Экология сабағында модульдік технологияны пайдалану ерекшеліктері
Нұрабаева Ләззат Серікқызы
Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының доцент м.а. п.ғ.к.
Мекен-жайы: Тараз қ., Тоқберген көш., 140. сот: 87770852771
Резюме
В статье рассматривается научные методы, особенности преподавания, инновационные технологии модульного обучения по дисциплине экология.
Summary
In article is considered scientific methods, particularities of the teaching, invasion technologies of the module education on discipline ecology.
Қазіргі заманға мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің баяғы әдістерін, инновациялық педагогикалық технологияны меңгерген, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынған ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілеті және нақты тәжірбиелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға қабілітті, икемді, шығармашыл педогог-зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет етеді.
Модульдік оқыту білім мазмұны, білімді игеру қарқыны өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқудың әдісі мен тәсілі бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді.
Модульдік оқытудың басқа оқыту жүйелерімен ерекшелігі мен айырмашылығы:
1. Оқу мазмұнын меңгерімді қойылған мақсатқа сәйкес жүзеге асатын жекелеген кешендер түрінде ұсынылады. Мақсат оқушы үшін қойылып, онда тек оқылатын мазмұнының көлемі ғана көрсетіліп қана қоймай, оны меңгеру деңгейі де анықталады. Сонымен қатар оқушы мұғаліммен жұмыс істеудің тиімді жолдары көрсетілген жазбаша нұсқау алады.
Мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынас түрі өзгереді. Ол модульдер арқылы, басқарушы мен бағынушы арасындағы жеке қарым-қатынас процесі арқылы жүзеге асады.
Оқушы көп уақытта өз бетінше жұмыс істей алуы мүмкіндігін дамыту, оқу материалын өңдеудің жекелеген тәсілдері арқылы жұмыс істей білуге үйрету.
Бастапқы ғылыми идеялары:
Модульдік оқыту іс-әрекет приципіне негізделген оқушының кейде ғана емес жүйелі түрде белсенді іс-әрекеті болғанда ғана білім мазмұны сапалы меңгерімді.
Сондықтан мұғалім тапсырмаларды дайындағанда оқушыларды оқу мақсатына бағыттайды, оның қабылдауына жағдай жасайды, балалардың өзін-өзі бақылау және бағалау жүйесін анықтайды, сол арқылы өзін-өзі басқаратын рефолексивті оқыту процесін қамтамасыз етеді.
Модульдік технология дамыта оқыту идеясына негізделген. Егер оқушы тапсырманы мұғалімнің немесе сыныптастарының көмегімен орындайтын болса, (дем беру, бағыт көрсету), онда ол өзінің жақын даму аймағында деп есептеледі.
Модуль құрылысы
№
|
Модуль құрылысы
|
Сабақ саны
|
Сабақтың түрі мен мазмұны
|
Уақыты
|
1
|
Кіріспе
|
1-2 сабақ
|
1. Модульге ену
2. Қоршаған ортаны ластаушы көздер
3. Экологиялық факторларға жалпы сипаттама
4. Экологиялық заңдылықтар мен принциптер
5. Қала экологиясының адам денсаулығына әсері
6. Автокөліктердің қоршаған ортаны ластауы
7. Өнеркәсіптердің лас қалдықтары
8. Урбандалу және мегаполистердің дамуы
9. Экологиялық бейне көрініс
|
45 мин.
45 мин.
45 мин.
|
2
|
Меңгеру бөлімі
|
3-сабақ
|
«Қызықты экология» ойыны
Экологиялық диктант
|
40 мин.
5 мин.
|
4-сабақ
|
«Көкпар» оқыта үйрету ойыны
викториналық сұрақтар
Экологиялық сөзжұмбақ
|
40 мин.
5 мин.
|
5-сабақ
|
«Жасыл ел» бағдарламасы негізінде ағаш көшеттерін отырғызу
|
45 мин.
|
6-сабақ
|
Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер түрлері
|
45 мин.
|
7-сабақ
|
«Қазақстанның экологиялық апатты аудандары» ғылыми конференция сабағы
|
45 мин.
|
3
|
Қорытынды
|
8-сабақ
|
Тест тапсырмалары
|
45 мин.
|
Модульдік оқыту баланың психикалық функциясының жетілуіне септігін тигізеді, өйткені ол бүгін басқарылатын көмегімен орындалған тапсырманы ертең өзі орындай алады, яғни бір цикл аяқталады да, оқушы актуальды даму аймағына енеді.
Модульдік оқытуда бұл цикл мұғалімнің оқушыға беретін көмегінің мөлшері мен мазмұнын саралап оқу әрекетін формада (жеке топтың тұрақты жұптың және ауыспалы құрамда) ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.
3. Модульдік технология негізінде бағдарламаны оқытуға алынған. Бағдарламалы оқытудың мынандай белгілері: іс-әрекеттегі нақтылы логика, белсенділік және оқушының өзінше жұмыс істеу мүмкіндігі, жеке жұмыстың қарқыны, нәтижелерді салыстыру (аралық және қорытынды), өзін-өзі бақылау мен өзара бақылау – модульдік оқытуға да тән.
4. Модульдік технологияның қарқындылығы, интенсивтілігі оқыту процесін оңайландыруды, яғни аз күш, аз уақыт, аз құрал жұмсай отырып, жоғары нәтижеге жетуді талап етеді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Бейсенова Ә.С., Шілдебаев Ж.Б. Экология негіздері А. 2004.
2. Сарбасова Қ. Инновациялық педагогикалық технология. А. “Атамұра ” 2006.
3. Бұзаубақова Қ.Ж. Мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастыру. 2000.
4. Сарбасова Т.С., Бейсенбаев Ж.Т. Білім беру модернизациясының әлемдік тәжірибесі және оқытудың интерактивті әдістері. А. 2005.
Достарыңызбен бөлісу: |