«экология және тұРАҚты даму» барлық мамандықтарға арналған ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік материалдары доцент Жумабеков С. Ж



бет38/64
Дата11.09.2020
өлшемі140,82 Kb.
#77774
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   64
Байланысты:
44961bc1-4649-11e4-973d-f6d299da70eeЭкол.3 каз

Негізгі әдебиеттер:

1. Жатқанбаев Ж.Ж. Экология негіздері. А., 2003

2. Бейсенова Ә.С., Шілдебаев Ж.Б., Сауытбаев Г.З. Экология., А., 2001.

Такырып-6 (1 сағат) № 10 дәріс.

ТАБИҒАТ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ҰТЫМДЫ ПАЙДАЛАНУ

Табиғи ресурстар – бұл адамзат өзінің қажеттілігін қанағаттандыратын табиғат байлығы. Ресурстар біркелкі орналаспаған және олардың қоры бірдей емес, сондықтан кейбір елдердің ресурспен қамтылуы, яғни табиғи ресурстар қоры және оларды пайдалану көлемі арасындағы арақатынас әр түрлі.

Минерал қорларды отын, рудалы емес (бейруда), химиялық, құрылыс материалдары топтарына бөлуге болады. Бұл минерал қорлар топтары жаңғыртылмайтындар санатына жатады. Планета аумағының 15%-ін көмір кен орындары алып жатыр. Жалпы көлемнің 8%-ін барланған қорлар алады. Барлық көмір ресурстарының басым көпшілігі Солтүстік жарты шарда шоғырланған.


Соңғы жылдары барланған мұнай және табиғи газ қорларының өсу беталысы байқалады. Бұл жаңа кен орындарының ашылуымен және жалпы геологиялық қорлар бөлігін барланған қорлар санатына ауыстырумен анықталады. Барлық барланған мұнай мен газ қорының 70 %-і құрлықта, қайраңдарда - 30%-і шоғырланған. Уран жер қыртысында кең таралған. Оның мол кен орындары Австралия, ОАР, Нигер, Бразилия, Канада, Намибия, Ресейде және Қазақстанда.

Жер ресурстары сарқылатын, бірақ та жаңғыртылатын болып келеді. Адамзаттың ресурстармен қамтылуы 13,4 млрд. га аумақты алып жатқан дүниежүзілік жер қорларымен анықталады.

Жер қорлары құрылымында азық-түлік өнімінің 88%-ін беретін, өңделген жерлердің (егістіктер, бау-бақшалар) мөлшері бар жоғы 11%-і алып жатыр. Ауыл шаруашылығына жарамды жерлер дүниежүзілік жер қорының орта есеппен 34%-ін, ормандар алқабы - 30%-ін алып жатыр, алайда ормандардың мол үлесі -52%-і Оңтүстік Америкада шоғырланған. Құрылыс салуға арналған жерлердің үлесі 2%, Еуропада -5%, жер қорының пайдаланылмаған жерлері 34%-ті құрайды.

Тұщы сулардан тұратын су ресурстары сарқылатын, бірақ та жаңғырылатын болып саналады. Су қорлары гидросфераның 2,5 %-ін құрайды. Адамзат үшін негізгі тұщы су көзі болып табылатын өзендерде (77 мың км3 ) су ресурстары бар. Суды негізгі пайдаланушы сала – ауыл шаруашылығы (70%-ке жуық), өнеркәсіп (20%), тұрмыстық шаруашылық (6%) және бөгендер (4%). Халықтың жан басына шаққандағы ресурстарымен қамтамасыз етілуі бойынша Австралия 1-орында тұр, одан кейін Оңтүстік Америка және ТМД, ал соңғы орында – Азия елдері.

Орман және басқа да өсімдік, балық ресурстарын, бағалы аң терісі және теңіз аңдары ресурстарынан тұратын биологиялық ресурстарды сарқылатын, бірақ та қайтадан толығып отырады. Орман ресурстары екі көрсеткішпен: ормандар алқабы аумағымен (құрлық аумағының 30%-і ) және тамырлы ағаштармен (350 млрд. м3) сипатталады. Жыл сайын тамырлы ағаштар қоры 5,5 млрд. м3-ке өседі, алайда дәл осындай көлемде жыл сайын ағаш даярлауға кетеді. Дүние жүзі ормандары екі белдеуді құрайды: солтүстік және оңтүстік.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет