Әкімшілік құқық бұзушылық туралы



бет34/58
Дата24.05.2017
өлшемі9,45 Mb.
#16940
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   58

      2. Ұйымдар басшыларының және басқа да лауазымды адамдарының санкцияланбаған жиналысқа, митингіге, пикет қоюға, демонстрацияға немесе өзге де көпшiлiк iс-шараға қатысушыларға үй-жай не өзге де мүлiк (байланыс құралдарын, көбейту техникасын, жабдық, көлiк) беруi немесе осындай iс-шараларды ұйымдастыру мен өткiзу үшiн өзге де жағдайлар жасауы –

      жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкiмшiлiк жаза шаралары қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған не жиналысты, митингiнi, шерудi, демонстрацияны ұйымдастырушы жасаған әрекеттер –

      елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеп соғады.

488-1-бап. Спорттық және спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуді ұйымдастыру тәртібін бұзу



      1. Спорттық және спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуді ұйымдастыру тәртібін жергілікті атқарушы органдарға мәдениет туралы және дене шынықтыру және спорт туралы заңнамада көзделген ақпаратты бермеу немесе уақтылы бермеу түрінде бұзу –

      жеке тұлғаларға – жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –

      жеке тұлғаларға – қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескерту. 27-тарау 488-1-баппен толықтырылды - ҚР 22.01.2016 № 446-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).



489-бап. Қазақстан Республикасының қоғамдық бiрлестiктер туралы заңнамасын бұзу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелмеген қоғамдық, дiни бiрлестiктердiң қызметіне басшылық жасау, қатысу, олардың қызметiн қаржыландыру

      1. Қоғамдық бiрлестiк басшыларының, мүшелерiнiң не қоғамдық бiрлестiктiң осы қоғамдық бiрлестiктердiң жарғыларында айқындалған мақсаттар мен мiндеттердiң шегiнен шығатын әрекеттер жасауы –

      ескерту жасауға немесе заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Қоғамдық бiрлестiк басшыларының, мүшелерінің не қоғамдық бiрлестiктiң Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын әрекеттер жасауы –

      ескерту жасауға немесе қоғамдық бiрлестiктiң қызметiн үш айдан алты айға дейінгi мерзiмге тоқтата тұрып, заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –

      қоғамдық бiрлестiктiң қызметiн үш айдан алты айға дейiнгі мерзiмге тоқтата тұрып, заңды тұлғаларға бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      4. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет, сол сияқты осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген бұзушылықтарды жоймау –

      қоғамдық бiрлестіктің қызметiне тыйым сала отырып, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      5. Шетелдiк заңды тұлғалардың және халықаралық ұйымдардың, шетел қатысатын заңды тұлғалардың, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, қайырымдылық ұйымдарының саяси партияларды қаржыландыруы -

      заңсыз қайырмалдықтар тәркілене отырып, лауазымды адамдарға – төрт жүз, заңды тұлғаларға екі мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      6. Саяси партияның заңсыз қайырмалдықтарды қабылдауы -

      заңсыз қайырмалдықтар тәркілене отырып және саяси партияның қызметіне тыйым сала отырып, төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      7. Саяси партияның қаржылық қызметi туралы жылдық есептіліктi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мерзiмдерде және көлемде жарияламау –

      саяси партияның қызметiн алты айға дейінгі мерзiмге тоқтата тұрып, екі жүз айлық eceптiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      8. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, саяси партияның, оның құрылымдық бөлiмшелерiнің (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) қызметтi қайта тiркеусiз жүзеге асыруы –

      саяси партияның қызметiне тыйым сала отырып, екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      9. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелмеген, сол сияқты қызметі тоқтатыла тұрған немесе оған тыйым салынған қоғамдықдiни бiрлестiктердiң қызметіне басшылық жасау –

      бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      10. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тiркелмеген, сол сияқты қызметi тоқтатыла тұрған немесе оған тыйым салынған қоғамдық, дiни бiрлестiктердiң қызметiне қатысу –

      елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      11. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тiркелмеген, сол сияқты қызметi тоқтатыла тұрған немесе оған тыйым салынған қоғамдық, дiни бiрлестiктердiң қызметiн қаржыландыру –

      екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

489-1-бап.Қазақстан Республикасының коммерциялық емес ұйымдар туралы заңнамасын бұзу



      1. Коммерциялық емес ұйымдардың, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес ұйымдар филиалдары мен өкiлдiктерiнің (оқшауланған бөлiмшелерiнің) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға өз қызметі туралы, оның ішінде өзінің құрылтайшылары (қатысушылары), мүлкінің құрамы, ақшаның қалыптасу көздері және жұмсалу бағыттары туралы мәліметтерді ұсынбауы, уақтылы ұсынбауы, сол сияқты анық емес немесе көрінеу жалған мәліметтерді ұсынуы, –

      ескерту жасауға алып келеді.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жылдың ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік), –

      жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не үш ай мерзімге қызметін тоқтата тұруға алып келеді.

      Ескерту. 27-тарау 489-1-баппен толықтырылды - ҚР 02.12.2015 № 429-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).



490-бап. Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу

      1. Қазақстан Республикасының заңнамасында:

      1) дiни жораларды, рәсімдерді және (немесе) жиналыстарды өткізуге;

      2) қайырымдылық қызметті жүзеге асыруға;

      3) діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де материалдарды, діни мақсаттағы заттарды әкелуге, әзірлеуге, шығаруға, басып шығаруға және (немесе) таратуға;

      4) ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салуға, үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттар) етіп қайта бейіндеуге (функционалдық мақсатын өзгертуге) белгіленген талаптарды бұзу –

      қызметтi үш ай мерзімге тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға – елу, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Заңды діни қызметке кедергі келтіру, сол сияқты жеке тұлғалардың азаматтық құқықтарын дінге көзқарасы себептері бойынша бұзу немесе олардың діни сезімдерін қорлау не қандай да бір дiндi ұстанушылар қастерлейтін заттарды, құрылыстар мен орындарды бүлдіру, егер жоғарыда баяндалған барлық әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –

      жеке тұлғаларға – елу, лауазымды адамдарға – бір жүз, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Миссионерлiк қызметтi тіркеусіз (қайта тіркеусіз) жүзеге асыру, сол сияқты миссионерлердің дінтану сараптамасының оң қорытындысы жоқ діни әдебиетті, діни мазмұндағы ақпараттық материалдарды және діни мақсаттағы заттарды пайдалануы, Қазақстан Республикасында тіркелмеген діни бірлестіктердің діни ілімді таратуы –

      Қазақстан Республикасының азаматтарына бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ тұлғаларға Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiбере отырып, бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      4. Діни бірлестіктің өз жарғысында көзделмеген қызметті жүзеге асыруы –

      қызметті үш ай мерзімге тоқтата тұрып, үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      5. Діни бірлестіктің саяси қызметпен айналысуы, сол сияқты саяси партиялардың қызметіне қатысуы және (немесе) оларға қаржылық қолдау көрсетуі, мемлекеттік органдардың қызметіне араласуы не мемлекеттік органдардың немесе олардың лауазымды адамдарының функцияларын діни бірлестіктер мүшелерінің иемденіп алуы –

      қызметті үш ай мерзімге тоқтата тұрып, үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      6. Мемлекеттік органдарда, ұйымдарда, мекемелерде, оның ішінде денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарында діни бірлестіктердің ұйымдық құрылымдарын құру –

      лауазымды адамдарға – бір жүз, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      7. Уәкілетті органмен келіспей шетелдік діни орталық тағайындаған адамның діни бірлестікті басқаруы, сол сияқты діни бірлестік басшысының кәмелетке толмаған адамның ата-анасының біреуі немесе оның өзге де заңды өкілдері қарсылық білдірген кезде кәмелетке толмағандарды діни бірлестіктің қызметіне тартуға және (немесе) қатыстыруға жол бермеу шараларын қолданбауы –

      Республиканың шегінен әкімшілік жолмен шығарып жібере отырып, елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      8. Осы баптың бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші және жетінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –

      қызметке тыйым сала отырып, жеке тұлғаларға – екі жүз, лауазымды адамдарға – үш жүз, заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескерту. 490-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 22.12.2016 № 28-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

491-бап. Азаматтық хал актiлерiн жазу қағидаларын бұзу

      Некеге отыруға кедергi келтіретін мән-жайларды жасыру немесе азаматтық хал актiлерiн жазу органдарына жалған мәлiметтер беру –

      бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

492-бап. Қазақстан Республикасында тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру



      1. Қазақстан Республикасы азаматтарының күнтізбелік он күннен бір айға дейінгі мерзімде жеке куәлiксiз немесе жарамсыз жеке куәлікпен не тұрғылықты жері бойынша, уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тiркеусіз тұруы –

      ескерту жасауға әкеп соғады.

      2. Қазақстан Республикасы азаматтарының бір айдан астам мерзімде жеке куәлiксiз немесе жарамсыз жеке куәлікпен не тұрғылықты жері бойынша, уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тiркеусіз тұруы –

      жеті айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Осы баптың бірiншi және екінші бөлiктерінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекет –

      он үш айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      4. Қазақстан Республикасында шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның күнтізбелік он күннен астам мерзімде тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркеусіз не тұруға ықтиярхатсыз немесе азаматтығы жоқ адам куәлiгінсiз не тұруға ықтиярхаты, азаматтығы жоқ адам куәлігі жарамсыз болып тұрақты тұруы, сондай-ақ ішкі істер органдарын паспорттың, тұруға ықтиярхаттың не азаматтығы жоқ адам куәлігінің жоғалғаны туралы уақтылы хабардар етпеуі –

      он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      5. Осы баптың төртінші бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейін бір жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер –

      жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескертпе. Осы баптың бірінші бөлігінің Қазақстан Республикасы азаматтарының уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тіркеусіз тұруы туралы талабы уақытша болатын (тұратын) жері бойынша бір айға дейінгі мерзімде тұратын уақытша тұрғындарға қолданылмайды.

      Ескерту. 492-бап жаңа редакцияда - ҚР 22.12.2016 № 28-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).



493-бап. Тұрғынжай меншік иесiнiң немесе қарамағында тұрғынжайлар, ғимараттар және (немесе) үй-жайлар бар басқа да тұлғалардың оларда нақты тұрмайтын жеке тұлғаларды тіркеуге жол беруі не меншік иесіне тиесілі немесе басқа да тұлғалардың қарамағындағы тұрғынжайларда, ғимараттарда және (немесе) үй-жайларда тіркелген және тұрмайтын жеке тұлғаларды тіркеуден шығару жөнінде шаралар қолданбауы не жеке тұлғалардың тіркеусіз тұруына жол беруі

      1. Тұрғынжай меншік иесінің немесе қарамағында тұрғынжайлар, ғимараттар және (немесе) үй-жайлар бар басқа да тұлғалардың меншiк иесiне тиесілі немесе басқа да тұлғалардың қарамағындағы тұрғынжайларда, ғимараттарда және (немесе) үй-жайларда нақты тұрмайтын жеке тұлғаларды тiркеуге жол беруi –

      жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекет –

      жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Тұрғынжай меншік иесінің немесе қарамағында тұрғынжайлар, ғимараттар және (немесе) үй-жайлар бар басқа да тұлғалардың меншiк иесiне тиесілі немесе басқа да тұлғалардың қарамағындағы тұрғынжайларда, ғимараттарда және (немесе) үй-жайларда тіркелген және тұрмайтын жеке тұлғаларды тiркеуден шығару бойынша шаралар қолданбауы –

      жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекет –

      жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      5. Жалдауға берушінің (жалға берушінің) меншiк иесiне тиесілі немесе басқа да тұлғалардың қарамағындағы тұрғынжайларда, ғимараттарда және (немесе) үй-жайларда жеке тұлғалардың тiркеусіз тұруына жол беруi –

      жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      6. Осы баптың бесінші бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекет –

      жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескерту. 493-бап жаңа редакцияда - ҚР 22.12.2016 № 28-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

494-бап. Паспорттарды, жеке куәліктерді заңсыз алып қою немесе оларды кепілге қабылдау

      1. Азаматтардан паспорттарды, жеке куәліктерді заңсыз алып қою немесе оларды кепілге қабылдау –

      ескерту жасауға немесе бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –

      он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

495-бап. Жеке басты куәландыратын құжаттарды алған кезде не Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу үшін немесе Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау не Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру туралы өтініш берген кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көрiнеу жалған мәлiметтерді ұсыну



      1. Жеке басты куәландыратын құжаттарды алған кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көрiнеу жалған мәлiметтерді ұсыну –

      жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу үшін немесе Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау не Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру туралы өтініш берген кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көрiнеу жалған мәлiметтерді ұсынуы –

      Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберуге әкеп соғады.

496-бап. Қазақстан Республикасының азаматтық туралы заңнамасын бұзу



      1. Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған адамның Қазақстан Республикасы азаматының паспортын және (немесе) жеке куәлігін пайдалануы –

      жеке тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде шетел азаматтығын алу фактісін хабарламау –

      екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге әкімшілік жолмен шығарып жіберуге әкеп соғады.

      3. Мемлекеттік қызметтегі адамдар, сондай-ақ билік өкілінің функцияларын жүзеге асыратын не мемлекеттік органдарда ұйымдастырушылық-өкімдік немесе әкімшілік-шаруашылық функцияларды орындайтын адамдар жасаған осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер –

      үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберуге әкеп соғады.

      Ескерту. 496-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 22.12.2016 № 28-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

497-бап. Бастапқы статистикалық деректерді ұсыну тәртібін бұзу

      1. Мемлекеттік статистиканың тиісті органдарына анық емес бастапқы статистикалық деректерді ұсыну –

      ескерту жасауға әкеп соғады.

      2. Мемлекеттік статистиканың тиісті органдарына бастапқы статистикалық деректерді белгіленген мерзімде ұсынбау –

      жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, коммерциялық емес ұйымдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он төрт, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Осы баптың бірiншi және екінші бөлiктерінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер –

      жеке тұлғаларға – он төрт, лауазымды адамдарға, коммерциялық емес ұйымдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескерту. 497-бап жаңа редакцияда - ҚР 03.12.2015 № 432-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).


       

498-бап. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу деректерiн ұсынудан бас тарту, ұсынбау, уақтылы ұсынбау, жасыру, қосып жазу және басқа да бұрмалаушылықтар



      1. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттік органға құқықтық статистика мен арнайы есепке алу деректерiн ұсынудан бас тарту, ұсынбау, оларды белгiленген мерзiмдi бұза отырып ұсыну, құқықтық статистика және арнайы есепке алу деректерiн жасыру, қосып жазу, басқа да қасақана бұрмалаушылықтар, сол сияқты құқықтық статистикалық ақпаратты және арнайы есепке алу мәлiметтерiн алуға қандай да бiр нысанда кедергi келтіру –

      лауазымды адамдарға жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Денсаулық сақтау саласында жасалған дәл сол іс-әрекеттер –

      лауазымды адамдарға екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

499-бап. Әкімшілік деректерді ұсыну тәртібін бұзу



      1. Әкімшілік көздің мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға анық емес әкімшілік деректерді ұсынуы -

      лауазымды адамдарға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Әкімшілік көздің мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға әкімшілік деректерді ұсынбауы -

      лауазымды адамдарға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Осы баптың бірiншi және екінші бөлiктерінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер -

      лауазымды адамдарға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескертпе:

      Осы бапта лауазымды адамдар деп әкімшілік көздің әкімшілік деректерді ұсынуына, сондай-ақ олардың анықтығына жауапты болатын әкімшілік көз басшыларын немесе олардың міндеттерін атқарушы адамдарды түсіну керек.";

      Ескерту. 499-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

500-бап. Мемлекеттік статистикалық байқаулар жүргiзуден бас тарту



      Лауазымды адамдардың өздерiне жүктелген статистикалық байқаулар жүргiзу жөнiндегi мемлекеттiк мiндеттердi орындаудан бас тартуы немесе оларды уақтылы орындамауы –

      ескерту жасауға немесе он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

501-бап. Лауазымды адамның бастапқы статистикалық деректерді, статистикалық ақпаратты және (немесе)дерекқорларды жоғалтуы, сатуы, беруі немесе өзге де заңсыз жария етуі



      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік статистика органдары, мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган ведомствосының ведомстволық бағыныстағы ұйымы лауазымды адамының респондентті сәйкестендіруге мүмкіндік беретін бастапқы статистикалық деректерді, статистикалық ақпаратты және (немесе) дерекқорларды жоғалтуы, сатуы, беруі немесе өзге де заңсыз жария етуі, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, -

      елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескерту. 501-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).


       

502-бап. Бастапқы статистикалық деректерді бекітілмеген статистикалық нысан бойынша жинау



      Бастапқы статистикалық деректерді бекітілмеген статистикалық нысан бойынша жинау -

      лауазымды адамдарға ескерту жасауға немесе жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескерту. 502-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі). 


       

503-бап. Әкімшілік деректерді келісілмеген нысан бойынша жинау



      Әкімшілік деректерді келісілмеген нысан бойынша жинау -

      лауазымды адамдарға ескерту жасауға немесе жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескертпе:

      Осы бапта лауазымды адамдар деп әкімшілік деректерді келісілмеген нысан бойынша жинауды жүзеге асыруға тапсырма берген әкімшілік көз басшыларын немесе олардың міндеттерін атқарушы адамдарды түсіну керек.

      Ескерту. 503-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).


       

504-бап. Мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы, сондай-ақ таратылуы шектеулі қызметтік ақпаратпен жұмыс істеудегі белгіленген талаптарды бұзу



      1. Мемлекеттiк құпияларға қол жеткізудің немесе жіберудің белгiленген тәртiбiн бұзу –

      жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Мемлекеттік құпиялармен немесе олардың жеткізгіштерімен жұмыс істеуге жіберілген адамдардың құпиялылық режимін қамтамасыз ету бойынша белгіленген талаптарды бұзуы, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –

      жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Құпияландыруға жатпайтын мәліметтерді және олардың жеткізгіштерін негізсіз құпияландыру, мемлекеттік құпияларға жатқызылмаған мәліметтерді құпияландыру үшін құпиялылық белгілерін және өзге де шектеу белгілерін пайдалану, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –

      жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      4. Осы баптың үшiншi бөлiгінде көзделген, заңдылықтың бұзылғандығын жасыру мақсатында жасалған әрекеттер –

      елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      5. Мемлекеттік құпиялар туралы заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді және олардың жеткізгіштерін негізсіз құпиясыздандыру, жеткізгіштерді құпияландыру кезінде оларды құпиясыздандырудың белгіленген мерзімдерін бұзу, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекеттер белгілері болмаса, –

      жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      6. Таратылуы шектеулі қызметтік ақпаратпен жұмыс істеу бойынша белгіленген талаптарды оған кәсіптік немесе қызметтік жұмысына байланысты рұқсат берілген адамдардың осы мәліметтердің жария етілуіне немесе жоғалуына әкеп соққан бұзуы –

      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

505-бап. Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру



      1. Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру –

      ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –

      жеке тұлғаларға – отыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

506-бап. Күзетiлетiн объектiлерге заңсыз кіру



      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Мемлекеттік күзет қызметі, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Iшкi iстер министрлiгiнiң, Қорғаныс министрлiгiнiң органдары мен бөлiмшелерi күзететiн объектiге заңсыз кіру –

      он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.

507-бап. Ұлттық алдын алу тетігіне қатысушылардың қызметіне кедергі келтіру



       Ұлттық алдын алу тетігіне қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің елеулі түрде бұзылуына әкеп соққан, олардың заңды қызметіне лауазымды адамның қызмет бабын пайдалана отырып кедергі келтіруі, сол сияқты лауазымды адамның осы қызметке өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасалған араласуы –

      қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

508-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының алдын ала болу барысында өздерiне белгiлi болған адамның жеке өмiрi туралы мәлiметтердi жария етуi



      Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының алдын ала болу барысында өздерiне белгiлi болған адамның жеке өмiрi туралы мәлiметтердi осы адамның келiсiмiнсiз жария етуi, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, –

      жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

509-бап. Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын жою



      1. Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын, жеке құрам бойынша құжаттарды уәкілетті органның не облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының келісімінсіз жою –

      лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –

      лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

28-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ШЕКАРА


РЕЖИМIНIҢ БЕЛГIЛЕНГЕН ТӘРТIБIНЕ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
АУМАҒЫНДА БОЛУ ТӘРТIБIНЕ ҚОЛ СҰҒАТЫН ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ
БҰЗУШЫЛЫҚТАР

510-бап. Шекара аймағында шекара режимiн және жекелеген жерлерде болу тәртiбiн бұзу



      1. Мыналардың:

      1) жеке басын куәландыратын құжатсыз Қазақстан Республикасы азаматының;

      2) жеке басын куәландыратын құжатсыз және ішкі істер органдары беретін рұқсатсыз шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның;

      3) Қазақстан Республикасына жеке басын куәландыратын құжатсыз және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі беретін рұқсатсыз оңайлатылған өткізу пункттері арқылы кірген шетелдіктің (іргелес мемлекеттердің шекаралас аудандарының тұрғынының) шекара аймағына кiру (өту), онда уақытша болу немесе жүрiп-тұру кезінде шекара аймағында шекара режимін бұзуы, сол сияқты шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасынан шығу мақсатында өткізу пунктіне халықаралық теміржол және автомобиль жолдары бойынша шекара аймағы арқылы жүруі кезіндегі маршрутты өзгертуі –

      бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Шекара аймағында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін хабардар етпей, шаруашылық, кәсiпшiлiк және өзге де қызметтер жүргiзу, қоғамдық-саяси, мәдени және өзге де iс-шаралар өткiзу –

      жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жетпіс бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың келуі үшін Қазақстан Республикасының уақытша жабық аумағына Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің және ішкі істер органдарының рұқсатынсыз шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның кіруі (өтуі), онда уақытша болуы немесе жүріп-тұруы -

      он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

511-бап. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақ пен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аудан аумағында белгіленген шектеулерді бұзу



      1. Жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақтың аумағында болуы –

      он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақ аумағында диверсияға қарсы және өртке қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын жұмыстарды қоспағанда, құрылыс салу және қандай да бір жұмыстар жүргізу –

      жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аудан аумағында атыс қаруынан оқ ату, пиротехникалық құралдарды пайдалану, сондай-ақ атыс тирлерін, стенділер мен атыс орындарын орнату –

      жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

512-бап. Қазақстан Республикасы аумақтық суларының (теңізінің) және ішкі суларының режимдерін бұзу



      1. Қазақстан Республикасының аумақтық суларындағы (теңізіндегі) және iшкi суларындағы, шекаралық өзендер, көлдер және өзге де су айдындары суларының қазақстандық бөлiгiндегі режимді Қазақстандық шағын көлемдi өздiгiнен жүзетiн және өздiгiнен жүзбейтiн (суүсті және суасты) кемелердi (құралдарды) және мұз үстімен жылжитын кемелердi (құралдарды) есепке алудың, күтiп-ұстаудың, олардың орналасу пункттерінен шығуының және орналасу пункттеріне қайтып оралуының, суда болуының белгiленген тәртібін сақтамаудан көрінген бұзу –

      жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Қазақстан Республикасының аумақтық суларында (теңізінде) және iшкi суларында, шекаралық өзендер, көлдер және өзге де су айдындары суларының қазақстандық бөлiгiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпті бұза отырып, уәкiлеттi мемлекеттiк органның рұқсатынсыз кәсiпшiлiк, зерттеу, iздестiру қызметін немесе өзге де қызметті жүргiзу –

      әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын көлік құралдары мен өзге де заттар тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

513-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерінде режимдi бұзу



      1. Қазақстан Республикасы азаматының Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiндегірежимдi адамдардың көлік құралдарының өткiзу пункттерiне кірудің, оларда болудың, жүріп-тұрудың және олардан шығудың, жүктер мен тауарларды әкелудің, орналастырудың, орнын ауыстырудың, әкетудің, шаруашылық және өзге де қызметті жүзеге асырудың белгіленген тәртібін сақтамаудан көрінетін бұзушылығы –

      бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам жасаған дәл сол әрекеттер –

      Қазақстан Республикасының шегінен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiбере отырып, бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

514-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекара режимiн бұзу



      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы режимін:

      1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын (Каспий теңізіндегі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы учаскесін қоспағанда) күтіп-ұстаудың;

      2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтудің;

      3) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізудің;

      4) шекаралық белдеуге кірудің, онда уақытша болудың, тұрудың, жүріп-тұрудың және шекаралық белдеудің үстімен ұшуды жүзеге асырудың;

      5) Мемлекеттік шекарада және шекаралық белдеуде шаруашылық, кәсіпшілік немесе өзге де қызметті жүргізудің, қоғамдық-саяси, мәдени немесе өзге де іс-шараларды өткізудің белгіленген тәртібін сақтамаудан көрінген бұзу –

      жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам жасаған әрекеттер –

      әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тiкелей нысаналары болып табылатын көлік құралдары және өзге де заттар тәркілене отырып, жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға не Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберуге әкеп соғады.

515-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы заңсыз алып өту



      1. Халықаралық тасымалды жүзеге асыратын көлiк ұйымының немесе өзге де ұйымның Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасынан бiр немесе бiрнеше тәртiп бұзушының заңсыз кесіп өтуiне немесе заңсыз кесіп өтуге әрекет жасауына әкеп соқтырған, көлiк құралына адамдардың заңсыз кiруiн және оны Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасынан заңсыз кесіп өту үшiн пайдалануын болғызбау жөнiнде шараларды қолданбауы –

      бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Халықаралық тасымалды жүзеге асыратын көлiк ұйымы немесе өзге де ұйым жұмыскерiнiң өзiнiң қызметтiк мiндеттерiне кiретiн, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасынан заңсыз кесіп өтуге әкеп соқтырған, көлiк құралына адамдардың заңсыз кiруiн және оны Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын заңсыз кесiп өту үшiн пайдалануын болғызбау жөнiнде шаралар қолданбауы, егер аталған іс-әрекет бiр немесе бiрнеше тәртiп бұзушының қылмыс жасауына немесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасынан заңсыз кесіп өтуге әрекет жасауына жәрдемдесу болып табылмаса, –

      жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Жеке шаруамен Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасынан кесіп өтетiн адамның, бiр немесе бiрнеше тәртiп бұзушының Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасынан заңсыз кесіп өтуiне немесе заңсыз кесіп өтуге әрекет жасауына әкеп соққан, өзi басқаратын көлiк құралын басқа адамның Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасынан заңсыз кесіп өту үшiн пайдалануын болғызбау жөнiнде шаралар қолданбауы –

      он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

516-бап. Әскери қызметшінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету жөніндегі міндеттерін атқаруына байланысты оның заңды өкіміне немесе талабына бағынбау



      1. Әскери қызметші Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету жөніндегі міндеттерді атқарған кезде оның заңды өкіміне немесе талабына бағынбау –

      он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, шетелдік не азаматтығы жоқ адам жасаған әрекеттер –

      Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жібере отырып, бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.

517-бап. Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы



      1. Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның тіркеу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген күнтізбелік бес күн өткеннен кейін үш тәулікке дейінгі мерзімде ішкі істер органдарында тіркеуден өтпей Қазақстан Республикасында болуынан көрінген, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы –

      ескерту жасауға әкеп соғады.

      2. Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның осы баптың бірінші бөлігінде көзделген мерзімдерден астам уақыт ішкі істер органдарында тіркеуден өтпей Қазақстан Республикасында болуынан не тіркеу кезінде көрсетілген мекенжайда тұрмауынан, сол сияқты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік жол жүру қағидаларын сақтамаудан көрінген, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы –

      он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға не Қазақстан Республикасының шегiнен әкімшілік жолмен шығарып жiберуге әкеп соғады.

      3. Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның визада не тіркеу кезінде көші-қон карточкасында көрсетілген мерзім өткеннен кейін үш тәулік ішінде Қазақстан Республикасынан кетпеуінен көрінген, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы –

      ескерту жасауға әкеп соғады.

      4. Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы не визада не тіркеу кезінде көші-қон карточкасында көрсетілген мерзім өткеннен кейін үш тәуліктен асатын кезең ішінде кетуден жалтаруы –

      он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға не Қазақстан Республикасының шегiнен әкімшілік жолмен шығарып жiберуге әкеп соғады.

      5. Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның жүзеге асыратын қызметі визада және (немесе) тіркеу кезінде көші-қон карточкасында көрсетілген мақсаттарға сәйкес болмауынан көрінген, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы немесе халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган берген өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтаманы немесе жұмысқа орналасуға рұқсатты алу еңбек қызметін жүзеге асыруға қажетті шарт болып табылатын жағдайда, мұндай анықтаманы не рұқсаттарды алмастан, Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асыруы –

      жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға не Қазақстан Республикасының шегiнен әкімшілік жолмен шығарып жiберуге әкеп соғады.

      6. Осы баптың бірінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –

      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберуге әкеп соғады.

      7. Осы баптың екінші, төртінші және бесінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –

      Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жібере отырып, он бес тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.

      Ескерту. 517-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 24.11.2015 № 421-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).



518-бап.Шетелдiктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы

      1. Қабылдаушы тұлғаның шетелдiктерді және азаматтығы жоқ адамдарды уақтылы тiркеу не олардың Қазақстан Республикасында болуы не болудың белгілі бір мерзiмi өткеннен кейін олардың Қазақстан Республикасынан кетуі құқығына құжаттарды ресімдеу жөнінде шаралар қолданбауы –

      жеке тұлғаларға – он бес, лауазымды адамға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұза отырып, Қазақстан Республикасына келген шетелдiкке немесе азаматтығы жоқ адамға тұрғынжай беру не белгіленген мерзімдерде Қазақстан Республикасынан кетуден жалтару не тіркеу кезінде көрсетілген мекенжайға нақты тұратын жерінің сәйкес келмеуі –

      жеке тұлғаларға – жиырма бес, лауазымды адамға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жетпіс бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –

      жеке тұлғаларға – отыз, лауазымды адамға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      4. Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұза отырып, Қазақстан Республикасына келген шетелдiкпен немесе азаматтығы жоқ адаммен визада не тіркеу кезінде көші-қон карточкасында көрсетілген мақсаттарда жүзеге асырылатын қызметке сәйкес келмейтін мәмілелер жасасу –

      жеке тұлғаларға – отыз, лауазымды адамға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      5. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –

      жеке тұлғаларға – елу, лауазымды адамға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескерту. 518-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 22.12.2016 № 28-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

519-бап. Шетелдiк жұмыс күшiн және еңбекшi көшiп келушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып тарту

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 272-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

       1. Жұмыс берушінің шетелдік жұмыс күшін жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз тартуы немесе халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган берген өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтамалары немесе еңбекші көшіп келушіге ішкі істер органдары беретін рұқсаттары жоқ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың еңбегін пайдалануы –

      жеке тұлғаларға – отыз, лауазымды адамдарға – елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бiр мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Жұмыс берушiнiң шетелдiк жұмыскердi жергiлiктi атқарушы органның шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсатында көрсетiлген лауазымға (кәсiпке немесе мамандыққа) сәйкес келмейтiн лауазымға (кәсiпке немесе мамандыққа) тартуы –

      жеке тұлғаларға – отыз, лауазымды адамдарға – елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бiр мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –

      жеке тұлғаларға – елу, лауазымды адамдарға – бiр жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бiр мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      4. Алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 272-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      5. Жұмыс берушi жеке тұлғаның үй шаруашылығында жұмыстар орындауға (қызметтер көрсетуге) еңбекшi көшiп келушiлердi iшкi iстер органдары беретiн тиiстi рұқсатсыз тартуы немесе бiр жұмыс берушi жеке тұлғаның бiр мезгiлде бестен көп еңбекшi көшiп келушiмен үй шаруашылығында жұмыстар орындау (қызметтер көрсету) бойынша еңбек шарттарын жасасуы –

      отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      6. Осы баптың бесiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –

      елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескерту. 519-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 421-V (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

520-бап. Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелде жұмысқа орналастыру жөнiндегi заңсыз қызмет

      Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелде жұмысқа орналастыру жөнiндегi қызметтi жөнсiз жарнаманы пайдаланып не толық емес немесе анық емес ақпарат берiп жүзеге асыру –

      жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – алпыс, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

29-тарау. КЕДЕН ІСІ САЛАСЫНДАҒЫ ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР

521-бап. Кедендік бақылау аймағының режимiн бұзу

      Кедендік бақылау аймағының шекарасы арқылы және оның шегiнде тауарлардың, көлiк құралдарының және мемлекеттiк органдардың (мемлекеттік кіріс органынан басқа) лауазымды адамдарын қоса алғанда, адамдардың өткізілуі, сондай-ақ осы аймақта мемлекеттік кіріс органының рұқсатынсыз өндірістік және өзге де коммерциялық қызметті жүзеге асыру –

      жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он бес, орта кәсiпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

522-бап. Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыру тәртібін бұзу



      Кеден өкілінің, уақытша сақтау орны немесе қоймасы, еркін қойма немесе кеден қоймасы, бажсыз сауда дүкені иелерінің осындай қызметті "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жүзеге асыру шарттары мен міндеттерін сақтамауы не уақытша сақтау орнын немесе қоймасын, кеден қоймасын немесе еркін қойманы, бажсыз сауда дүкенін құруға арналған үй-жайлардың немесе аумақтардың Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі –

      бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

523-бап. Кедендік тасымалдаушының қызметті жүзеге асыру тәртібін бұзуы



       Кедендік тасымалдаушының осындай қызметті жүзеге асыру үшін Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген шарттар мен міндеттерді сақтамауы, оның ішінде көлік құралында мемлекеттік кіріс органының осы көлік құралы тұрған жерді анықтауына мүмкіндік беретін техникалық жабдықтың болмауы не оның жарамсыз болуы –

      бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

524-бап. Мемлекеттік кіріс органын тауарлар мен көлік құралдарының келгені туралы хабардар етпеу



      Тауарлар мен көлік құралдарын Кеден одағының кедендік аумағына әкелген кезде мемлекеттік кіріс органына Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес құжаттарды ұсынбау арқылы олардың келгені туралы хабарламау –

      жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсiпкерлік субъектілеріне – он бес, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

525-бап. Тауарлар мен көлік құралдарының кету тәртібін бұзу



      Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс органының рұқсатынсыз Кеден одағының кедендік аумағынан тауарлардың және (немесе) көлік құралдарының кету тәртібін бұзу, сондай-ақ кету үшін құжаттарды Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес ұсынбау –

      ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсiпкерлік субъектілеріне – он бес, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

526-бап. Авария немесе еңсерілмейтін күштің әсері жағдайында шаралар қолданбау



      Авария немесе еңсерілмейтін күштiң әсерi немесе өзге де мән-жайлар жағдайында тауарлар мен көлiк құралдарының сақталуын қамтамасыз ету үшiн шаралар қолданбау, жақын маңдағы мемлекеттік кіріс органына осы мән-жайлар туралы осындай тауарлар мен көлiк құралдарының тұрған орны туралы хабарламау не оларды жақын маңдағы мемлекеттік кіріс органына немесе мемлекеттік кіріс органы айқындаған өзге орынға тасымалдауды қамтамасыз етпеу –

      жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он бес, орта кәсiпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

527-бап. Тауарлар мен көлiк құралдарын жеткiзу орнына бермеу



      Тауарлар мен көлiк құралдарын жеткiзу орнына бермеу және олардың құжаттарын Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органына тапсырмау –

      жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он бес, орта кәсiпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

528-бап. Тауарларды, көлiк құралдарын және олардың құжаттарын Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс органының рұқсатынсыз беру, жоғалту немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органына жеткiзбеу



      1. Кедендiк бақылауда тұрған тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс органының рұқсатынсыз беру, жоғалту немесе мемлекеттік кіріс органы немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің кеден органы айқындаған жеткізу орнына жеткізбеу –

      әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын тауарлар мен көлік құралдары тәркілене отырып, қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Кедендiк бақылауда тұрған тауарлар мен көлiк құралдарының мемлекеттік кіріс органына тапсыру үшін қабылданған кедендiк немесе өзге де құжаттарын жеткiзбеу –

      жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Тауарларды, көлiк құралдарын және олардың құжаттарын жеткiзудiң мемлекеттік кіріс органы немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің кеден органы белгiлеген мерзімін сақтамау –

      жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескерту. 528-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.12.2015 № 432-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).


       

529-бап. Көлiк құралын тоқтатпау



      Көлік құралын тоқтатпау оның техникалық ақаулығынан немесе еңсерiлмейтiн күштiң әсерiнен болған жағдайларды қоспағанда, Кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өтетiн көлiк құралын, сондай-ақ Кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы тауар ретiнде өткiзiлетiн көлiк құралын Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органы айқындайтын орындарда тоқтатпау –

      он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

530-бап. Көлiк құралын Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс органының рұқсатынсыз жөнелту



      Кедендiк бақылауда тұрған көлiк құралын не Кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы тауар ретiнде өткiзiлетiн көлiк құралын оның тұрған орнынан Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс органының рұқсатынсыз жөнелту –

      он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

531-бап. Тауарларды кедендiк рәсiммен орналастыруға байланысты кедендiк операцияларды жасаудың және тауарларды кедендiк тазартудың тәртiбiн бұзу



      Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарларды кедендiк рәсiммен орналастыруға байланысты кедендiк операцияларды жасаудың және тауарларды кедендiк тазартудың тәртiбiн бұзу, яғни Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген тауарларды кедендiк рәсiммен орналастыру, кедендік операцияларды жасау орны мен уақыты жөнiндегi талаптарды, сондай-ақ тауарлардың жекелеген санаттарын кедендiк рәсiммен орналастырудың бiрiншi кезектегi тәртiбiн қолдану шарттарын сақтамау –

      жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

532-бап. Өздеріне қатысты кедендiк тазарту аяқталмаған тауарлармен құқыққа сыйымсыз операциялар жүргiзу, олардың жай-күйiн өзгерту, оларды пайдалану және (немесе) оларға билiк ету



      1. Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, өздеріне қатысты кедендiк тазарту аяқталмаған тауарлармен Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген талаптар мен шарттарды бұзып операциялар жүргiзу, олардың жай-күйiн өзгерту, оларды пайдалану және (немесе) оларға билiк ету –

      әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың тiкелей нысаналары болып табылатын көлiк құралдары тәркiлене отырып немесе онсыз жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –

      әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың тiкелей нысаналары болып табылатын тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып не онсыз, қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

533-бап. Кедендік бақылауда тұрған тауарлармен жүк операцияларын және өзге де операцияларды мемлекеттік кіріс органының рұқсатынсыз жүргізу



      Мемлекеттік кіріс органының рұқсатынсыз не оны хабардар етпей, кедендік бақылауда тұрған тауарлар мен көлiк құралдарын тасымалдау, тиеу, түсiру, қайта тиеу, қаптамаларының бүлінген жерін жөндеу, қаптау, қайта қаптау немесе тасымалдау үшін қабылдау, мұндай тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн алу, көрсетілген тауарлар мен көлiк құралдары болуы мүмкiн үй-жайларды, ыдыстарды және басқа да орындарды ашу не кедендік бақылауда тұрған тауарларды тасымалдайтын халықаралық тасымалдың көлік құралын ауыстыру –

      жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

534-бап. Сәйкестендіру құралдарын жою, алып тастау, өзгерту не ауыстыру



      1. Мемлекеттік кіріс органдары, оның ішінде шет мемлекеттердің мемлекеттік кіріс органдары пайдаланатын сәйкестендіру құралдарын мемлекеттік кіріс органының рұқсатынсыз жою, алып тастау, өзгерту не ауыстыру немесе мұндай сәйкестендіру құралдарын зақымдау не жоғалту –

      жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –

      қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

535-бап. Тауарларды кедендік декларациялау тәртiбiн бұзу



      Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, декларанттың және (немесе) кеден өкілінің тауарларды кедендік декларациялау тәртiбiн бұзуы, яғни Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасындабелгiленген, тауарларды алдын ала, толық емес, мерзiмдiк және уақытша кедендік декларациялауды қоса алғанда, тауарларды кедендік декларациялау орны бойынша, кедендік декларацияны толтыру және кедендік декларациялау тәртібі жөніндегі талаптарды сақтамауы –

      жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескертпе. Тұлға мынадай жағдайларда:

      1) тауарлар шығарылғанға дейін мемлекеттік кіріс органы лауазымды адамының тауарларды дұрыс сыныптамауы фактісі анықталған жағдайда, тауарлар шығарылғаннан кейін оларды сыныптау жөніндегі шешімдерді қайта қарау кезінде тауарлардың коды өзгертілген;

      2) камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарлама тексерілетін тұлғаға табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жойған;

      3) тауарлар шығарылғаннан кейін бұзушылықтарды өз бетінше анықтаған және көшпелі кедендік тексерудің жүргізілуі басталғанға дейін бір жыл ішінде өз еркімен жойған кезде осы бапта көзделген әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға жатпайды.

      Ескерту. 535-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


       

536-бап. Кеден өкiлiнiң кеден iсi саласындағы қызметтiжүзеге асыру тәртiбiн бұзуы



      1. Кеден өкiлiнiң үшiншi тұлғамен азаматтық-құқықтық шарт жасаспай не шарттың қолданылу мерзiмi өткен соң немесе оны бұзғаннан кейiн үшiншi тұлғаның мүддесi үшiн кеден iсi саласындағы қызметтi жүзеге асыруы –

      отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, кеден өкiлiнің бiр жыл iшiнде қайталап жасаған әрекеті –

      елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

537-бап. Уәкiлеттi экономикалық оператордың кеден iсiсаласындағы қызметтi жүзеге асыру тәртiбiн бұзуы



      Уәкiлеттi экономикалық оператордың осындай қызметтi жүзеге асыру үшiн Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген талаптарды сақтамауы –

      бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

538-бап. Кеден декларациясын, құжаттар мен мәлiметтердiберу мерзiмдерiн бұзу



      1. Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарларды кедендiк декларациялау кезiнде кедендiк декларацияны, құжаттар мен мәлiметтердi мемлекеттік кіріс органына белгiленген мерзiмдерде ұсынбау –

      жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

539-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органына есептiлiктi ұсынбау не анық емес есептілікті ұсыну және есеп жүргiзу тәртiбiн сақтамау



      Кедендiк тасымалдаушының, кеден өкiлiнiң, уақытша сақтау орны немесе қоймасы, кеден қоймасы немесе еркiн қойма, бажсыз сауда дүкенi иелерiнiң, уәкілетті экономикалық операторлардың, декларанттардың кедендiк бақылаудағы не еркiн кедендік аймақтар аумағындағы әкелiнетiн, әкетiлетiн, декларацияланатын, келiп түсетiн, сақталатын, қайта өңделетiн, дайындалатын, сатып алынатын және өткiзiлетiн тауарлар туралы есептiлiктi мемлекеттік кіріс органына Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртiппен және мерзiмдерде ұсынбауы не анық емес есептілікті ұсынуы, сол сияқты мұндай тауарларға есеп жүргiзу тәртiбiн сақтамауы –

      жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

540-бап. Тауарларды сақтауға орналастыру тәртiбiн, оларды сақтау және олармен операциялар жүргiзу тәртiбiн бұзу



      Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген, тауарларды сақтауға орналастыру тәртібін және оларды сақтау тәртібін, кеден қоймасында сақтау мерзімдерін, тауарларды бір қоймадан екіншісіне жылжыту тәртібін бұзу, сол сияқты кеден қоймаларындағы, уақытша сақтау қоймаларындағы және еркін қоймалардағы тауарлармен операциялар жүргізу –

      жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

541-бап. Тауарларды уақытша сақтау мерзiмдерiн бұзу



      Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген, тауарларды уақытша сақтау мерзiмдерiн бұзу -

      тауарлар тәркілене отырып немесе онсыз, елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

542-бап. Тауарларды қайта өңдеу және қайта өңдеу өнiмдерiн ауыстыру тәртiбiн бұзу



      1. Тауарларды қайта өңдеу тәртiбiн бұзу, яғни кеден заңнамасында белгiленген талаптарды, шектеулердi және тауарларды қайта өңдеу жағдайлары туралы мiндеттеме беру шарттарын, оларды қайта өңдеу тәртiбi мен мерзiмдерiн, қайта өңдеу өнiмдерiнiң шығу мөлшерiн сақтамау, мұндай тауарларды қайта өңдеу бойынша операциялар жүргiзу –

      елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Отандық тауарлардың қайта өңдеу өнiмдерiн басқа тауарлармен ауыстырудың белгiленген тәртiбiн бұзу -

      жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

543-бап. Кедендік рәсімді белгіленген мерзімдерде аяқтамау



      1. Өзіне қатысты аяқтау туралы талап белгіленген кедендік рәсімді белгіленген мерзімдерде аяқтамау, сол сияқты уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралдарын Кеден одағының кедендік аумағынан әкетпеу –

      әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың тiкелей нысаналары болып табылатын тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Жеке тұлғалардың Кеден одағының кедендік аумағынан уақытша әкелінген тауарларды және (немесе) көлiк құралдарын уақытша әкелудің белгіленген мерзімдерінде әкетпеуі –

      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органына тауарлар мен көлiк құралдарының кері әкетілуін немесе әкелінуін не аварияның немесе еңсерілмейтін күштiң әсерi, табиғи тозу немесе азаю не шет мемлекет органдары мен лауазымды адамдарының құқыққа сыйымсыз әрекеттерiне байланысты олардың иелiктен шығарылуы салдарынан тауарлар мен көлiк құралдарының жойылуы немесе ысырап болуы себебiнен оның мүмкiн еместігін растау ретiнде жарамсыз құжаттарды, заңсыз жолмен алынған құжаттарды не басқа тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты құжаттарды ұсыну –

      әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын тауарлар мен көлік құралдары тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескерту. 543-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.12.2015 № 432-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).


       

544-бап. Белгiлi бiр кедендiк рәсіммен орналастырылған тауарлармен және көлiк құралдарымен құқыққа сыйымсыз операциялар жүргізу, олардың жай-күйiн өзгерту, оларды пайдалану және (немесе) оларға билiк ету



      Тауарлармен және көлiк құралдарымен олардың кедендiк рәсіміне сай келмейтiн операциялар жүргізу, олардың жай-күйiн өзгерту, оларды пайдалану және (немесе) оларға билiк ету, сол сияқты, егер бұған кедендік рәсімге сәйкес жол берілсе, тауарларға қатысты иелену, пайдалану және билік ету құқықтарын беру арқылы кедендік рәсімді пайдалану құқығын, егер мұндай шешім міндетті болса, мемлекеттік кіріс органының рұқсатынсыз басқа тұлғаға беру –

      әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын көлік құралдары тәркілене отырып, кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың тиісті тізілімінен алып тастай отырып, жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

545-бап. Тауарлар мен көлiк құралдарын Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткiзген кезде тыйым салулар мен шектеулерді қолдану тәртiбiн сақтамау



      Тауарлар мен көлiк құралдарын Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген тыйым салулар мен шектеулерді сақтамай өткiзу –

      әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын тауарлар мен көлік құралдары тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

546-бап. Жеке тұлғалардың Кеден одағының және (немесе)Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген, жеке пайдалануға арналған тауарларды өткiзу тәртібін бұзып, тауарлар мен көлік құралдарын Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізуі



      Осы Кодекстің 547-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке тұлғалардың кедендік декларациялауға жататын жеке пайдалануға арналған тауарларды және (немесе) көлік құралдарын белгіленген нысанда декларацияламауы –

      он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

547-бап. Халықаралық пошта жөнелтілімдерінде тауарларды өткізу тәртібін бұзу



      Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген халықаралық пошта жөнелтілімдерінде тауарларды өткізу тәртібін бұзу –

      жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

548-бап. Тауарлар мен көлiк құралдарын Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы кедендік бақылауға соқпай өткiзу



      1. Тауарлар мен көлiк құралдарын Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы кедендік бақылауға соқпай өткiзу, яғни тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізудің Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органдары айқындаған орындардан тыс жерде немесе көрсетілген орындарда Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органдарының жұмыс уақытынан тыс кезде өткiзу, қылмыс белгілері болмаған кезде –

      жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –

      әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын тауарлар мен көлік құралдары тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – жиырма бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескерту. 548-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.12.2015 № 432-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).


       

549-бап. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарларды кедендiк бақылаудан жасыру



      Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткiзiлетiн не өткізілген тауарларды кедендiк бақылаудан жасыру, оның iшiнде тауарларды табуды қиындататын құпия орындарды не басқа да тәсiлдердi пайдалану немесе бiр тауарларға басқалардың түрiн беру арқылы жасыру –

      құқық бұзушылықтың тікелей объектілері болып табылатын тауарлар тәркiлене отырып немесе онсыз, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тiкелей нысаналары болып табылатын тауарлар мен заттарды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы жасырып өткiзу үшiн пайдаланылған арнайы әзiрленген құпия орындары бар тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып, жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

550-бап. Тауарлар мен көлiк құралдарын Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы құжаттарды немесе сәйкестендіру құралдарын алдап пайдалана отырып өткiзу



      Осы Кодекстің 555-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік кіріс органына кедендiк мақсаттар үшiн қажеттi құжаттар ретiнде жарамсыз құжаттарды, оның ішінде тыйым салу мен шектеулерді сақтамауға негіз болатын құжаттарды, заңсыз жолмен алынған құжаттарды, анық емес мәлiметтердi қамтитын құжаттарды не басқа тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты құжаттарды ұсына отырып, тауарлар мен көлiк құралдарын Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткiзу, сондай-ақ тауарларды кеден транзитінің кедендік рәсімімен немесе уақытша сақтау қоймасына орналастыру, сондай-ақ жасанды сәйкестендіру құралдарын не басқа тауарлар мен көлік құралдарына қатысты төлнұсқа сәйкестендіру құралдарын пайдалану –

      әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып, жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

551-бап. Тауарларды, қолма-қол ақшаны, жол жүру чектерін не құжаттандырылған бағалы қағаздарды декларацияламау немесе анық емес кедендік декларациялау



      1. Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткiзiлетiн не өткізілген тауарларды декларацияламау немесе анық емес кедендік декларациялау, яғни декларанттың, кеден өкілінің, уәкілетті экономикалық оператордың кеден декларациясында және кеден мақсаттары үшін қажетті өзге де құжаттарда тауарлар туралы, таңдап алынған кедендiк рәсім, тауарлардың кедендік құны не шыққан елі туралы белгiленген нысанда мәлiмдемеуі не анық емес мәліметтерді мәлiмдеуі немесе кедендік төлемдерді, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеуден босатуға немесе олардың мөлшерін төмендетуге негіз беретін өзге де анық емес мәліметтерді мәлімдеуі –

      жеке тұлғаға – отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –

      әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға – алпыс, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Жеке тұлғалардың Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткiзiлетiн және жазбаша декларациялауға жататын қолма-қол шетел валютасын, Қазақстан Республикасының қолма-қол валютасын, жол жүру чектерін не құжаттандырылған бағалы қағаздарды декларацияламауы немесе анық емес декларациялауы –

      он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескертпе. Тұлға мынадай жағдайларда:

      1) тауарлар шығарылғанға дейін мемлекеттік кіріс органы лауазымды адамының тауарларды дұрыс сыныптамауы фактісі анықталған жағдайда, тауарлар шығарылғаннан кейін оларды сыныптау жөніндегі шешімдерді қайта қарау кезінде тауарлардың коды өзгертілген;

      2) камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарлама тексерілетін тұлғаға табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жойған;

      3) тауарлар шығарылғаннан кейін бұзушылықтарды өз бетінше анықтаған және көшпелі кедендік тексерудің жүргізілуі басталғанға дейін бір жыл ішінде өз еркімен жойған кезде осы бапта көзделген әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға жатпайды.

      Ескерту. 551-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 08.06.2015 № 317-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V(01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен


       

552-бап. Кеден одағының кедендік аумағына кеден қағидаларын бұза отырып әкелiнген тауарлар мен көлiк құралдарын тасымалдау, сақтау, сатып алу, пайдалану немесе оларға билiк ету



      1. Кеден одағының кедендік аумағына кедендік бақылауға соқпай не осындай бақылаудан жасырып, не құжаттарды немесе сәйкестендiру құралдарын алдап пайдалана отырып әкелiнген не декларацияланбаған немесе анық емес декларацияланған тауарлар мен көлiк құралдарын тасымалдау, сақтау, сатып алу, пайдалану немесе оларға билiк ету, сол сияқты өздеріне қатысты кедендік төлемдер және салықтар бөлігінде кедендік жеңiлдiктер берiлген, оларға байланысты осындай жеңiлдiктер берiлгеннен өзге мақсаттарда Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс органының рұқсатынсыз пайдаланылатын не иелiктен шығарылатын тауарлар мен көлiк құралдарын тасымалдау, сақтау және сатып алу –

      жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер -

      әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып немесе онсыз, елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

553-бап. Пайдаланылуы және (немесе) билiк етілуі шектелген тауарларды, сондай-ақ шартты түрде шығарылған тауарлар мен көлiк құралдарын пайдалану және (немесе) оларға билiк ету тәртiбiн бұзу



      Пайдаланылуы және (немесе) билiк етілуі шектелген тауарларды, сондай-ақ шартты түрде шығарылған тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделгеннен, оның ішінде оларға байланысты осындай жеңiлдiктер берілгеннен өзге мақсаттарда пайдалану және (немесе) оларға билiк ету –

      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

554-бап. Төленген кедендiк төлемдерді және салықтарды тиiстi негiздерсiз қайтаруға, төлемдер мен өзге де өтемдер алуға не оларды қайтармауға бағытталған әрекеттер



      Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органына төленген кедендiк төлемдердi тиісті негіздерсіз қайтаруға, төлемдер және өзге де өтемдер алуға немесе оларды қайтармауға не толық емес көлемде қайтаруға құқық беретiн анық емес мәлiметтердi қамтитын құжаттарды ұсыну, егер осы әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса –

      заңды тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштің екі жүз елуге дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

555-бап. Кедендік төлемдерді, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімдерін бұзу



      Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 08.06.2015 № 317-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

       Төлеушілердің, оның ішінде кеден өкілі, уәкілетті экономикалық оператор мәртебесі бар тұлғалардың кедендік төлемдерді, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын белгіленген мерзімдерде төлемеуі, сол сияқты шартты түрде шығарылған тауарларды негізгі кедендік декларациялау үшін кедендік алымдарды, кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеуден босатуды беруге байланысты мақсаттардан өзге мақсаттарда пайдалану кезінде, сондай-ақ кедендік төлемдерді, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын кезең-кезеңмен төлеуді көздейтін кедендік рәсімдерді жүргізуге тауарларды мәлімдеу кезінде кедендік декларацияны беру мерзімдері бұзылған жағдайда төлемеуі –

      жеке тұлғаларға – отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескерту. 555-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 08.06.2015 № 317-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


       

556-бап. Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс органының кедендік төлемдердің, салықтар мен өсімпұлдардың төленуге тиісті сомаларын белгіленген мерзімдерде төлеу туралы талабын орындамау



      Кедендік төлемдерді және салықтарды төлеуді қамтамасыз ету тәсілдері қолданылған кезде төлеуші кедендік төлемдерді және салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындамаған жағдайларда банктің, сақтандыру ұйымының, кепілгердің кедендік төлемдердің, салықтар мен өсімпұлдардың төленуге тиісті сомаларын белгіленген мерзімдерде төлеу туралы мемлекеттік кіріс органының талабын орындамауы –

      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

557-бап. Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс органдарының шешiмдерiн орындамауы



      Мемлекеттік кіріс органдарының кедендік төлемдердi, салықтарды және өсімпұлдарды өндiрiп алу туралы немесе кедендiк төлемдерді, салықтарды және өсімпұлдарды төлеушiнiң шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешiмдерiн банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың кiнәсiнен орындамау

      заңды тұлғаларға екi жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

558-бап. Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс органдарының талаптарын орындамау



      Кедендік декларациялауды, кедендік жете тексеруді, кедендік декларацияларды тексеруді, кедендік тексеруді жүзеге асыру, тауарлармен және көлік құралдарымен жүк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізу кезінде кеден ісі саласында қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың және өзге де тұлғалардың Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген, мемлекеттік кіріс органдары мен олардың лауазымды адамдарының талаптарын, сондай-ақ кедендік бақылау үшін қажетті өзге де талаптарды орындамауы -

      елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

30-тарау. КӨЛІКТЕГІ, ЖОЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ


БҰЗУШЫЛЫҚТАР

559-бап. Темiржол көлiгiнде қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн қағидаларды бұзу



      1. Темiржол арқылы ат-арба көлігімен (шаналармен) өту және жүк артылған, мініс малды және табынды айдап өту, темiржолдардың бөлінген жолағында мал жаю қағидаларын бұзу -

      ескерту жасауға немесе бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Темiржолды, қорғаныштық ағаш екпелерін, қардан қорғайтын қоршауларды және басқа да жол объектiлерiн, сигнал беру және байланыс құрылыстары мен құрылғыларын бүлдiру –

      жеке тұлғаларға – бес, заңды тұлғаларға жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Жүктердi тиеу және түсiру кезiнде белгiленген көлемдердi сақтамау –

      жеке тұлғаларға – бес, заңды тұлғаларға он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      4. Темiржолдарға поездар қозғалысының бұзылуын туындатуы мүмкін заттар төсеу, тастау немесе қалдыру –

      жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      5. Белгiленбеген жерлерде темiржол арқылы өту –

      ескерту жасауға немесе үш айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      6. Қазақстан Республикасының темiржол көлігі туралы заңнамасының талаптарын

      1) теміржол желісінің станциялық және магистральдық жолдарын және темір жол кірме жолдарын күтіп-ұстау;

      2) теміржол көлігіндегі қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жылжымалы составты, техникалық құралдарды, теміржолдың жасанды құрылыстарын күтіп-ұстау, пайдалану және жөндеу кезінде жасалған бұзушылық –

      жеке тұлғаларға – үш, лауазымды адамдарға – жеті, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – сегіз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      7. Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидаларын жылжымалы теміржол составының қалпына келтіруге келмейтін жағдайға дейін зақымдануына әкеп соққан бұзушылық –

      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      8. Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидаларын соның салдарынан жылжымалы составты ағыту және жөндеуге беру талап етілетін көлемде зақымдауға жол берілген бұзушылық –

      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      9. Тасымалдау процесіне қатысушылардың уәкілетті органға теміржолдардағы қауіпсіздік бойынша жол берілген бұзушылықтар туралы ақпаратты теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидаларында белгіленген мерзімдерде бермеуі -

      лауазымды адамдарға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      
Каталог: images -> files
files -> Рабочая программа разработана на 35часов в год из расчета 1 час в неделю, их них плановых практических работ 7
files -> Зиганшина Гузель Нурмухаметовна 2012-2013 учебный год
files -> Камско-Устьинского муниципального района, Республики Татарстан
files -> Всё об электричестве
files -> Муниципальная бюджетная организация дополнительного образования «Алексеевская детская школа искусств»
files -> Урок с участием учителя -ветерана войны в 9 классе моу
files -> Планирование курса «Биология. Животные»
files -> Главные труды Эвклида "Начала" латинизированное назв


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет