Өріс эффектісі –(F - эффект) – оң және теріс зарядтты атомдары бар орынбасарлар көрсететін эффект, олардың айналасында басқа атомдарға тек байланыс сызықтары бойынша ғана емес, тікелей кеңістік арқылы да әсер ететін электр өрісі пайда болады.
Қосарлану эффектілері (С - эффект) немесе мезомерлік эффектілер (М - эффектілер) – еселік байланыстар электрондардың қос байланыстары бір жай байланыспен бөлінген қосылыстарда ығысу қабілеті. Мұндай қосылыстарда көрші π- және ρ- орбитальдердің бүйірлік бүркелуі мүмкін.
Полярлану эффектілері –уақытқа тәуелсіз, яғни негізгі күйге тән индуктивтік және мезомерлік эффектілер.
Байланыстың палярланғыштығы – молекулалардағы байланыстар электрондық бұлттарының сыртқы электр өрісі,реагент немесе еріткіштің әсерінен полярлануы. Бұл әсер нәтижесінде пайда болатын эффектілерді полярланғыштық эффектілері деп атайды.