29.Жалаушаны тап. Балалар (6-8 адам) орындықтарда немесе көгалда отырады. Тәрбиешінің сигналы
бойынша балалар көзін жұмады, осы кезде тәрбиеші жалаушаларды (балалардың санына
қарай) әр жерге тығып қояды. Жалаушаларды іздейтін уақыт жетті», - дейді тәрбиеші.
Балалар көздерін ашып, іздеуге кетеді. Жалаушаны тапқан бала өз орнына қайта келеді.
Балалардың барлығы да жалаушаларды тапқаннан кейін, бірінің артына бірі тізіліп,
алаңды жағалай жүреді. Колоннаның алдында жалаушаны бірінші тапқан бала жүреді.
« Орындарыңа барыңдар!» деген сигнал естілгенде, балалар өз орындықтарына барып
отырады, ойын қайта басталады. Тәрбиеші балалардың бір жалаушадан ғана
алуына бақылау жасауы керек. Бұл ойынды орман ішінде, алаңда өткізген
жақсы болады: жалаушаларды шөптің арасына, бұталарда, ағаштардың
артына жасыруға болады.