Экология және өмір қауіпсіздігі



Pdf көрінісі
бет96/100
Дата22.02.2023
өлшемі1,98 Mb.
#169709
түріЛекция
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   100
Байланысты:
экология өмір қауіпсіздігі

 
 
15-лекция 
Тақырыбы: Шұғыл құтқару және авариялық қалпына келтіру жұмыстарын 
ұйымдастыру. 
 
 
Халықты және Республика аумағын ТЖ-лардан қорғау, ықтимал болатын нұқсан 
және залалды азайту мақсатында, ел тіршілік әрекеті сенімді түрде болуын және 
шаруашылық объектілердің жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз, ететін нәтижелі (тиімді) және 
тұрақты жүйе қажет. Осы салада біртұтас мемлекеттік саясат жүргізіліп, Республикалық 
бағдарламалар жүзеге асырылуы тиісті. 
Сондықтан Қазақстанда атап өткен мәселеге тиісті бірқатар заңдар, сондай-ақ өзге де 
заңдық және құқықтық актілер қабылданды. 
Негізгілеріне ҚР-ның мынадай заңдары жатады: 
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы; 
Авариялық-құтқару қызметі және құтқарушылардың мәртебесі туралы; 
Азаматтық қорғаныс туралы; 
Өрт қауіпсіздігі туралы; 
Атом энергиясын пайдалану туралы; 
Халықтың радиациялық қауіпсізідігі туралы. 
Аталған ҚР-ның ТӘҚ саласындағы заңдары ҚР-ның Ата заңына (Конституциясына) 
негізделеді, оған қайшы келмейді, қайта баптарының мағынасын кеңейте түседі. Мысалы, 
Конституцияның 31 бабында былай деп айтылған: мемлекет адамның өмір сүруі мен 
денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды. 
Осы зандар Қазақстан аумағында ТЖ-лардың алдын алу мен оларды жою, авариялық-
құтқару қызметі мен құрамаларының әрекеттері жөніндегі қоғамдық қатынастарды 
реттейді, АҚ және ТӘҚ саласындағы орталық, жергілікті өкілді және атқарушы 
органдарының, ұйымдарының өкілеттігін, азаматтардың, шетелдік азаматтардың және 
азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары мен міндеттерін белгілейді. 
Сондай-ақ заңдарға сай ТӘҚ-н ұйымдастыру мақсатында қажетті органдар мен 
ұйымдар құралған. 


124 
Республика Үкіметі ТЖ-лар жөніндегі орталық атқарушы органы туралы ережені 
бекітеді. ҚР-ның ТЖ-лар жөніндегі орталық атқарушы органы арнайы уәкілдік берілген, 
Үкімет құрамына кірмейтін мемлекеттік орган болып табылады және оның өзіне бағынатын 
аумақтық органдары болады. Министрліктер, мемлекеттік комитеттер және Үкімет 
құрамына кірмейтін өзге де орталық атқарушы органдар тиісті аумақтағы ТЖ-лардың 
алдын алу мен оларды жою үшін жауапты болады. Ұйымдарда және объектілерде АҚ 
штабтары құрылады немесе мамандар тағайындалады. 
Сонымен, осындай түрде құрылған бірыңғай мемлекеттік жүйе ТЖ-лардың алдын алу 
және оларды жою үшін бейімделген. 
ТЖ-лардың алдын алу жөніндегі шараларға мыналар жатады: 
- ғылыми зерттеулер, жағдайды қадағалау, бақылау, ТЖ-лардың пайда болуына әкеп 
соғуы мүмкін аварияны, зілзала мен апатты болжау және олардың қауіпі туралы хабарлау; 
-ТЖ-лар саласындағы білімді насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-
үйрету, қорғану шаралары. 
Ғылыми зерттеулердің негізгі міндеттеріне мониторинг әдістерін әзірлеу мен ТЖ-
лардың деректер банкін жасау, ТЖ-ларды болжау, алдын алу әдістерін, бақылау шаралары 
мен қорғану құралдарын, оларды болжау, зардаптарына баға беру, олардың алдын алу мен 
оларды жою жөніндегі нысаналы және ғылыми-техникалық бағдарламаларды әзірлеу 
кіреді. Жағдайды қадағалау, бақылау мен ТЖ-ларды болжау қызметі (сейсмологиялық 
қызмет, сел жүретін хабарлау, радиациялық қауіпсіздікті бақылау жүйелері және басқалар) 
арнайы уәкілдік берілген мемлекеттік органдардың жанынан құрылады және ТЖ-лардың 
алдын алу мен оларды жоюдың мемлекеттік жүйесіне енгізіледі. 
ТЖ-лар саласындағы ақпарат ұйымдардың қызметтері қаншалықты қатерлі және 
зиянды екені, қажетті қауіпсіздік, зардаптар, ТЖ-лардың алдын алу мен оларды жою 
жөніндегі шаралар туралы мәліметтерден құралады. Ол ашық және жария болып табылады, 
бұқаралық ақпарат құралдары, байланыс және хабар беру жүйелері арқылы жариялануға 
тиіс. Мемлекеттік органдарды ақпараттық-техникалық жағынан қамтамасыз ету 
мақсатында ТЖ-лар жөніндегі республикалық автоматтандырылған ақпараттық-басқару 
жүйесі құрылады. 
Халықты оқытып-үйрету мектеп жасына дейінгі мекемелер мен жалпы орта білім 
беретін мекемелерде, жұмыс орындарында мен тұрғылықты жерлердегі ұйымдарда, ал 
мамандарды оқытып-үйрету кәсіптік-техникалық, орта арнаулы және жоғарғы білім беру, 
біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау мекемелерінде, ТЖ-дағы іс-қимылға 
дайындау және азаматтық қорғаныс орталықтарында жұмыс орындағы ұйымдарда 
жүргізіледі. 
Қорғану 
шараларына - сейсмикалық жағынан берік құрылыстар салу, 
коммуникациялар жүйелерін жетілдіру және гидротехникалық, инженерлік-геологиялық
қорғану шаралар өрттерге (жарылыстарға), індеттер мен малдың жұқпалы ауруларына, 
ауылшаруашылық өсімдіктері мен ормандардың кеселдерімен және зиянкестермен 
зақымдануына жол бермеу шаралары және басқа да шаралар жатады. 
ТЖ-ларды оқшаулау мен жою жөнінде алдын ала арнайы іс-қимылдар жоспарлары 
дайындалып бекітіледі. 
ТЖ-ды жою шаралары оны жариялаудан басталады. Бірінші кезекте ТЖ аймағында 
орналасқан авариялық-құтқару қызметтерінің күштері мен құралдарын тарта отырып іс-
қимылды жергілікті атқарушы органдар және ұйымдардың басшылары ұйымдастырады. 


125 
Олар халықты уақытша көшіру, қажетті материалдық-техникалық ресурстарын 
жұмылдыру ісін жүргізуі мүмкін. Объектілердің жұмысы тоқталады, ұйымдарда жұмыс 
режимі өзгертіледі, адамдардың жүріп-тұруы мен жүктердің тасымалдануына шектеу 
(карантин) енгізіледі, мүмкін болатын құтқару және авариялық-қалпына келтіру 
жұмыстары жүзеге асырылады, қоғамдық тәртіп пен объектілерді қорғау қамтамасыз 
етіледі. Шұғыл медициналық жәрдем дереу іске қосылады, ал ол жеткіліксіз болса басқа 
медициналық күштері мен құралдары тартылады. 
Жағдайды тез арада тұрақтандыру, заңдылық пен құқық тәртібін қамтамасыз ету, 
қажетті құтқару және авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге жағдай жасау 
мақсатында ТЖ аймағында төтенше режимі енгізілуі мүмкін. Ондай кезде басқарудың 
ерекше түрлерінің белгіленуі, азаматтардың жекелеген құқықтары мен бостандықтарының 
шектелуі және заңдарда көзделген басқа да шаралардың қолдануы мүмкін. 
ТЖ-дың жойылғаны туралы хабарлағаннан кейін қоршаған ортаны сауықтыру, 
ұйымдар мен азаматтардың шаруашылық қызметін қалпына келтіру жөніндегі шаралар 
жүзеге асырылады. 
ТЖ-лардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі шараларды қаржыландыру 
республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен жүзеге асырылады. Жергілікті ТЖ-лар 
қорлары құрылып, тікелей мақсаты бойынша жұмсалуы мүмкін. 
Шетелдік ұйымдар мен азаматтардың ҚР аумағында ТЖ-лардың алдын алу мен 
оларды жою жөніндегі қызметіне, егер ол Қазақстан заңдарына қайшы келмесе немесе 
Республика бекіткен халықаралық шарттармен реттелетін болса, жол беріледі: 
"Адам тіршілік әрекеттерінің сенімділігі мен шаруашылық объектілердің жұмысы 
қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жүйе" деген бағдарламада ТЖ-лар жөніндегі мемлекеттік 
жүйенің жоспарларының бір қатар бағыттары белгіленген. Олардың ішіне мыналары кіреді: 
Сейсмологиялық бақылау және жер сілкіністерін болжау жөніндегі Республикалық 
жүйені дамыту; 
- жаңа құрылыстардың сапалығы мен сенімділігі; 
- өнеркәсіп объектілер жұмысының қауіпсіздігі; 
- газ шаруашылығының қауіпсіздігі; 
- радиациялық қауіпсіздік; 
- ауа-райына байланысты маусымды ТЖ-лар; 
- сел, көшкін, су басудан қорғану; бөгендер, бөгеттер және өзендер арналарының жай-
күйі; 
- Каспий теңізі: деңгейінің өзгеруі және нагон (кері су ағу) құбылыстары; 
- түрлі өрттер; оларды өшіруге дайындылық; 
- эпидемияларға қарсы шаралар; 
- ақпарат, байланыс және құлақтандыру жүйесін жетілдіру; 
- басшыларды, мамандарды және халықты оқытып-үйрету, насихаттау; 
- қаржы, материалдық-техникалық, азық-түлік және медициналық қорларды жасау; 
- ТЖ-лардағы автоматтандырылған ақпараттық - басқару жүйесі; 
- ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру, дамыту; 
- әскери сипаттағы шаралар; 
- нысаналы бағдарламалар; 
- халықаралық қатынастар. 


126 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет