Экология жєне адам денсаулыѓы


«Терінің ерте қартаю синдромы»



бет4/8
Дата30.09.2022
өлшемі345,5 Kb.
#151319
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Ýêîëîãèÿ æºíå àäàì äåíñàóëû û

«Терінің ерте қартаю синдромы»
2 жасар Ұлдана Төлегенова



Аяқ кемістігі

Басында қатерлі ісік

Басында қатерлі ісік
Арал экологиялық аймақ екені бәрімізге мәлім. Арал балығының түбіне жеткенін кейін теңіз суалған кезде теңіз қайраңына тұнған улы заттардың ауаға қайта ұшып бүкіл қазақ даласын ластағанын қосыңыз. Мұның үстіне техниканың көбеюі, әйелдердің өлі құрсақ тастауы, генетикалық ауытқымалы балалардың туылуы, сал, мешелдердің, жүйке ауруының көбеюі, рак, өкпе, тыныс жолы ауруларының өрттей қаулауының себебі неде екені өзінен өзі-ақ белгілі болды. Арал өңірі табиғатының экологиялық жүйесі тозығы жеткен тоқыма бұйымдай қақырап бара жатқаны қазір осы өлкені мекендейтін әркімге мәлім. Айнала қоршаған ортаның компоненттері арасындағы организмнің мүшелері іспеттес тығыз байланыстылықтың күйі кетуіне тікелей ықпал жасап тұрған факторлардың бірі-олардың антроногендік ластануы. Ластайтын заттардың түрлері де көп, мөлшері де мол. Олар радионуклиттер, ауыр металдар, зауыттармен фабрикалардың, автокөліктердің мұржаларынан шығатын зиянды заттар, ауыл шаруашылығында қолданылатын химиялық заттардың-минералдық тыңайтқыштар мен пестициттердің қалдықтары. Бұлардың бәрі де әр түрлі жолдармен ауаға, жер бетіндегі және жер астындағы суларға, жауын суына тарайды, өсімдіктер мен жануарлардың бойына жиналады.
Қазіргі таңда экологиялық аймақтың бірі – Байқоңыр. Бұл Байқоңыр кешенді ұшыру алаңдарының ресми түрде пайдалануға берілгеніне биыл 54-жыл. Сол 1954 жылдан бастап осынау ғажайып ғаламаттың жерімізде бүлдірмегені жоқ. Үкіметіміздің діттеуімен Мотор конструкторлар бюросының, Ресей денсаулық сақтау министрлігі Биофизика институтының және Мәскеу мемлекеттік университетінің бірігіп зерттеу нәтижесінде 1992 жылы анықталған дерек мынадай. Зымырандардың жиі құлап түсетін аумағы – Жезді және Ұлытау аудандарының топырағынан, суынан, жерді жапқан қарынан мал және денсаулығын құртатаын І-ІІ және ІІІ класты ауыр металдар, жермай, нитрит пен нитраттар табылған.
Ал бізді 1992 жылға дейін ғарыш аймағы зиянсыз деп сендіріп келді. Гиптелді де айтқан жоқ. Зымырандар керосинмен ұшады деп келді. Керосинмен де ұшатындары бар шығар немесе қосымша компонент ретінде пайдаланатын болар,дегенде гиптелді неге айтпай келген? Бізді мылтықсыз үндемей құрту ма? Ол да мүмкін. «Қара орысты көргенде, сары орысты әкем дерсін» депті ғой баяғы ата-бабаларымыз. Гиптелді азсынсаңыз бізге бүгінде Байқоңырдан соңғы уақытта жиі ұшырылып жатқан «Протондардың», «Самин»және «Меланж» дейтін зиянды қышқылмен қоректенетіні де белгілі болып отыр.Бұлар денсаулыққа зияндылығы жағынан гиптелденде асып түсетін болса керек,өйткені ауаға тарататын компоненттердің улылығы І классқа жатады екен.
Сонымен Байқоңыр аспаны жерді жарып, құлақты тұндырып күркіреген сайын аспанға атылатын әрбір зымыран көк жүзінің кеңістігіне 300 тоннаға жанған отынын қалдырып кететін көрінеді.Бұған Байқоңыр жерінде жылына аумақты ластайтын 30-35 мың тоннадай радиактивті құбыжық заттар шығарылатынын қосыңыз. Бұған және орта есеппен алғанда әрбір төртінші ұшырудың сәтсіздікке ұшырайтынын қосыңыз (мысалы ғарыш кемесі «Зенит» ұшырылуда) Ал, сонау алып кешеннің бүкіл аймағы Сыр бойының 67 млн гектар жерін бауырына басып жатыр.
Әлбетте Байқоңырдың бүкіл адамзат қоғамына қызмет ететінін біз жақсы білеміз. Бірақ пайдасынан бұрын зияны қыруар болып тұр. Есептей беріңіз. Ғарыш айлағы іске кіріскелі бері қоршаған кеңістікке 1993 жылға дейін келтірілген зияны 503 млн АҚШ долларына жеткен.Бұны бір деп қойыңыз.
Байқоңыр «Қазақстан меншігі» болып жарияланғаннан кейінгі дағдарыс кезеңде Қазақстан 1 млрд 200 млн долларға қарыз болған және амортизацияға 1 млрд 200 млн долларға шығындалған. Мұны екі деңіз.
Міне, осының бәрі 1995 жылы 20 наурыздағы Ресей-Қазақстан үкімет басшыларының қолы қойылған құжатта көрсетілген. Алайда, өкініштісі сол, Ресей бұл қарыздардың бірде –бір долларын төлеген жоқ. Үкімет басшылары қол қоюға қиналмайды. Кездеседі қол қояды. Ал, мәселе оның орындалуына келіп тірелгенде, екі жақты қаржы министрлігі қым–қиғаш «шатақ» шығарады. Біріне бірі көнбейді. Сонымен, не керек Байқоңыр ғарыш айлағы бұл тұста Ресейдің саясат ойыны алаңына айналып тұр. Бұл Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылған зымыран адам денсаулығына үлкен әсерін тигізеді. Құбыжық кейіпті мутанттар дүниеге келуде.
Бірақ қазіргі таңда екі басты, төрт аяқты немесе қол аяғы жоқ, басқада сұмдық ауытқулармен дүниеге келген сәбилерге ешкім таңқалмайтын болды. Мутация – бұл сыртқы немесе ішкі факторлардың әсерімен тектің түрінің бұзылуы. Ал сол текті бұзатын мутагендер негізінен физикалық, химиялық, және биологиялық болып үшке бөлінеді.
Біріншісі физикалық мутагендерге ең алдымен радиация жатады. Бұдан басқа жоғары қысымдағы ыстық,электромагниттік сәуленің өтуі т.б физикалық факторлар да генді бұзатыны анықталған. Яғни Қазақстан жеріндегі Семей, Капустин, Яр, Сарыөзек т.с.с ядролық полигондар мен жаңағы өзіміз айтқан Байқоңыр ғарыш аймағы, атом электор станциялары т.б сол сияқты радиактивтілігі басым орындарда жан түршігерлік ауытқулармен дүниеге келген кембағал сәбилерге осы мутагендердің әсер еткені анық.
Екіншісі, химиялық мутагендерге негізінен тыныс жолы, теріге сіңу немесе ішкен су, жеген тамақ арқылы енетін әр түрлі химиялық генотоксиндік заттар жатады. Бұлар адам организміне У болып енеді. Химиялық мутагендер негізінен ірі өндіріс орындары орналасқан жерде кездесетіні анық. Ал мұндай ірі зауыт-фабрикалар қала маңында орналасқан. Сондықтан қала халқының химиялық мутагендердің құрбанына айналу қаупі әркезде жоғары. Химиялық мутагенднрден ауыл халқы да аман қалған жоқ. Кезінде ауылшаруашылығында жөн-жосықсыз пестицидтер мен гербицидтерді пайдалануы адам организмін улайтын генотоксиндер тобын құрап, оны ауыл адамдары ауа, су, ас арқылы бойына қабылдағаны белгілі. Оған кезінде мақта егістеріне пайдаланған пестицидтердің су арқылы теңізге құйылады.
Үшіншісі биологиялық мутагендерге ең алдымен жүйке жүйесінің зақымдануы мен вирустар жатады. Сондай-ақ бұл топқа организмдегі зат бөлінісінің өзгеруі мен тез картаюы кіреді. Бір сөзбен айтқанда қоршаған ортаның бұзылуы адамның геніне әсер еткенде клеткадағы хромосомалардың көбеюі немесе азаюына әкеліп соғады. Сыртқы ортаның әсерінен мутацияға ұшыраған жыныстық ұрық клеткада хромосома жалқы болып қалғанда алетка бөліну қасиетін жоғалтып ол бедеулік зардабына ұрындырса, хромосоманың жұбы бір текті болуы мутанттардың, яғни қалыпты табиғатынан ауытқып туған, құбыжық кейіпті кемтар балалардың дүниеге келуіне әкеліп соғады. Гендік мутация жалпы прогрессивті, регрессивті болып бөлінеді. Прогрессивті мутация-қоршаған орта тым таза болып кеткенде, организмнің соған қалыптасуы деп есептеуге болады. Бұл біздің планетада адамзаттың жұмақты аңсағанымен бірдей. Ал регрессивті гендік мутация жай клеткаға әсер еткен жағдайда кесел оның тұқымына, тұқым қуалаушылық жолмен тарап, бүкіл үрім бұтағы кемтар, ақыл-есі ауысқан, өмірге икемсіз, жарым ес болып туылатын болады. Біздер ядролық жарылыстар мен экологияға ден қоймайтын заманда өмір сүріп отырмыз. Ертең біздің ұрпағымыз қандай болып туылытынына кім кепіл?
Мінеки, қоршаған ортаны қорғауды, табиғаттың тепе-теңдігін сақтауды екінші қатардағы шаруа санайтын шенеуліктер осы заңдылықты есте сақтауы тиіс. Әйтпесе, Қазақстан Жер планетасындағы ең үлкен «Барсакелмеске» айналуы мүмкін.
Біздің өзіміздің ауданымыз Қармақшыда мұнай өндіретін кен орыны бар.Терминал құрылысы іске қосылғалы аудан тұрғындары тарапынан терминалдың жұмысына байланысты оның қоршаған ортаға әсері туралы түрлі пікірлер туындады. Бұл пікірлер негізінен газ жағу қондырғысының жұмыс істемеуінен, мұнай тиелген және бос вагон цистерналардың Жосалы темір жол станциясы алаңында үздіксіз жиналып тұруымен кенттің батыс бетінен «БИС»ЖШС-нің вагон жуу цехын салу жұмыстарына байланысты болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет