Силлабус 051301- жалпы медицина мамандығы бойынша «Молекулалық биология және медициналық генетика» пәнінің жұмыс бағдарламасы негізінде құрылған



Дата19.05.2017
өлшемі0,73 Mb.
#16412



АҚ «Астана медицина университеті»


С – 07.1.5-1

Шығарылған күні: 9.10.07ж.

Биология кафедрасы

Тексеріс күні: 29.08.2012ж.

Қайта қаралды:

Бет ден





CИЛЛАБУС
Пәні: МОЛЕКУЛАЛЫҚ БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ГЕНЕТИКА МВМG 1201

Мамандығы: 051301 «Жалпы медицина»

Дәрістер: 36 сағат


Тәжірибелік сабақтар: 72 сағат
СӨЖ: 54 сағат
Сағат саны 162 сағат

Астана 2012ж.


Силлабус 051301- Жалпы медицина мамандығы бойынша «Молекулалық биология және медициналық генетика» пәні бойынша «Молекулалық биология және медициналық генетика» пәнінің жұмыс бағдарламасы негізінде құрылған.
Құрастырушылар:Мамбетпаева Б.С. Алтаева Н.З.

Силлабус АҚ «Астана Медицина Университеті» 051301 «Жалпы медицина» мамандығының студенттеріне арналған.


Силлабус кафедра мәжілісінде талқыланған


№ 1 хаттама «29» тамыз 2012 ж.

кафедра меңгерушісі

м.ғ.к. доцент Б.С. Мамбетпаева

Оқытушылар_туралы_мәлімет:__Кафедра_меңгерушісі'>1.7 Оқытушылар туралы мәлімет:

Кафедра меңгерушісі: Мамбетпаева Бахыт Смағұлқызы, медицина ғылымдарының кандидаты.

Ғылыми қызығушылығы: Әртүрлі жануарлардағы стресстің кейбір формалары мен гипоксиялық жағдайлардағы өкпенің гормондық реттелуін оқып үйрену.

Орыс және қазақ тілінде дәрістер оқиды және сабақтар жүргізеді.



Профессор Мироедова Эльвира Павловна, биология ғылымдарының кандидаты.

Ғылыми қызығушылығы: Экстремальдық жағдайлар цитогенетикасы.

Орыс тілінде дәрістер оқиды және сабақтар жүргізеді.



Кафедра доценті Алтаева Нұрсұлу Закирияқызы

Ғылыми қызығушылығы. Ақмола облысының уран өндіретін өңірлеріндегі сүтқоректілерді цитогенетикалық зерттеу

Қазақ тілінде дәрістер оқиды және сабақтар жүргізеді.



Аға оқытушы Сманова Гульмира Бамадинқызы

Ғылыми қызығушылығы. Эволюциялық саты бойынша өкпе тінінің метаболизміне негізгі стресстік гормондардың әсер етуі.

Қазақ және орыс тілдерінде дәрістер оқиды және сабақтар жүргізеді.



Аға оқытушы Абдрахманова Балқия Мұхамеджанқызы

Ғылыми қызығушылығы. Паразитология сұрақтары.

Аға оқытушы Жалмақанова Жанар Жұманбайқызы КарГУ, Биологиялық факультетті бітірді.

Оқытушы Қарагұлова Айжан Шишнұрқызы. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰҰ бітірді.

Оқытушы Қалбаева Айнагүл Еркінқызы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университеті, Биология факультеті.

Ғылыми қызығушылығы Оқу үлгеріміне сыртқы орта әсері.

1.8 Байланыстық ақпарат

Кафедраның мекен-жайы : Астана қаласы, . Бейбітшілік көшесі, 49, 3 этаж. «АМУ» АҚ оқу корпусы.


1.9 Пәннің саясаты

  • Дәрістер мен сабақтарға міндетті түрде қатысу,

  • Жіберілген сабақтарды өз уақытында қайта тапсыру,(екі апта аралығында)

  • Оқу тәртібін сақтау,

  • Құрал-жабдықтарды сақтау, техникалық қауіпсіздік ережесін білу және сақтау.

  • Ұялы телефондарды қолданбау

  • Халат, дәріске арналған дәптер, тәжірибелік сабақтарға арналған сурет альбомы болуы қажет.


2. Бағдарлама

2.1 Кіріспе

Молекулалық биология нуклеин қышқылдарының және нәруыздардың құрылысы мен қасиеттерін, матрицалық синтездерді, генетикалық материалдың ұйымдастырылуын және қызметке асырылуын, сонымен қатар, жасушалардың және ондағы органеллалардың құрылысы мен қызметінің молекулалық негіздерін, жасушадағы өсу, көбею, бөліну және жойылу кезеңдерін зерттейді. Медициналық генетика тұқымқуалайтын аурулардың түзілуі мен даму себептерін, олардың диагностикасын, профилактикасын және емдеуді оқытады.

Медициналық жоғарғы оқу орындарында молекулалық биологияны оқытуда интегрирленген жүйеде білім беру, жасушаның құрылысы мен қызметінің молекулалық негіздерін, гендердің экспрессиялы реттелуін, матрицалық синтездердің реттелуін, сигналдардың берілу механизмдерін түсіну үшін, базалық білімді қалыптастырады. Сондықтан, медициналық генетиканың мазмұнын құрастыратын бұл білім, тіршіліктегі қалыпты кезеңдермен қатар, ондағы бұзылыстарды түсіну үшін, көптеген аурулардың түзілу себептерін анықтайтын, әсіресе хромосомалар мен гендердегі мутациямен байланысты тұқымқуалайтын ауруларға анықтама беру үшін қажет.

Мұндай қалыптасқан дайындық бірінші курстан бастап студенттерде клиникалық ойлау қабілетін түзуге мүмкіндік береді. Студент, молекулалық биологияны және медициналық генетиканы оқығанда, тіршілік кезеңдеріндегі молекулалық және жасушалық негіздердің бұзылу механизмдерін және олардың, патологиялық халдің түзілуі мен көрініс беруіндегі рөлін, сонымен қатар, диагностика мен профилактиканың қазіргі кездегі молекулалы-генетикалық әдістерін оқып, игереді.

Бұл игерілген білім биологиялық химия, гистология, физиология, патологиялық физиология, жалпы иммунология, фармакология, педиатрия, неврология, акушерлік және гинекология пәндерін оқу үшін теориялық база болып табылады.
2.2 Пәннің мақсаты:

Ағзадағы негізгі молекулалы-генетикалық және жасушалық механизмдер туралы қазіргі кездегі білімді студенттерде қалыптастыру және осы білімнің клиникалық тәжірибеде қолданылуы.


2.3 Пәннің міндеттері:

  • Кең тараған ауруларға эффективті диагностика, профилактика жүргізу және емдеу үшін, ағзаның қалыпты және патологиялық халдегі қызметтерінің молекулалы-генетикалық және жасушалық механизмдерінің рөлі туралы түсінікті қалыптастыру.

  • теориялық және тәжірибелік медицинада, қазіргі кездегі молекулалы-генетикалық әдістер мен технологияларды қолданудың негізгі принциптері туралы түсінікті қалыптастыру

  • кең тараған тұқымқуалайтын ауруларға қазіргі кездегі диагностика мен профилактиканы жүргізу үшін, тұқымқуалайтын патологиялардың негізгі белгілерін ажырата білуді үйрету

  • медицинадағы молекулалы-генетикалық зерттеулер табыстарын қолданудың этикалық және құқықтық нормалары туралы түсінік беру

  • тұқымқуалайтын аурулар бойынша, ғылыми әдебиеттермен және электрондық мәліметтер базаларымен жұмыс істеу дағдысын үйрету


2.4 Оқытудың соңғы нәтижелері:

Студент білуі тиісті:

  • тіршілік ұйымдарының жасушалық және молекулалы-генетикалық деңгейіндегі айырмашылықтары;

  • тұқымқуалайтын материалдың гендік, хромосомдық және геномдық деңгейдегі құрылымды–қызметтік ұйымы

  • жасушааралық өзара әсерді қамтамасыз етудегі биологиялық мембрананың рөлін, қалыпты және патологиялық халдегі мембраналық тасымалдау мен сигнализация механизмдері

  • генетикалық және жасушалық гомеостаздың тұрақтылық сақтауының негізгі механизмдері;

  • тұқымқуалайтын өзгергіштіктің түзілу себептері мен механизмдерін және олардың, адамдағы тұқымқуалайтын патологиялар мен дамудағы туа біткен ақаулардың түзілуіндегі рөлі;

  • адамдағы тұқымқуалайтын патологиялардың негізгі белгілері;

  • тұқымқуалайтын аурулар диагностикасының; профилактикасының және емдеуінің негізгі принциптері;

  • молекулалы-генетикалық әдістер мен технологияларды медицинада қолданудың негізгі принциптері;

  • молекуларлы-биологиялық және генетикалық терминологияны халықаралық тілде;




  • Істей алуға тиісті:

  • молекулалы-генетикалық кезеңдер туралы білімін ауру дамуындағы механизмдерді түсіндіру үшін қолдану;

  • адамдағы негізгі, анағұрлым кең тараған тұқымқуалайтын ауруларды ажырата білу;

  • хромосомалардың әртүрлі түрлерін дифференцирлеу және адамның қалыпты және патологиялық кариотипін ажырата білу;

  • адамның тұқымқуалайтын ауруларына болжам жасау үшін, генеалогиялық әдісті қолдану;

  • арнайы сөздік материалын, молекулалы-биологиялық және генетикалық терминологияны, электрондық генетикалық мәліметтер базасын және т.б. қолдану;


2.5 Пәннің алғы реквизиттері: Жалпы биология, химия, медициналық биофизиканың мектептегі курсы

2.6 Пәннің кейінгі реквизиттері: биохимия, гистология, микробиология, физиология, патологиялық физиология, фармакология, ішкі аурулар, балалар ауруы, неврология, акушерлік және гинекология.
2.7 Сабақтың тақырыптық жоспары




Дәріс тақырыптары

Өткізу түрі

Сабақтың ұзақтығы

1

Молекулалық биология және медициналық генетикаға кіріспе.

Жалпылама

2

2

Нәруыздардың құрлысы мен қызметтері

Жалпылама

2

3

Нуклеин қышқылдары, жіктелуі, құрылысы мен қызметтері.

Жалпылама

2

4

Нуклеин қышқылдарының биосинтезі

Жалпылама

2

5

Генетикалық код, түсінік, қасиеттері. Нәруыз биосинтезі.

Жалпылама

2

6

Про- және эукариот гендерінің экспрессиялы реттелуі

Мәселелі

2

7

Жасушаның генетикалық аппараты

Жалпылама

2

8

Репарация - геномның кездейсоқ зақымдалуынан сақтандыруын қамтамасыз ететін жүйе

Жалпылама

2

9

Зерттеулердің молекулалы-генетикалық әдістері және олардың медицина мен фармацияда қолданылуы.

Жалпылама

2

10

Жасушаның биологиялық мембранасының құрылысы мен қызметінің молекулалық механизмдері

Жалпылама

2

11

Жасуша ішілік органелла мен цитоқаңқаның құрылымы және қызметі

Жалпылама

2

12

Жасушааралық сигнализация мен интеграцияның молекулалық механизмдері

Жалпылама

2

13

Жасушалық цикл және оның реттелуінің молекулалы-генетикалық механизмдері. Апоптоз.

Жалпылама

2

14

Даму генетикасы. Жеке дамудың жасушалық және генетикалық негіздері. Дамудың туа біткен ақаулары

Жалпылама

2

15

Адамның тұқымқуалайтын аурулары. Тұқымқуалайтын аурулардың негізгі топтары

Жалпылама

2

16

Тұқымқуалайтын ауруларға арналған диагностика, профилактика және емдеу негіздері

Жалпылама

2

17

Популяциялық генетика негіздері

Жалпылама

2

18

Экогенетика және фармакогенетика негіздері

Жалпылама

2




Жалпы сағат саны: 18




36

Тәжірибелік сабақтың тақырыптық жоспары







Тәжірибелік сабақтың тақырыптары

Өткізу түрі

Сабақтың ұзақтығы

1

Нәруыз құрылысы мен қызметтері.

Семинар.

Мультимедиялық мәліметтер базасы



2

2

ДНҚ құрылысы және қызметі.


семинар, ситуациялық есептерді шығару

2

3

ДНҚ репликациясы.


семинарлар, ситуациялық есептерді шығару

2

4

РНҚ түрлері. Құрылысы және қызметі.


семинар, ситуациялық есептерді шығару

2

5

Генетикалық код. Транскрипция. РНҚ-ның посттранскрипциондық модификациясы.


семинар, ситуациялық есептерді шығару

2


6

Нәруыз биосинтезі трансляция


семинар, ситуациялық есептерді шығару

2

7

Прокариот және эукариот гендерінің экспрессиялы реттелуінің молекулалы механизмі.

Семинар

2


8

Аралық бақылау – коллоквиум №1..

Коллоквиум

2

9

Жасушаның генетикалық аппараты.

семинар ситуациялық есептерді шығару

2

10

Мутациялық өзгергіштік. Мутагенез. Мутагендік факторлар

семинар ситуациялық есептерді шығару

2


11

Мутация типтері. Репарация.

семинар ситуациялық есептерді шығару

2

12

Зерттеулердің молекулалы-генетикалық әдістері. Гендік-инженериялық технологиялар.

семинар, ситуацияларды модельдеу


2


13

Аралық бақылау – коллоквиум №2.

Коллоквиум

2

14

Жасушаішілік органеллалардың құрылысы мен қызметі

Семинар

Препараттарды микроскоптан қарау



2


15

Жасуша мембранасының молекулалық құрылысы және қызметтік жиынтықтары.

Коллоквиум

2

16

Жасушаішілік тасымалдаудың молекулалық механизмдері.

Семинар

2

17

Цитоқаңқа. Жасушааралық байланыстар, жасушааралық адгезия, жасушаішілк матрикс.

Семинар

2

18

Жасушаға сигналды берудің молекулалық механизмдері. Жасушаішілік сигнализацияның негізгі механизмдері.

Семинар

2

19

Жасушалық цикл және жасушаның бөлінуі

Семинар Препараттарды микроскоптан қарау

2

20

Жасуша пролиферациясы реттелуінің молекулалы-генетикалық механизмдері.

Коллоквиум

2

21

Апоптоз кезіндегі молекулалық құбылыстарға жалпы сипаттама.

Семинар

2

22

Аралық бақылау – коллоквиум №3.

Коллоквиум

2

23

Жеке даму генетикасы.

Семинар

2

24

Дамудың туа біткен ақауларының генетикасы.

Семинар

2

25

Канцерогенез. Онкогендер туралы қазіргі кездегі түсінік және олардың ісіктік процесстердегі рөлі.

Коллоквиум

2


26

Медициналық генетикаға кіріспе. Негізгі генетикалық түсініктер . Белгілердің тұқымқуалау түрлері.

семинар ситуациялық есептерді шығару

2


27

Адамның тұқымқуалайтын аурулары, жіктелуі,

медико-әлеуметтік маңызы.



Кіші топтарда жұмыс

2


28

Полигендік немесе мультифакторлық аурулар.

семинар

2

29

Хромосомалық аурулар. Тұқымқуалайтын аурулардың электрондық мәліметтер базасы.

семинар

2

30

Тұқымқуалайтын аурулардың зертханалық диагностикалық және алдын-алу әдістері. Медико-генетикалық кеңес (консультация).

Іскерлік ойындар

2

31

Популяциялық генетика негіздері

Семинар

2

32

Популяциялық-генетикалық зерттеулер

семинар ситуациялық есептерді шығару

2

33

Экогенетика негіздері

Коллоквиум

2

34

Фармакогенетиканегіздері.

Семинар

2

35

Аралық бақылау – коллоквиум №4.

Семинар

2

36

Қорытынды кеңес.

Семинар

2




Жалпы сағат саны: 72







Қорытынды бақылауға қенес беру уақыты емтиханға екі күн қалғанда емтихан кестесі бойынша өтеді.



Оқытушылардың аты жөні

дүйсенбі

сейсенбі

сәрсенбі

бейсенбі

жума

Мамбетпаева Б.С.







16.00







Мироедова Э.П.







17.00







Алтаева Н.З.

16.00













Сманова Г.Б.













16.00

Абдрахманова Б.М.




16.00










Жалмаканова Ж.Ж.




13.00










Карагулова А.Ш.













10.00-14.00

Калбаева А.Е.







16.00








2.8. Студенттердің өзіндік жұмысына (СӨЖ) арналған тақырыптары




Студенттердің өзіндік жұмысына (СӨЖ)

арналған тақырыптар


Тапсырма

1

Онтогенез және ауру кезіндегі нәруыздың құрамының өзгеруі.

1. Нәруыз синтезінің аяқталу үрдісін оқып үйрену .

  1. Адамның гемоглобин генін мысал ретінде онтогенез кезіндегі нәруыздың өзгеруін оқып үйрену.

3.Тұқым қуалайтын аурулардағы ағзада нәруыздың өзгеруін оқып үйрен: гемоглобинопатия, ферментопатия және басқалар.

4. Рефераттар презентациясы



2

Вирустардың генетикалық аппаратыының ерекшеліктері. ДНҚ және РНҚ бар вирустар.

1. Вирустардың құрылысын оқып үйрену.

2. Вирустардың тіршілік циклін оқып үйрену.

3. Медицинада вирустың маңызы туралы түсінік алу.

4. Рефераттар презентациясы



3

Теломерлер. Теломерлік белсенділік.

1. Теломер құрылымын оқып үйрену.

2. Теломер қызметін оқып үйрену.

3. Теломеразалардың қызметтері мен биологиялық рөлін оқып үйрену.

4. «Теломераза және қартаю», «Теломераза және онкогенез» тақырыптарына реферат дайындау.




4

Генетикалық инженерия негіздері.

1. Генетикалық инженерия маңызын оқып үйрену.

2. Рефераттар презентациясы

5

Трансгендік ағзалар, фармацияда және медицинада қолданылуы.

1. Генетикалық бағдарламалары өзгерістерге ұшыраған ағзалардың пайда болу сатыларын оқып үйрену.

2. Медицинада генді-инженерлік технологияларды қолдану.

4. Рефераттар презентациясы


6

Ағзаларды клондау.

Рефераттар презентациясы

7

Везикулалық тасымалдау.

1. Құрамында мембраналық көпіршіктер – везикулалары бар мембрана арқылы жоғары молекулалық қосылыстар мен бөлшектердің везикулярлы ауысу әдістерін оқып үйрен.

2. Эндоцитоз – бөлшектердің жасушаға ауысу жолдары.

3. Экзоцитоз- -жасушадан бөлшектер мен ірі қосылыстардың шығарылуы.

4. Рефераттар презентациясы



8

Жасушаның қозғалыс органеллалары

1. Жасушаішілік компоненттер мен қозғалыстарға қатысатын микротүтікшелердің қызметі. мен құрылысын оқып үйрену

2. Микрофиламенттердің құрылысы мен қызметін оқып үйрену.

3. Жасушаның арнайы қозғалыс органеллаларының құрылысы мен қызметін оқып үйрену .

4. Рефераттар презентациясы



9

Қартаюдың молекулалы-генетикалық механизмдері

1. Қартаюдың теломерлік теориясының негізгі жағдайлары мен маңызын оқып үйрену.

2. Соматикалық және жыныс жасушаларына қолданылатын теломерлік теорияның жағдайларын оқып үйрену.

3. Рефераттар презентациясы


10

Жыныссыз және жынысты көбею және олардың түрлері

1.Эволюцияда түрлердің сақталуы және ағзалардың шығу тегіне бағытталған негізгі биологиялық феномен ретінде көбеюді оқып үйрену.

2. Жынысты және жыныссыз көбеюдің биологиялық маңызын оқып үйрену.



  1. Жыныссыз көбеюдің түрлерін оқып үйрену.

  1. Жынысты көбеюдің маңызын оқып үйрену.

  2. Жынысты көбею түрлері.

  3. Партеногенез- ұрықтанбай көбею.

  4. Рефераттар презентациясы

11

Гаметогенез. Оогенез. Сперматогенез.

1. Гаметогенездің цитологиялық және цитогенетикалық кезеңдерін оқып үйрену.

2. Жыныс жасушаларының биологиялық құрамы мен құрылысын оқып үйрену.

3. Ұрықтану – аталық және аналық жыныс гаметаларының қосылуы.


  1. Гамета әрекеттесулерінің түрлері.

  2. Рефераттар презентациясы

12

Мейоз. Генетикалық материалдың рекомбинациясы.

1. Маңызы сәйкес келетін ерекше бөліну – мейозды оқып үйрену.

2. Мейоздың цитологиялық оқып үйрену:

4. Рефераттар презентациясы


13

Адамның жыныс генетикасы.

1. Адам жынысының қалыптасуындағы хромосомалық механизмді оқып үйрену .

  1. Адам жынысының қалыптасуындағы молекулалы –генетикалық механизмді оқып үйрену.

  2. Адам жынысының екіншілік детерминациясын оқып үйрену.

  3. Рефераттар презентациясы

14

Бағаналық жасушалар, медициналық маңызы

1. Бағаналы жасушаның құрамын оқып үйрену

2. Медицинада бағаналы жасушаны қолдану туралы түсінктер құрастыру.

3. Реферат дайындау.


15

Тұқымқулайтын ауруларды емдеудің негізгі принциптері. Генотерапия.

Адамның тұқым қуалайтын аурулары таралуының геногеографиясы бойынша реферат дайындау

Адам ауруы:



  • Бейімделген тұқымқуалайтын аурулар (БТУ)

  • Хромосомалық синдром

  • Гендік аурулар




16

Адамның тұқымқуалайтын патологиясындағы тұқымқуалаушылық пен ортаның рөлі.

1. Адам патологиясындағы орта және тұқымқуалайтын факторлардың тәуелділігін оқып үйрену: Полигенді тұқымқуалайтын гендердің, пенетранттылығы, гендердің, экспрессивтілігі, генокөшірмелер, фенокөшірмелер, мутагенді орта факторлары, канцерогенді орта факторлары.

4. Рефераттар презентациясы



17

Қазақстанның қоршаған ортасының ластану нәтижесіндегі генетикалық зардаптар.

  1. Тақырыптың біреуіне реферат дайындау:

  • Иондаушы сәулелердің мутагенді әсері

  • Ультракүлгін сәулелердің мутагенді әсері

  • Химиялық қосылыстардың мутагенді әсері

  • Канцерогенез, ортаның канцерогенді факторы, ағзаға әсері

18

Тұқымқуалайтын аурулардың геногеографиясы

1. Тұқымқуалайтын аурулардың геногеографиясы туралы реферат дайындау:

  • Алдын ала болжаланатын тұқымқуалайтын аурулар (БТУ)

  • Хромосомалық синдромдар

  • Гендік аурулар




Жалпы сағат саны: 54





2.9. Ұсынылған әдебиеттер тізімі

Орыс тілінде:

Негізгі:

  1. Мушкамбаров Н.Н. Кузнецов С.Н. Молекулярная биология. Учебное пособие для студентов медицинских вузов, Москва: Наука, 2003, 544 с.

  2. Фаллер Д.М., Шилдс Д. Молекулярная биология клетки. Руководство для врачей. Пер с англ. М.: БИНОМ – Пресс, 2003.- 272 с.

  3. Гинтер Е.К. Медицинская генетика. М., Медицина, 2003.

  4. Генетика. Учебник для ВУЗов/ Под ред. академика РАМН В.И. Иванова. – М..: ИКЦ «Академкнига», 2006.– 638с.: ил.

  5. Введение в молекулярную медицину./Под.ред. М.А.Пальцева, М.Медицина, 2004

Қосымша:

  1. Уилсон Дж., Хант Т. Молекулярная биология клетки. Сборник задач. Пер. с англ.- М., Мир, 1994.- 520 с.

  2. Казымбет П.К., Мироедова Э.П. Биология. Учебное пособие для студентов медицинских вузов. – Астана, 2006, 2007.

3. Медицинская биология и генетика/ Под.редакцией Куандыкова Е.У., Алматы, 2004

Қазақ тілінде:



Негізгі:

  1. П.Қ.Қазымбет, Л.Аманжолова, Қ.Нұртаева. Медициналық биология. Алматы 2002.

  2. Қуандықов Е.Ө., Әбілаев С.А. Медициналық биология және генетика. Алматы, 2006.

Ағылшын тілінде:

1. Alberts et al: Molecular biology of the cell, Second edition, 2000, Garland, New York and London.



2.10. Оқыту және білім беру әдістері:

Дәрістер: жалпы шолу.өзекті мәселелер

Тәжірибелік сабақ: семинарлар, ситуациялық есептерді шығару, препараттарды микроскопирлеу; кіші топтармен жұмыс (РBL): іскерлік ойындар.

Студенттердің өзіндік жұмысы:

әдебиеттермен, тесттік тапсырмаларды орындау, ғылыми баяндамаларды дайындау
2.11. Білімін бағалау:

Биология кафедрасында 1-2 курс студенттерін

пән бойынша бағалау критериі
Биология кафедрасындағы 1 курс студенттеріне «Жалпы медицина» мамандығына «Молекулалық биология және медициналық генетика», «Медициналық профилактикалық ісі» мамандығына «Медициналық биология, генетика және радиобиология», «Мейірбике» ісі мамандығына «Медициналық биология және генетика» пәндері бойынша білім беріледі.

Электив пәндері бойынша 2 курс студенттеріне «Жалпы медицина» мамандығына «Медициналық генетика негіздері» және «Даму ақаулықтары қалыптасуының биологиялық негіздері » пәндері бойынша білім беріледі.

1-6 курс студенттерінің пән бойынша кунделікті оқу үлгерімін, аралық бақылау қорытындысын, өзіндік жұмысы мен оқытушы мен студенттің өзіндік жұмысын, қорытынды бақылау білімінің көрсеткіштерін бағалау үшін сандық эквиваленттік шкала қолданылды.
Білім алушының оқудағы жетістігін төрт балдық жүйе бойынша сандық эквивалентке сәйкес, әріптік жүйемен бағалау.


Әріптік жүйе бағасы

Балдардың сандық баламасы

Пайыздық мөлшер

Бағалаудың дәстүрлі түрі

А

4,0

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз

1.2. Бағалау критериі


1 «Өте жақсы» бағасы «А» (4,0 немесе 95-100 ұпайына) және «А-» (3.67 немесе 90-94 ұпайына) сәйкес келеді.

«Өте жақсы» бағасы, «А» (95-100 бал) студенттің қорытынды тест көрсеткіші 95 пайыз болғанда қойылады. Студент қосымша әдебиеттерді қолданып, биологиялық терминдерді анықтап, медицинада молекулалық генетикалық процестердің мағынасын ашып меңгереді. Нәруыз синтезінің есептерін қатесіз орындап, тұқымқуалау белгілерін, ауруларына талдау жүргізеді. Студент өзіндік жұмысын, тест тапсырмаларын сапалы және уақытында орындай біледі.

«Өте жақсы» бағасы, «А-» (90-94 бал) студенттің қорытынды тест көрсеткіші 90 пайыз болғанда қойылады. Студенттің пән бойынша ауызша дайындығы өте жоғары, ситуациялық есептердді әр түрлі әдіс тәсілдермен шығарады. Қорытынды тест тапсырмалары мен есептері өте жақсы орындайды. Биологиялық терминдерді қолдануда, өзіндік жұмыстарды орындауда нақты жауап бере алмайды.

2 «Жақсы» бағасы «В+» (3,33 немесе 85-89 ұпайына) және «В» (3,0 немесе 80-84 ұпайына) «В- » (2,67 немесе 75-79 ұпайына) сәйкес келеді.

«Жақсы» бағасы, «В+» (85-89 бал)студенттің қорытынды тест көрсеткіші 85 пайыз болғанда қойылады. Студент пән бойынша білімді жақсы меңгергендігін көрсетеді. Тапсырмаға жауап беру барысында, күрделі қателіктер жібермейді, ситуациялық есептерді, СӨЖ,ОС
ӨЖ тапсырмаларын қатесіз, ұқыпты орындап, қорытынды тест тапсырмалары мен аралық бақылауды жақсы деген бағаға орындайды. Электрондық мәліметтер базасын қолданып, материалды жүйелей алады.

«Жақсы» бағасы, «В» (80-84 бал) студенттің қорытынды тест көрсеткіші 80 пайыз болғанда қойылады. Студент молекулалық биология мен генетиканың негізгі түсінігін меңгеріп, биологиялық терминдерді еркін игереді. Өзіндік жұмысты оқытушының көмегімен орындайды, тест тапсырмаларын және аралық бақылау тапсырмаларын жақсы бағаға орындайды, теориялық білімі мен тәжірибелік білімі орташа, жауаптарында қателіктер кездеседі және оқулық пен қосымша әдебиеттерді толық қолданбайды..

«Жақсы» бағасы, «В-» (75-79 бал) студенттің қорытынды тест көрсеткіші 75 пайыз болғанда қойылады. Студент молекулалық биология мен генетика бойынша жалпы түсінік пен тәжірибелік білімді ғана меңгереді. Тапсырмаларды оқытушының жетекшілігімен орындайды. Молекулалы генетикалық терминдерді меңгереді. Ситуациялық есептерді әр түрлі жолдармен қателіктермен орындайды, оқытушының көмегін қажет етеді. Аралық бақылауда қателіктер жіберіп, материалдарды меңгеру білім жеткіліксіз болады.

3 «Қанағаттанарлық» бағасы «С+» (2,33 немесе 70-74 ұпайына) және «С» (2,0 немесе 65-69 ұпайына) «С- » (1,67 немесе 60-64 ұпайына) сәйкес келеді.

«Қанағаттанарлық» бағасы, «С+» (70-74 бал) студенттің қорытынды тест көрсеткіші 70 пайыз болғанда қойылады. Студенттің теориялық білімі мен тәжірибелік сабаққа дайындығы төмен болады. Ситуациялық есептер мен тәжірибелік сабақ тапсырмаларын орындауда оқытушының көмегін қажет етеді.

"Қанағаттанарлық" "С"(65 - 69 бал), студенттің қорытынды тест көрсеткіші 65 пайыз болғанда қойылады. Студент бағдарламалық материалды меңгеруде, тәжірибелік және өзіндік тапсырмаларды орындағанда қиналады, жинақтап қорытынды шығара алмайды. Арнайы терминдерді, тәжірибелік сабақтарды және ситуациялық есептерді шешкен кезінде қиындықтан өтеді. Өзіндік жұмысты орындаған кезде жауаптарында қате және ескертулер алады. Қосымша әдебиетпен және оқулықтармен жұмысты аз істейді.

"Қанағаттанарлық" "С-" (60 - 64 бал), студенттің қорытынды тест көрсеткіші 60 пайыз болғанда қойылады.бағдарламалық материалдың мағына аралығын меңгеру, тәжірибелік және өзіндік тапсырмаларды орындағанда қиналады, аралық бақылау кезінде қорытынды шығара алмайды. Тапсырмаларды оқытушының көмегімен орындайды

«Қанағаттанарлық» бағасы, «Д+» (55-59 бал) студенттің қорытынды тест көрсеткіші 55 пайыз болғанда қойылады. Студент молекулалық биология мен генетика бойынша жалпы түсінігін, молекулалық генетикалық терминдерді төмен деңгейде меңгереді, тәжірибелік тапсырмалар мен ситуациялық есептерді орындауда қиыншылықтар туындайды. Өзіндік жұмыс орындауда оқытушының көмегін қажет етеді. Аралық бақылауды тапсыру өте төмен деңгейде болады.

«Қанағаттанарлық» бағасы, «Д» (50-54 бал) студенттің қорытынды тест көрсеткіші 50 пайыз болғанда қойылады. Студент ситуациялық есептерді орындауда қиыншылықтар туындайды. Өзіндік жұмыс орындауда қателіктер жіберіп, ескертулер алады. Теориялық және практикалық білімді меңгеру үшін оқытушының көмегін қажет етеді. Аралық бақылауды уақытында тапсырмай, қосымша әдебиеттермен жұмыс жасау төмен деңгейде болады.

«Қанағаттанарлықсыз» бағасы «F» (0 немесе 49 ұпайына) сәйкес келеді.

Қанағаттанарлықсыз «F» (0- 49 бал) ) студенттің қорытынды тест көрсеткіші 50 пайыз болғанда қойылады.Студент ситуациялық есептерді орындай алмай, молекулалық биология мен генетика бойынша жалпы түсінігі болмайды. Оқытушының көмегінсіз өзіндік жұмысқа қорытынды жасай алмайды. Мәнжазба жұмыстарында теориялық сұрақтарға жауап бермейді.

Әріптік жүйеден сандық эквиваленттік балдың коэффициенті.

1 Курс

Орташа күнделікті балы 0.3 коэффициент

Орташа ОСӨЖ 0.3 коэффициент

Аралық бақылау 0.5 коэффициент

СӨЖ 0.2 коэффициент

ҚББ 0.6 коэффициент

ҚБ 0.4 коэффициент

2 курс

- элективтер: орташа күнделікті балы 0.8 коэффициент

- СӨЖ 0.2 коэффициент
1.4 Білімді бағалаудың ережесі мен критерилері
Студенттің білімін бағалау мен бақылау 100 балдық рейтингтік жүйемен жүргізіледі.Студенттің күнделікті үлгерім бағасы, аралық бақылау, өзіндік жүмыс пен күнделікті баға қорытындысымен қойылады. Қорытынды бақылау пәннің күнтізбелік тақырыптық жоспары бойынша жүргізіледі.

Студенттің пән бойынша білімі РРБ арқылы анықталады: күнделікті аудиториялық бағалардың қорытындысы, аралық бақылау бағасы және студенттің өзіндік жұмысының бағалары бойынша қойылады.


РРБ =(АББ 0,3=МББ 0,5=СӨЖ 0,2)
АББ практикалық сабақтың орташа бағасы және СӨЖ

МББ межелік бақылаудың орташа бағасы

СӨЖ СӨЖ дің орташа бағасы

Әрбір пән бойынша білім алушылардың оқудағы жетістіктерінің деңгейі анықталады.


ҚБ = РРБ 0,6+ҚББ 0,4

Сессияға жіберу рейтингісін бағалау РРБ пән бойынша білімнің қорытынды бағасының 60 пайызын құрайды.

Қорытынды бақылау бағасы ҚББ пән бойынша білімнің қорытынды бағасының 40 пайызын құрайды.
Электив пәндері бойынша РРБ төмендегідей анықталады.

ҚББ = АББ 0,8+СӨЖ 0,2
АББ –практикалық сабақтың орташа бағасы

СРС – СӨЖ дің орташа бағасы
Студенттің пән бойынша қорытынды бақылауға, РРБ 50 пайыз болғанда және жіберілген сабақтары өтелген жағдайда жіберіледі.Студенттің қорытынды бағасы екі компонент арқылы анықталады: РРБ 60 пайыз және қорытынды бақылау бағасы 40 пайыз бойынша.
ҚББ = РРБ 0,6+ҚБ 0,4

ҚБ Қорытынды баға

РББ рұқсат беру рейтинг бағасы

Қорытынды бақылау: емтихан


2.11 Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиеттер :



  1. Биология. Учебник. / Под ред.В.Н. Ярыгина. Кн. 2. М. Высшая школа.2004.

  2. П.К. Казымбет, Э.П. Мироедова. Биология. Учебное пособие для студентов медицинских вузов. Часть II. Астана. 2006, 2007.

  3. Медицинская биология и генетика./ Под редакцией Е.У Куандыкова. Алматы, 2004.

4. Н.П. Бочков . Клиническая генетика. М. 2006

Қосымша әдебиеттер:

  1. Биология: Учеб-метод. пос. для студ. мед. вузов /В.П. Иванов, Л.А. Гребенник, А.И. Кириленко. – Курск: Издательство Курск ГМУ, 2003. – 374с.

  2. А.П. Пехов Биология и общая генетика: Учебник. – Санкт-Петербург, Москва, Ростов: Лань, 2006. – 640с.





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет