Практикалық жұмыс №2
Тақырыбы: Қоршаған ортадағы антропогенді ластаушыларды анықтау
Кіріспе: Автотранспорт-атмосфераны азот оксидтерімен (NO және NO2 азот оксидтерінің қоспасы), көміртегі (II ) оксидтері (СО), негізгі ластаушылардың бірі.Ауаның транспорттық ластану үлесі осы газдар бойынша жалпы ластануының СО 60%,NOх 50 % астам үлесін құрайды.
Автотранспорттың зиянды заттарға бөлінген қалдықтары белгілі уақыт аралығында атмосфераға шығарылатын газдардың мөлшерімен сипатталады.
Шығарылатын зиянды заттарға көміртегі оксидтері (концентрациясы 0,3---10%), көмірсутектер-жанбай қалған отын (3%) жәнк азот оксидтері (0,8%), күйе жатады.
Автотранспорттың атмосфераға бөліп шығаратын зиянды заттарының мөлшерін есептік әдіспен бағалауға болады.Шығарылатын қалдықтардың мөлшерін есептеуде гі бастапқы мәліметтерге мыналар жатады:
автотранспорттың отындық шығынының нормасы автотрассаның белгілі бір бөлігінен уақыт бірлігінде жүріп өткен әр түрлі типті автотранспорттың саны;
автотранспорттың отындық шығынының нормасы (қала жағдайында автотранспорт қозғалып келе жатқандағы оттынның орташа шығынының мөлшері).
7-кесте
Автотранспорт типі
|
Отынның орташа шығын мөлшері (100км/л)
|
Отынның меншікті шығыны Уі (1км/л)
|
жеңіл автомобиль
|
11-13
|
0,11-0,13
|
жүк автомобилі
|
29-33
|
0,29-0,33
|
автобус
|
41-44
|
0,41-0,44
|
Дизельді жүк машинасы
|
31-34
|
0,31-0,34
|
Жанармай түріне байланысты автотранспорттың бөліп шығарған зиянды заттарын анықтайтын импирикалық коэффициенттерінің мәні 8-кестеде берілген.
8-кесте
Отын түрі
|
Коэффициенттер мәні (К)
|
|
Көміртегі оксиді (СО)
|
көмірсулар
|
азот оксиді
|
бензин
|
0,6
|
0,1
|
0,04
|
Дизель отыны
|
0,1
|
0,03
|
0,04
|
К коэффициентінің шамасы сандық жағынан 1км жол жүруге қажет (яғни меншікті шығын), отын мөлшері жанған кездегі берілген компонеттің (литрмен) бөлінген зиянды заттардың шамасына тең.
Мақсаты: қоршаған ортаның антропогенді ластаушыларының негізгі түрлерімен және оларды жедел сараптамалау әдістерімен танысу.
1-тапсырма. Автотранспорттың ауаға шығаратын зиянды заттарының мөлшерін есептеу.
Құрал-жабдықтар:қалам, қағаз, микрокалькулятор.
Достарыңызбен бөлісу: |