23.Дөңгелекті ұста. Тәрбиеші балаларға жіптің көмегімен ұзындығы 0,5 м таяққа ілінген
жарқыраған дөңгелекті көрсетеді.4-6 баладан топ жиналған кезде тәрбиеші дөңгелекті
көтеріп, балалардың басынан жоғары айналдырып әкеледі де: «Ұста», «ұста», - дейді.
Балалар дөңгелекке тырмысады. Дөңгелекке жетуге онша құмартпай тұрған балаларға
тәрбиеші дөңгелекті, олардың қолы тиюіне мүмкіндік беріп, таяқты сөл төмендетеді де,
балалардың белсенділігін арттыру үшін, қайтадан тез көтере қояды.
Дөңгелекті балалар төбесінен осылай 2-3 рет айналдырғаннан кейін тәрбиеші кімнің
қолы жеткенін атап өтеді де олардың әрқайсысына бір-бір дөңгелектен береді.
Бірте-бірте балалардың барлығы бір-бір дөңгелектен алады. Тәрбиеші дөңгелекті
машинаның рулі ретінде ұстап, енді «шофер» болып ойнауды – бөлмеде
жүгіруді ұсынады.