Экология және өмір қауіпсіздігі



Pdf көрінісі
бет10/100
Дата22.02.2023
өлшемі1,98 Mb.
#169709
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   100
Байланысты:
экология өмір қауіпсіздігі
Игровая деятельность детей, Ресурс 7.5 Елдердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінің көрсеткіштері., 3 демо, 252, Документ Microsoft Word (3), БЖБ Рационал сандар, Modern and Minimal Company Profile Presentation, 11.11.23ж-Философия емтихан сурактар-Арынгазиева
ДӘРІС № 3 
Тақырып: 
 
Қауымдастықтар экологиясы.
Жоспары: 
1. Популяция, биоценоз туралы түсінік. Биоценоздың түрлері және дамуы.
2.Биоценоздың трофикалық құрылымы (продуценттер, консументтер, редуценттер). 
3.Экологиялық жүйелер. Экожүйедегі түраралық байланыстардың негізгі формалары.
4.Биосфера туралы ілім. Биосфераның негізгі бағыттары. Ноосфера –биосфера 
эволюциясының жаңа сатысы.
Дәріс мақсаты:
Студенттерге экологияның бөлімдері туралы түсінік беру. Биоценоздың 
түрлері және дамуы, биоценоздың трофикалық құрылымы, экологиялық жүйелер және
оның компоненттерімен таныстыру. 
Аутэкология - особьтар экологиясы 
Аутэкология бір түрдің өкілінің (особьтың) қоршаған ортамен өзара қарым-
қатынасын зертгейтін экологияның бір бөлімі. Басқаша айтқанда, осы организмге қоршаған 
орта факторларының әсерін және оларға осы особьтың табиғи реакцияларын зерттейді. Кез 
келген тірі организм өзін айнала қоршаған табиғи ортамен тығыз байланысты ғана өмір 
сүре алады. Олар - топырақ, су, минералды затгар, жер бедері және атмосфералық әр түрлі 
құбылыстар. 
Мекен ету ортасы деп, әдетте организмнің табиғи денелермем жәие табиғи 
құбылыстармен тікелей немесе жанама өзара байланыста болатынын түсінеміз. Сонымен, 
жоғарыда айтылғандай, орта дегеніміз- организмніңөсіп көбеюіне, тіршілігіне, дамуы мен 
таралуына тікелей немесе жанама әсер ететін айнала қоршаған орта компонентерінің 
жиынтығы. Ал, организмге қажетті жағдайлар деп - тек сол организм үшін алмастыруға 
келмейтін табиғи ортаның элементтерін айтамыз. 
Популяциялық экология
Популяция
дегеніміз белгілі ареалда ұзақ мекендейтін, өзара еркін будандаса 
алатын, информация бере алатын, бір түрге жататын особьтар тобы. 
Популяция деңгейінде негізгі адаптациялар, табиғи сұрыпталу және эволюциялық 
процестер жүреді. Популяцияның көп түрлілігі, оның ортаны меңгеру, икемделу 
қабілеттілігін, тіршілік үшін күресу мүмкіншілігін арттырады. 
Әртүрлі түрлердің популяциясы үшін особьтар санының азаю шегі болады. 
Особь кіші болған сайын олардың саны көп болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет