Тақырып 10 Шаруашылық объектілерінде АҚ ұйымдастыру және жүргізу Азаматтық қорғаныс .
Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру мен жүргізу – мемлекеттің аса маңызды міндеттерінің бірі, оның қорғаныс шараларының құрамдас бөлігі Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс туралы 1997 жылғы 7 мамырдағы №100-1 Заңында көрсетілген
Осы Заң Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғанысының негізгі міндеттерін, құрылуы мен жұмыс істеуінің ұйымдық принциптерін, Қазақстан Республикасы орталық, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, ұйымдардың азаматтық қорғаныс саласындағы құзыретін, азаматтарының , шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың құқықтыры мен міндеттерін белгілейді.