ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ЖӘНЕ АДАМ ДЕНСАУЛЫҒЫ
Қоршаған ортаның экологиялық жағдайы мен ауру деңгейі Жалағаш ауданы Жаңадария ауылы №203 орта мектеп Химия-биология пәні мұғалімі Сайтова Шолпан Абатовна Экологияның бұзылуының қоғам мен адамға кері әсері. Еліміздің экологиялық жағдайын қалыпты ұстап, табиғат байлығын сақтау және оны молайту тек бүгінгі күннің қажеттілігінен туындамайды, ол ертеңгі күннің проблемаларына да жауап береді. Сондықтан бұл мәселе Қазақстанның 2030 жылға дейінгі ұзақ мерзімді дамуына арналған бағдарламада басым міндеттердің бірі ретінде көрсетілген.
Қоршаған ортаның қазіргідей ауыр жағдайында еліміздің келешек иелерінің экологиялық сауатын көтеру бүгінгі күннің кезек күттірмейтін мәселелерінің бірі болып отыр.Республика қалаларында атмосфераның ластануының көбейе түсуі туған табиғат тепе-теңдігінің бұзылуына әкеліп соғуы, адам денсаулығына айтарлықтай зиянын тигізуде және қоршаған ортаның ластануына байланысты әр түрлі аурулардың пайда болуы, т.б. жағдайлардың айта берсек соның ішінде республика халқының өміріне кез-келген сыртқы қатермен бірге экологиялық қауіп-қатердің тигізер әсері өзекті мәселеге айналып отыр. Қоғамның тұрақты дамуына деген беталыс экологиялық проблемаларды шешуден бастау алады. Еліміздегі осындай ірі экологиялық ластанудың ошақтарын есепке алып, оны жою бойынша тиісті бағдарламалар жүргізілсе, орындалатын негізгі міндеттердің бірі болып саналады.Мұнда қарастырылатын мәселелер ішінде экология және табиғи ресурстардың қоғамда қалай пайдаланылып жатқандығы сөз болады, табиғат пен адам арасындағы кейбір елеулі қайшылықтар салыстырмалы түрде көрсетіледі. Сонымен қатар, еліміздегі экологиялық дағдарыстың орын алуы.
Бүгінде экология ең бір өзекті мәселелердің қатарына шығып отыр.
ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басталған шағында адамзат қоғамының даму мәселесі адам мен табиғаттағы қарым — қатынасының дұрыс жүргізілмеуінің арқасында мүлдем шиеленісіп кетті. Осы жағдайды саналы азаматтың барлығы түсіну қажеттігін және әрбір азаматтың өмір сүру барысында табиғат пен табиғат қорларын пайдалану үрдісінде оны таза, мол қазыналы көркем қалпында мәңгілікке сақтау ешбір кезек күттірмейтін мәселе деп ойлаймын.