Екінші кіші тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Қарапайым математика білімдерін қалыптастыру
Тақырыбы: «Қоянның үйшігі»
Мақсаты: Балаларды (жоғары, төмен, биіктігі тең) деген сөздерді қолданып екі заттың биіктігін салыстыруын үйрету (сонша-қанша, көп-аз) деген сөздерді қолданып бір қатардан тұрған екі топты заттардың тең тең еместігін анықтау біліктілігін бекіту.
Билингвальдік компоненті: Жоғары – выше
Төмен – ниже
биіктігі тең – равные по высоте
Іс-әрекет кезеңі
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Дәлелдеп талаптану
|
Таңғы шеңбер
Армысың ба, Алтын Күн!
Армысың ба, Жер-Ана!
Армысың ба, достарым,
Сендерді көрсем қуанам.
Жұмбақ:
Қыс мезгілінде ақ тоң киеді
Күз мезгілінде сұр тоң киеді
Тәрбиешінің көмегімен балалар бір-бірімен өздері білетін қоян туралы жұмбақтарды жасырып ойнайды.
|
Балалар қуанышпен тәрбиешімен бірге өлең шумағын айтады.
Балалар жауабын айтады.
Қоян
Балалардың жауаптары
|
Ұйымдастырушылық ізденіс
|
Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Қыс мезгілі сендерге ұнайды ма?.
Қыс мезгіліндегі ерекшеліктерін айтындаршы.
Ауа райы салқындайды, су мұзға айналады.
Сюрприздік сәт: Балалар, бізге қонаққа қоян келді Балалар, қоян қайда тұрады?
Орманда.
Ал бізге қоян жәй келген жоқ, ол сендерден үйшік құрастырыпкөмектесуге сұрайды? Балалар, көмектесеміз бе?
Сергіту сәті;
Ақ қоян-ау ақ қоян!
Үркек қоян, сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды
Қорқағым деп ат қоям.
Балалар үйшіктің бөлмелері қандай болу керек?
Қабырғалар қандай болуын керектігін түсіндіреді.
Екі заттың биіктігін салыстыруға үйренеді.
|
Балалар қызығушылығын танытады.жауаптары
Қәзір қыс мезгілі.
Ия бізге қыс мезгілі ұнайды.
Күн салқындайды.
Далада қармен ойнаймыз.Аққалла қардан жасаймыз.
Орманда.
Балалар қоянға көмектескілері келетіндігін ұсынады.
Ия көмектесеміз.
Балалар бәрі бірге сергіту сәтін орындайды.
Балалардың жауаптары
|
Рефлекстік түзету
|
Балалардың білімдерін бекіту, жақсы қатысқан балаларды мақтап-мадақтау.
|
Балалар қоянға көмектескендеріне қуанады.
Қоянмен қоштасады.
|
Күтілетін нәтиже
Білу: Жоғары, төмен биіктігі тең.
Болу: Ұжымдық жұмыстың дағдылары
Қолдану: Қоянның үйшігі, қабырға, терезе, еден, есік.
Екінші кіші тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.
Тақырыбы: Алыс-жақын
Мақсаты: Жан-жақты бағыттың өзіне алшақ екендігін айыра білуін дамыту/биік-төмен,алыс-жақын,үстінде-астында,оң жақ-сол жақ.
Билингвальдық компоненті: үстінде – на верху,астында-внизу.
оң жақ – правая сторона,
сол жақ –левая сторона.
Іс-әрекет кезеңі
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Дәлелдеп талаптану
|
Таңғы шеңбер
Балалар кәне шеңберге тұрамыз.
Бір-біріміздің қолымыздан нені сезіп тұрмыз?
Ендеше осы жылылықтың қуатымен жақсы тіліктер айтамыз.
|
Балалар шеңберге тұрып, жылылық лебізді білдіреді.
Жылылықты.
Балалар қуанышпен бір-біріне жақсы тіліктер айтады.
|
Ұйымдастырушылық ізденіс
|
Балалар бүгін біз зоосаябаққа барамыз.
Зоосаябақ алыс оған немен барамыз?
Балалар автобуспен бару үшін қайда барамыз?
Бәріміз жиналамыз,алыс жаққа бару үшін жақын аялдамаға барамыз.
Балалар жолдан өту үшін ең біріншіден сол жаққа қараймыз,сосын оң жаққа содан кейін жол өтеміз.
Аялдамаға келдік,енді бәріміз автобустын ішіне кіреміз.
Балалар автобус биік па,әлде төмен бе?
Зоосаябаққа келдік.Балалар торға жақын тұрмаңдар.
Темір тордың астында тұр.
Балалар оң жаққа қараңдаршы,ол не ?Жарайсыңдар!
Арыстанды жақындап қараймыз ба? Оң жаққа қараймыз.
Балалар сендерге зоосаябақ ұнадыма?
Балалар, біздің топқа оралатын уақытымыз да келіп қалды. Оралатын уақытымыз да келіп қалды. Балалар аялдамаға барып топқа оралады.
|
Балалардың жауаптары
Автобуспен барамыз.
Жақын аялдамаға.
Балалар ең бірінші сол жаққа,содан кейін оң жаққа қарап өтеді.
Биік.
Балалар тордан алыс тұрады.
Балалар торға қарап айтады.
Балалар маймылға банан береді.
Арыстан.
Жоқ,алыстан қараймыз.
Бұл тиін.Балалар тиінге жаңғақ береді.
Иә ұнады.
Балалар топқа қуанышпен оралады.
|
Рефлекстік түзету
|
Балалар, біз қайда бардық?
Немен бардық?
Зоосаябақ алыс па,жақынба?
|
Зоосаябаққа.
Автобуспен.
Алыс.
|
Күтілетін нәтиже:
Білу: Биік- төмен,алыс-жақын,үстінде-астында,оң жақ-сол жақ.
Болу: Балалардың толық жауаптары
Қолдану: көрнекі құралдар.
Бірінші кіші тобының ұйымдасқан оқу қызметінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: Құрастыру.
Тақырыбы: Көліктер мен жүргіншілер жолдары.
Мақсаты:Бір бөлікті басқа бір бөлікке аустыра отырып, құрылысты өзгерту қабілетін дамыту,құрылыс әдістеріне үйрету,әсемдікке баулу.
Билингвальдық компоненті:Көліктер-транспорт,жүргіншілер-пешеходы.
Іс-әрекет кезені
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Дәлелдеп-талаптану
|
-Кәзір жылдың қай мезгілі?
-Күзгі өзгерістер?
-Күз туралы өлен,жаңылтпаш?
Дидактикалық ойын: «Көліктерді
ата?»
-Қандай көліктерді білесіндер?
-Дұрыс ауада ұшатын,суда жүзетін,темір жолмен жүретін, жерде жүретін.
|
Балалар сұрақтарға жауап береді.
-Күз мүз
Мүз күз
-Ұшақ,пойыз,автобус,машина, кеме.
|
Ұйымдастырушылық ізденіс
|
-Балалар жерде жүретін көліктерді атаңыз?
-Олар қалай жүреді?
-Ал адамдар қалай жүреді?
-Тратуар
-Машина жүретін жол жалпақ,
ал тратуар жінішке
-Балалар бүгін біз сендермен көлік және адамдар жүретін жол саламыз
Сергіту сәт:
Орнымыздан тұрайық,
Алақанды ұрайық,
Бір отырып бір тұрып
Біз демалып алайық
-Біз жолдан не арқылы өтеміз?
-Дұрыс бағдаршам
Тақпақ жаттау
Ашса кезек үш көзін,
Айтты деп ұқ үш сөзді:
Тоқта!Сақта! Жол ашық!
Жүрме жолға таласып
-Көлік жүретін жол жалпақ жалпақ өйткені бірнеше көліктер өтеді,адамдар тратуармен жүреді ол жінішке,жол арасынан бағдаршам арқылы өтеміз
-Енді бәріміз құрастыру материалды алып көліктер және жүргіншілер жолың саламыз.
|
-Автобус, машина, жүк машиналар.
-Жолмен
-Тратуар
-Жалпақ,жіңішке қайталайды.
Сергіту сәтті жасайды.
-Бағдаршам
-Тақпақты қайталаймыз
Жүргіншілер және көліктер жолың саламыз.
|
Рефлестік тузету
|
Тәрбиеші балалардың жұмыстарын бағалайды,балаларды мақтап-мадақтайды.
Қимылды ойын: «Автомобиль мен торғайлар»
|
Балалар тақпақты қайталайды.
Белсенді ойынға қатысады.
| Күтілетін нәтиже:
Білу:Тратуар мен көлік жүретін жолды ажырату
Болу:Құрылысты өзгерту қаблетін дамыту,.фантазиялық сезімін дамыту.
Қолдану:Құрылыстың әр түрлі әдістер қолдануға дағдыландыру.
Екінші кіші тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.
Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта».
Бөлімі: Көркем әдебиет.
Тақырыбы: Жаман және жақсы дегеніміз не?
Мақсаты: Жаман және жақсы деген ұғымды түсіндіру. Оларды бір-бірінен ажырата білуге үйрету.
Билингвальдық компонент: жаман-плохо, жақсы-хорошо.
Іс-әрекет кезеңі
|
Тәрбиеші іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Дәлелдеп- талаптану
|
Таңғы шеңберге тұру.
Сабақты түсіндіру.
|
Балалар таңғы шеңберге тұрады.
|
Ұйымдастырушылық ізденіс
|
Балаларға тақырыпты түсіндіру. Ой-өрістерін дамыту.
Екі ұғымды түсіндіру.
Сюрприздік сәт: Қоян қонаққа келеді.
Ол өзімен бірге ойын алып келеді.
Ойын: «Дауыстан таны».
Ойын ойналып болған соң қоян қоштасып кетеді.
Әйнек адам (жағдаятты шешу)
Бір баланың титімдей досы – Әйнек адамы болды. Өзі мөп-мөлдір.
Бір ғажабы: Әйнек адам
досының не ойлағанын біліп қояды.
Бала анасының тілін алмай, сыртқа ойнауға шыққалы
жатса – Әйнек адам сәл-пәл күңгірт тартып:
- Олай етуге болмайды. Әуелі ісіңді тындыр.
Сосын ойнауға шық, – дейді.
Бала ұялып қалады.
Дереу жұмысқа кіріседі.
Жұмысын бітірген соң ғана сыртқа шығады.
Әйнек адам қайтадан мөп-мөлдір түске енеді.
Бірде баланың бірге ойнайтын досы ауырып қалды.
Бір күн өтті, екі күн өтті.
Бала досын есіне де алмады.
Әйнек адамға қараса, түнеріп кетіпті.
- Кімге жамандық жасап қойдым? – деп сұрады бала.
- Ешкімге жамандық жасаған жоқсың. Тек досыңды ұмытқаның болмаса…
Бала ұялып кетті. Дереу досының үйіне келді. Оған бір шоқ гүл, алма ала барды. Сөйтіп, Әйнек адам баланы жақсы болып өсуге үйретті.
Баланың әрекеттері туралы не айта аласыңдар?
Адамдар неліктен «жамандықтан» қашады?
Әйнек адам баланы қандай жақсы қасиеттерге
үйретті?
Жақсы адам болу үшін не істеу керек деп
ойлайсыңдар?
|
Сергіту сәті:
Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды,
Ойлы қырлы жерлермен
Ытқып-ытқып жүгірді.
Суретпен жұмыс. Автобустағы күнделікті кездесетін оқиғалар жайлы әңгіме құрастыруды ұсыну.Жетекші сұрақтар арқылы жауап алу.Жаман мен жақсыны айыра білуге үйрету
|
Қоянның келгеніне қуанады. Сабаққа деген қызығушылықтары артады.
Ойынды белсенді ойнайды.
-Әңгімені соңына дейін мұқият тыңдап,өз ойларын ортаға салады.
Көңілді күймен жасайды.
Балалар сурет бойынша әңгіме құрайды.
|
Рефлекстік түзету
|
Сабақты қорытындылау, мадақтау.
|
Қорытынды сұрақтарға жауап береді.
|
Күтілетін нәтиже:
Білу: Тақырыпты толық меңгеру.
Болу: ұжыммен жұмыс жасай білу.
Қолдану: Суретпен жұмыс жасай білу.
Екінші кіші тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Бөлімі: «Сурет салу»
Тақырыбы: «Тақияны әшекейлеу» (қазақ ою – өрнектерін жолақша мен
дөңгелекке салу)
Мақсаты: Балалардың түс композиция сезімін пішінде ою – өрнек
элементтерін өзіндік орналастыруын дамыту. (ортасында, шетінде, туралай)
Билингвальдық компоненті: Тақия– шапка.
Әшекейлеу – украсить.
Дөңгелек – круг.
Іс - әрекет кезеңі
|
Тәрбиешінің іс - әрекеті
|
Балалардың іс - әрекеті
|
Дәлелдеп - талаптану
|
Балаларды шеңберге тұрғызу
Балалар, біздің ұлтымыз кім?
Біздің отанымыз қалай аталады?
Балалар әр ұлттың өзінің ұлттық киімі болады.
Кыз баланың киімі: сәукеле, көйлек, қамзол, етік. Ұл бала киімі: тақия, көйлек, шапан, етік. (суреттерін көрсету)
Осы киімдердің бәрінде өзіміздің ұлттық – өрнегіміз жасалған.
|
Кәне қолды созайық,
Керегені құрайық.
Уықтарын тұрғызып,
Киіз үйді жасайық.
-Қазақ
-Қазақстан Республикасы.
Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдауда.
|
Ұйымдастырушылық ізденіс
|
Балаларды «Ою – өрнектер» суретімен таныстыру.
Сюрприздік сәт: Қонаққа әже мен ата келеді.
Әже балаларға «киімдердегі өрнектер» әңгімесімен таныстырды.
Балалар, ата бүгін бізге тақияны әшекейлеуді үйретеді.
Бірінші тақияның суретін саламыз.Тақияның төбесін, шетіне (жолақшаға) ою – өрнектер салып, бояймыз.
Балалар әже мен атамен қоштасады.
Сөздік жұмысын жүргізу:
Тақия– шапка.
Әшекейлеу – украсить.
Жолақша – полоса.
Дөңгелек – круг.
Ойын ойнау: «Көрпеге ою салу»
|
Балалар суретті қызықтайды.
Балалар әже мен атамен амандасады.
Балалар әженің әңгімесін тыңдайды.
Балалар тәрбиешіні тыңдап, өз беттерімен жұмыс жасайды.
Балалар тәрбиешінің айтқанын қайталайды.
Ойынға қатысады.
|
Рефлекстік түзету
|
Бүгін немен таныстық?
Ненің суретін салдық?
Тақияны немен әшекейледік?
|
Ою - өрнекпен
Тақияның
Ою – өрнекпен
|
Күтілетін нәтиже:
Білу: - Ою- өрнектерді білуі.
Қандай заттарда болатынын білуі.
Болу: - Ою – өрнектер туралы түсінігі.
Қолдану: - Ою – өрнектерді бейнелей білуі.
- Түстерді дұрыс таңдап, бояй білуі.
Достарыңызбен бөлісу: |