған кезде шағымды, наразылықты қарау мерзiмiн iстi қарап жатқан жоғары тұрған судья, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) ұзартуы мүмкiн, бірақ он тәуліктен аспайды. Сот, орган (лауазымды адам) шағымды (наразылықты) қарау мерзімін азаматтық, қылмыстық немесе әкімшілік сот ісін жүргізуде қаралып жатқан басқа іс шешілгенге дейін оны қарау мүмкін болмаған кезде, сондай-ақ олардың негізінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған, салықтық және (немесе) кедендік тексерулердің нәтижелеріне жоғары тұрған органға шағым жасалған жағдайда тоқтата тұруға міндетті. Мерзімді ұзарту туралы уәжделген ұйғарым шығарылады.

      Ескерту. 835-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


       

836-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағымды, наразылықты жоғары тұрған сот судьясының, жоғары тұрған орган басшысының немесе оның орынбасарының жеке-дара қарауы



      Мамандандырылған аудандық және оған теңестірілген әкімшілік сот және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сот судьясының, органның (лауазымды адамның) әкімшілік құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулысына шағымды, наразылықты жоғары тұрған соттың судьясы, жоғары тұрған лауазымды адам немесе жоғары тұрған органның басшысы (басшының орынбасары) жеке-дара қарайды.

      Осы Кодекстің 818-бабының екінші бөлігінде көзделген тәртіппен судья (сот) шығарған сотты құрметтемеушілік фактісі туралы іс бойынша сот қаулысына шағымды, наразылықты жоғары тұрған соттың судьясы жеке-дара қарайды, ал мұндай қаулыны апелляциялық сот шығарған жағдайда, жоғары тұрған сатыдағы сот алқасы қарайды.

      Ескерту. 836-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).


       

837-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағымды, наразылықты қарауға әзiрлеу



      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағымды, наразылықты қарауға әзiрлеу кезiнде судья, жоғары тұрған орган, (лауазымды адам):

      1) іс бойынша iс жүргiзудi болғызбайтын мән-жайлардың бар-жоғын анықтайды;

      2) өтiнiшхатты шешедi, қосымша материалдарды талап етіп алдырады, шағымды, наразылықты қарау үшiн қатысуы қажет деп танылған тұлғаларды шақырады; қажет болған кезде судья сараптама тағайындайды;

      3) егер шағымды, наразылықты қарау өзiнiң құзыретiне жатпаса, оларды істің барлық материалдарымен ведомстволық бағыныстылығы бойынша жiбередi.

838-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағымды, наразылықты қарау



      1. Судья, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағымды, наразылықты қарауға кiрiскенде:

      1) шағымды, наразылықты кiм қарайтынын; қандай шағым, наразылық қаралуға жататынын; шағымды, наразылықты кiм бергенiн жариялайды;

      2) iс бойынша өзiне қатысты қаулы шығарылған жеке тұлғаның немесе заңды тұлға өкiлiнiң, сондай-ақ шағымды, наразылықты қарауға қатысу үшiн шақырылған адамдардың келгенiне көз жеткiзедi;

      3) жеке немесе заңды тұлға өкiлдерiнiң, қорғаушының және өкiлдiң өкiлеттiктерін тексередi;

      4) іс бойынша iс жүргiзуге қатысушылардың келмеу себептерiн анықтайды және олардың қатысуынсыз шағымды, наразылықты қарау туралы не шағымды, наразылықты қарауды кейiнге қалдыру туралы шешiм қабылдайды;

      5) шағымды, наразылықты қарауға қатысатын тұлғаларға олардың құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiредi;

Каталог: images -> files
files -> Рабочая программа разработана на 35часов в год из расчета 1 час в неделю, их них плановых практических работ 7
files -> Зиганшина Гузель Нурмухаметовна 2012-2013 учебный год
files -> Камско-Устьинского муниципального района, Республики Татарстан
files -> Всё об электричестве
files -> Муниципальная бюджетная организация дополнительного образования «Алексеевская детская школа искусств»
files -> Урок с участием учителя -ветерана войны в 9 классе моу
files -> Планирование курса «Биология. Животные»
files -> Главные труды Эвклида "Начала" латинизированное назв


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет