Экологиялық факторлар. Экологиялық факторлар дегеніміз қоршаған орта элементтерінің ағзаға тигізетін оң немесе теріс әсері. Экологиялық факторлар абиотикалық, биотикалық және антропогендік деп бөлінеді. Абиотикалық факторларға өлі табиғаттың әсері жатады. Олар жарық, қысым, ылғалдылық, жел, радиациялық сәулелер, жер бедері т.б. жатады. Биотикалық факторлар дегеніміз тірі организмдердің бір-біріне және табиғатқа тигізетін әсері жатады. Ол әсерлер түр ішінде, түр арасында болуы мүмкін. Антропогендік факторлар дегеніміз адамның табиғатқа тигізетін әсері. Адамның қоршаған ортаға ҒТР-ға байланысты кері әсерін тигізетін болса, қорықтар ұйымдастыру, экологиялық факторларға төзімді жануарлар мен өсімдіктердің жаңа түрлерін шығаруларына байланысты жағымды әсерлер тигізуі мүмкін.
Ағзаларға экологиялық факторлар бір уақытта әсер етеді. Ағзалар сол эколоргиялық факторларға бейімделе бастайды. Бейімделу мүмкіндігі факторлардың күші мен әсер ету мүмкіндігіне байланысты. Бұл көрсеткіштер жоғары немесе төмен болса ағзалар бейімделе алмайды. Сондықтан басқа жерге орын алмастыруы немесе тіршілігін тоқтатуы мүмкін.