30.Қыдыруға барайық. Балалар алаңның (бөлменің) жан-жағына қойылған орындықтарда отырады. Тәрбиеші балалардың
біреуіне жақындап келеді де оны өзімен бірге қыдыруға шақырады. Ол бала тәрбиешінің артына тұрады.
Ендігі бала одан кейін тұрады да, тағы сондай. Тәрбиеші осылайша 6-8 баланы жинайды да, олармен
бірге алаңды бір-екі айналып өтеді. «Үйге, үйге!» деген сигнал бойынша балалар өз орындарына жүгіреді.
Тәрбиеші басқа балаларға келеді, ойын одан әрі жалғастырылады.
31.Өз үйіңді тап. Балалар алаңның немесе бөлменің бір жағын жағалай отырады. «Қыдырып қайтайық», - дейді тәрбиеші.
Балалар алаңда (бөлмеде) тобымен немесе жеке-жеке, кім қайда барғысы келсе, сонда аралап кетеді.
Тәрбиешінің «Үйге қайтыңдар», - деген сигналы бойынша өз үйлеріне қарай жүгіреді. Ойын
үш-төрт рет қайталанады.
Е с к е р т у: Егер алғашқы кезде балалар кеңістікті онша дұрыс бағдарлай алмайтын болса,
онда кез келген орындыққа отыруға рұқсат ету керек. Кейін барып тек өз орындығына отыру
ережесін енгізуге болады.