Экология және өмір қауіпсіздігі


Көшіру органдары, олардың құрылымдары мен міндеттері



Pdf көрінісі
бет91/100
Дата22.02.2023
өлшемі1,98 Mb.
#169709
түріЛекция
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   100
Байланысты:
экология өмір қауіпсіздігі

Көшіру органдары, олардың құрылымдары мен міндеттері. 
Көшіру комиссиялары - 
республикада, облыстарда, қалаларда, қалалық аудандар 
мен ұйымдарда, сондай – ақ министірлікте, ведосмтволарда құрылады. Олар халықты 
бытыраңқы орналастыру мен эвакуациялау жөніндегі шаралардың бүкіл кешенін 
орындауға және осы шараларды жан - жақты қамтамасыз етуге жауап береді.
КК-
нің негізгі міндеттері: көшіру кезінде келетін халықты қарсы алуды, есепке алу 
мен орналастыруды ұйымдастыру, сондай - ақ келетін халықты тұрмысқа қажеттілер мен 
қамтамасыз етуді ұйымдастыруға бақылау жасау
Көшіру –жиналу пунктері (КЖП) 
бір объекті негізінде құрылады. КЖП әкімшілігі 
жергілікті атқарушы органдардарының қаулысымен , ұйымдардың бұйрықтарымен 
тағайындалады . КЖП өз қызметінде көшіру комиссияға бағынады . 
Әрбір көшіру – жиналу пунктіне рет нөмірі беріледі және оған шаруашылық жүргізу 
объектілері мен пәтерлерді иеленушілердің кооперативтері тіркеліп жазылады . Көшіру – 
жиналу пункті қалалық, аудандық, объектілік көшіру комиссиялармен, жаяу көшіру 
маршруттарының бастапқы пунктерімен, көлік органдарымен тікелей байланысы 
қамтамасыз етіледі. 
КЖП-нің негізгі міндеттері :
КК-мен, КЖП-ға бағындырылған объектілермен және 
ПИК термен, көлік иелерімен байланыс жасау, оларға халықтың КЖП- ға келуі мен қаупсіз 
аймаққа жіберілуі туралы ақпарат беру, адамдарды жөнелтуді ұйымдастыру КЖП- тегі 
адамдарға медициналық көмек көрсету қажеттілігі туралы белгіленген тәртіппен КК- ға 
хабарлау, қоғамдық тәртіпті ұйымдастыру.
Аралу көшіру пунктері (АКП) 
елді мекендерге, байланыс жолдарына жақын, 
ықтимал қираулар аймағынан тысқары жерлерге орналасады. Олар инженерлік тұрғыдан 
дер кезінде даярланады және көшірілетін халықтың сәл дамылдауына, оларды тіркеуге
қажет жағдайда дозиметрлік және химиялық бақылау жасауға, адамдарды санитарлық 
тазалау және қауіпсіз аймаққа жөнелтуге арналған. Егер қажет болса АКП-те киім мен аяқ 
– киім айырбасталады немесе тазартылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет