Агроклиматтық ресурстар – бұл жылу мен ылғалдылықтан тұрады. Жылу бір жылдағы 1000 С-дан жоғары температураның қарқынды жиынтығымен анықталады, ал ылғалдылық жауын-шашын мен булану ара-қатынасы жағдайындағы ылғалдылық көрсеткішімен сипатталады.
Рекреациялық ресурстар – демалысқа, емделуге пайдаланылатын табиғат құбылыстары немесе обьектілері: теңіз жағалауы, табиғаттың көркем жерлері, таулы туризм аудандары, табиғат ескерткіштері, минералды және емдік батпақ көздері. Рекреация ресурстарына тарихи және мемориал обьектілері де жатады.
Энергетикалық ресурстар (отыннан басқалары) Күн энергиясы және жел, геотермалды және гидроэнергия ресурстарынан тұрады. Олар сарқылмайтын қорларға жатады. Шетелдік Еуропада гидроэнергия әлеуетінің игерілу дәрежесі ең жоғары 70%, ал дамушы елдерге игерілмеген гидроэнергия әлеуетінің 65%-і келеді. Гидроэнергия ресурстарымен өте бай елдер: ҚХР, Ресей, АҚШ, Заир, Канада, Бразилия.
Геотермалды ресурстар – бұл термалды сулар мен ыстық булар энергиялары. Тұңғыш рет бұл ресурстарды Исландия пайдаланды.
Дүниежүзілік мұхит ресурстарын минералдық, биологиялық және гидроэнергетикалық ресурстары құрайды.
Су ресурстары – теңіз, өзен, көл, жасанды су айдындары, жер асты сулары, топырақтағы ылғал, тау және полярлық өңірдің мұздықтары, атмосфераның су булары т.б. пайдалануға жарамды су қорлары. Жер шарының тұрақты су ресурстарының жалпы мөлшері 1 454 327,2 мың км3; бұның ішінде дүние жүзінің мұхит үлесіне 1370 млн км3; жер асты суына 60 млн км3; мұздықтарға 24 млн км3; көлдерге 230 мың км3; топырақ ылғалына 82 мың км3; өзен суына (арналық) 1,2 мың км3; атмосфера буына 14 мың км3 келеді. Су ресурстарына комплексті, балансты баға беру үшін төмендегідей теңдеулер қолданылады: R=U+S; P=U+S+E; W=P-S=U+E, бұл жерде: R– толық өзен ағыны; U- жер асты суының өзенге ағуы; S-жер беті ағыны; P-атмосфералық жауын-шашын; E- булану; W- территорияның жалпы ылғалдану мөлшері. Жыл сайын жер бетінде 150 км3 су жұмсалады, өзен және көлге 450 км3 ағын су қайта қосылады (бұл мөлшердегі суды тазалау үшін 5500 км3 өзеннің таза суы қажет). Біздің елімізде Су ресурстарын тиімді пайдалану дұрыс жолға қойылған, яғни ағын түрлерінің шығыны реттелуде.
Осыдан ондаған жылдар бұрын су мен ауа табиғаттың тегін сиындай есептеліп келген болатын. Соңғы кездерде су ресурсына деген көзқарас күрт өзгерді. Бұл жағдай тұщы судың көлемі гидросфераның 2%-дан сәл жоғарысын құрайтындығында. Абсолюттік деңгейде бұл адамзаттың қазіргі сұраныстарынан он мың есе көп. Алайда осы тұщы судың басым бөлігі Антарктида, Гренландия, Арктика мұздарында шоғырланған. Бұл әзірге пайдалануға қол жетпес қор.
Тұщы су ресурстары қоры біркелкі таралмаған. Мысалы, Африка халқының, шамамен, 10%-ы ғана тұрақты сумен қамтамасыз етілген, ал Еуропада бұл көрсеткіш 90%-ды құрайды. Бұл әртүрлілік бірінші кезекте материктердің түрлі облыстарындағы климаттық ерекшеліктерімен түсіндіріледі.
XX ғасырдың соңында түрлі шаруашылық қажеттіліктер үшін дүние жүзінде жылына 4 млн. м3 су пайдаланылады. Суды пайдалану өнеркәсіпте 20 есе, ауыл шаруашылығында 6 есе, коммуналдық шаруашылықта 7 есе өсті. Жекелеген аймақтардағы суға деген тапшылық гидросфераның ластануының күшеюінің нәтижесінде қалыптасты.
Ауыл шаруашылығында жұмсалатын судың басым бөлігі өсімдік шаруашылығына жұмсалады.
Париж, Токио, Нью-Йорк, Мехико тәрізді көптеген ірі қалаларда су құбырлары тәулігіне бірнеше сағат қана жұмыс істейді. XIX ғасырда тәулігіне әр адам 40-60 л, қазіргі кезде дамыған елдерге оның мөлшері 200-300 л-ге жетті. Ал ірі қалаларда әр адам тәулігіне 400 – 500 л су жұмсаса, Нью-Йорктің әр тұрғыны тәулігіне 1045 л су жұмсайды екен (Париж-500л, Мәскеу мен Санкт-Петербург-600 л, Алматы-650 л). Алайды адам организміне тәулігіне бар жоғы 2 л су қажет.
Дүние жүзі халқының 70%-ы өмір сүретін Еуропа мен Азияда өзен желісінде 39% орналасқан.
Достарыңызбен бөлісу: |