114
біршама (су бағанасымен шамамен 5 миллиметрдей) артық болса, ғимараттың
герметикалық қасиеті керек деңгейде деп санауға болады.
Қорғаныс ғимаратының өз құжаттары болуға тиіс: төл-құжат, жобасы, сыртқы және
ішкі жүйелердің жобалары, ғимаратты күтіп ұстау тәртібінің нұсқаулары, жарақтандыру
табелі, жай-күйін тексеру қорытындыларын жазып отыратын журналы және т.б. Бейбіт
уақытта пайдаланған кезде ғимараттың бөлмелері мен жабдықтарының сақталуы, тығыз
бекітілуі, тиісті санитарлық жағдайда ұсталуы, белгілі мерзімге даяр болуы қамтамасыз
етілуге тиіс. Жау қауіпі тікелей төнген кезде ғимаратты даярлауға кіріседі: бөлмелерді
бөгде заттардан босатады, барлық есіктердің, желдету арналарындағы жапқыштарының,
бөлгіштердің ақаусыздығын, құрылғылардың жұмыс істеуін бақылап өтеді, санитарлық
тазалыққа келтіреді, қорғаныс құралдарымен, барлау аспаптарымен және т.б. керекті
заттармен жабдықталуын тексереді. Бұл жұмыстарды жүзеге асыру үшін,
жасырынушыларға қызмет көрсету үшін АҚ бастығының жарлығы бойынша арнаулы
жасақтар құрылады. Паналаушылар ғимарат тәртібінің талаптарын орындауға тиіс; олар
жеке қорғаныс құралдарын, азық-түлігін ала келуі керек. Тез тұтанғыш және улы заттарды,
үй жануарларын әкелуге, шулауға, темекі тартуға, балауыз және басқа да ашық жалын
шығаратын шырағдандар жағуға тыйым салынады. Егер қорғаныс ғимаратында авария
орын алса (су басу, жүйесі бүлініп, өрт шығып, зиянды газдар шоғырланған жағдайда)
жасырынушыларды, жеке қорғаныс құралдарын кигіздіріп, далаға шығарады. Бұл шешім
объекті АҚ бастығының немесе қызмет көрсету тобы бастығының бұйрығымен жүзеге
асырылады.
Алдын-ала салынған қорғаныс ғимараттары жеткіліксіз жағдайда, ал жау қауіпі
тікелей төніп тұрғанда тез тұрғызылатын паналау ғимараттары соғылады. Олардың
тұрғызылуы да алдын-ала көзделген болуы керек. Құрылыс үшін түрлі жер асты өткелдерін,
шахталар мен тау-кен орындарын, метрополитенді және т.б. қаладағы жер асты
құрылыстарын керек нәрсемен жабдықтап пайдаланады. Жұмыстарды тез бітіру үшін
өндірістік әдіспен шығарылған материалдар, жабдықтар іске қосылады, ауа желдеткіш
және тазартқыш қондырғыларын жеңіл, қарапайым немесе табиғи түрде ұйымдастырады.
Мысалы, ағынды ауаны радиоактивті тозаңнан, улағыш немесе бактериалық заттардан
тазартатын құм немесе шлак сүзгілер, ал тозаңды тазалау үшін мата сүзгілер қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: