25.Күнім, күнім ... (Сәулем, сәулем...) Балалар өлең оқып, қимылдың бағытын көрсетіп тұрған тәрбиешіні айнала қоршай
тұрады. Балалар оның артынан қайталайды.
О, алтын күн, алтын күн,
Әйнектен қара, жарқын күн!
Балаларың жылауда,
Сүрініп тасқа құлауда. Балалар әннің ырғағына қарай қолдарын соғады, тізе бүгіп
жүресінен отырады (сөз екпіндерінде).
Қол соғуды тоқтатпай, жалғастыра отырып, бір орында секіреді.
Қолдың буындары мен саусақтары бұлшық еттерін жетілдіруге
а рналған ойындар
26.Мұнара жасайық. Мұнарамен (шығыршықтармен, шариктермен) ойынға тәрбиеші бір мезгілде 5-6 баланы
қатыстырады. Бұл балаларға уақытылы көмек көрсету үшін жасалады.
Алғашқыда ойынның мәні мынада: балалар шығыршық пен шарларды алады да білекке
(стержень) кигізеді: мұны істеу өте қиын, майда бұлшық еттердің қатты жұмыс істеуіне
тура келеді және табандылық керек. Балалар шығыршықты білекке кигізу процесін
үйренгенде тәрбиеші олардың назарын құрастырылған мұнараның формасына аударады
да («Ол түп түзу») әр жолы ең үлкен шығыршықтарды таңдай отырып, осындай мұнараны
қалай жасау керек екенін көрсетеді.
Одан әрі ойынды әртүрлі етіп құруға болады: мысалы; мұнараны бір размерлі
шығыршықтардан құрастыруға («Бағандар жасаймыз») тапсырма беріледі
немесе білекке бір түсті шарлар немесе белгілі бір сан мөлшерінде
тізбектеледі.
27.Моншақ Бұл ойын үшін балаларға жақсы есілген жіп және әр түсті шариктер, ағаштан,
пластмассадан жасалған тесіктері бар цилиндр беріледі. Балаларға сол формаларды жіпке
тізіп, ұзын моншақ жасау ұсынылады. Балалар бұл қимыл әдісті меңгергеннен кейін, бір
жіпке екі бала бірігіп тізуге болады деген ұсыныс жасалады (екі жағынан). Тек балаларға
тізу кезінде моншақтарды формасы және түр-түсіне қарай алмастырып отыру ұсынылады.
28.Қазық қақ. Ойын үшін қазықтармен бірге станок және балға беріледі. Балаларға кішкентай балғаның
көмегімен қазықты қалай қағуды көрсету керек. Бір қазықты қаққаннан кейін бала
екіншісін қағады т.б. Бұдан кейін станокты аударады. Қазықтар тағы үстінен
көрінеді. Бұған бала таңданып қалады, қуаныш пайда болып, оның жаңағы
қимылды қайталағысы келеді. Тәрбиеші баланың ретсіз кез келген
қазақты ұра бермей, оларды кезекпен ұруын бақылауы керек.