Экология және өмір қауіпсіздігі



Pdf көрінісі
бет83/100
Дата22.02.2023
өлшемі1,98 Mb.
#169709
түріЛекция
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   100
Байланысты:
экология өмір қауіпсіздігі

Денені қорғау әдістері 
Денені қорғау принциптері бойынша киім оқшаулағыш және сүзгіш болып бөлінеді. 
Теріні оқшаулағыш қорғау әдісі бойынша костюм ауа өткізбейтін материалдан (матадан), 
созылмалы және суыққа төзімді резіңке тәрізді жасалады. Олар герметикалық және 
герметикалық емес болады. Герметикалық қорғау құралдары уландырғыш заттардың 
буынан және тамшысынан бүкіл денені қорғаса, герметикалық емес – тек уландырғыш 
заттардың тамшысынан қорғап тұрады. Сонымен қатар олар тері мен киім кешекті 
радиациялық, бактериологиялық заттармен зарарлануына жол бермейді. Қорғаудың 
оқшаулағыш түріне мыналар жатады: қорғағыш комбинезон мен Л-1, жеңіл қорғағыш 
костюмі, жалпы әскери қорғаныс жиынтығы. 
Қорғағыш комбинезон біртұтас тігілген күрте, шалбар мен күлпарадан тұрады. 
Костюмнің комбинезоннан айырмашылығы: күлпара мен күрте, шалбар бөлек 
дайындалған. Комбинезон мен костюм жиынтығына сондай-ақ касканың ішінен киетін 
жұмсақ бас киім, резіңке етік, қолғап кіреді. 
Қорғау комбинезоны мен костюмдер адамның биіктігіне қарай үш мөлшерде 
дайындалады: 1 – 165 см-ге дейінгі, 2 – 165-тен 172 см-ге дейін, 3 – 172 см-ден жоғары. 


106 
Л-1 жеңіл қорғаныс костюмі капюшоны бар жейдеден, шұлықпен бірге тігілген 
шалбар, екі саусақты қолғаптан, касканың астынан киетін жылы бас киімнен тұрады. Л-1 
костюмінің мөлшері комбинезон мөлшерімен сәйкес келеді. Л-1 азаматтық қорғаныс 
бөлімшелерінде барлау жұмыстары кезінде қолданылады. Жалпы әскери қорғаныс 
жиынтығы (ОЗК) шапаннан, шұлық, қолғаптан тұрады. Жазғы қорғаныс қолғабы – бес 
саусақты, ал қысқы – екі саусақты. Қорғаныс шапанында жең мен күлпара болады. Шапан 
бес мөлшерде дайындалады: 1 – 165 см-ге дейін, 2 – 165 см-ден 170 см-ге дейін, 3 – 171 см-
дан 175 см-ге дейін, 4 – 176 см-ден 180 см-ге дейін, 5 – 180 см-ден жоғары. Қорғаныс 
шұлығының табаны резіңке негізде жасалған. Шұлық кәдімгі аяқ киімнің сыртынан киіліп, 
қыстырғыштың көмегімен қысылады, ал белге белбеумен бекітіледі. Шұлық үш түрлі 
мөлшерде дайындалады: 1 - №37-40 аяқ киімге, 2 - №41-42, 3 - №43 жоғары. Қолғаптар екі 
мөлшерде болады. Жалпы әскери қорғаныс жиынтығы қолдану мақсатына қарай 
жамылғыш күйінде, жеңі қосылған жайда, комбинезон түрінде жұмсалады. 
Теріні қорғаудағы сүзгіш құралдарына арнайы химиялың затпен сіңірілген шыт 
матадан тігілген киім (комбинезон) жатады. Бұл күйінде матаның ауа өткізгіш қасиеті 
сақталып, уландырғыш заттардың буы арнайы сіңіргіштің бойына сіңіп кетеді. 
Сүзгіш құралдардың жиынтығы (ЗФО-58) комбинезон, ер адамға арналған денеге 
киетін іш киім мен касканың ішінен киетін жұмсақ бас киімнен тұрады. Сондай-ақ жинаққа 
аяқтың қабынуынан сақтайтын шұлғау да кіреді. ЗФО-58 противогаз, резіңке етік
қолғаппен бірге жинақ та қолданылады. Комбинезон үш мөлшерде: 1 – 160 см-ге дейінгі 
ұзындық үшін, 2 – 161 см-ден 170 см-ге дейін, 3 – 171 см-ден жоғары. 
Теріні қорғаудың жаңа құралдары: обаға қарсы, қышқылдар мен сілтілерге қарсы 
тұрақты, химиялық оқшаулағыш КИХ-4, КИХ-5, костюмдер, қорғаныс шұлықтары, 
резіңкеленген алжапқыштар, маска НБТ-1, қолғаптар – бутилкаучукты, диэлектрлі
қышқылға, сілтілерге төзімді, хирургиялық, шыт матадан, полимерлі қабат пен шыт 
матадан тігілген. 
Теріні қорғау мақсатында қолда бар су өткізбейтін қарапайым жамылғыштар мен 
плащтар, сондай-ақ қалың материалдан тігілген пальто, мақта күртелер т.б. қолданылады. 
Аяқты сақтандыру үшін резіңке етік, ботылар, кебістер қолданылады. Ондай жағдай 
болмаса аяқ киімінің сыртынан тығыз қағаз, одан кейін мата ораған жөн. Қолды қорғау үшін 
резіңке және теріден жасалған қолғапты қолдануға болады. Трикотаж, жүн және шыт 
матадан тігілген қолғаптар тек бактериологиялық құралдардан және радиобелсенді шаң-
тозаңнан сақтайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет