Тақырып 8. Табиғи ресурстар және табиғатты тиімді пайдалану Биосфера,сонымен қатар жер компонеттері өздері тұтас қор болып саналады немесе қоғам дамуының материалдық негізі болып табылатын сан алуан байлық және ресуртар құрамында болады. Сондықтан табиғат пен қоғамның гармониялық бірлескен тіршілігінің кепілінің негізі табиғи байлықты рационалды, тиімді, азқалдықты пайдалану. Объективті талаптар мәліметтеріне байланысты барлық Жер ресурстары, оның ішінде күн энергиясымен бірге бірнеше категорияларға бөлінеді.
Табиғи ресурстар дегеніміз – адам еңбегімен жасалмаған адамның тіршілік әрекетінде қажетті заттар, оларға: су, топырақ, өсімдік, жан-жануар, энергетикалық қазба байлықтары, оның ішінде дәлірек алсақ – өңделіп және өңделмей қолданылатын химиялық, минералдық, сонымен бірге, космостық ресурстар – Күн энергиясы т.б. табиғи ресуртар – адам өмірінің негізі. Олар адамға тамақ, киім, баспана, отын, энергия, өнеркәсіпке шикізат береді.
Табиғи ресурстар қолдануы бойынша: өндірістік, денсаулық сақтау, эстетикалық, ғылыми т.б. болып бөлінеді.
Табиғи компонеттердің қайсысына жататына байланысты жер, су, орман минералдары, энергетикалық т.б.
Таусылуына байланысты . Табиғи ресурстардың барлығы сарқылатын және сарқылмайтын болып бөлінеді.
Сарқылатын табиғи ресурстар өз кезегінде қайта қалпына келетін, салыстырмалы қалпына келетін, қалпына келмейтін болып бөлінеді.
Қалпына келмейтін ресурстар – бұл мүлде қалпына келмейтін немесе бақылай алатын уақыт аралығында адамның оларды қолдануынан оның қалпына келуі баяуырақ жүретін ресурстар. Оған қазба байлықтары жатады. Сарқылатын қалпына келмейтін ресурстарды қорғау оларды үнемдеуден, тиімді, кешенді пайдаланудан, аз қалдықты өндіріс, орнын басқаларымен алмастыруды қарастырудан тұрады.
Атмосфераға қалдықтарды шығарудың негізгі көзі – энергияны тұтыну мен өндіру.
Жер ресурстарын тиімді пайдалану
Топырақтардың құнарлылығы су және жел эрозиясы мен химиялық, физикалық деградация нәтижесінде төмендейді. Топырақтың деградациясының себептері шектен тыс мал жаю; ормандардың кемуі; ауылшаруашылық қызметі; жерді шектен тыс пайдалану және т.б.
Ормандарды жоюмен күрес
Ормандар топырақ пен суды, атмосфераны қорғауда, өсімдіктер мен жануарлардың биологиялық алуантүрлілігін сақтауда маңызды рөл атқарады. Үкімет орман шаруашылығының тұрақты дамуына арналған ұлттық бағдарламаларды жасап, оларды жүзеге асыру керек.
Шөлденумен және құрғақшылықпен күрес
Шөлдену – бұл ауа райының өзгеруі мен адам қызметінің нәтижесінде топырақтың деградациялану процесі. Бұл процеске көбіне құрғақ жерлер ұшырайды. Шөлдену мал жайылымдарының деградациясы мен азық-түлік өнімдерінің кемуіне әкеліп соқтырады. Құрғақшылық пен шөлдену кедейлік пен аштықтың да себебі болып табылады.
Мұхиттарды қорғау мен тиімді пайдалану
Теңіз суының ластануының шамамен 70%-ын құрлықтағы үлкен және кіші қалалар, өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы мен туризм құрайды. Мұхиттар шектен тыс балықтар мен былқылдақденелілерді (жылына 90 млн. тоннаға дейін) аулаудан, жағалаулар мен маржан рифтерінің жағдайының нашарлауынан зардап шегеді.
Тұщы суды қорғау мен тиімді пайдалану
Бүгін тұщы су мәселесі маңызды экологиялық мәселелердің бірі болып табылады. 2000 жылға қарай төмендегі міндеттер шешілуі тиіс:
- қалалардың әрбір тұрғынын бір адамға шаққанда ең кемінде күніне 40литр ауыз сумен қамтамасыз ету;
- өнеркәсіптік, тұрмыстық шайынды суларды залалсыздандыру ережелерін анықтап, жүзеге асыру;
- барлық ауылдық аудандардың тұрғындарын экологиялық қауіпсіз сумен қамтамасыз ету.
Улы химиялық заттарды қолданудың қауіпсіздігін арттыру
Химиялық заттар бүкіл дүние жүзінде қолданылады. 10000-нан астам химиялық заттар бар. Олардың 1500-інің үлесіне дүниежүзілік өндірістің 95% келеді. Қазіргі уақытқа дейін әлі улы және қауіпті өнімдермен сауда жасау туралы жалпы келісім жоқ.
Қатты қалдықтар мен шайынды суларды жою.
Тұрмыстық қалдықтар мен шайынды сулардың мөлшерінің жылдам артуы қала халқының денсаулығы мен қоршаған ортаға қауіп тудырады. Жыл сайын 5,2 млн адам, оның ішінде 4млн балалар шайынды сулар мен қатты қалдықтарды дұрыс тазартпау нәтижесінде ауырып, қайтыс болады. 2025 жылға қарай қалдықтардың мөлшері 4-5 есе артуы мүмкін.
Радиоактивті қалдықтар туғызатын қауіп оларды өсіру мөлшерін кемітуді, қауіпсіз тасымалдау мен жоюды талап етеді. Жыл сайын АЭС-тің жұмысы нәтижесінде 200-мың м төмен, ал 10 мың м жоғары радиоактивті қалдықтар түзіледі.
Балалар мен жастардың тұрақты дамуды қамтамасыз етудегі рөлі
Даму бағдарламалары жастарға қауіпсіз болашақты және оның ішінде денсаулыққа қолайлы қоршаған ортаға жоғары өмір сүру жағдайына, білім алу мен жұмысқа кепілдік беруі керек. Жастар планета халқының 1/3-не жақын бөлігін, ал көптеген дамушы елдерде - жартысын құрайды. Білім беру дәрежесін арттыру қажет. Жастарға білім беруде қоршаған ортаны қорғау мен даму мәселелеріне көп көңіл бөлінуі қажет.
Тұрақты даму мақсатындағы ғылым мен білім беру
Қазіргі кездегі ғылыми зерттеулер адамзаттың тіршілігін сақтау мақсатында жұмыс істейді. ХХІ ғасырда биосферада қауіпті өзгерістер болуы мүмкін. Ғалымдар төмендегі мәселелерді зерттеуде: ауа райының өзгеруі, ресурстарды тұтынудың артуы, демографиялық тенденциялар, ортаның деградациясы, энергия мен ресурстарды пайдалану, биосфераның космостық зерттеулері, ортаның адам денсаулығына әсері және т.б. Бағдарлама әр түрлі жастағы адамдардың қоршаған ортаны қорғау мен даму мәселелері бойынша білім алуын қамтамасыз етуі керек. Экологиялық білім беру – адамзаттың тұрақты дамуының қажетті шарты.
Өзін өзі тексеруге арналған сұрақтар 1 Табиғи ресуртарға не жатады? 2 Сарқылатын және сарқылмайтын табиғи ресурстар ? 3 Альтернативті энергия көзі туралы не білесін?