Экологиялық жағдай және адам денсаулығЫ Қоршаған ортаның экологиялық жағдайы мен ауру деңгейі Жалағаш ауданы Жаңадария ауылы


АУЫР МЕТАЛДАРДЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРІ



бет2/6
Дата05.12.2022
өлшемі38,46 Kb.
#161356
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ЖӘНЕ АДАМ ДЕНСАУЛЫҒЫ

АУЫР МЕТАЛДАРДЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРІ
Қазіргі кезде барлық табиғи орталарда бақыланып отырған ластаушы химиялық заттардың негізгілерінің бірі – ауыр металдар. Ауыр металдар – тығыздығы темірдің тығыздығынан (7,874 г/см3) артық болатын түсті металдар тобы. Оларға мырыш, қорғасын, қалайы, марганец, висмут, мыс, сынап, сүрме, никель, кадмий жатады. Кейбір бүйрек, бауыр, буын сияқты мүшелерде жинақталып, адам денсаулығына үлкен қауіп төндіреді. Көптеген ауыр металдар, олардың ішінде қорғасын, кадмий, хром, никель улы заттардың қатарына жатады. Олар тағам, су, ауа арқылы организмге түскенде ыдырамайды, керісінше, тірі организмдерде жинақталып, ұзақ уақыт бойы сақтала алады және аккумуляцияланған у ретінде әсер етеді. Сондықтан, ауыр металдардың қоршаған ортадағы мөлшері белгіленген шамадан аспауы керек .
Металдардың осы қасиеттеріне және қоршаған ортаның бақылаусыз ластануына байланысты, өткен ғасырдың 50-ші жылдарынан кейін тірі организмдердің жаппай улануы байқала бастаған.
Ауыр металдардың ауа, топырақ және су арқылы өсімдіктерге әсері орасан зор. Зерттеушілердің мәліметтері бойынша ауыр металдар (Zn,Cu) мен күкірт тотығы (SО2) ағаш жапырақтарында жүретін метоболизм процестеріне ингибитор ретінде әсер етеді. Орталық Европаның орман массивтерінің 23% дефолиациямен бүлінген (қарқындылығы 25%). Қылқан жапырақтыларға қарағанда емен сияқты жапырақты ағаштар көп зардап шеккен. Ауыр металдардың өсімдіктерде жиналуы әр түрдің өз ерекшелігіне байланысты. Зерттеулер бойынша мыс балқыту өндірісіне жақын аймақта топырақ пен өсімдіктерде ауыр металдардың мөлшері бақылау аймағымен салыстырғанда өте жоғары. Мыстың мөлшері 12 есеге дейін, ал басқа элементтердің мөлшері 2-5 есеге дейін артады. Сонымен қатар, мырыштан басқа ауыр металдардың мөлшері топырақта өсімдіктерге қарағанда әлдеқайда көп. Алайда, топырақта ауыр металдардың мөлшері 2-3 есе артса, олардың өсімдіктердегі мөлшері 5-6 есе артады. Статистикалық талдау қорытындысы бойынша, топырақ пен өсімдіктер арасында тура корреляциялық байланыс бар. Зиянды қалдық заттардың вентиляциялық таралу аймағында жапырақтардың және барлық өсімдіктердің морфопатогенезі байқалған. Жапырақтардың зақымдануы формасы мен түсі өзгерген некроз түрінде, сонымен қатар, сарғаю, хлороз, тургорлық қасиетін жоғалту, түсі өзгермей құрап қалу, өзгеріссіз немесе болмашы ғана сыртқы зақымданудан соң түсіп қалуымен байқалған. Олар қылқан жапырақты ағаштардың жаңғақтарының дамуы мен мөлшеріне, тұқым саны мен массасына кері әсер еткендігі анықталған. Қоршаған ортаны ластаушы өндіріс көздерінен алшақтаған сайын бұл көрсеткіштер дұрысталғандығы байқалған [2].
Соңғы кездерде экожүйелердіың өздігінен тазаруы, тіпті оларға ауыр металдардың түсуі тоқталған күнде де жүрмей отыр, оның себебі, осы уақытқа дейін топырақта жиналған және оның тұрақты компонентерінде фиксацияланған металдар мөлшерінің шамадан тыс көптігінде болып отыр.
Табиғи стресстердің әсерінен иммунитеті төмендеген өсімдіктерде антропогенді ластануға жоғары сезімталдық пайда болады. Жоңышқа өсімдігіне құрамында мырыш пен кадмий бар ерітіндімен әсер еткенде өсуі баяулап, хлороз белгілері мен жүйкелерінің арасында некроз пайда болған. Ауыр металдардың организмге енуі генетикалық өзгерістердің кең спектрінің түзілуіне себепкер. Бір металл клетканы бірнеше жерден зақымдай алады. Мысалы, Cd (кадмий) ДНҚ молекуласын зақымдауға, лизосомаларды бұзуға, ДНҚ репарациясын тежеуге қабілетті, ал Pb(қорғасын) ДНҚ репликациясы ферменттерінің синтезін бұзады, ДНҚ-ның құрылымын өзгертеді. Мыстың жоғары мөлшері ДНҚ конформациясын өзгертеді және ДНҚ мен РНҚ синтезін стимуляциялайды.
Металлургия кен орыны мен оның маңайындағы топырақтың құрамындағы анықталған ауыр металдар мөлшері әртүрлі деңгейде болатындығы, негізгі шөлейт өсімдіктері құрамындағы ауыр металдардың мөлшері кеніштен қашықтаған сайын азаятындығы анықталған. Шөлейттік өсімдіктер ішінде негізінен жусан, изен, сексеуіл, бидайық ағзаларында ауыр металдар, әсіресе кадмий өте жоғары дәрежеде жинақталады екен.
Қорғасын-мырыш комбинаттарынан қоршаған ортаға бір мезгілде заттардың газды шаң түріндегі кешені бөлінеді, ол газды заттардың организмге бірлескен түрде әсер ететінін көрсетеді. Мұндай кешенді әсерді бағалауда ортаның климаттық ерекшеліктеріне, атап айтқанда ауа температурасына, ауаның салыстырмалы ылғалдылығына көңіл бөлген жөн. Аллюминий, кадмий, теллур т.б. ауыр металдар жануарлар мен өсімдіктердің клеткаларында хромосомалық және генетикалық мутациялардың кең спектрін құрайтыны туралы көптеген мәліметтер бар. Ауыр металдар өсімдіктер организмінде жинақталып, қоректік тізбек арқылы тарала отырып, тірі организмдердің әртүрлі таксономиялық топтарына, оның ішінде адамға да зиянды әсер етеді. Ауыр металдардың тұздары бөліну кезеңінде хромосомалық аберрациялардың жиілігін 2 есе арттырады. Көп жылдық өсімдіктер, әсіресе дәнді дақылдар, құнды топырақтар мен өндірістік территорияларда табиғи түрде көптеп өседі.
Ауыр металл қосылыстары адам ағзасы үшін улы болып келеді. Себебі олар ақуыздармен берік қосылып, биокатализаторлардың және басқа да биологиялық белсенді ақуыздық заттардың қалыпты жұмысын бұзады. Ауыр металдар өздерінің уландырғыш қасиетін кез келген агрегатты күйде сақтайды. Олар өкпе мен кеңірдекке оксид немесе тұз түрінде тозаң боп түсіп, тыныс алу мүшелерін тітіркендіреді. Ауыр металдардың тұздары ересек адамның және нәрестенің ағзасына тері арқылы өтуі мүкін.
Әр металл адам ағзасының белгілі бір мүшесінде жинақталады. Ағзаға түскен кадмий иондары ақуыз молекулаларының карбоксильді, аминді және сульфагидрильді (COOH, -NH2, -SH) топтарымен қосылыс түзді. Кадмий бүйректе, бауырда, асқазан асты және қалқанша бездерінде шоғырланады. Кадмий теріге әсер ету арқылы дерматиттер мен экземалар сияқты терінің созылмалы ауруларын туғызады. Түрлі мүшелерде жинақталатын кадмийдің тас түзілуіне әсер ететін қасиеті бар. Оның улы әсері әсіресе, нәресте ағзасында айқын көрінеді, баланың сөйлеу қабілеті тежеліп, тез шаршағыш болады, ақыл-ойының дамуы тоқтап, ауыз қуысындағы тістері тісжегіге шалдығады. Кадмий сонымен қатар, асқорыту ферменттерінің белсенділігін тежейді, ұлпалар мен қанның катализдік белсенділігін төмендетіп, көміртегі алмасуына да кері әсер етеді. Мырыштың ерігіш қосылыстары шамадан тыс артқанда ас қорыту жолдарының қызметі нашарлайды.
Металл иондары жанды жүйе ағзаларының қажетті құрамдастары болып табылады, өйткені олар металлорганикалық қосылыстар түрінде тотығу-тотықсыздану реакцияларында, жүйке импульстарына қатысты процестерінде катализатордың рөлін атқарады, сонымен қатар оттегінің өкпе альвеолаларынан жасушаға тасымалдануын қамтамасыз етеді (Fe гемоглобинді кешені), энергияның химиялық аккумуляторы деп аталатын АҮФ күрделі молекулаларының түзілуі кезінде электрондардың бір атомнан екінші атомға бағытталған қозғалысына және зат алмасу процестеріне де (метаболизмге) қатысады .
Халықаралық денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша қандағы қорғасынның қалыпты мөлшері 15-40 мкг/100 мл. АҚШ-да қала балаларының 5%-ке жуығының орталық жүйке жүйесінің қызметі қорғасын тұздарымен зақымданған, ал Шотландияда балалардың 17%-нің қанында 50-80 мкг/100 мл қорғасын кездеседі. Адам қанындағы қорғасынның мөлшері оның ауадағы мөлшерінің артуымен пропорциональды көтеріледі.
Металдардың улылығын анықтаудағы маңызды жағдайдың бірі – организмнің металдар аэрозолін сіңіруі. Мысалы, қорғасын-мырыш өндірістерінен бөлінетін қорғасын мен мырыштың сульфаттары мен хлоридтері биосферада оңай жылжып, бүкіл тірі организмдерге жеңіл тасымалданады .
Металл мөлшерінің жеткілікті нормадан артуы немесе төмендеуі сияқты ауытқулардың болуы жасушалардың жетілуін бұзады, ол өз кезегінде ағзаның бірқатар функцияларының өзгеруіне әкеліп соғады. Мысалы, ағзада қажетті темір және кобальт мөлшерінің кемуі ауыр зардаптарға әкеледі . Мыс пен кобальттың жетіспеуі қанның түзілу барысына қатысатын, құрамында кобальт және мыс болатын B12 витамині түзілуінің тежелуі салдарынан адам шектен тыс азады, анемияның ауыр түрі дамиді. Қанның құрамындағы мырыш қосылыстарының катализаторлық қасиеттері әсерінен гидрокарбонаттардың ыдырауы үдеп, қаннан өкпеге көміртек газының бөлінуі жүзеге асады, яғни адам тыныс алады (1-кесте). 
1-кесте. Кейбір ауыр металдардың адам денсаулығына әсері

Элементтер

Элементтер әсерінің салдары

Көздері

Сынап
(Hg)

Жүйкенің бұзылуы (Минамат ауруы); асқазан-ішек жолдары мен бүйрек қызметінің бұзылуы, хромосомаларда өзгерістер пайда болуы

Ластанған топырақтар, жер үсті және жер асты сулары

Күшәла
(As)

Терінің қатерлі ісік аурулары, интоксикация, перифириялық невриттер

Ластанған топырақтар, умен дәріленген дән

Қорғасын
(Pb)

Сүйек ұлпасының бұзылуы, қанда протеин синтезделуінің тежелуі, жүйке жүйесі мен бүйректің бұзылуы

Ластанған топырақтар, жер үсті және жер асты сулары

Мыс
(Cu)

Ұлпаларда органикалық өзгерістердің пайда болуы, сүйек ұлпасының ыдырауы, гепатит

Ластанған топырақтар, жер үсті және жер асты сулары

Кадмий
(Cd)

Бауыр циррозы, бүйрек қызметінің бұзылуы, протеинурия

Ластанған топырақтар

Ауыл шаруашылығы саласында кеңінен қолданылатын химиялық заттар, оның ішінде ауыр металдар өсімдік пен малдан алынатын тамақ өнімдерінде сақталу арқылы адам ағзасына тікелей қауіп төндіреді.
Ауыр металдардың 80%-ы микроэлементтердің қатарына жатады. Микроэлементтердің ауыз су мен тағам өнімдерінде жетіспеуі зат алмасудың бұзылуына, нәтижесінде эндемиялық аурулардың дамуына әкеліп соқтырды. Ал, ауыр металдардың өсімдіктер мен жануарларда артық мөлшерде жинақталуы олардың ағзасында жүретін тіршілік үшін маңызды үдерістерге қауіп төндіреді. Бұл, ауыр металдардың суда, топырақта қалыпты мөлшерде болу қажеттілігін талап етеді. Себебі, қоректік тізбек арқылы таралып, биотаға және адам ағзасына түседі де, оларға кері әсер етеді. Өндіріс қалдықтарының қоршаған орта нысандарына түсуін, жинақталуы мен миграциялану заңдылықтарын зерттеу олардың әсерін дұрыс бағалауға мүмкіндік береді .
2-кесте. Азық-түліктердегі ауыр металдардың мөлшері (мг/кг).

Өнімнің түрі

Қорғасын

Мыс

Сүт және сүттен өндірген өнімдер

0,04

0,19

Ұн және ұннан жасалған өнімдер

0,34

0,31

Көкөніс-бақша өнімдері, жеміс-жидек

0,13

0,06

Адамның жасы мен жынысына қарай олардың ағзасындағы мыстың қалыпты мөлшерін көрсететін мәлімет төмендегідей:
- 6 айлық бала – 3,14 -010,99 мк/моль/л
- 6 жасар бала – 14,3 - 29,83 мк/моль/л
- 12 жасар бала – 12,56 – 25,12 мк/моль/л
- Ересек ер адам – 10,99 - 21,98 мк/моль/л
- Ересек әйел адам – 12,56 – 24,35 мк/моль/л
- Жүкті әйел босанар алдында – 18,53 - 47,41 мк/моль/л.
Ағзада артық мөлшерде жиналған мыс оны улайтыны жайында да мәліметтер бар. Қазіргі кездегі дүние жүзі ғалымдарының басты мәселелердің бірі – ауыр металдардың тірі организмдерге әсерін әлсірету болып табылады. Ауыр металдардың қоршаған ортаға таралуы, негізінен антропогенді жолмен қарқынды түрде жүзеге асуда. Олардың қатарына өндіріс қалдықтары, тау-кен өндірісі, транспорт, түсті және қара металлургия өндірістері, құрамында ауыр металдар кездесетін тыңайтқыштарды ретсіз пайдалану, жылу-электр орталықтары (ЖЭО) немесе жалпы урбанизацияны жатқызуға болады.
Қазақстанның оңтүстік өңірінің территориясына ауыр металдардың оның ішінде улылығы жоғары қорғасын, мыс, мырыш, кадмий элементтерінің қоршаған ортада таралуына әсер ететін біраз себептер бар.
Ғылыми деректерге сай, қоректік тізбектер арқылы адам организмі тағам өнімдерінен 40-50%, судан 20-40%, ауадан 20-40% улы заттарды қабылдайды екен. Осындай жолмен түскен ауыр металл иондары адам организмінде әртүрлі аурулардың пайда болуының басты себебі. Техногенді ластанған аудандарда асқазан ауруы бірінші орында, тыныс алу жүйелері аурулары екінші орында, қан айналу жүйелері аурулары үшінші орында тұр. Сондықтан қоршаған ортаны ауыр металл иондарынан тазарту, олардың теріс әсерін бейтараптау әдістерін іздестіру кезек күттірмейтін өзекті мәселе болып саналады.
Онкологиялық ауруларды алдын-алу үшін не істеу керек?
Рак (обыр) – түрлі ағзаларда қатерлі ісіктердің пайда болуымен байланысты туындайтын аурулардың тұтас спектрінің жалпы атауы. Соның ішінде ауру түрлері мен оны емдеу әдістері әртүрлі болуы мүмкін. Көбінесе, ем аурудың қай сатыда диагностика жасалуына байланысты болып келеді. Басқа ауруларда кездесетіндей, ауруды асқындырып алған жағдайдайда емдеу қиынға соғады. Соңғы жылдары онкологиялық аурулардың жасару бағытын байқай отырып, әрбір адам үшін алдын-ала тексерілу мен үнемі медициналық қаралудан өтіп тұру қажеттілігі сөз етуге тұрарлық жағдай.
Обыр ауруының 80-90% жағдайлары қоршаған ортаның себептері деп саналады; «қоршаған орта» анықтамасы өзінің кең мағынасында әлі де аз зерттелген тамақ өнімдерінен, әлеуметтік және мәдени іс-әрекеттен құралады. Алдын алуға болатындай обыр ауруының себептері толық анықтала қойған жоқ, дегенмен ауыратындардың жартысына жуығында ондай себептердің барлығына болжам жасалған. Обыр ауруының үлесі: тамақтану сипатының 30-35 %-нан, темекі тартатындардың 30%-нан, жұқпалы (вирустық) агенттердің – 17%-нан, алкогольдің – 4%-нан, қоршаған ортаның ластануының – 2%-нан, ауыр тұқым қуалау салдарының – 2%-нан тұрады. Осы факторлардың әсерін тұтас қарастыру қажет. Күн сайын алдын-алу негіздерін, жалқаулық пен қол тимеудің салдарынан біз өзіміздің денсаулығымызды тәуекелге тігіп жүрміз.
Обырдың алдын-алуға болатын ауру екендігі жайлы бірсыпыра бұлжытпас дәлелдер бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет