Экология және өмір қауіпсіздігі



Pdf көрінісі
бет93/100
Дата22.02.2023
өлшемі1,98 Mb.
#169709
түріЛекция
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   100
Байланысты:
экология өмір қауіпсіздігі

Үшінші топ: 
-
 
жоғарғы оқу орындарының студенттері, орта арнаулы оқу орындарының, кәсіптік 
техникалық училищелердің оқушылары, профессорлар мен оқытушылар және 
қызмет көрсетуші қызметшілер; 
-
 
мектеп – интернаттардардың оқушылары, балалар үйлері, тәрбиеленушілер, 
оқытушылар мен қызмет көрсетуші құрамы; 
-
 
мүгедектер мен қарттар үйіндегі зейнеткерлер, қызмет көрсетуші персонал; 
-
 
жалғыз басты зейнеткерлер, жұмыссыздар коммерциялық құрылымдардың жеке 
кәсіпорындардың және өзге мемлекеттік емес мекемелер мен фирмалардың 
қызметкерлері.
1- топтағы жұмысшылар мен қызметшілерді жұмысқа алып – қайту үшін олардың мекен 
жайы қауіпсіз аймақтағы жақын аудандарға бөлінеді. 2- топтағы көшірілетіндер 
жұмыстарын құрылған базасында ұйымдастыратын объектілерге немесе қауіпсіз 
аймақтағы ұқсас кәсіпорындарға өте жақын орналастырады. Жұмыс істемейтін халық 
қала аудандарынан қашығырақ жерге әкетіледі.


120 
Материалдық құндылықтарды көшіру тәртібі 
Қауіпсіз аймаққа әкетілуге тиіс материалдық құндылық тізбесін ҚР үкіметі, облыстық,
қалалық әкімдер, министрліктер мен ведомствовалар анықтайды. Қалалардан 1- кезекте 
мыналар әкетілуі тиіс: қауіпсіз аймаққа қоныстандырылатын халықты жабдықтауға 
арналған азық – түлік, дәрі – дәрмектер өнеркәсіптік товарлары, сондай – ақ мұражай мен 
банк құндылықтары, архив материалдары. Мүмкіндігінше жүктерді алып кету халықты 
тасымалдаумен қатар, ал мүмкіндік жоқ болса ол аяқталғаннан кейін жүргізіледі. Маңызды 
материалдық құндылықтарды әкету үшін үкімет шешімімен әуе көлігі пайдаланылуы 
мүмкін.
 
 
Қоныстандыру мен көшіруді қамтамасыздандыру 
Көшіру 
шараларын 
жоспарлау, 
даярлау 
және 
іске 
асыру 
кезінде 
қамтамасыздандырудың барлық түрі жан – жақты пысықталынып қарастырылады.
Төтенше жағдай кезінде халықты қорғау үшін мыналар қарастырылады. ЖКП –ке, 
КҚП – ға түсіру станцияларының нүктелерінің жаны мен жаяу жүру бағыттарының 
бойындағы қорғаныс ғимараттарын паналау; халықты және қорғаныс құралдарымен 
қамсыздандыру радиациялық және химиялық барлау жүргізу халыққа басқару және 
хабарлау құралдарын өз уакытында жеткізу дозиметрлік, санитарлық тазалау мен 
залалсыздандыруды ұйымдастыру.
Материалдық қамтамасыздандыру отынды, жағар және өзгеде материалдық 
құндылықтарды көшірілетін халықты тасымалдау үшін пайдаланылатын көлік пен және 
азық – түлікпен қамтамасыздандыруды қарастырады. Жергілікті билік органдары дүкен, 
асхана, коммуналдық – тұрмыстық мекемелер желісін кеңейтеді, үздіксіз кесте бойынша 
көшірілген қызметкерлерді пайдалану арқылы олардың жұмысын ұйымдастырады.
Көшіру шараларын медициналық қамтамасыздандыру ЖКП - тен бастап көшіру мен 
қамсыздандырудың барлық кезеңінде ұйымдастырылады. Құрылған медициналық 
нүктелер сырқаттарға шұғыл дәрігерлік көмек көрсетуге, жұқпалы ауруға шалдыққандарды 
анықтауға және оларды емдеу мекемесіне жөнелтуге міндетті.
Инженерлік қамсыздандыру жолдары көпірлерді және жол ғимараттарын күтіп – 
ұстау мен жөндеуді, отырғызу және түсіру нүктелерін, жаяу сапар бағытындағы колонна 
жолдарын жабдықтауды қамтиді.
Радиациядан және химиядан қорғауды қамтамасыздандыру бағытындағы жиналу, 
отырғызу, түсіру орындары мен қауіпсіз аймаққа қоныстанатын жерлерде радиациялық 
және химиялық бақылауды ұйымдастыруды, қорғаныс ғимараттарына АҚ хабар дабылы 
бойынша халықты жасыруды, халықты қорғаныс құралдарымен қамсыздандыруды 
қарастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет