Экология және өмір қауіпсіздігі



Pdf көрінісі
бет95/100
Дата22.02.2023
өлшемі1,98 Mb.
#169709
түріЛекция
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   100
Байланысты:
экология өмір қауіпсіздігі

Ауыр металлдар
 
Ауыр металдар өзінің атауын атом массасының мәндерінің жоғарылығымен алады. 
Олар өсімдік пен жануарлар ұлпаларында уытты әсер бере отырып, жинақталуға қабілетті. 
Аз мөлшерде кейбір ауыр металдар адам тіршілігі үшін қажетті. Оларға: мыс, мырыш, 
марганец, темір, кобальт, молибден және т.б. жатады. Бұл элементтердің қайсыбірінің 
жетіспеуі адам организмінің дағдылы қызметтерінің бұзылуына әкеп соқтырады. Бірақ-та 
олардың мөлшерінің көбеюі нормадан жоғары болса, уытты әсер беріп, адам денсаулығына 
қауіп төндіреді. Бұдан да басқа адам организмінің жұмыс істеуіне қажеті жоқ 20 шақты 
металл түрлері бар. Олардың ішіндегі анағұрлым қауіптілері – сынап, қорғасын, кадмий, 
мышьяк. Адамның сынаппен лас су қоймаларынан ауланған балықты жеп улануы – 
минимат ауруы атымен белгілі. Сынаптың жоғары концентрациясы бар балықты жеген 
адамдардың жүйке жүйесінде кері қайтпас өзгерістер туындайды. 
Балалардың қорғасынмен улануы – дүние жүзі мемлекеттерінің денсаулық сақтау 
ұйымдарының өткір мәселесі. Кадмийдің организмге әсері бүйрек жұмысының бұзылуына 
әкеледі және қаңқада қайта қалпына келмейтін өзгерістер туындатады. Құрамында небәрі 
0,1 мкг/литрден аса мышьягі бар суды ішу гиперпигментация, кератоз және тіпті тері рагын 
туғызады. 
Тұрмыста қолданылатын кейбір товарлар мен препараттардың құрамында ауыр 
металдар бар. Мысалы, бояулардың бейорганикалық пигменттері – алюминий, ванадий, 


122 
хром, барий, қорғасын, мыс, сурьма, кадмий, қалайы қосылыстарынан тұрады. Ауыр 
металдардың қосылыстары стабилизатор және катализатор ретінде полимер 
материалдарын алуда қолданылады. Ол материалдардан синтетикалық маталар, 
пластмасса, резиналар жасалады. Сонымен қатар косметикалық препараттарда да ауыр 
металдар болады. Мысалы, пудрада – мырыш тотығы, қабақты бояуға арналған теньдерде 
– жоғары дисперсті алюминий ұнтағы болады. 
Ауыр металдардың сіздің үйге түсуінің негізгі көздері – су, пайдаланылған газдар, 
бояулар арқылы. Қалалардың көпшілігінде құрамында ауыр металдары бар өнеркәсіп 
қалдықтары тікелей суға, ауаға немесе топыраққа тасталады. Бұл есесіне су қоймаларының 
ластануына әкеледі. Қоқыс тастайтын жерлер немесе қалдықтар көмілген жерлер жер асты 
суларын ауыр металдармен ластайды. Пайдалы қазбаларды өңдеу де жер асты суларын 
ластағыш көздің бірі екендігі белгілі. Сондықтан, мейлі ауылда немесе қалада 
тұратыныңызға қарамай денсаулыққа қауіпті ауыр металдар әсеріне ұшырауыңыз мүмкін. 
Көп адамдар су құбырлары шүмегіндегі сүзгіштер ішетін суды тазалау қабілеті бар 
деп ойлайды. Мұндай тазалауды тек арнайы сүзгілер ғана қамтамасыз ете алады. Ішуге 
арналған суды ыстық су келетін шүмектен алмаңыз, өйткені одан ішетін су емес техникалық 
су ағады. 
Бұдан басқа да мысалы, Ресейде қоқыс өртеуге арналған көптеген құрылғылармен 
жұмыс жасау кезінде ауыр металдардың бар-жоғы бақыланбайды. Сондықтан, 
қалдықтарды өртейтін өнеркәсіптің жанында тұратын болсаңыз, ауыр металдардың әсеріне 
ұшрауыңыз әбден мүмкін. Бұл жағдайда ең дұрысы басқа жаққа көшу немесе қоғамның 
назарын болып жатқан жағдайға аудару және мұндай тұрғылықты аудандарға орналасқан 
өнеркәсіптің жабылуын сұрану керек. 
Бояулардағы ауыр металдарға байланысты негізгі мәселе – бұл қорғасын. Көбінесе 
қорғасынмен улануға шалдығатындар – балалар. Бұл мәселенің шешімі – құрамында 
қорғасыны бар бояуларды пайдаланбау. Алайда, сіздің үйіңіздегі заттардың бірі мұндай 
бояумен боялған болса, біріншіден, ескі, қабығы сыдырылған бояуды қырып тастап, бетін 
сулы негіздегі бояумен бояңыз. 
Бояуды қыру кезінде, барлық қауіпсіздік шараларын қолданғаныңыз жөн. Бөлме 
жақсы желдетілуі тиіс. Арнайы қорғану киімін кию керек. Жұмыс істеп болғаннан кейін 
оны мұқият тазалайды немесе басқа заттардан бөлек жуу керек. 
Құрамында қорғасыны бар бояуды жарылу және қабыршықтану сипатына қарай 
оңай табуға болады. Өйткені оның қалып кеткен бөліктері өте сынғыш келеді. 
Қандай жағдайда болмасын балаларды қорғасынның әсерінен сақтау мақсатында 
барлық мүмкіндікті жасаңыз. Балалар бұл әсерге ересектерге қарағанда 10 есеге дейін бейім 
келеді. 
Егер сіздің жақындарыңыз ауыр металдардың әсеріне ұшырамасын десеңіз, келесі 
нұсқауларды орындаңыз: 
-
есіңізде болсын, ауыр металдардың негізгі шығу көзі – аккумулятор батареялары. 
Кез-келген типтегі батареяларды қоқыс салатын жәшікке тастамаңыз. 
Пайдаланылған батареяларды қабылдайтын мекемелерді тауып өткізуге 
тырысыңыз; 
-
полимер материалдарынан жасалынған бұйымдардың құрамында да ауыр металдар 
болады. Оларды неғұрлым ұзақ әрі жиі пайдаланатын болсаңыз, соғұрлым қоршаған 
ортаның ауыр металдармен ластану мүмкіндігін арттырады. Ең дұрысы, қай жерде 
болмасын, олардың пайдаланылуын шектеу; 


123 
-
Сынап термометрлері, люминисцентті және сынап лампаларын тастамау қажет. 
Оларды сындырып алмауға тырысыңыз. Сынап термометрін немесе лампаларды, 
сонымен бірге төгілген сынапты сынап қалдықтарын іске асыратын мекемелерге 
өткізіңіз, төгілген сынап тамшыларын жинап алған жерді күкір ұнтағы немесе 
құрамында хлорид ионы (FeCl
3
болса тіптен жақсы) бар ылғал тұз қабаты астында 
қалдырыңыз. Бұл жағдайда сынап аз еритін қосылыстар түзеді. Ластанған жерді 
қайта-қайта жуып кетіреді; 
-
есте болсын, металды сынап буларымен тыныс алу қауіпті. Олар тері арқылы 
организмге оңай еніп кетеді; 
-
кадмийді организмнен шығару үшін белоктарға, күкіртті аминқышқылдарына, 
аскарбин қышқылына, мырышқа, темірге, мысқа, селенге бай тамақ рациондарын 
пайдалану керек. Ультракүлгін сәулелерді, белок, ашытқы, соя ұнын, кальцийді 
пайдалану да жақсы нәтижелер береді; 
-
организмнен сынапты шығару үшін, құрамына мырыш және селен, аскорбин 
қышқылы мен мыс, протейн мен цистейн кіретін тамақ рационын пайдалану керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет