Әкімшілік құқық бұзушылық туралы



бет14/58
Дата24.05.2017
өлшемі9,45 Mb.
#16940
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   58

      заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      11. Банктің бұқаралық ақпарат құралдарында ол жарияланған күні шындыққа сәйкес келмейтiн жарнаманы хабарлауы немесе жариялауы -

      екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      12. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалған, сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің шекті мөлшерін асыруы –

      заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      13. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың жеке тұлғалармен жасасылатын банктік қарыз шарттары бойынша, оның ішінде ипотекалық қарыз шарттары бойынша сыйақының құбылмалы мөлшерлемесін есептеу тәртібін, оның қолданылу шарттарын бұзуы –

      заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

214-бап. Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға)және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын бұзу



      1. Қаржы мониторингі субъектілерінің Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын қаржы мониторингіне жататын операциялар, өздерінің клиенттерi туралы ақпаратты құжаттық тіркеу, сақтау және беру, клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру, қаржы мониторингіне жататын операцияларды жүргізуді тоқтата тұру және одан бас тарту, өз қызметi процесінде алынған құжаттарды қорғау бөлігінде бұзуы –

      жеке тұлғаларға – бір жүз, лауазымды адамдарға, нотариустар мен адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Қаржы мониторингі субъектілерінің ішкі бақылау қағидаларын және оны жүзеге асыру бағдарламаларын әзірлеу, қабылдау және (немесе) орындау жөніндегі міндеттерді орындамауы не ішкі бақылау қағидаларының Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі –

      жеке тұлғаларға – бір жүз, лауазымды адамдарға, нотариустар мен адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне тоғыз жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Қаржы мониторингі субъектілерінің лауазымды адамдарының өз клиенттері мен өзге де тұлғаларға қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға берілген ақпарат туралы хабарлауы –

      бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      4. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –

      жеке тұлғаларға – бір жүз елу, лауазымды адамдарға, нотариустар мен адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      5. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде үш және одан да көп рет жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) -

      алты айға дейінгі мерзімге белгілі бір қызмет түріне лицензияның қолданысын тоқтата тұрып немесе біліктілік аттестатынан (куәлігінен) уақытша айыра отырып не олардан айырып, немесе үш айға дейінгі мерзімге заңды тұлғаның қызметін тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға – екі жүз, лауазымды адамдарға, адвокаттарға, нотариустарға, дара кәсіпкерлерге – төрт жүз, тауар биржалары, бухгалтерлік қызмет көрсету саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларға, микроқаржы ұйымдарына, банк болып табылмайтын электронды ақша жүйесі опреаторларына, ойын бизнесін және лотореяны ұйымдастырушыларға, пошта операторларына, аудиторлық ұйымдарға – екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескерту. 214-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 02.08.2015 № 343-V Заңымен (01.04.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).


       

215-бап. Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тәртібін бұзу



      1. Қаржы ұйымдарының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тәртібін бұзуы, егер қаржы ұйымы анықталған бұзушылықтарды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген мерзімдерде жоймаған жағдайда, –

      заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Банк конгломератының немесе сақтандыру тобының бас ұйымының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген, шоғырландырылған негізде тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарды бұзуы, егер банк конгломератының немесе сақтандыру тобының бас ұйымы анықталған бұзушылықтарды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген мерзімдерде жоймаған жағдайда, –

      заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

216-бап. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің бюджеттік инвестициялар нәтижелеріне қол жеткізбеуі



      1. Еншілес, тәуелді және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың қаржылық-экономикалық негіздемеде көзделген, олардың жарғылық капиталдарына мемлекеттің қатысуы арқылы салынатын бюджеттік инвестициялардың нәтижелеріне қол жеткізбеуі –

      лауазымды адамдарға – бірінші басшыларға төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет қатысушысы немесе акционері болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, акционерлік қоғамдардың мемлекеттің қатысуы арқылы олардың жарғылық капиталдарына салынатын бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемеде көзделген нәтижелеріне қол жеткізбеуі -

      лауазымды адамдарға – бірінші басшыларға төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

217-бап. Валюталық бақылау агенттерінің есептілікті ұсыну тәртібі мен мерзімдерін бұзуы



      1. Валюталық бақылау агенттерінің клиенттердің операциялары бойынша есептілікті уақтылы ұсынбауы –

      заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –

      орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Валюталық бақылау агенттерінің клиенттердің операциялары бойынша анық емес есептілікті ұсынуы –

      заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.

      4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –

      орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      5. Валюталық бақылау агенттерінің клиенттердің операциялары бойынша есептілікті ұсынбауы –

      орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

218-бап. Уәкілетті банктердің сұраныс пен ұсыныс көздеріне, сондай-ақ ішкі валюта нарығында шетел валютасын пайдалану бағыттарына мониторингті жүзеге асыру мақсаттары үшін есептілікті ұсыну тәртібі мен мерзімдерін бұзуы



      1. Уәкілетті банктердің сұраныс пен ұсыныс көздеріне, сондай-ақ ішкі валюта нарығында шетел валютасын пайдалану бағыттарына мониторингті жүзеге асыру мақсаттары үшін есептілікті уақтылы ұсынбауы –

      заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –

      заңды тұлғаларға қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Уәкілетті банктердің сұраныс пен ұсыныс көздеріне, сондай-ақ ішкі валюта нарығында шетел валютасын пайдалану бағыттарына мониторингті жүзеге асыру мақсаттары үшін анық емес есептілікті ұсынуы –

      заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.

      4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –

      заңды тұлғаларға қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      5. Уәкілетті банктердің сұраныс пен ұсыныс көздеріне, сондай-ақ ішкі валюта нарығында шетел валютасын пайдалану бағыттарына мониторингті жүзеге асыру мақсаттары үшін есептілікті ұсынбауы –

      заңды тұлғаларға сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

219-бап. Әкімшілік шығыстар бойынша заттай нормалардан асыру



      Мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің нормативтік құқықтық актілерде белгіленген әкімшілік шығыстар бойынша заттай нормалардан асыруы –

      бірінші басшыларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      РҚАО-ның ескертпесі!


      220-бапқа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 24.11.2015 № 422-V Заңымен (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
       

220-бап. Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамасын, клиенттерге банктік қызмет көрсетуге байланысты талаптарды бұзу



      Ескерту. 220-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 26.07.2016 № 12-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

       1. Банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың төлем және (немесе) ақша аударымы жөніндегі нұсқауды уақтылы орындамауы немесе "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасының Заңындабелгіленген мерзімдерді бұза отырып, оны орындаудан уақтылы бас тартпау –

      заңды тұлғаларға төлем және (немесе) ақша аударымы жөнiндегi нұсқау сомасының бес пайызы мөлшерінде, бірақ екі жүз айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың нұсқауда қойылғаннан ерекшеленетін, бенефициардың пайдасына немесе нұсқауда қойылғаннан ерекшеленетін сомаға жасалған ақша төлемі немесе аударымы жөніндегі нұсқауды орындауы –

      заңды тұлғаларға ақша төлемі немесе аударымы жөнiндегi нұсқаулар сомасының бес пайызы, бірақ екі жүз айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың клиенттердің төлем құжаттарын жоғалтуы -

      заңды тұлғаларға әрбір төлем құжаты үшін бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      4. Нұсқауды орындаудан бас тарту үшін "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасының Заңындаайқындалған негіздер болмаған жағдайда банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың төлем және (немесе) ақша аударымы жөніндегі нұсқауды орындаудан негізсіз бас тартуы –

      заңды тұлғаларға төлем және (немесе) ақша аударымы жөнiндегi нұсқау сомасының бес пайызы мөлшерінде, бірақ екі жүз айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

      4-1. "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасының Заңында төлем және (немесе) ақша аударымы жөніндегі нұсқауды орындаудан бас тарту көзделген жағдайларда банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың төлем және (немесе) ақша аударымы жөніндегі нұсқауды орындауы –

      заңды тұлғаларға төлем және (немесе) ақша аударымы жөнiндегi нұсқау сомасының бес пайызы мөлшерінде, бірақ екі жүз айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

      5. Банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың клиенттің банк шотынан Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген ақшаны алу кезектілігін бұзуы –

      заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      6. Алып тасталды - ҚР 26.07.2016 № 12-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      7. Банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, төлем ұйымдарының төлем агенттері және (немесе) қосалқы төлем агенттері арқылы төлем қызметтерін көрсету кезінде "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптарды сақтамауы –

      заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      8. Осы баптың жетінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –

      заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      РҚАО-ның ескертпесі!


      Ескертпе жаңа редакцияда көзделген - ҚР 16.11.2015 № 406-V Заңымен (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

      Ескертпе. Осы баптың талаптары осы Кодекстің 91-бабының сегізінші бөлігінде, 92-бабының төртінші бөлігінде, 285-бабында жауаптылығы көзделген әрекеттерге (әрекетсіздікке) қолданылмайды.

      Ескерту. 220-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 26.07.2016 № 12-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


       

221-бап. Қазақстан Республикасының аумағында достық, қола және қаржы вексельдерiн шығару



      Қазақстан Республикасының аумағында достық, қола және қаржы вексельдерiн шығару –

      жеке тұлғаларға – қырық, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екi жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

222-бап. Электрондық ақшаны шығару, пайдалану және өтеу талаптарын бұзу



      1. Эмитенттің өзіне қабылдаған міндеттемелердің сомасына сәйкес келмейтін сомаға электрондық ақша шығаруы –

      үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған дәл сол әрекеттер –

      алты жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Эмитенттің электрондық ақша иесін сәйкестендірмей, бір жүз айлық есептік көрсеткіштен асатын сомаға электрондық ақша шығаруы, сондай-ақ бір операцияның ең жоғарғы сомасы бойынша белгіленген шектеулерден асатын сомаға операциялар жасаған кезде эмитенттің электрондық ақша жүйесіндегі электрондық ақшаны пайдалануға жол беруі –

      екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған дәл сол әрекет –

      бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      5. Азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша ақы төлеу кезінде дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның жеке тұлғалардан алған электрондық ақшасын эмитенттің өтемеуі, уақтылы және толық өтемеуі –

      бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      6. Осы баптың бесiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған дәл сол әрекеттер –

      екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

223-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жазбаша келісімін алмастан қаржы ұйымы акцияларының он немесе одан көп пайызын тікелей немесе жанама түрде құқыққа сыйымсыз иемденуге байланысты бұзушылықтар



      Тұлғаның Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жазбаша келісімінсіз, қаржы ұйымының орналастырылған акцияларының (артықшылықты және сатып алған акциялары шегеріле отырып) он немесе одан көп пайызы мөлшерінде қаржы ұйымы акцияларын тікелей немесе жанама түрде иемденуі, сондай-ақ қаржы ұйымының орналастырылған акцияларының (артықшылықты және сатып алған акциялары шегеріле отырып) он немесе одан көп пайызы мөлшерінде қаржы ұйымы қабылдайтын шешімдерді бақылауды немесе ықпал ету мүмкіндігін иемденуі –

      жеке тұлғаларға – екі жүз, заңды тұлғаларға бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескертпе. Осы бапта қаржы ұйымдары деп банкті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, инвестициялық портфельді басқарушыны түсіну керек.

224-бап. Банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру)ұйымдарының, банк холдингтерінің, сақтандыру холдингтерінің заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерін немесе акцияларын құқыққа сыйымсыз иемденуіне байланысты бұзушылықтар



      1. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген іс-әрекеттерді қоспағанда, банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерін немесе акцияларды Қазақстан Республикасы заңнамалықактілерінің талаптарын бұзып иемденуі –

      заңды тұлғаларға екі мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Осы баптың үшінші бөлiгiнде көзделген іс-әрекеттердi қоспағанда, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерін немесе акцияларды банк холдингтерінің, сақтандыру холдингтерінің Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерініңталаптарын бұзып иемденуі –

      заңды тұлғаларға екі мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Банктiң, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, банк холдингінің, сақтандыру холдингінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алдын ала рұқсатынсыз еншiлес ұйымды құруы не иемденуі –

      заңды тұлғаларға екі мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

225-бап. Зейнетақы активтерiн нысаналы пайдаланбау



      1. Инвестициялық портфельді басқарушының, сондай-ақ инвестициялық комитет мүшелерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген инвестициялау шарттары мен тәртібін бұзуы –

      жеке тұлғаға – төрт жүз, заңды тұлғаларға сегiз жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Кастодиан-банктің ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiнiң нысаналы орналастырылуын бақылауды жүзеге асырмауы –

      заңды тұлғаларға екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескертпе. Осы баптың екінші бөлігінің мақсаты үшін кастодиан-банк деп екінші деңгейдегі банк түсініледі.

226-бап. Банктердi, сақтандыру (қайта сақтандыру)ұйымдарын таратуға байланысты талаптарды бұзу



      1. Тарату комиссиясы төрағасының не бөлiмше басшысының тарату комиссиясы қызметiне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тексеру жүргiзуiнен жалтаруы не оны жүргiзуге кедергi келтiруi –

      жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Тарату комиссиясы төрағасының, бөлімше басшысының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне Қазақстан Республикасының банк заңнамасында, Қазақстан Республикасының сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңнамасындабелгіленген, анық емес есептілікті және ақпаратты бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік алты ай ішінде екі және одан да көп рет) ұсынуы, Қазақстан Республикасының банк заңнамасында, Қазақстан Республикасының сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңнамасында белгіленген есептілікті және қосымша ақпаратты уақтылы ұсынбауы, ұсынбауы –

      елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      РҚАО-ның ескертпесі!


      227-бапқа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 24.11.2015 № 422-V Заңымен (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
       

227-бап. Қабылданған және (немесе) шектеулi ықпал ету шараларын қолдану арқылы жүктелген мiндеттердiорындамау, уақтылы орындамау



      1. Банктердiң, банктердің ірі қатысушыларының, банк холдингтерінің, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдардың, Қазақстан Даму Банкiнiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың өздерi қабылдаған және (немесе) өздерiне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi шектеулi ықпал ету шараларын қолдану арқылы жүктеген мiндеттердi орындамауы, уақтылы орындамауы –

      жеке тұлғаларға – елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне төрт жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, сақтандыру холдингiнiң, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы iрi қатысушыларының, сақтандыру тобы құрамына кiретiн заңды тұлғалардың, актуарийдiң, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, инвестициялық портфельді басқарушының, инвестициялық портфельдi басқарушының iрi қатысушыларының, инвестициялық портфельдi басқарушының iрi қатысушысы белгілеріне сәйкес келетін жеке немесе заңды тұлғалардың, бағалы қағаздар нарығы субъектiсiнiң, арнаулы қаржы компаниясының, исламдық арнаулы қаржы компаниясының, инвестициялық қордың, микроқаржы ұйымдарының өздерi қабылдаған және (немесе) өздерiне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi шектеулi ықпал ету шараларын қолдану арқылы жүктеген мiндеттердi орындамауы, уақтылы орындамауы –

Каталог: images -> files
files -> Рабочая программа разработана на 35часов в год из расчета 1 час в неделю, их них плановых практических работ 7
files -> Зиганшина Гузель Нурмухаметовна 2012-2013 учебный год
files -> Камско-Устьинского муниципального района, Республики Татарстан
files -> Всё об электричестве
files -> Муниципальная бюджетная организация дополнительного образования «Алексеевская детская школа искусств»
files -> Урок с участием учителя -ветерана войны в 9 классе моу
files -> Планирование курса «Биология. Животные»
files -> Главные труды Эвклида "Начала" латинизированное назв


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет