Жылдамдық шектеуші саты – ең жоғарғы энергетикалық кедергі сәйкес келетін ең баяу саты.
Радикалдық механизм (AdR) – шарттары байланыстың гомолиттік үзілуіне жағдай жасайтын механизм (газ фазасы, жарық, температураны жоғарылату, пероксид қатысы).
Нуклеофил – электрон жұбын беретін реагент.
Нуклеофильді орынбасу SN – нуклеофил көміртек атомына шабуыл жасайтын иондық реакциялар.
Конформация –осы сәтте молекуланың ядролық арқауының кеңістікте еркін орналасуы.
Конформер – тәуелсіз геометриялық айнымалылар кеңістігінде үздіксіз облыс құрайтын, бұл облысқа потенциалдың энергия бетінің (ПЭБ) минимумы координаталары кіреді, және энергиясы бойынша ең төменгі бірінші реттік нүктеден төмен конформациялар жинағы.