«Экология және тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі негіздері» пәні бойынша


Атмосфералық ауаның ластануының зардаптары



бет14/81
Дата02.03.2022
өлшемі224,43 Kb.
#133896
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   81
Байланысты:
Курс лекции ЭиТӘҚ негіздері-1

Атмосфералық ауаның ластануының зардаптары.
Зиянды улы заттардың жоғары концентрациясының атмосферада жинақталуы нəтижесiнде смог деп аталатын қалың тұмандар байқалды.
Лондонда смогтар ХIХ ғасырдың соңынан бастап — ақ белгiлi болған. Əсiресе 1952 жəне 1956 жылдары болған смог-тар елге үлкен зардаптарын тигiздi. 1952 жылдың 5-9 декабрь аралығында қаланың үстiн қаптаған тұман жауып тұрған. Тұ-манның құрамындағы зиянды қосылыстардың (күкiрт ангид-ридi, азот оксидтерi, альдегидтер, хлорлы көмiрсутектер, т.б.) мөлшерi ауада қалыптағы нормадан 5-6 есе көп болып, 12 сағаттан кейiн көптеген адамдарда тыныс алу жолдарының аурулары, бас ауру, бас айналу, жөтел күшейген. Созылмалы бронхит ауруымен ауыратын адамдардың көпшiлiгi смогтың əсерiнен қазаға ұшыраған. Ұлыбритания астанасының үстi нде 1956 жылы январьда 96 сағат бойы жауып тұрған смог мыңда-ған адамдардың ажалына себеп болған. 1968 жылы Лондонда "Ауа тазалығы туралы заң" қабылданғаннан соң атмосфераның ластануы бiршама азайған.
Өндiрiс орындарынан шыққан қалдықтар құрамында 140-қа жуық зиянды заттар болады. Олардың көпшiлiгi түссiз, иi ссiз болып, организмге бiрден əсер ете қоймайды. Медициналық-санитарлық зерттеулер нəтижесiнде адамның денсаулығына зиянды заттардың бiрлесiп əсер етуi аса қауiп туғызатындығы белгiлi болды.
Ауаның ластануы адамның жалпы жағдайын нашарлатып, жұмыс қабiлетiн төмендетiп, жөтел, бас айналу, дыбыс жол-дарының спазмалары, өкпенiң түрлi аурулары, организмнiң жалпы улануын туғызып, түрлi ауруларға қарсы тұра алу қа-бiлетiн төмендетедi.
Атмосфералық ауаны ластанудан сақтау жəне қорғау жолдары.
Атмосфералық ауаның ластануымен күресу мəселесi күр-делi, жан-жақты жəне үлкен материалдық шығындар мен күштi қажет етедi. Дегенмен ғылыми-техникалық прогресстiң қазiргi заманғы даму деңгейi адам организмi мен қоршаған ортаға зиянды əсер ететiн заттардың түзiлуiн жəне бөлiнуiн азайтып, ластанудың алдын-алудың iс-шараларын жасауға мүмкiндiк бередi.
Атмосфералық ауаның ластануының алдын алатын жəне зиянды қалдықтардың мөлшерiн азайтуға мүмкiндiк беретiн iс-шараларды төмендегiдей 3 топқа бөлуге болады:
Зиянды қосылыстар түзiлетiн технологиялық процестердi жақсарту жəне мүмкiндiгiнше зиянды заттар аз бөлiнетiн жаңа технологияларды өндiрiске енгiзу.
Отынның құрамын, аппараттар мен карбюрацияны жақ-сарту жəне ауа тазартқыш қондырғылар арқылы ауаға зиянды заттардың түсуiн азайту немесе мүлде болдырмау.
Зиянды қосылыстарды бөлетiн объектiлердi тиiмдi орна-ластыру жəне жасыл өсiмдiктердi көптеп отырғызу, егу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет