34.Кішкене өзен арқылы. Ойынға бір топ (6-8 адам) бала тартылады. Алаңда бір-бірінен 1,5-2 қашықтықта екі линия
сызылады. Бұл – өзен. Ойнаушылар сызықтың жанында – өзеннің жағасында тұрады.
Олар өзеннен анық сызылған дөңгелектер арқылы аяғын суламай, тастан-тасқа секіріп өтуі
керек. Дөңгелектердің арасының қашықтығы балалардың оларға бірінен-біріне секіре
алатындай болуы керек. Өзеннен қатарынан екі-үш бала өтеді, ал қалғандары
тәрбиешімен бірге оларды бақылап тұрады. Секіре алмай, аяғын сулап алғандары оны
күнге кептіруге кетеді – орындыққа отырады. Кейін олар ойынға қайтып араласады;
тәрбиеші оларды қалай болса да мақтап, жағаның екінші жағына
өтуіне көмектеседі.